.
.
Тәрбие сағаты: « Қазақстандық батыр қыздардың ерліктері».
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 4189 | Размер: | Автор: ТәрбиеТақырыбы: « Қазақстандық батыр қыздардың ерліктері»
Мақсаты:
Батыр қыздардың ерліктері туралы баяндау,оқушылардың туған жеріне,еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру,батырлардың ерлігін үлгі тұтуға үйрету,отан қорғай білуге,батылдыққа,ерлікке,потриоттыққа тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер;мультимедиялық аппарат, «Жеңіс», «Отан» туралы жазылған нақыл сөздер, т.б.
Сабақ барысы:Ұйымдастыру формасы.
1-жүргізуші
1941 жылғы 22 маусым дүние жүзінде осы күн елдің басына қара бұлт үйіріліп ,елдің тыныщтығы бұзылған күн,яғни соғыс атты зұлыматтың басталған күні.Туған елімен,жерімен қоштасып қан майданға аттанған азаматтар.Міне ,сол соғысқа аттанғандардың арасында "Шығыстың қос шынары" атанған батыр қыздарымыз ӘЛИЯ мен МӘНШҮК те бар еді.
2-жүргізуші.
Әлия,Мәншік қайсар қызы қазақтың,
Ерлігіне таңданамын ғажап тым,-деп ақындарымыз жырлағандай ,біз бүгінгі сабағымызды ер етігімен су кешіп,ат ауыздығымен су ішкен заманда ерлермен қару алып соғысқа аттанған батыр қыздарымыз ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВАНЫҢ,МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ,ХИУАЗ ДОСПАНОВАНЫҢ ерліктеріне арнамақпыз.
Бұл есімдер -біз үшін өнеге,біз үшін мақтанышпен айта алатын тарихта алтын әріптермен жазылған есімдер.Отан үшін отқа түскен батырлардың есімдері біздің жадымыздан мәңгі ұмтылмақ емес.
Дәл осынау жадыраңқы май күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай күні,
Ұлы Отан басын иіп бір сәтке.
Есіне алмақ сол апат қайғыны(1 минут үнсіздік)
Мақсат:
"Өніп тұр бір қызыл гүл таста тірі"
Өніп тұр бір қызыл гүл таста тірі,
Ол-Әлия,
Қазақтың хас батыры,
"Қайран ел,
Қайран ғұмыр "деп арудың ,
Жанары кетті ме екен жасқа тұнып?!
Ойынан сұрапыл күн айықпаған,
Құшағын жатыр дала жайып саған.
Қалқиды көк жүзінде-
Көк тырналар,
Рухы ма
Батыр қыздың қалықтаған?!
Сыр шертсе ару жайлы,
Дала-дастан,
Атыңды жаттап өстік бала жастан,
Өзіңді мен өмірге үлгі тұтам,
Босаңсып кейбір сәтте бара жатсам.
Алішер;
"ӘЛИЯ,МӘНШҮК"
Екі албырт қызы қазақтың.
Қан майданға қатар аттанды.
Жау жағадан мықтап жабысып.
Гүлді дала қанға батқан-ды.
Мерт блды да олар ел үшін.
Ерліктері есте сақталды.
Сүйеді олар бейбіт әндерді,
Отан-ана намыс,әл берді.
Жұлдыздардай тым ерте сөніп,
Болашақты қорғап жан берді,
Көрмеді олар бейбіт ақ таңды,
Ерліктерін ұрпақ жаттайды,
Аманат қып қалдырды бізгі,
Бейбіт күнді мәңгі сақтауды.
Марғұлан:
"Әлияның өмірбаяны"
Әлия Молдағұлова 1925 ж 16 маусымда Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында дүниеге келген.
Әлияның анасы Ақмоншағым деп еркелетіпті.Әлияның азан шақырып қойған есімі-Ылия.Әкесі -Сарқұлов Нұрмұқанбет,шешесі -Молдағұлова Маржан.
1941 жылы ел тынышыты бұзылған ,елімізге қауіп төнген шақта ол ерлер мен бірге майданға аттанды.
Ерлігі үшін КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының 1944 жылы 4 маусымда «Кеңес Одағының батыры әатағы берілді.Батырдың есімі туған ауылына,қалалардың көшелеріне беріліп,облысымызда Әлия атына мұражай ашылды.Батырдың өзі өсе де,біз үшін есімі мәңгі өлген жоқ.
Санат:
«Әлия»
Твердің орманы жас ,жері мәңгі,
Ата қоныс санайды елдің бәрі.
Сол жерге Әлияның қаны сіңді.
Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі,
Шаттансаң қыз тідым деп қазақ шаттан.
Әлия Отанына болған мақтан.
Беженица маңында тұлғасы тұр,
Дегендей ерлікке аттан,еңбекке аттан,
Бұл жермен сонау заман Пушкин өткен.
Желдіртіп қоңыраулы атын жеккен.
Сол жерде жаудан сақтап қаламын деп,
Қазақтың Әлия қызы қанын төккен.
Айгерім:
«Мәншүктің өмірінен»
Мәншүк 1922жылы 2 қазанда Батыс Қазақстан облысы,Орда қалашығында туылған.
Мәншүктің анасы-Әмина Сүлейменқызы,әкесі-Ахмет Мәметов.
Алматы-Мәншүктің сүйікті қаласы болған.Ол № 28 орта орыс мектебінде оқыған.Оның шын есімі –Мәнсия.Ұлы Отан соғысы басталғанда Молотов атындағы медицина институтының 1 курс студенті болып жүрген.Мәншүк соғысқа өзі сұранып аттанады.Мәншүк соғыста жүріпте үйіне көптеген хаттар жазған.
