.
.
«Сәтбаев қаласының оқушылар сарайы» КМҚК Қазақстан менің жүрегімде!
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3338 | Размер: | Автор: ТәрбиеДайындаған: А.С.Мизамбаева
2013-2014 оқу жылы
Тақырыбы:Қазақстан менің жүрегімде!
Мақсаты:Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер жолдың бірі – туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Жүрегінде патриоттық сезімдерін ояту. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:инетерактивті тақта, айналмалы барабан, сыйлықтар, шарлар, таблолар
Тәрбие сағатының әдісі: 5-ші сынып оқушыларына арналған сайыс
Тәрбие сағатының түрі: таңғажайып алаңы
Өтетін орны: мәжіліс залы
Барысы:Сайыс үш айналымнан тұрады. Әр айналымға үш ойыншыдан шығады. Айналымның ойнышылары кезекпен толық жауапты тапқанша әріптерді айтады. Үш әріпті бірден шешкен ойыншыға екі сандықша әкелінеді. Ол сандықшаның бірінде бағалы сыйлық болады. Үш айналымның жеңімпаздары ақтық айналымға шығады. Одан шыққан жеңімпазға супер ойынды ойнауға таңдау еркі беріледі. Ал барлық айналым бойынша жинаған ұпайларына қарай сыйлықтар тізімінен өз қалағанын таңдап ала алады. Сайыс барысын қосалқы жеңілдіктер бар.
Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және білім құштар оқушылар! Бүгінгі біздің«Қазақстан менің жүрегімде!» атты таңғажайып алаңына қош келдіңіздер!
Қазақ туған елін, жерін алтын бесігім деп, дүниедегі байлық атаулының бәрінен де жоғары бағалаған, елін адал перзенттік ыстық жүрекпен сүйген, жырақта жүрсе туған жердің топырағын бір иіскеуді, кең жазира төсінде белін шешіп, армансыз бір аунауды аңсайтын халық.
Кең дала, көресің ғой, анау жатқан,
Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан.
Асқар тау, балдан тәтті сулары бар,
Әне сол, анам еді мені тапқан! – деп туған жердің өзінің адал перзенті үшін қаншалықты қымбат, қандай ыстық екендігін ақын Мағжан Жұмабаевтың осы бір шумақ өлеңінен аңғарамыз. Олай болса ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, толыққанды ел қатарына қосылдық. Енді өзіміз шын қазақ екенімізді, туған Отанымыздың шын патриоты екенімізді сөзбен ғана емес, тындырымды ісімізбен, еселі еңбегімізбен көрсетейік. (С.Б. Дорженов «Инабаттылық иірімдері» 11-бет)
Ал ендеше ортаға бірінші айналымның ойыншыларын шақырайық. (үш ойыншы ойын алаңына жайғасады, таныстырылады)
Жүргізуші:
Барабанды айналдыруға рұқсат.барабан айналғанша бірінші айналымның сұрағымен таныс болыңыздар:
«Қазақстан» дейтін Отан – Анамыздың Елтаңбасының авторы кім? (Сәулетші Жандарбек Мәлібеков және әйгілі суретші Шота - Аман Уәлиханов)
Жүргізуші:
«Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр», - деп елбасымыз айтқандай ортаға екінші айналымның ойыншыларын шақырайық.(«Орталық Қазақстан» №207-208 басылым 1-бет)
Екінші айнлымның сұрағы:
Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)
Жүргізуші:
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып
( www.zharar.com/kz/tarbie/1017-strategiya_2050l)
Үшінші айналымның ойыншыларынойын алаңына қошеметпен шақырайық.
Үшінші айналымның сұрағы:
Елбасымыз еліміздегі қай селода дүниеге келген? (Шамалған)
Жүргізуші:
Ұлы ағартушы, халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан өссін» және Мұхаммед Пайғамбарымыз «Жастық шақта алған білім – тасқа ойылған нақыш» деген екен. Сондықтан біз сіздерге тек перзентіміз емес, еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы деп қараймыз.
Ал енді ортаға ақтық айналымныңойыншыларын шақырайық.
Ақтық айналының сұрағы:
1995 жылы 15-қараша айналымға енген теңгеміздің 50 теңгесінде кім бейнеленген еді? (Әбілқайыр хан)
Жүргізуші:
Супер ойын
Бұл ойыннаң ерекшелігі үш сұрақтан турады. Үш сұраққа да жауап берсе «супер ойын» жеңімпазы атанады және жүлделі сыйлыққа ие болады.
