Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ата-ананы сыйлау – басты парызың. -

Ата-ананы сыйлау – басты парызың.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 5062 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тәрбие сағатының тақырыбы: Ата-ананы сыйлау – басты парызың.
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелей отырып, ата-ананы құрметтеуге, отбасы құндылықтарының қасиеттерін білуге үйрету және олардың ата-анасына, отбасына деген сүйіспеншілігін, махаббатын күшейту, өз ойларын ашық айтуларына, пікір білдірулеріне мүмкіншілік беру.
Тәрбие сағатының өткізілу формасы: баяндама,топтық жұмыс,«Шаңырақ» композициясы.
Тәрбие сағатының барысы:
1. Мұғалім тәрбие сағатының тақырыбын, мақсатын хабарлайды;
2. Оқушылар жетондар арқылы «Шаңырақ, кереге, уық, босаға» топтарына бөлінеді.
Кіріспе. «Ата-ананы сыйлау – басты парызың.» тақырыбында баяндама оқылады.
«Әке-асқар тау, шеше-қайнар бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» демекші, осы бір қарапайым мақалдың астарында терең ой жатыр. Әрине, мақал қысқа, алайда оның мағынасы шектеусіз. Біз шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап ең алғаш рет алдымызға ана бейнесі келеді. Ананың құшағына енгеннен бастап-ақ кіп кішкентай жүрегіміз ана жүрегімен бірге соға бастайды. Мейірлене құшақтап, «айналайын, балапаным» деген сөзімен өмірге әкелген сәбиін сол күннен бастап мейірім мен жылулыққа орай бастайды. Анадан соң сәбиін алғаш көрген әкенің сезімі қандай болатыны әкелерге ғана аян. Міне, қос жүректің лүпіліне тағы бір жүрек лүпілі қосылады. Енді өмірге келген сәбиін қалай тәрбиелеймін десе де өз еркі. Баланың жеке тұлға боп дамуына осы екі жанның, яғни әке мен ананың әсер ететіні даусыз. Қай ата-ана баласын жаман болсын дейді? Әрине, ешбір адам бұлай болғанын қаламайды да. Кішкентайынан тұмсықтыға шоқыттырмай, қанаттыға қақтырмай, бар тапқанын баласының аузына тосатын ата-ананың қадірін әр бала біле ме? Кішкентайында барын салып, тәрбиелеп келген отбасында кейін қатал, тасжүрек, мейірімсіз баланың өсіп шығатынына кімді кінәлаймыз. Иә, көбінде осындай баланың тәрбиесіне ата-анасы кінәлі деп жатамыз. Бірақ, шындығына келгенде олай деп тон пішуіміз мүлдем дұрыс емес. Ата-ана Алла-Тағаладан «Е,Аллам, бала бер, бала берсең, сана бер» деп тілейді екен. Ал, мұның себебі неде? Ата-аналарының кішкентайынан «не кием, не ішем» демей, үнемі баршылықта өмір сүріп келе жатқан бозбалалардың ішінде қаншама бұзақы, қырсық,тілазарлар бар. Оның ең бірінші себебі – шамадан тыс еркелік деп толық айтуымызға болады. Соншама еркелетіп өсірген ата-анасына түк қайыры тиместен, ата-анасын далаға тастап, не болмаса қарттар үйіне өткізіп жатқандар ертеңгі күні екінші өмірде Алла-Тағала алдында өздерін қалай ақтап алар екен? Әттең, сондай қыз-бозбалаларды көріп ішің ашиды. Ата-анасына деген мейірімі жоқ неткен тасжүрек еді деп қиналасың. Баланың жаман болып өсуіне тағы бір әсер ететін жайт – қоршаған ортасы, сол ортада үнемі байланыста жүретін достары. Қазіргі заманда жоғары дамыған ел қатарына қосылуды мақсат еткен елміз. Ата-анасы қарапайым болып келетін отбасындағы бала әлеуметтік жағдайы жоғары отбасының баласымен тең дәрежеде болмайды. Бірақ бір-бірінен қалысқысы келмейтін балалар бірінде бар нәрседен қымбат нәрсеге ие болғысы келеді. Ата-анасының жағдайына қарамастан «анау керек, мынау керек» деп бәлсінетіндер ата-анасы айтқанымды тауып беруге міндетті деп есептейтіні өкінішті ақ. Тек түсіне білетін саналы бала ғана алғашқы райынан тез қайтады. Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым- қатынасына әсер етеді.Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50%жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге,өмірдегі мкатериалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас.
Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасына торығушылар, қаңғыбастар ,”қызықты”әсерді іздеушілер өсіп шығады. қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Оны жүзеге асыруда
Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген . Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілікке арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор.Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. Және қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың , қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым- қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті. Егер жапон халқы басқалар үшін тұйық халық болса, онда ағылшын халқы басқаларды қойып, өз ішінде тұйық халық. Олардың отбасындағы әр адам жеке өмірінің құпия болғанын қалайды. Бір сөзбен айтсақ, ағылшындықтардың жаны-өз үйінен де жақын, яғни берік қамалмен тең. Басқа халықтар үшін жанұя қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісетін ең басты байлық болса, ағылшын халқы қиыншылық кезінде жақындарынан көмек күте қоймайды. Тіпті жақындарына көмек көрсетуді өз жауапкер- шіліктеріне алмайды.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы.
Топтық жұмыс. Әр топқа бір-бір сөз тіркестері беріледі, әр топ мүшелері ақылдаса отырып, тақырыпты ашу мақсатында өз пікірлерін постерге қорғайды. Берілетін сұрақтар: «Ақылды баланың бойында болатын жақсы қасиеттер қандай?», «Үлгілі ата-ананың бойында қандай асыл қасиеттер болу керек деп ойлайсың?».
Композиция «Шаңырақ»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.