.
.
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы. Асыл жанды ардақты қарттарым – ай.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2048 | Размер: | Автор: ТәрбиеАқшығанақ ауылы
Қ.Топаев атындағы орта мектебі
Мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Мейірман
Гүлмира Тоқжігітқызы
Асыл жанды ардақты қарттарым – ай.
1 жүргізуші:
Есенсің бе? Қазыналы қарттарым,
Бабалардың бойға жиған салттарын.
Өздеріңдей ұлағатты болуға,
Өсиетіңді жүрегіме сақтармын – деп құрметті ауылымыздың ақ жаулықты аналары мен ертеңгі ұрпағына өсиет сөз айтар, тәлім – тәрбие берер ақ сақалды қариялары, сіздерді қарттар күні мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
2 жүргізуші: Бүгінгі мерекелік кешімізді бастамас бұрын «Өлі разы болмай тірі байымас» - деп бұл өмірден өтіп кеткен қарт әке әжелерімізге арнап дұға бағыштау үшін ортаға ауыл имамы Балғабай ағайды шақырамыз.
1 жүргізуші:
Қарттық деген қасиетті ұғым бір,
Мені өзіңнің пейіліңмен жылындыр.
Балалардың болашағын аңсаған,
Бойларыңда бір керемет жылу жүр.
Алғашқы орындалатын Нұржанов Орал ағайдың орындауындағы «Ауыл қарттары» әні сіздерге арналады. Қабыл алыңыздар!
Бүгінгі, қарттар күні мерекесінің алғашқы құттықтау сөзін ауыл әкімі Торбаев Бақытжан Қуанышбекұлына береміз.
2 жүргізуші:
Өне – бойың тұнған ақыл, ұлағат,
Ешкімге де жасамайсың қиянат.
Жайлап қана ақылменен түзейсің,
Жасап қойсам ұғына алмай бір ағат.
1 жүргізуші:
Ақсақалың – аппақ арың бекімі,
Армандарға жетелейді не түрлі.
Аппақ шашың – адалдықтың өлшемі,
Менің нұрлы болашағым секілді.
Құрметті ауыл ақсақалдары келесі орындалатын әсем ән сіздер үшін. Қабыл алыңыздар!
Халық әні « Құралай » әні орындайтын Төлебаев Тосынбай
2 жүргізуші: Бүгінгі мерекелік кешке жыр жолдарын тарту үшін келіп отырған жас оқырмандарды ортаға шақырамыз.
1 жүргізуші: Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама
Аспанымдай мәңгі жаса құлама.
Ер жетсем де еркелегім қалмайды
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы ана – дей келе сөз кезегін ардагерлер кеңесінің төрағасы Боқбасаров Қайсарбек әкемізге береміз.
2 жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй – деп Абай атамыз жырлағандай келесі кезекті Боқбасарова Меңдігүлдің орындауындағы
« Әке туралы ой » әніне береміз.
1 жүргізуші: Сақалыңнан айналайын қарт – бабалар,
Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?
О, тірі шежірелер, қалдырыңдар,
Қанеки, нелерің бар салтқа жарар! -деп құттықтау сөз кезегін ауыл ақсақалы қарт ұстаз Сүйінов Манаш әкемізге береміз.
2 жүргізуші: Немереңіз Мадинаның орындауындағы «Немерем» әнін осындағы немере сүйіп кең өріс жайып отырған барлық ата - әжелеріміздің құрметіне жолдаймыз. Қабыл алыңыздар.
1 жүргізуші: Бірде елді аралап келе жатқан Жәнібек пен Қаз дауысты Қазыбек би бір қарияға кездеседі.
Жәнібек би қарияға: Уа, ақсақал, ауыл берекесі қалай кетеді? – деп сұрапты
Қария ойланбастан: Ауыл ақсақалы шала болса, «ә» десе, «мә» дейтін, жасы үлкенін кішісі сыйламайтын қолы жара, көңілі қара болса, сол ауылдың берекесі кетеді – депті.
Қазыбек би: Уа, ақсақал, үй берекесі қалай кетеді? – депті.
Қария: Әйел қабағын түйіп керілсе, шай құйып беруге ерінсе, ұлы ұрысқа сай болса, келін керіске сай болса, сол үйдің берекесі кетеді – деген екен.
Олай болса үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін ынтымағы жарасқан ел болайық.