Супер ойынның сұрақтары:
Көлденең: Әлемдік сөзінің синонимі? (жаһандық)
Солдан оңға қарай: Ата-ана кімді тәрбиелейді? (бала)
Оңнан солға қарай:Тіл дамуы сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын)
Жүргізуші:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев :
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» - деп айтқандай,
Байтақ дала жерім менің,
Арта берсін даңқың сенің.
Көк байрағың желбіресін,
Егеменді елім менің!
Олай болса, бүгінгі «Қазақстан менің жүрегімде!» атты таңғажайып алаңын көріп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
Әдебиеттер тізімі:
«Инабаттылық иірімдері» Дорженов Секен Бәзілбайұлы
www.zharar.com/kz/tarbie/1017-strategiya_2050
Әзірлемені құрастырушы: Мизамбаева А.С.
«Сәтбаев қаласының оқушылар сарайы» КМҚК қосымша білім беру ұстазы
Отан...Бұл сөз - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным - сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке - Қазақстан. Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның - алтын бесігің», «Отаны жоқтық - нағыз жоқтық», - дейді халқымыз. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың борышы. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық. Қазақстан - менің атамекенім. Атамекен деген - туған тіл, ата салт-дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғығы толы кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, айыптамаймыз да. Себебі, бұл - тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» дейді халық. Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында келеді. Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып, XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттағанбыз. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдады. Ана тіліміз - қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы - Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.
Елбасымыз айтқандай XXI ғасыр – жастар ғасыры. Мұқағали ағамызда осындай сөздері бар:
« Сендердікі қоғам, өмір, заман да,
Сен түзеген қалаңменен далаң да,
Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ,
Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!».
Біз - халқымыздың үміт артарымыз, өлкемізді көркейтіп жасартары да біз - жастар. Туған жер! Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіміз, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын баламыз!
Ақпаратты дайындаған
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстан - 2050» стратегиясы Тәрбие сағатының мақсаты: 1. Елбасымыздың жолдауымен таныстыру. 2.Жолдау жарқын жол ашады. Көрнекілігі: үнтаспа, елбасының суреті, сөзжұмбақ. Сабақ әнұран айтумен басталады. Ой қозғау: - Біз қандай мемлекетте тұрамыз? - Қазақстан. - ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек? - ҚР –ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек. - Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме? - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. -14 желтоқсан күні жаңа «Астана опера» опера және балет театрында ҚР Президенті Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналысында халқына үндеуі? -Иә, балалар, Жолдауын арнады. Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек. 1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық) 2. Отағасының антонимі (отанасы) 3. Ата-ана тәрбиелейді? (бала) 4. «...-біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы) 5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын) 6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу) - Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз. Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды. Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен- ана. Ал ана- отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы –ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық –зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады. Білім- барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы- біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз. Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан -2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу . Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 30 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 30 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді. Ән: Елім менің.( тыңдалады), Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы) Қорытынды: - Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады? «Ойын» «Мен президент болсам халыққа Жолдауым...» Оқушыларға өз ойларын айтқызу. Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады) - Осымен сабағымыз аяқталды. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!
Источник: http://www.zharar.com/kz/tarbie/1017-strategiya_2050.html
