Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстан болашағы білімді ұрпағында. -

Қазақстан болашағы білімді ұрпағында.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3386 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің
Тарих пәнінің мұғалімі
Темірбаева Гүлсім Сәруарқызы

Тәрбие сағаты
Сыныбы: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан болашағы білімді ұрпағында

Мақсаты: 1) оқушыларға алған білімдерін тексере отырып ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту; 2) ана тілін сүюге адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерін түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға баулу; 3) Қазақстан патриотизміне қалыптастыру.
Көрнекілігі :
Барысы:
Әуен ойнап тұрады.
Сәлеметсіздер, құрметті оқушылар,ұстаздар,келген қонақтар!
«Қазақстан болашағы білімді ұрпағында» атты зияткерлік ойнымызға қош келдіңіздер!
Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық(Ду қол шапалақ)
Ал келіңдер,келіңдер,
Біріңе –бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп
Ойынға қатысып көріңдер
Рухсыз ұлт- ұлт емес. Оны тарих дәлелдеген.80 жылдардың екінші жартысында біздің халықымыздың рухы өсті ,мұхиттай буырқанып ,бусанып жатты. Тәуелсіздіктің өктем желі үздіксіз согып тұрды.
Қазақстан ол кезде әлі де болса қызыл империяның құрсауында болатын,бірақ әне міне деп құлдық шынжыр үзілгелі тұр еді.Осы құлдық шынжырды мезгілінен бұрын үзген алдаспан қылыштай болған уақиға 1986 жылдың 16-18 желтоқсанында Алматы қаласында болған қазақ жастарының көтерілісі еді. «Мен Қазақпын» деген әрбір қазақ бұны білуге тиіс.
Ойынымызды бастамас бұрын жоспарымен танысайық

Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
І кезең 1.Таныстыру
2.Жұмбақтар әлемі
3.Мақал-мәтел сайысы
ІІ кезең 1.Егер де мен..... (Жағдаяттан шығу)
2. Шешендік сайыс
3. Сурет салу
ІІІ кезең 1. Кім көп біледі?
2. Кім жылдам?
Таныстыру үлгісі.Топтың аты.Ұраны

2. «Жұмбақтар әлеміне саяхат»
1 жұмбақ
Жер көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін
Көл көрдім,өзен көрдім
Сулары жоқ тереңдейтін Жауабы:Карта
2-жұмбақ
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. Жауабы: Күннің көзі
3 жұмбақ
Жылт –жылт еткен,
Жырадан өткен Жауабы: Су
4-жұмбақ
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады. Жауабы: Қар
5 –жұмбақ
Тал басында түндіксіз отау Жауабы :Ұя
6-жұмбақ
Сылдыр сұйық су емес .
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес
Шешуін кім табады. Жауабы: Сүт
7-жұмбақ
Тұмсығымен қозғалар ,
Соңында аппақ із қалар Жауабы :Бор
8-жұмбақ
Аяғы біреу .қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп,
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. Жауабы: Қалам
3.Мақал-мәтелдер сайысы

Әр топ кезекпен 1 минут ішінде Отан ,туған ел туралы мақал –мәтелдер айтып шығу керек

ІІ- кезең
1 .»Егер де мен .......». (Жағдаяттан шығу)
1-командаға: Егер де мен баға алып келсем...................
2-командаға: Егер де мен сабаққа даярлықсыз келсем.............
3-командаға: Егер де мен досымның көңіл қалдырсам.................

2. Шешендік сайыс
Бұл сайыста мен сіздерге таныс өлең шумақтарын оқимын. Сіздер жалғастырыңыздар,авторын атаңыздар
1) Қадірлі ,бағасы алтын ана тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі.
..........................................................
«Ана тілі» Ілияс Жансүгірұлы
2) Жүген құрық тимеген,
Жасынан ноқта кимеген
..........................................................
«Далада» Сәкен Сейфуллин
3) Күш кеміді,айбынды ту құлады,
Кеше батыр-бүгін қорқақ бұғады.
............................................................
«Қазақ тілі» Мағжан Жұмабаев

3. «Қоллаж қорғау»

«Болашақта Қазақстанды қалай елестетесіздер?»
Тақырыбына қоллаж жасап келу және оны қорғау.


ІІІ кезең
1. Кім көп біледі?
1) 20 –География
2) Дүниежүзінің саяси картасында Қазақстан мемлекеті территориясы бойынша нешінші орында? Жауабы: 9 орында
3) 20 –География
Жер бетінің жоғарғы құнарлы қабаты қалай аталады? Жауабы: Топырақ
4) 20 –География
Кез келген нысандардың географиялық орнын қалай анықтауға болады? Жауабы:Карта арқылы
5) 30 –Логика
«Ертістің» ортасында не бар? Жауабы: «Т»
6) 30 –Логика
Түнгі сағат 11-де жауын жауып тұрса .24 сағаттан соң күн шығып тұруы мүмкін бе? Жауабы : Жоқ
7) 30 –Логика
Тышқан аулағыш 5 әріппен басқалай қалай атауға болады? Жауабы :Мысық
8) 40 –Математика
50 саусақ көріну үшін неше баланың саусағы көріну керек Жауабы 5 баланың
9) 40 –Математика
Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.баспалдақтың ортасында тұру үшіннешінші басқышта тұру керек? Жауабы: Сегізінші
10) 40 –Математика
Үстелде 4 алма жатыр,оның біреуі 2-ге бөлінген,Үстелде неше алма жатыр.Жауабы: 4

2. «Кім жылдам?»
1-сұрақ. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
2-сұрақ. Рәміздерді ата
3-сұрақ.1 жылда неше ай?
4-сұрақ. Қазақ әлипбиінде неше әріп бар?
5-сұрақ. Зат есімнің сұрағы
6-сұрақ.Қазақстан Республикасының Ата заңы неше бөлім қанша баптан тұрады?
7-сқрақ.Дүйсенбіден кейін қандай күн?
8-сұрақ. Бес дұшпанды ата?
9-сұрақ. Біз білім алатын орда.
10-сұрақ. «Кел ,балалар,оқылық» өлеңінің авторы.

Сабақ соңында белсенді оқушылар,ұйымшыл топтар мадақталып, бағаланады. Қазыларға сөз берейік.
«Өткенімізді білетін,бүгінді түсінетін,ертеңгімізге сеніммен қарайтын азамат болыңыз» деген тілекпен кешімізді аяқтаймыз
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.