.
.
Тәрбие ісінің орынбасары : Құлманова Злиха Санаққызы Аулымның келешегі – менің болашағым
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1614 | Размер: | Автор: ТәрбиеКласс жетекшісі: Сейт Нұргүл Мырзанқызы
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Кемерши селосы
Қ.Жазықов атындағы орта мектеп
Тақырыбы : Аулымның келешегі – менің болашағым
Мақсаты :Туған жеріне , еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.Туған ауыл жайлы ой тебіренту.Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге, сөздік қорын молайтуға тәрбиелеу
Әдісі : Баяндау, монтаж
Көрнекілігі : «Ауыл айшықтары» суреттер, слайд
Өткізу жоспары :
1.Кіріспе
2.»Кіндігімнің жас қаны
Тамған жерім ауылым» әдеби музыкалық монтаж
3. «Кемерши - туған мекенім
Мәңгілік мақтан етемін» ауылымыздың елді мекендері
4. «Ауыл айшықтары»
5. «Ауылымның келешегі
Менің болашағым» ой қозғау бөлімі
6. Қорытындылау
І – бөлім Кіріспе
1.Әр адамның кіндік кескен жері қалай аталады? (Ауыл)
2.Біз қай Республикада тұрамыз?(Қазақстан)
3.Біздің облысымыз қалай аталады?( Ақтөбе)
4.Біз қай ауданда тұрамыз?(Байғанин)
5.Тұрған жеріміз қалай аталады? ( Кемерши селосы)
Сонда балалар, біздің мекен – жайымыз: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши селосы.
Олай болса балалар, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру мақсатында , «Ауыл келешегі, менің болашағым» атты тақырында тәрбие сағатымызды бастаймыз.
ІІ – бөлім «Кіндігімнің жас қаны
Тамған жерім ауылым » әдеби музыкалық монтаж
І – жүргізуші: Ботагөз Ендеше, Айдана тәрбие сағатымыздың келесі бөлімін туған жеріміз Кемерши ауылына арнасақ.
ІІ – жүргізуші: Айдана ««Кіндігімнің жас қаны, тамған жерім ауылым » атты әдеби музыкалық монтажымызды бастаймыз.
І – жүргізуші: Ботагөз Іңгәлап дүние есігін ашқан сәттен бастап нәрестенің кіндік қаны тамған жері, ауылы, өзен – көлі, тау- тасына дейін ыстық көрінеді, жанға қуат береді.
ІІ – жүргізуші: Айдана Бұл менің туған жерім, туып өскен
Атамекен ошағың кіндік кескен
Жап – жасыл шалғыны мен жусан иісі
Шалғайға кетсең – дағы шықпас естен
І – жүргізуші: Ботагөз Даланың дархан көңілін,
Бойымызға жиямыз
Туған жерді қорғайтын,
Азамат боп шығамыз
ІІ – жүргізуші: Айдана
Ақшаңқаң үйлер тізіліп,
Тал – теректер сызылып.
Қорасы малдан босамай
Ауылым- арым бесігім.
І – жүргізуші: Ботагөз
Адамдары ақ жарқын,
Ардақтадым бар салтын.
Тұрып жатыр ауылда,
Пейілі жомарт әз халқым.
ІІ – жүргізуші: Айдана
Кешегі асыр салған дала мекен,
Есеңде ескірмей, бір қалады екен.
Бір жұтсаң туған жердің самал желін,
Сусының шөлдегенде қанады екен.
Ән орындайтын «Алтын бесік» Орындайтын : Дәулетова Дильназ
Қорған : Туған жерім – алтын бесігім,
Айқара ашқан есігін.
«Кемерши» менің ауылым
Қандай ыстық есімің
Данагүл Туған жер алтын бесік
Айтатын ұранымыз
Өзіңе арналады
Төгілер жыр әніміз
Мейрамбек Туған жер алтын бесігім
Іңгәлап ашқан есігім.
Тербетіп мені әлдилеп,
Қатеме еткен кешірім.
Кәмила. Ауылым алтын бесігім
Ыстық сенің есімің.
Алыстан аңсап келгенде,
Қашанда ашық есігің
Ән: Орындайтын: Ерғалиева Гүлзира «Туған жер»
ІІІ – бөлім «Кемерши - туған мекенім , мәңгілік мақтан етемін» ауылымыздың елді мекендері
І – жүргізуші: Ботагөз Бұл бөлімде ауылымыздың елді мекендеріне тоқталып өтейік
Туған жер – тұғыр, сенен өскен ботаңмын,
Ер жеткенде үлесті саған қосармын.