Ашық сабақ мақсаты: 1. Балалардың отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. 2. Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру. 3. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу. Ашық сабақ әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу. Ашық сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздерме балалар! Күз: сәлеметсіздерме балалар! Бүгін сіздерде ашық тәрбие сағаты болып жатыр екен. Дендерің сау, дастархандарың мол болсын ! Мен өзім ғана келген жоқпын, өзіммен бірге айларымды ерте келдім. Тәрбиеші: Бізге қонаққа күздің қыркүйек, қазан, қараша айлары келіпті.Осы айлар ішінен қазан айына сөз берсек. Менің атым- қазан. Күзгі жиын-терінің соңғы айымын, еңбеккер елді той- думанға кенелтемін. Балалар қазан айында қандай мереке күндер барын білесіңдер? Балалар:- Ұстаздар күні, -Қарттар күні, – Республика күні. Тәрбиеші: Олай болса балалар! 25-қазан Республика күніне арналған «Қазақстан – туған елім,ұлы өлкем» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. Хор:Әнұран. Тәрбиеші: Балалар арайлаған таңды сүйетін кім? -Мен Алтын сәулені сүйетін кім? -Мен Жарын даланы сүйетін кім? -Мен Ата-ананы сүйетін кім? -Мен Досын сүйетін кім? -Мен Болашағы елімнің кім? -Мен Кәне балалар Отан деген не? Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен. Балалар біздің отанымыз қалай аталады? -Біздің отанымыз Қазақстан. Еліміздің бас қаласы қалай аталады? -Біздің бас қаламыз Астана Біздің Президентіміз кім? Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер? Ту, Әнұран, Елтаңба. Балалар біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұрады,кәне соларды атап айтайықшы: орыстар, өзбектер, қырғыздар, татарлар, немістер. Иә балалар дұрыс айтасыңдар әр түрлі көп ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тұрады екенбіз. Балалар кәнекей әр ұлт өкілдері бір шаңырақ астында қалай тұратынын киіз үй құрып көрсетейік. Кәне, кәне тұрайық, Сол қолымды көтердім, Киіз үй біз құрайық. Уықты мен көтердім. Оң қолымды көтердім, Киіз үйді тұрғыздық, Уықты мен көтердім Жұмысты біз тындырдық.. Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, жақсы мақал-мәтелдер айту,елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық. Ерқанат: Арыстандай айбаттым. Жолбарыстай қайраттым, Аспандаған байрақтың Қанша жұлдыз жайнаттың. Қанша бұлбұл сайраттың , Қазақстан ардақтым. Ақбота: Күнді құшқан қос қыран, Аясында қалқыған. Аспан түсті туым бар, Көк теңіздей шалқыған. Жаннұр: Көк туым көтерілді бағым жанып, Елтаңбам әлемге танылды анық. Шырқадым ән ұранды бар дауыспен, Арманым ата заңым қабылданып. Жаңагүл: Өзіңдікі туыңда, От пен ауа, суың да. Жаса Қазақстаным, Белді бекем буында. Саят: Отан от басынан басталады. Отан оттан да ыстық. Хор: Менің Отаным Ердаулет: Жаса жаңа Астанам Өркен жая бастаған Болашақтың есеігін өз қолыңмен аш маған. Дилназ: Бұлт баспасын күнімді Тартылмасын өрісің Биік ұстау туымды Қасиетті борышым. Мейрамбек: Заман жаңа заң жаңа, Күлімдейді кең дала. Өз Астанам өз ордам, Сүйенерім сен ғана. Ақжүніс: Сәуле шашқан алтын түсті күні бар, Екпіндеген қыран құсты үні бар. Ою басқан мөп-мөлдір көк аспандай, Қазағымның желбіреген туы бар. Хор: Қазақстан жалауы. Ұлыстан: Қазақпын, мен қазақтың бөлшегімін, Қажетіне өзгенің өлшемінің. Айбарлы елдің ұлымын, айтаңбалы. Кейіпкері емеспін ертегінің. Самалбек: Отан деген атамекен Отан деген туған жер. Отан ана, Отан үлкен Қазақстан туған ел. Ән: Ана-тілім. Ерқанат. Дәурен: Өзге елде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол. Сұлтанбек: Туған жердей жер болмас Туған елдей ел болмас. Тәрбиеші: Қазақ халқының мұраларының бірі – халық ауыз әдебиеті . Ал халық ауыэ әдебиетіндегі жол- ол даналар мәйегі. Олай болса балалар қазақтың қандай билерін білесіңдер? «Сөз бастаған шешендер» атты көрніс тамашалайық.. Төле би: Бір бала әкесінен өтіп туады, Бір бала әкесіне жетіп туады, Бір бала кері кетіп туады. Қазбек би: Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Әйтеке би: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, Батыр болсаң,жауыңа найзаң тисін. Тәрбиеші: Даналық сөздеріңізге рахмет. Назерке: Мен кішкентай бишімін Таңғы мөлдір тамшымын Гүл еркінен жаралған Әндерім бар бал шырын. Би: Қазақ биі Хор: Елтаңбасы елімнің. Балалар енді «Ғажайып қоржын» ойынын ойнайық. Қоржын ішіне жасырылған сұрақтарға жауап беру. Балаларды мадақтау. -Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді,тәртіпті болуымыз. Енді балалар тәрбиеленіп жатқан бала бақшамыз туралы Тақпақ айтып жіберейік. Бала бақша есігін, Үшке тола ашқанбыз. Балапандай өсіріп Мәпелейді бақшамыз. Балалар бүгінгі ашық тәрбие сағаты ұнады ма? Қорытынды: Байтақ дала жерім менің Арта берсін даңқың сенің Көк байрағың желбіресін Егеменді елім менің – дей отырып, Құрметті қонақтар, балалар осымен Республика күніне арналған «Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.
