.
.
№42 "Ақниет" Гимназиясы Ата - баба дәстүрі - ұрпаққа өнеге
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3304 | Размер: | Автор: ТәрбиеДайындаған: ІІ санатты МдТ тәрбиешісі: С.А.Ескакова
Ата - баба дәстүрі - ұрпаққа өнеге
Мақсаты:Балалардың өз еліне, жеріне, туған халқына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетін бойларыңа сіңіру. Халық ауыз әдебиеті арқылы тілдерін байыту,сыйластыққа, Отан сүйгіштікке,бір-біріне деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбер:
Армысыз қайырымды Аспан –ата!
Армысыз мейірімді Жер-ана!
Армысыз шұғылалы Алтын күн!
Қуан,шаттан Алақай!
Қайырлы таң,қайырлы күн!
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз дос болайық!
Тәрбиеші: -Балалар бүгін біз Хамза Есенжанов атындағы кітапханаға қонаққа келдік, кітапханада көптен кітаптар бар, ал біздер қазақ халқының тұрмысы, салт-дәстүрі, және өнері туралы әңгімелесеміз.
3. (Бала жүгіріп келеді.Әже кіреді)
Бала:- Cүйінші! біздің ауылда кішкентай сәби дүниеге келді. Атын Батырхан қойдық болашақта ер жеткенде, нағыз батыр болсын деп
Тәрбиеші:-Балалар біздерге Сұлтан сүйінші сұрап,жақсы хабар айтып келді. Сүйіншісін берейік.(сүйіншіге кітап береді)
( Әже кіреді қолында сәбиді алып).
Әже:-Сәлеметсіңдер ме балалар мен кішкентай Батырханның бесікке салу тойын сіздермен бірге өткізуге келіп отырмын.
Балалар: - Құтты болсын!
Бауы берік болсын!
-Ғұмырлы болсын!
Әже: -Рахмет балаларым, айтқандарың келсін кішкентай немеремді көріп бауырларыңа
алғыларың келеме? Көрімдігін беруге ұмытпандар. (балалар айтқаннан кейін, көрімдігін тәрбиеші береді)
(Балалар кезек-кезек қолдарына алады)
• Жаным, күнім, айым, алтыным, құндызым, арыстаным,
• қошақаным, ботақаным,құлыншағым, балапаным.
Әже:-Ал енді балаларым қазір барлығымыз қазақтың «бесікке салу»атты салт-дәстүр рәсімін тамашалаймыз. (Рәсімді түсіндіру)
«Бесік жырын» балалармен бірге айтады.
Тәрбиеші:-Ал,балалар бесікке салу тойына жиналған екенбіз,сіздерде өнерден құралақан
емес шығарсындар?
- Қане,өнерлеріңді көрсетіндерші?
-Мінеки Біржан атамызбен,
- Сара апамыздың ізбасарлары өнерін көрсетпекші.
«Айтыс»
Бахтияр: Тыңдасаңыз халайық,
Әсем әнге салайық.
Амандасып алайын.
Сәламатпа ағайын,
Жансая: Наурызым ұлы мереке,
Әлемге енген береке.
Сау-саламат боларсыз,
Құтты болсын мереке.
Бахтияр: Алдарыңда сары қыз.
Наурыздағы сары уыз
Жауқазындай жайнаған,
Жансая атты ару қыз.
Жансая: Қазақтың дана баласы,
Наурыздың дара саласы,
Бахтияр деген сен боларсың,
Бәрің маған қарашы.
Бахтияр: Ұлыстың ұлы тойында,
Кім айтысар менімен.
Айтыс, айтыс болады,
Айтысқанда теңімен.
Жансая: Айтыс, айтыс болады,
Айтысса ақын теңімен.
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен
Бахтияр: Бармаймын деп бақшаға,
Жылауыңды қойдыңба,
Көтерші деп арқаға,
Сұрауыңды қойдыңба
Жансая: Ерке қызбын білесің,
Бірақ неге күлесің.
Кәмпит сұрап өзіңде,
Күнде жылап жүресің.
Бахтияр: Әділ сөзді жақтаймын,
Ойдан шықса мақтаймын.
Лағындай еліктің
Сендей құрбы таппаймын.