Толғанып тұрып қамыңды ойлар ұланмын,
Үнімді қосам көркеюіне ауылымның.
ІІ – жүргізуші: Айдана
Кемерши ғажап ертеңі
Сүйеміз туған өлкені
Тағдырлар толы тарихтың
Сан жылдар сырын шертеді
І – жүргізуші: Ботагөз
Кемерши – бұл қазіргі, Кемерши селосы тұрған жер.Кемерши селосының оңтүстігінде тау сілемдері, ал солтүстігінде ұзын қырлар бар.Міне осы екеуінің арасымен бұрындары Жем өзені аққан дейді.Жем өзені арнасы, яғни кемері өзен арнасы азайған соң, бұл жерге қалың ши шыққан.Көрген көне қариялардың айтуы бойынша шидің қалыңдығы сонша, атты адамның бойы көрінбеген деседі.Міне, осы екі сөз тіркесінен «Кемерши» атауы шыққан.
Ақтоты: Көктүбек. – бұл ертеден келе жатқан елді мекен.Көктүбек аталуында ерекше тарихи мағына жоқ.Жем өзенінің иініне орналасқан.Бұл иін теңіз, көлдердегі түбектерге ұқсас, сонымен қатар шөбі шүйгін,Жем өзені табанына жақын боғандықтан жазда үнемі көк күйінде болады.Бұл жерде қалыңды ну жиде тоғайы болған.Сондықтан да бұл жер көк және түбек сөздерімен бірігіп, «Көктүбек» деп аталған.
Нұрбол : Қызылшоқы – жердің топырағына байланысты аталған.Жақын жерде үлкендеу шоқы бар.Сол шоқының баурайына шөп шықпайтын, қызыл, құмақ иеленген.
Ақниет : Ақбұлақ – ақ кебірдің арасын жарып, сылдырлап аққан бұлақ.Жем өзенінің арғы жақ бетінде. Айналасында бордан құралған таулар бар.
Мәнерлеп оқу : «Жем - Сағыз» Дәулетова Дильназ
Жем – сағыз- қалың жұртым жайнаған жер,
Маңыратып төрт түлік айдаған жер.
Қаптаса таудай нарлар, сәйгүліктер,
Қойлары семіздіктен майлаған жер.
Жем – Сағыз әкем – шешем жайлаған жер,
Көктемде бәйшешегі жайнаған жер.
Басына жас ботаның үкі тағып,
Құлынды қоңыраулатып байлаған жер.
Жем – Сағыз – күй тербетпей қойиаған жер,
Балалық асырға біз тоймаған жер
Тлпталып жан – достарым құшағында,
Таласып талай асық ойнаған жер
Жем – Сағыз – жастық күнді тойлаған жер,
Біз өмір өршіл қалпын ойлаған жер.
«Ақбұлақ», «Қызылбұлақ», «Көкбұлағы»
Өзінен шымыр- шымыр қайнаған жер.
Жем – Сағыз – жігер жанып, қайраған жер,
Жем –Сағыз – сұлулығын сайраған жер
Өзінен шыққан талай серілері
«Сазымның сәні болған бай далам» дер.
Ән : «Ақбұлақ » Орындайтын: Ақтоты мен Әсем
Жаннұр : Құртұрмас – Жем өзенінің бойындағы ең биікшоқылардың бірі.Бұрынғы жаугершілік заманда қазақ даласында қалмақ, түркімендер соғыс ашып малдарын айдап, ұрлап барымта жасап тыныштық бермеген.Сондықтан осы бір биік шоқының үстіне күндіз – түні қарауыл қойып, ел тыныштығын күзеткен.Содан бері осы шоқыны «Құртұрмас» деп атаған.
Іңкәр : Ордабай – осы өңірде Ордабай рулы елі қоныстанып мекен еткен.Жерге өз руларының атын қойып, меншіктеген.Бұл жер Кемерши өңірінің шығыс жағында орныққан.
Қорған : Егіндібұлақ – мөлдір, таза бұлағын елдің баршасы біледі.Бұлақтың бойын өрлей егін өскен екен.Жері егін, мөлдір бұлақ болған соң жер аты осылай аталған.
Ән: «Туған жер» орындайтын : Бахилин М.
ІУ – бөлім «Ауыл айшықтары»
ІІ – жүргізуші: Айдана
Кемерши – туған аулым аялаған,
Төсіңде төрт түлік саялаған
Тасытқан байлығыңды бір кездері,
Бүгінде ұрпақтары мақтана алған
І – жүргізуші: Ботагөз
Жаныма жерің, ауаң ем
Атыңа сенің бас ием! – дей келе, келесі кезекте туған жерге көрік беріп тұрған, әрқайсысының өз тарихы бар «Ауыл айшықтарына» тоқталайық.