2 жүргізуші: Келесі құттықтау сөз бүгінгі кештің құрметті қонағы 13 бала тәрбиелеп отбасының ұйтқысы бола білген ардақты ана Балтай
1 жүргізуші:
Туғаннан құлыным деп аймалаған
Өзіңнен қымбат адам қайда маған.
Дүние аналармен көрікті ғой,
Онсыз бір бұлбұл құс та сайрамаған. – деп бүгінгі мерекелік дастархан басына келіп отырған ақ жаулықты аналарымыздың құрметіне Махатова Ақбөпенің орындауындағы
« Асыл әжем » әнін тарту етеміз.
2 жүргізуші:
Атаң болса әжеңмен
Алтыннан соққан қорғаның
Санаң болса ақылды
Ешкімнен кем болмайсың.
Келесі сөз кезегін ауылымыздың құрметті ақсақалы, қарт ұстаз Шалабаев Асанхан әкемізге береміз.
1 жүргізуші: Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл – сәл кем бұра.
Нағыз қазақ ,қазақ емес
Нағыз қазақ домбыра.
2 жүргізуші: Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған.
Тіршіліктің тынысы мен ажары,
Ана деген – теңдесі жоқ жақсы адам . – деп келесі сөз көп балалы ардақты ана Бақтылы әжемізге беріледі.
1 жүргізуші: Ғаюпов Мараттың орындауындағы « Туған жер » әнін қабыл алыңыздар
2 жүргізуші: Келесі сөз кезегі ауыл имамы Балғабай әкемізге беріледі.
1 жүргізуші: Ән көңілдің ажары, ендеше келесі орындалатын әсем әнді қабыл алыңыздар. « » әні орындайтын
2 жүргізуші:
Қазыбектің аталас ағайындары Бертіс би мен Тілеуке би Қазыбектің ел ішіндегі абыройын көре алмай жастарының үлкендігін пайдаланып:
Ақылы елден артылған,
Ақылың болса мақтан.
Сенің жолың кіші ғой,
Ағаңның алдына шығудан сақтан, - дейді.
Сонда Қазыбек: Бір бала бар, атаға жете туады. Бір бала бар, атадан өте туады. Бір бала бар кері кете туады. Өркенің өссін десең кекшіл болма, кесапаты тиер еліңе. Елім өссін десең, өршіл болма, өскеніңді өшірерсің. Басына іс түскенде бақырға қастық қылма, қайғысы көшер басыңа , - деген екен.
Олай болса келесі құттықтау сөз кезегі жас болса да бір ұжымға бас болып отырған Нұрдәулет Ахатұлына беріледі.
1 жүргізуші: « Даланың ару қызы » әні орындайтын Ақуат Жомарт
2 жүргізуші: Ортада мың бұралып «Өзбек» биін билейтін биші жас
бүлдіршін қыздарыңыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар.
1 жүргізуші: Осы мерекелік іс – шараға демеушілік жасап өз қолдауын көрсетіп отырған жас кәсіпкер Асқар Қибатұлына сөз береміз.
2 жүргізуші:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы, бос қақпай елең – селең, - дегендей, біз туғаннан дүниеге әнмен келіп, дүниеден кеткенде де әнмен аттанады екенбіз. Олай болса кезекті әсем әнге берейік.
Кәдірханов Дүйсеннің орындауындағы « Айнакөлім » әнін қабыл алыңыздар.
1 жүргізуші: Атам маған әманда,
Әдепті жан бол деген.
Атам сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем – деп сіздердің ақыл кеңес ұлағатты сөздеріңізді бойларына жиып жаңа өсіп келе жатқан жас ұрпақ өкілдерінен бүгінгі сіздердің мерекелеріңізге мектеп оқушыларының атынан ақ тілегін білдіргелі келіп отырған мектеп оқушысы Кәрім Ақботаға беріледі.
2 жүргізуші:
Болашақ алды ұрпаққа,
Сілтеген түзу жолдарын.
Балалар, түсін, оны ойла,
Қарттар – асқар тауларың.
Шыңына шығып биіктің,
Мансапқа жетер қолдарың.
Ұмытпа сонда қадірін,
Қарттар – асқар тауларың.
Қағыс естіп қалбаңдайды баладай,
Ниеті ақ, пейілі кең даладай.
Кімге болсын қарттық жетер алаңдап,
Мәпелеңдер, қарт біткенді аялай. – дей отырып бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Қош сау болыңыздар!
«Мектептегі мерекелер» журналы.
Эл. пошта: pedagog - [email protected]
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.