Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ғасыр індеті. -

Ғасыр індеті.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1496 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Ғасыр індеті.
Сабақтың мақсаты: а)ЖҚТБ және АҚТҚ індеті ,олардың таралуы, алдын алу шаралары туралы білім қалыптастыру.
ә)Өзін-өзі сыйлау, өзін тану және бағалау, өзіне
сын көзбен қарау қасиеттерін дамыту.
Б)ЖҚТБ-мен ауратын адамға жаны ашу, түсіну және
қолдану ды тудыру,өзінің жеке бас тазалығын сақтау
туралы білімдерін бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд ,мақалалар, суреттер,шприц,
Топтастыру статегиясы бойынша жүргізіледі.
І-топ АҚТҚ
ІІ-топ ЖҚТБ
І.Қызығушылығын ояту
Бұл қандай ауру?
ІІ.Мағынаны тану
1.Қазақстан республикасының Гимн орындалады.
Экранда слайд шығады.
2.Екі топқа тапсырмалар беріледі
І-топ АҚТҚ.
«Тарихтан мағлұмат алайық»
ЖҚТБ алғашқы кезде орталық Африкада 70-жылдардың аяғында білінді және содан кейін бүкіл дүние жүзіне тарады Ауру туралы нақты деректер 1981 жылы пайда бола бастады.АҚТҚ таяқшалары 1983 жылы табылды. Ол вирусты франзуз зерттеушісі Л.Монтанье сосын Америка ғалымы Ф.Галло анықтады. 1987 жылы СССР-де бірінші АҚТҚ ауруы білінді. БҰҰ-ы бірінші желтоқсанда ЖҚТБ-мен күрес деп белгіледі 01.20.05 жылы Қазақстанда 5362 адам АҚТҚ мен ауыратындар, 1175 адам Қарағанды облысында , оның ішінде 1116 адам-Теміртауда. Біздің елімізде де бір ай бойы «Біз ЖҚТҚ қаламаймыз!» атты айлық өткізіледі.
ІІ-топ ЖҚТБ
«АҚТҚ –қалай жұғады?»
Қанға АҚТҚ қажетті мөлшерде түскенде жұғуы мүмкін. Құрамында АҚТҚ –ның жұғатын мөлшері бар ағза сұйықтары, олар:
-Қан,ана сүті.
Сілекей, тер, несеп құрамында қоздырғыш жұқтыратын мөлшерде болмайды. АҚТҚ зақымдалмаған тері арқылы немесе ауа арқылы тұмау қозддырғышы сияқты берілмейді.
АҚТҚ жұқпасының бірнеше жұғу жолдары бар :
- Лас инекция құралын бірлесіп қолдану арқылы және есірткі дайындау құралдарын бірге пайдаланылғанда;
- Стерилденбеген дене әшекейлеу (татуйровка) және сырға салу (персинг) құралдарын бірлесіп, кезектесіп қолдану арқылы;
- Егер бөтен адамның қырыну құралдарымен ,тіс шаю щеткасымен қолданса;
- Жүктілік босану және емізу кезінде анадан балаға.
Егер жыныс жолдары арқылы аурулары болса, сонымен қатар генекологиялық аурулар болғанда жұғу қаупі жоғары болады.
АҚТҚ жұқтыру мүмкін емес:
-Қол алысу, құшақтасу, достық сүйісу,түшкіру мен жөтелу кезінде , бір ас ыдысынан ,бірігіп спортпен шұғылданғанда, бір бөлмеде АҚТҚ адамдармен болғанда орамал төсек құралдарын пайдаланғанда, бір душпен дәретхананы қолданғанда , жәндіктер шаққанда жұқпайды.
АҚТҚ-ны қалай анықтауға болады?
АҚТҚ –ның анықтаудың жалғыс әдісі- қанды зертханаларда тексеру,ияғни, арнайы әдіспен қоздырғышқа қарсы жауап ретінде пайда болатын белоктар.
Оң нәтижелі анализ дегеніміз ол адам қанында қоздырғышқа қарсы денелерді бар дегенді білдіреді.Яғни ол адам АҚТҚ-ны жұқтырған .
Теріс нәтижелі анализ, АҚТҚ-ға қарсы денелер қанында анықталмаған.
Адамда АҚТҚ бар екенін білу неге қажет?
-өз денсаулығына көбірек назар аударып, жұқпалардың алдын алып, уақытында емді бастау үшін;
Дер кезінде арнайы ауру дамуына бәсеңдететін препараттарды қолданып аурудың дамуын тоқтату үшін;
-өзіне жақын адамдарға туыстарына, достарына жұқтырмау үшін;
АҚТҚ-ны жұқтырмаған анадан жүктілік, босану емізу, кезінде балаға берілудің алдын-алу үшін.
Қалай жұғудың алдын-алуға болады?
Әрбір жыныстық қатынас кезінде мүшеқапты қолдану керек;
Тек өзінің таза инъекция лық құралдарымен қолданып және басқа адамға пайдалануға бермеу керек.
-Денеге таңба салу және сырға салу кезінде тек таза құралдармен қолдану керек;
Жүкті анадан балаға АҚТҚ берілудің алдын алу әдістерін пайдалану(қоздырғышқа қарсы препаратты жүктілік босану және босанудан кейінгі кезеңде емшекпен емізбеу) керек.
Тек өзінің немесе жаңа гигиена құралдарымен (қырыну құралдарымен , тіс жуатын щеткаларымен) пайдалану керек;
Қанмен жіне қан жұққан және қан жұққан материалдармен жұмыс жасаған кезде ақсол (летекс қолғаптарын кию керек).
Егер АҚТҚ-ны жұқтырғаныңызды білсеңіз....
Есіңізде болсын.!АҚТҚ жұқтырған деген мынаны білдірмейді:
-Адам көмексіз екеніні қорғаныш жүйемен денсаулықты нығайтатын және өмірді ұзартатын көптеген әдістер бар.
-Адам тез арада өліп кететін. Жаңа емдеу әдістеріне орай АҚТҚ мен өмір сүретін адамның өмірі ұзарады.
-Сенім телефондарына немесе АҚТҚ-мен күрес жүргізетін мекемелерге телефон шалуға болады, олар әрқашан да сені тыңдап және ешбір артық сұрақсыз және қажет емес кеңестермен мазаламай сүйеу береді.

4.Көрініс «Ғасыр індеті.»
5.Екі топқа тапсырма беріледі?
6.Бір –біріне сұрақ жауап .
7.Ән «АЛЛА » С.Исабаев
Сабақты қорытындылау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.