Сол хаттардан үзінді(мағынасын сақтау үшін аудармасыз беріліп отыр)
.....когда вернусь с победой ,будет много кой о чем рассказать.Целую Вас.Привет от моих товарищей-фронтовиков.\22.09.42г\
Сағынышқа толы ағылып тұрған хаттар 1943 жылы 15 қазаннан кейін үзілді-кесілді сап тиылды.
Невель қаласы үшін болған шайқаста жараланған аяғымен пулеметпен жасанған жауды үш сағаттай бөгеп тұрған.
Қазақтың батыр қызы-Мәншүк Мәметова Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін 1944 жылы наурыз айында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Есіңдеме туған қалам,
Сен деп неше жан қиылды.
Тас қорған борп мың сан адам.
Қорғады әр үйіңді.
Жау еңсесін шаншып төмен,
Қуған оны жатыр ізі.
Есіңде ме Мәншүк деген,
Қазақтың жас батыр қызы,-деп Невельдіктер Мәншүкті әрдайым құрметпен есте сақтайды.
Ернар:
«Хиуаз Доспанованың өмірбаяны»
Халық қаһарманы,алғаш рет қазақта шыққан жалғыз ұшқыш қыз.
Авиация тарихында әйелдер авиаполкі 1942 жылдың көктемінде жасақталған. Осы полктің құрамын да қазақ қызы Хиуаз Доспановада болған еді. Ол сол кезде бар болғаны жиырма жаста еді. Жау шебіне 300 рет ұшып барып ,неміс фашистерін зор шығынға ұшыратты. Сол үшін «Қызыл Жұлдыз», I жәнеII дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендермен марапатталған.
Хиуаз Доспанова бала кезінен ұшқыш болуды армандаған,1940 жылы мектепті үздік бітіріп,запастағы ұшқыш деген куәлік те алып шығады. Сөйтіп ,Мәскеуге жол тартып бірінші медициналық институтқа түседі. Сабақты жақсы оқумен қатар ол спорттық гимнастикамен де айналысады,әрі қоғамдық жұмыстарға белсен қатысады. Сөйтіп жүргенде бір жылда өте шығып ,жазғы сессия күндері басталады. Бойында отансүйгіштік қасиеті жоғары Хиуаз өзге құрбылары секілді демаоыста үйіне кетпей ,Мәскеу қорғанысына қатысу жұмыстарына қалады.1941 жылы соғыс басталғанда ,Мәскеудің оқу орындарында жаңа оқу жылы басталады,жан дүниесі белсенді іске жанып тұратын Хиуаз бүкіл ел соғысқа аттанып жатқанда сабақ оқи алмасын біледі. Майданға сұранып ,медбике тым болмаса санитар болып кеткісі келіп жүргенде бір күні атақты Марина Раскованың қыз-келіншектер авиаполкін құрғалы жатқанын естиді.Хиуаз бірінші болып М.Росковаға келеді,басында қара торы қызға сенімсіздікпен қарайды,бірақ соғыс кезінде жаны жанығып, жалындап тұрған қызды полқа қабылдайды. Хиуаз қызмет еткен полк Солтүстік Кавказ ,Кубань,Қырым,Польша,Германия аспанындағы шайқастарға қатысады.
Манас:
«Мәншүк»
Мәншүк атыс толасында,
Жүр орманның арасында,
Мені ал,мені ал еп алуан гүл,
Қолына онығ таласуда.
Тығылып гүл омырауға,
Сұрағандай жанға сауға,
Ант еткендей тұрды Мәншүк
Гүлді жауға таптатпауға.
Сауалнамалар:
• Егер мен Мәншүктің өшпес ерлігі атты журналдың ректоры болсам.........
• Егер маған мектепте Әлия бұрышын жасау тапсырылса (өз жұмыстарын қорғайды)
• Әлия бейнесін көз алдыңа қалай елестетесің?
• Отан үшін отқа түс күймейсің деген мақалды қалай түсінесің?
• Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардан кімдерді білесің?
• Өзің елдің тыныштығын сақтау үшін қандай үлесіңді қосар еді?
• Жеңіс туын тіккен кім?
• Халық қаһарманы атанған тұңғыш ұшқыш қыз кім?
• Шығыстың қос шынарын ата
Пысықтау сұрақары:
• Ұлы отан соғысы нешінші жылы басталды,нешінші жылы аяқталды?
• Әлия Молдағұлова кім болған ,қай өңірдің тумасы?
• Әлияның шын есімі кім болған?
• Мәншүктің туған өлкесі?
• Мәншүктің шын есімі?
• Қай қала үшін соғыста Мәншүк қызымыз қаза тапқан?
• Х .Доспанова жау шебіне неше рет ұшып барған?
Қорытынды:
1-жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары ,жаны жаздай жайраңдаған..
Ерліктің қос қанаты деп білемін,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.
2-жүргізуші:
Міне,оқушылар ,біз бүгін аққан жұлдыздай жарқ етіп жоқ болған ,қамшының сабағындай қысқа ғұмыр кешкен Әлия Молдағұлованың ,Мәншүк Мәметованың,Хиуаз Доспанованың ерліктерімен таныстық. Бүгінгі күні аяулы қыздарымызды ,олардың ерліктерін ұмытпай ән мен жырға қосып ұрпақтан ұрпаққа жеткізу парызымыз. Бұл соғыс адамзат баласы үшін қте зор алапат қырғын майдан болды.Соғыс тек қана қасірет әкелді. Бұл соғыстың керегі жоқ,біз бейбітшілікті сүйеміз!
Мұғалім:
Балалар отандарыңды сүйіп, қастерлей біліңдер, ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.
Ән: «День Победы»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.