Мешіт туралы
ІІ – жүргізуші: Айдана Тарихтың тереңіне үңілген сайын ата – бабаларымыздың имандылық, ізгілік қасиеттерді берік ұстанғандығы тәнті етеді.Сондай адамдардың бірі Ермағанбет ишан өткен ғасырдың бас жағында, дәлірек айтсақ 1909 жылы ауылымызға мешіт салдырыпты.
І – жүргізуші: Ботагөз Одан бері талай су ақты, заман өзгерді Ермағанбет ишанның өзі 37- жылдардың қудалауына ұшырады. Мешіт интернат үйіне, кейінен мұнда қойма орналасты.
Ақжол : Кезінде сол мешітте сол төңіректің ұл – қыздары ислам ілімін үйренсе, төңкерістен соң да бұл киелі орын білім ордасына айналған.Сол кездері мектепте Қалиев Жәрдем, Мырзалин Ғани, Ыбырашев Ғайнеш мұғалімдік қызмет атқарған.Киесі көшпеген осы көне жұрттан Ақтөбе өңіріннің айтулы азаматы, академик Сақтаған Бәйішев осы жұрттың түлегі.
Әсем : «Жамандар жақсымын деп айқайлайды,
Жақсылар жақсымын деп айта алмайды» деген бар. Сол «Жақсымын» деп айта алмайтын дарынды жазушы Қажығали Мұқанбетқалиев
Дилназ : Ата -баба алдындағы парыз кейінгі ұрпақты мазасыздырған ғой.Қазақтың белгілі жазушысы Қажығали Мұханбетқалиев сол ата мешітінің орыны қайта жаңғыртуды перзернттік парыз санаған сыңайлы. 3 жыл бойы өзінің, туыстарының күшімен, еңбегімен көтерілген мешіт 1998 жылы тамыздың соңғы күндерінде ашылды.
Гүлзира : Жергілікті құрылыс шебері Құтым Қайсенов жаңа ғимараттың салуына үлкен үлесін қосты.Мешіт тізгінін Өтеген имам қолына алды.Қазір ауыл тұрғындары сәнді де еңселі мешіт үйіне жиналып, Аллаға мінәжат етеді.
І – жүргізуші: Ботагөз Қаңырап тұрдың қанша иман бесік,
Пендеге жете алмайды жиған несіп.
Төрт қабырғаң түгел тарих болғанымен,
Ашылам деп мұңдана қиналды есік , - бұл ақын осы ауылдың перзенті Жақсылық Айжановтың көкірегінен шыққан жыр жолдары.
ІІ – жүргізуші: Айдана Сонымен, ауылымыздың Ермағанбет мешіті қайта жаңартылды.Ұрпағына ұлағат беруді мұрат тұтатын, халқымызыдң тәлім – тәрбие орталығы іспеттес имандылық ордасы –Ермағанбет мешіті Кемерши өңірінің жұртшылығын жақсылыққа баули береді деп сенгіміз келеді.
Балабақша туралы
Жаннұр : Бүгінде елбас Н.Ә.Назарбаев балабақша мәселесіне айрықша көңіл бөліп отыр.Қазақ «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп бекер айтпаған.Ата – Бабамыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.Осыған орай аулымыздағы бұрынғы орта мектептің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, ауыл бүлдіршіндеріне «Балдәурен» балабақшасы ашылды.Жаңа балабақшада 25 қызметкердің 55 бүлдіршінді жан – жақты тәрбиелеуіне барлық жағдай жасалған Жаңа балабақшада 2010 жылдың желтоқсан айында «Балдәурен» балабақшасының меңгерушісі Қазиева Флюраға балабақшаның символдық кілті тапсырылды.
Кітапхана туралы
Ақтоты : Аулымызда жаңа үлгідегі кітапхана бар.Кемерши Жем селолық кітапханасына «Жаңа үлгідегі Модельді ауыл кітапханасы» статуысы берілді.Маржан Өтепбергенова – кітапхана саласында ұзақ жылдар бойы жұмыс жасап зейнеткерлікке шықты. Ол кезде, 1966 жылы кітап қоры – 2578 дана болса, бүгінгі таңда кітап қоры – 12379, оның ішінде мемлекеттік тілді 6767 дана болған. Қазір кітапхана меңгерушісі – Гүлмира Рамбаева, кітапханашы – Сая Әбішова.Қазір кітапхана 750 оқырман тобымен жұмыс жасап, оларды қажетті ақпараттық сұраныстармен қанағттандырады.