Жансая: Менде әдептен аспаймын
Жеңілем деп саспаймын.,
Достығыңнан қашпаймын
Қанша ақын болсаңда,
4. (Қолында қоржыны бар Алдар көсе кіреді )
- Мен Алдармын, Алдармын
Сақалымды талдармын
Сақал түгіл мұртым жоқ
Көрінгенді алдадым аа-ее-оо
Алдар көсе: – Армысыңдар балалар! Мен сіздерге арнап базарлық алдым,тек қояр бір шартым бар,егер қазақтың дәстүрімен салтына,әдет-ғұрыптарына қатысты сұрақтарға жауап берсеңіздер,ешбіріңізде базарлықсыз қалмайсыңдар. Ал енді кім батыр,келіңдер қоржыннан сұрақ суырайық.
1.Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесіңдерме? Жұмбақты шешіңдер:
Жіберсең бастап
Ойнады асқақ
Ерекше үні бар
Бұл қандай аспап? (қобыз)
Ел қорғайтын ерлікке
Әуенімен шақырған
Батылдыққа,елдікке
Әуезімен шақырған (дауылпаз)
Құрманғазы, Тәттімбет
Бұл аспаппен сайраған
Жүрекке от жақсын деп
Елге күйін арнаған (домбыра)
2.Төрт түлікке жататын малдарды атаңдаршы?(қой, сиыр, жылқы, түйе)
-Ал олардың төлдерін қалай атаймыз?(қошақан, бұзау, құлыншақ, ботақан)
Тәрбиеші:-Балалар төрт түлікке байланысты кім тақпақ айтып береді?
Азат: Шөре-шөре лағым
Тентек болма шырағым
Секеңдеме,деміңді ал
Селтеңдемей құлағың
Дулат: Ботақаным-бөбегім
Қара көзің мөлдіреп
Қызықтырмай қоймайды
Жібек жүнің үлбіреп
Қарасам көз тоймайды.
Сымбат: Кіп кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам «қозым»деп
Қошақаным өзің деп
Шопан ата өсірген қойдың төлі-қозы
Нарұл: Қамбар ата өсірген жылқының төлі-құлын
Зеңбі баба өсірген сиырдың төлі-бұзау
Ойсыл қара өсірген түйенің төлі-ботақан
Сексек ата өсірген ешкінің төлі-лақ
Алдар көсе:-Жарайды балалар,сендер өте ақылды екенсіңдер,менің сұрақтарыма дұрыс жауап бердіңдер, енді өздеріңнің өнерлеріңді көргім келеді, қане кім біледі мақал-мәтел, жаңылтпаш, өтірік өлеңдер.
Мақал-мәтелдер:
Дамир: Ананың сүті - бал
Баланың тілі-бал.
Нарұл: Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала
Дулат: Ата-бәйтерек,
Бала-жапырақ.
Жансая: Ұлдың ұяты-әкеге,
Қыздың ұяты-шешеге.
Азат: Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Жаңылтпаштар:
Айнара: Атам бақ аралады
Ағам тал аралады
Апам көл жағалады
Асыл ат тағалады.
Аружан: Тоғыз бала-тоғыз
Қалада да тоғысады
Тоғыз қала тоғыз
Баламен толысады.
Өтірік өлеңдер:
Аружан: Жолбарспен тосын кеп
Қара шыбын алысты
Шыбын жеңді, етін жеп
Екі күнде тауысты.
Нарұл: Бірте-бірте төселіп
Солай болды әңгімем
Қара нарға көтеріп
Қоя салдым тауды мен.
Әже: - Ой, балапандарым өте ақылды, өнерлі, мейірімді, сегіз қырлы, бір сырлы екенсіңдер. Мен сендерге бата берейін:
Әлемнің жарық ет
Ұл- қызды түгел білімді ет
Ақылың ассын
Ықыласың тассын
Шаңыраққа иірілсін
Достарың көп болсын.
Әумин!
Тәрбиеші: -Құрметті қонақтар,балалар бүгінгі халқымыздың салт-дәстүрін, мәдениетін, әдет-ғұрпын ұмытпайық.
Жылдар, жылдар тарихтың мол беттері
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі
Көңілінді алат сезімге баурайды
Халқымыздың бүгінгі мен ертеңі.
Ән: «Атамекен»
әні: Е.Хасанғалиев
Жасыл –жайлау - түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем!
Қайда жүрсең атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны,
Ұясына батады екен!
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдын аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.