Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ата-ананың азаматық борышы: бүгін және болашақ. -

Ата-ананың азаматық борышы: бүгін және болашақ.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2365 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Есқалиева Клара
№80 мектеп - гимназиясының
тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы, Төретам кенті

Тақырыбы: Ата-ананың азаматық борышы: бүгін және болашақ
Мақсаты : Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі ролін арттыру.
Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту
Түрі : Дөңгелек үстел
Көрнекілігі : презентация, нақыл сөздер.
Жүргізілу барысы:
І.Кіріспе
ІІ. Ата-аналарды таныстыру
ІІІ.Мәуелі жеміс мәйегі (тренинг)
ІҮ. Ұлы жол-отбасынан басталады
Ү.Мен сенің өміріңнің жалғасымын ..........(жүрек жылуы тренингі)
ҮІ. «Ой-түйін»
ҮІІ. Ата-ананың ақ батасы
ҮІІІ.Қорытынды.

І.Кіріспе
Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқандла соны іледі.» деген ата бабамыздан қалған асл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден-ақыл, анадан-мейір алады.
«Балаң жақсы тәрбиелі болса, о дүниеде Алла Тағаланың алдында бұл дүниеде адамзат арасында да жүзің жарқын болады» дейді, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед хадистерінің бірінде . біздің балаларымыз әлі жас шыбық тәрізді, түбі нәрлі болса, мәуелі болып өседі, нәрі әлсіз болса, жапырағы қураған ағаш тәрізді білімсіз, ғасыр індетіне айналған азғындық жолына түсіп, соның құрбаны болуы да әбден мүмкін. Сондықтан да өз баласының саналы азамат болып өсуі үшін ата-аналардың азаматтық борышы өте зор.
«Азаматтық дегеніміз- жеке адам санасының жетілуінің ең жоғарғы сатысы. Жаныңның шалқаор шабыты, қиялыңның қия шыңға самғауы. Ол өте қарапайым нәрседен туған. Шаңырағыңды сыйлаудан, анаңның алғашқы әлдиінен, отбасынан басталады» отбасы- біздің қоғамымыздың алтын қазығы.
ІІ. Ата-аналарды таныстыру
1. «Адам бола білу- ең қиын мамандық» деп балаларының нағыз азамат болып өсуін бюасты мақсат етіп отырған Құрманәлі Асылханның ата-анасы Көшенбай Айгүл апай
2. Абай мен Мұхтардай, Ұлпан мен Шұғадай ұрпақ өсіруді алдына мақсат етіп отырған Хамит Әйгеримнің ата-анасы Әзенова Гүлжахан апай
3. «Кітап-мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты» деп балаларының рухани қазына – кітаппен дос болғанын қалайтын Сухашов Даниярдың ата-анасы Дабылова Үрпатша
4. Арыстьандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін,- деп өз ұлдарының болашақта биік шыңға шығатынына сенімді Отарбаев Жасұланның ата-анасы Жаңабаева Гүлбазар апай.
5. Шолжаңдатпа, білсін тәртіп талапты,
Талап қылған бала құтты, талантты дейтін Әлімова Әйгеримнің ата-анасы Назаров Байболат ағай
6. «Тәрбие» сөзін тектілік, әдептілік, рақымшылық, білімділік, имандылық, еңбекқорлық деп сан- салаға бөлетін Смайыл Гүлжанның ата-анасы Елеусінов Бауыржан ағай.
7. «Бос уақытты дұрыс пайдалана білу-өркениеттіліктің ең жоғарғы белгісі» деп балаларының түрлі үйірмелерге қатысуына көп көңіл бөлетін Қайымов Бекжанның ата-анасы Төлейова Халида апай.
8. Үш ақ нәрсе адамның қасиеті Қайрат, ақыл, жылы жүрек,- деп Абай атамыздың сөзін жүрекке түйіп, жүректің жылуы, махабат,ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдері бар рухтың мекені-отбасында деп ойлайтын Нағымет Гүлжайнаның ата-анасы Айманова Света апай.
9. «Иманды ұл, инабатты қыз-елдің көркі» дейтін Дәуіржан Әминаның ата-аансы Дәуіржанов Мұрат ағай.
10. М.Дулатұлының «Балаларды оқыту өз алдына бір ғылым. Оқудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру» деген сөзін өз тәжірибесінде жиі қолданатын Өтемісов Ерзаттың ата-анасы Науанова Қарлығаш апай.

ІІІ. Мәуелі жеміс мәйегі (тренинг)
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты-балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты-тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні- өз ұрпағы.