Гүлзира : «Берекені көктен сұрама, еткен еңбектен тіле», - деп Абай атамыз
айтқандай , ауызбіршілік арқасында Тәуелсіздіктің 20 жылдығы күні клуб үйі күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, пайдалануға берілді.Кеізнде аулымыздың азаматтары Балғазин Олжабай, Отаров Тельман, Жолдасов Қайыржан, Ыбырашев Ақдәулет болып, республика көлемінде өз өнерлерін көрсеткен.Қазір аулымызда өнерлі жастар көп. «Ел іші – алтын бесік», - демекші ендігі жерде осы клубта жастардың кештері, кездесулер, өнерпаз өнерлері көп бола бермек.
Мектеп туралы
Өркен : 1994 – 1999 жылдары Ыбырашев Рахат мектепті басқарды.Сол кездері 1994 – 1995 оқу жылының сәуір айында мектепте Кеңес Одағының Батыры Қожабай Жазықов атағы берілді.Ұстаз рухы мәңгі өлмейді.Кезінде ұстаздың еңбектеріннің арқасында
«СССР халық ағарту ісінің үздігі» атағына Бекбауов Упу, Төлешов Сәли «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» атағына Жаулин Жүзбай,Өтепбергенов Өмірзақ,Шәріпов Құлман ағайлар ие болған.
Мұғалім : 2010 жылдың 1 қазан айында, ел ағаларының көмегімен бүгінгі жас ұрпақтың білімін шыңдау бағытында және жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді меңгерту мақсатында жаңа ғимаратқа ие болдық.Бұл ғимарат Қ.Жазықов атаның даңқын асқақтата түседі.Соның бір куәгері былтырғы оқу жылының түлегі Әділханқызы Тоғжан мектебімізді алтын медальмен бітіріп, мәртебесін жаңа биікке көтерді.Әлі де осындай шәкірттердің көп болтынына сенімдімін.
У – бөлім : «Аулымның келешегі , Менің болашағым!» ой қозғау
ІІ – жүргізуші: Айдана . Туған ел! Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады. Содан шексіз қиялға өрлеп кете барады.Оның жұпар атқан жусаны, оның кеудеңе келген мөлдір ауасы, жалғыз аяқ жолдары- осынң бәрі – бәрі сенің аулыңды құрайды.
І – жүргізуші: Ботагөз Туған жерсіз адамның күні жоқ.Алыс кетсең өз үйіңнің мұражсына дейін сағынасың.Туған жерің түсіңе енеді.Алыстан сені қол бұлғап шақырады.
Болашақта , сен ауылың үшін не істер едің? Егер сен бай болсаң не істер едің?
Ақжол: Менің әкем мұнай саласында жұмыс жасайды.Осындай жері бай, мұнайлы өлкеде өсіп келе жатқаныма қуанамын.Мұнай – халық байлығы.Егер мен бай болсам, алдымен ауылды көгілдір отпен қамтамасыз етер едім.
Егер дәрігер болсаң не істер едің ?
Әсем : Егер мен дәрігер болсам, ауырған адамдарды емдеймін.Адамдардың денсаулығына немқұрайлы қарауға болмайды.Дәрігерлердің қолында адам өмірі тұр. Өйткені оқу бітірерде ант береді.Сондықтан антыма адал боламын.
Егер сен мектеп директоры болсаң не істер едің ?
Дильназ: Адамдарға көмектесіп, мектептен жұмыс беріп, қол қайырымымды тигізер едім.Қ.Жазықов атындағы мектеп директоры Дусипова Миргүл апайға және «Балдәурен» балалар бақшасының диреторы Қазиева Флюра апайларға ұқсап , директорлық міндеттерді атқарғым келеді. Директордың атқаратын шаруасы оңай жұмыс емес.Балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беруге тырысар едім.Соған жағдай жасаймын.Ол үшін жан – жақты, білімді, іскер, табанды, инабатты маман болу керек.
Қорытындылау : Жерлес ақынымыз Сағи Жиенбаевтың «Туған жер» өлең жолымен аяқтаймын. Сенде тұңғыш жүрдім де Іңгәлаған үнімді
Сенде тұңғыш құладым Сенің дөңің тыңдаған
Сенде тұңғыш күлдім де Көзімді ашып алғанда,
Сенде тұңғыш жыладым Естімеген жырымды
Сенің желің жырлаған Сенің гүлім тергенім
Көзімді ашып алғанда Тұңғыш рет шөлдесем,
Сенің қырың көргенім Сенің суың ішкенім
Қырға тұңғыш барғанда Тұңғыш рет терлесім
Сенің көлім түскенім
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.