Источник: http://www.zharar.com/kz/sabak/1304-respublika_25.html
Тәрбие сағат тақырыбы: Тәрбие сағат көрнекілігі: Қанатты сөздер ілу. Ту, Елтаңба, ұлы тұлғалардың суреттерін ілу. Құрметті оқушылар бүгін сіздердің назарларыңызға «Республикам менің» атты ауызша журнал өткізгелі отырмыз. Ауызша журнал деп - аты айтып тұрғандай, төрт беттен тұратын күні бұрын тақырып бойынша берілген тапсырмаларды көпшілікке жария ету. Бүгінгі журнал 25 - қазан Республика күніне арналады. Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Ұлы ағартушы, халқымыздың рухани көсемі А. Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан өссін»деген екен. Біз сіздерге тек перзентіміз емес, еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы деп қараймыз. Мұхаммед Пайғамбарымыз «Жастық шақта алған білім - тасқа ойылған нақыш» деген екен. Ендеше сендер бала кезден бастап терең білім меңгеруге тиіссіңдер. Туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болыңдар дегім келеді. Қазақ поэзиясының хас шебері Қ. Аманжолов «Не деген бақытты едің, келер ұрпақ» деп жырлағандай, сендер тәуелсіз елдің азаматысыңдар, сендерді мемлекеттік мереке Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. ӘНҰРАН Елін, туған жерін сүйетін, елінің өткені мен бүгінін, тарихын тебірене де тереңдей оқып, тарихтың зерделі де шежірелі беттеріне үңілген ұландарымыз өздерінің жүректерінен шыққан ойларын ақ қағаз бетіне түсірген екен. Кезекті осы ұландарға берейік. Журналдың бірінші беті «Елім менің»деп аталады. Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын белгіледі. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білу керек. Мақтансаң мақтан елім деп, Тани біл, елдік таңбаңды. Елтаңба, Туың, Әнұран - Шырқатты биік арманды. Тәуелсіздікке тән белгі - Қасиетті осы рәміздер - Еліме рух, мән берді, Иесі оның – мына біздер. Журналымыздың келесі бетін ашайық. Ол «Еліміздің нышандары» деп аталады. Мемлекеттік ту - алтын күн алаулаған зеңгір көк аспан түстес. Сол зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті. Арман арқалаған алтын бүркіт қазақтың қыран көңілін шырқау биікке алып шыққандай көрініс береді. Мемлекеттік туды даралайтын тағы да бір белгісі - оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті қошқар мүйіз жолақ. Ол - көшпелі әлемнің, дарқан дал рухының тынысы. Ту ортасындағы алтын күн - халқымызға нұр болып шапағатын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан ақиық қыран құс - ерліктің белгісі. Туымызды қастерлеу - халқымызды қастерлеу. Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба. Қазақ өмірінің ұлы белгісі шаңырақтан тараған. Таң шапағындай уықтар арасындағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманының бейнесіндей болып көрінеді. Қос пырақ ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұр. Қанат - асқақ арман нышаны. Ел белгісінде көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. Аспан көк - кеңшілік, тыныштық, биіктік белгісі. Мемлекеттік Әнұран - еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды төл құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат сынды. 1. 1992 жылы маусым айының 4 - інде қабылданған Қазақстан Республикасының нышандары - мемлекеттік туының авторы кім? (Суретші - Шәкен Ниязбеков) 2. «Қазақстан» дейтін Отан - Анамыздың Елтаңбасының авторы кім? (Сәулетші Жандарбек Мәлібеков және әйгілі суретші Шота - Аман Уәлиханов) 3. Әнұран авторын білесің бе? (Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов және қосымша түзетілген нұсқау авторы Президентіміз Н. Ә. Назарбаев) Қазақстан тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев - достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған, ғасыр куәсі болған тұлға. Қазақ топырағы киелі. Сонау зеңгір көкпен таласып, Алатау баурайында Үшқоңыр биіктері мен мұндалап қол бұлғайды. Қаскелең тауынан бастау алып, қар суымен толысып, сай - салаға бөліне еркелей Шамалған өзені ағып жатыр. Осындай табиғаты тамылжыған өлкеде, жер жаннаты Жетісудың төскейінде, Шамалған ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Елбасы дүниеге келген. 