ІҮ.Ұлы – жол отбасынан басталады (пікірталас алаңы)
Ең алдымен , баланың қызығын да, азабын да, көретін ата мен ана, «Оларды жөргектен бастап бағып-қағатын да, өсіріп-ширатып, қанағаттандыратын да солар. Оларға тұңғыш рет үлгі мен өнеге беретін де, сана мен сезім егетін де әке-шеше. Бала өз отбасында ерлікке, жігерлікке, батылдық пен батырлыққа , сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді. Отбасында негізі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік нысанаға айналады.
1. Барлық ата-аналар баланың алдындағы ата-аналық парызын толық орындай алып жүрме?
Дәйексөз : «Пайғамбарымыз хадистерінде «Жеті жасқа дейін еркелет, жеті жыл оны әдептілікке тәрбиеле, жеті жыл досы бол, содан соң өз жөніне қоя бер»,- деген. Жалпы адам бейне бір тал сияқты. Қисық өсіп бара жатқан шыбықты түзету оңай, ал үлкен ағаш болғанда түзеткіміз келсе де түзете алмаймыз. Сондықтан сындырып алмай биік бәйтерек болып өсуін басты борышымыз деп білейік.
2. ҰБТ – ға дайындық барысында балаңызға қаншалықты қолдау көрсетіп отырасыз?
ҚР баланың құқықтары туралы заңы
15 бап. Баланың білім алуға құқығы.
Әрбір баланың білім алуға құқығы бар және ҚР білім туралы өаңдарына сәйкес оған тегін бастауыш негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім алуға кепілдік беріледі.
3. Халық батыры Бауыржан атамыз : «Үш нәрседен қорқамын
1) Бесік жырын айтатын аналар табылмай ма?,- деп
2) Ертегі айтатын әжелер табылмай ма?, - деп
3) Өз тілі мен салт-дәстүрін құрметтейтін азамат табылмай ма,- деп қорқамын» деген екен. Осылай қауіптенуі қаншалықты орынды?
Дәйексөз: Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы былай деп мұңайған екен «Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ». Олай болса сіз болып,біз болып, ұлттық тәрбиемен сусындаған ұлағатты ұрпақ тәрбиелейік.
Ү.Мен сенің өміріңнің жалғасымын . . .
«Жүрек жылуы» тренингі
Ананың кезі бар ма кекті болған,
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек:
«Құлыным,байқасаңшы»,- депті оған ...
Адамның бауыр теі, жүрегі бала. Оның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін деп тұла бойымыз елждіреп, жүрегіңіз дүрсілдеп отырады. Сондықтан да осы жүректі аялы алақандарыңызбен ұстап ақ тілектеріңізді жеткізіп бір-бірлеріңізге беріңіздер.

ҮІ. «Ой-түйін»
Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә ,, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау- ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала-әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

ҮІІ. Ата-ананың ақ батасы
ҮІІІ. Қорытынды.

Әкем-береу, анамда біреу менің,
Мен жығылсам, сүйенер тілеулерім,
Олар барда – мереке. Көрген емен,
Қабақтарын шытқанын түнергенін
Әке-білек, саусағы-балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана-тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.
Сіздердің аялы алақандарыңызбен, жылы жүректеріңізбен тербеткен әрбір азаматтарыңыз барыс текті, намысты ұрпақ болсын дегіміз келеді.


Тема: Долг родителей: Сегодня и будущее
Цель : Совершенствование роли родителей в воспитании детей, укрепление связи между родителями, учениками и учителями
Вид : круглый стол
Оборудование : презентация, высказывания
Ход проведения
І. Вступление
ІІ. Знакомство с родителями
ІІІ. Тренинг «Дерево пожеланий»
ІҮ. Великий путь начинается с семьи (дискуссия)
Ү. Я – твое продолжение . Тренинг «Доброе сердце»
ҮІ. Заключительное слово
ҮІІ. Благословение родителей
ҮІІІ. Заключение
Главный воспитатель ребенка- семья, его родители. Ребенок получает от отца ум, от матери – добро.
Поэтому роль родителей в воспитании детей имеет огромное значение.
Семья - богатство нашего общества.
ІІ. Знакомство с родителями.
1. «Стать человеком – это трудно»- так думает мама Курманали Асылхана, Курманбай Айгуль . Она хочет, чтобы сын стал настоящим человеком.
2. Мама Хамит Айгерим ,Азенова Гулжахан , хочет, чтобы дочь стала известной , знаменитой, как Абай и Мухтар.
3. Мама Сухашова Данияра ,Дабылова Урпатша , прививает сыну любовь к книгам
4. Мама Отарбаева Жасулана, Жанабаева Гульбазар, желает сыну достичь высоких результатов
5. Отец Алимовой Айгерим ,Назаров Байболат ,говорит о воспитанном и талантливом ученике
6. Отец Смаиловой Гульжан ,Елеусинов Дауыржан, уделяет внимание воспитанию в дочери таких качеств, как вежливость, трудолюбие, образованность.
7. Мать Кайымова Бекжана ,Толейова Халида ,уделяет внимание на посещение сыном различных кружков
8. Мать Нагимет Гулжайны ,Айманова Света ,дуамет, что все воспитывается в семье.
9. Отец Дауыржан Амины ,Дауыржанов Мурат, думает, «Порядочный мальчик, порядочная девочка- краса общества»
10. Мать Утимисова Ерзата ,Науанова Қарлыгаш, придерживается, что в школе не только обучают знаниям, но и дают хорошее воспитание.
ІІ. Тренинг «Дерево пожеланий»
Для человека самое большое богатство- это его воспитанные дети. Не случайно говорят , человек с детьми живет долго. Смысл жизни человека-его поколение.
ІІІ. Дискуссия. Великий путь начинается с семьи
Воспитывая детей, родители видят радости и трудности. Родители воспитывают детей с пеленок, прививая своим детям чувства, сознание, являясь образцом, примером для детей. Ребенок в семье учится воле, ностойчивости ,мужеству, единству слова и дела. Воспитание, привитое в семье, с ростом ребенка переходит в цель жизни.
Ү. Я твое продолжение
Тренинг «Доброе сердце»
Ребенок – самое ценное для человека. Родители заботятся о каждом шаге ребенка, волнуются за него.
Поэтому от доброго сердца пожелайте друг другу хорошие пожелания.
ҮІ.Заключительное слово
Что посадишь, то и пожнешь.
Воспитание родителей в жизни ребенка оставляет большой след.
Основной долг родителя-привитие в ребенке хороших качеств , уделять внимание его друзьям, развивать в ребенке талант, создавать условия для получения знаний.
Родители не имеют права ошибаться в воспитании своих детей.
Ребенок-счастье каждой семьи
Давайте ценить свое счастье
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.