1991 жылғы1 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының Президенті болып келеді. Талай тағдыр тауқыметіне ұшырап, қазақ халқы бүгінгідей бақытқа қол жеткізу үшін қаншама қиын бұралаң жолдардан өтті десеңізші?! Қазақ елін, қазақ жерін білектің күшімен, алмас қылыш ұшымен, өткір тілімен, қасиетті қанымен қорғаған ұлы тұлғаларымыз тарихта аз емес. Осы тұлғаларды жас ұрпаққа таныту мақсатында журналдың келесі бетін «Еліміздің ұлы тұлғалары» деп атадық. 1. Ахмет Яссауи - ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы. «Диуани Хикмет» кітабының авторы, дүние жинамай адамдарды азғындық жолынан сақтауда қызмет еткен адам, жаны таза болған. 2. Әз Жәнібек хан - қазақ халқының хандығын құрып, халықтың өз алдына еркін өмір сүруіне ат салысқан, жау қолында қалған қазақ жерін азат еткен. 3. Мұхаммед Хайдар Дулати - тарихшы, «Тарихи рашиди» атты еңбек жазған, қоғам қайраткері. 4. Төле, Қазыбек, Әйтеке - билеріміз, халықтың ұлттық бірлігін нығайтып, халықтығын сақтауға басшылық жасаған данышпан ақын, шешен, ойшыл гуманист көсемдер. 5. Абылай хан - халық мақтанышы, ХVІІІ ғасырдағы бүкіл қазақ елін еркін билеген, елдің тұтастығын қамтамасыз еткен қайраткер, елші, мәмлегер. 6. Құрманғазы Сағырбайұлы - қазақтың күйші, сазгері, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. 7. Шоқан Уәлиханов - терең ойлы, асқан зейінді, ғылымның әр тарапынан білімі бар, саяхатшы, зерттеуші, тарихшы, географ, этнограф, суретші, Шығысты зерттеуші, халқымыздың тұңғыш ғұлама ғалымы. 8. Абай Құнанбаев - ұлы ағартушы, ойшыл, ғұлама. «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс»,- деп Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай, Абай - жаңа реалистік жазбаша әдебиетінің негізін салушы, қазақ халқының бас ақыны. Қазақ елі - көп ұлтты мемлекет. Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар тату тәтті өмір сүріп жатыр. Бүгінде қазақ елі тек өз жерінде өмір сүріп жатқан қазақстандықтардың ғана емес, шет елдегі бірнеше мыңдаған қандастарымыздың да сағынып жетер туған елі, құшақ жайып қарсы алар туған Отан - анасы. Бүгінгі ауызша журналдың соңғы беті: «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады. (Үй тапсырмасы бойынша Қазақстан туралы өлең жолдарын оқу) Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел - жұртын, жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың теңдігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін, осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ елін бүгінде әлем таниды. Елімізде мәңгі тыныштық болсын! Сүйікті Отанымыз Азат Қазақстан мәңгі жайнай берсін, жарқырай берсін! Баршаңызға бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілей отырып, бүгінгі журналымыздың соңғы бетін жабамыз.
Источник: http://www.zharar.com/kz/tarbie/1303-respublika_25.html
Je t'aime...
Je t'aime...
Ты скажешь: "Кому это нужно?
Ведь можно найти любую
Без шансов на мелодрамы..."
А я ещё молодцом, и не видно
Снаружи не острую и не тупую
От этой сердечной раны...
В сердце моё войти можно без разрешения,
Стоя на полпути, не прекращай движения!
Каждое слово ловлю, ни для кого не секрет,
Я тебя больше люблю, ты мне больше нет.
Каждое слово люблю, чтобы услышать ответ,
Я тебя очень люблю. Я тебя тоже нет...
Je t'aime... Я тебя больше люблю!
Je t'aime... Ты меня больше нет!
Я сделаю всё, как надо,
Сломай меня, если хочешь,
Без страха и без сомнения...
Ты будешь дышать свободно,
Я рада, спасибо за этот подарок,
Он лучший на День Рождения!
Сердце насквозь пройти можно без сожаления,
Стоя на полпути, не прекращай движения!
Каждое слово ловлю, ни для кого не секрет,
Я тебя больше люблю, ты меня больше нет.
Каждое слово ловлю, чтобы услышать ответ,
Я тебя очень люблю. Я тебя тоже нет...
Чтобы услышать ответ, каждое слово ловлю...
A je que fois tu repeter
Je t'aime je te moi non plus
Je t'aime... Je t'aime je te moi non plus
Je t'aime... Je t'aime je te moi non plus
Je t'aime... Je t'aime je te moi non plus
Je t'aime... Je t'aime je te moi non plus
Поверсии Sentido.Ru:http://sentido.ru/songs.php?id_song=3741#ixzz2mcW7rF2W
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.