.
.
Астана қаласы Қазақтың көрнекті ғалымы-Шоқан Уәлиханов.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3120 | Размер: | Автор: Тәрбие№56 мектеп лицейі
тарих пәні мұғалімі
Сакенова А.Ж.
87013878469
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың көрнекті ғалымы-Шоқан Уәлиханов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қазақтың көрнекті ғалымы Ш.Уәлихановтың өмірі және еңбек жолымен таныстыру, ғылымға қосқан үлесі жайында мағлұмат беру.
Дамытушылық: қазақтың ұлы ғалымдары жайындағы білімдерін одан әрі дамыту, ғылыми қызығушылықтарын ұлғайту,оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдыларына сүйене отырып,олардың тарихи ойлау,есте сақтау қабілетін үнемі жетілдіре түсу, ұлы ғалымдар туралы деректерді өзі бетінше оқып үйренуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: білім, ғылымға қызығушылықтарын арттыру, ұлы ғалымдардың еңбектерін оқу арқылы адамгершілікке, имандылыққа, білімділікке тәрбиелеу, олардың өмірін үлгі ету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдістері: Сұрақ жауап, талдау, топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет,сурет,математика
Сабақтың көрнекілігі: Ш. Уәлиханов туралы слайд, интерактивтік тақта
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру. Сыныпты топқа бөлу,оқушылардың оқу құралдарын тексеріп, назарларын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау. «Тәуелсіздік жолындағы күрес»
1. Отарлау дегенді қалай түсінесіңдер
2. Сырыс Датұлы қандай адам еді?
3. Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс не себепті жеңілді?
4.1836—1838 жылдарда болған Ішкі ордадағы көтеріліс басшыларының бірі, ақын? Исатай Тайманұлы қазіргі қай облыстың жерінде дүниеге келді?
Картамен жұмыс:Көтеріліс аймақтары
Үй тапсырмасын қорытындылау: Сәйкестендіру тесті
Казактар Кенесары Қасымұлы
Сырым Датұлы Исатай Тайманұлы
1838ж.қаза тапты « Бала би»
Соңғы хан Әскери топ
III. Жаңа сабақ. Топпен жұмыс
Алдымен сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, оқушыларға негізгі мақсаты түсіндіріледі.
Кіріспе: 1. Шоқан туралы не білесіңдер?
2. Шоқанның аты ғылым мен мәдениеттің қандай саласымен байланысты деп ойлайсыңдар?
Түсіндіру: Оқулықпен жұмыс
І топ
а)Ш.Уәлихановтың өмір жолы
Шоқанның шын аты — Мұхаммедханафия. Шоқан Абылай ханның шөбересі екенін оқушылардың естеріне саламын. Шоқанның туып-өскен жері Құсмұрын және Сырымбет. Шоқанның жастайынан ғылым мен білімге құмартуына әкесі Шыңғыс сұлтан мен әжесі Айғанымның әсері мол болған.
Шоқан он екі жасында 1847 жылы Омбы қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі. Бұл оқу орын патша өкіметіне қызмет ететін әскери саладағы офицерлерді дайындайтын.
ІІ топ
Ә)Ғылыми қызметі
1853 жылы Шоқан аталған оқу орнын корнет деген офицерлік шенмен бітіріп, әскери қызметке орналасады. Осыдан Шоқанның ғылыммен айналысуына жол ашылады. Ол көптеген ғылыми-зерттеу экспедицияларға қатысады. Қашқарияға жасаған сапары оның атын әлемге әйгілі етеді. Шоқан Ф.М.Достоевский, Г.Н.Потанин сияқты ғылым мен әдебиеттің белгілі өкілдерімен достасады.
ІІІ топ
Б)Қашқарға саяхат1858-1859ж өзін бүкіл әлемге паш еткен Қашқарға саяхатын жасайды: Ол кезде Қашқар еуропалықтарды қабылдамайтын орыс ғалымы екенін білсе Шоқанды да өлтіріп тастар еді : Сондықтан Шоқан қазақша киініп,өзін саудагер Әлімбай деп атап,5айдай Қашқар елінде
тұрады.Нәтижесінде « Алты шаһардың ,яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының шығыстаға алты қаласының жағдайы туралы»атты еңбегі Германияда неміс тілінде, кейін ағылшын тілінде Англияда жарияланады
Кілт сөздерді басшылыққа ала отырып, мәтіннің мазмұнын талдау
Ітоп
Шоқанның арғы ата бабасы
Шоқанның әкесі, әжесі
Тілдерді меңгеруі
Омбыдағы оқу
ІІ топ
Адъютант қызметі
Экспедиция құрамында болуы
Материал жинап, мақала жазды
ІІІ топ
Орыс қоғамының мүшесі
Қашқарға саяхат
ІІ Александр өзі қабылдады
Санкт-Петербургқа жұмысқа қалдырды
Жаңа сабақты бекіту Топтар өзара бір біріне сұрақ қояды.
1. Шоқанның жастық шағы қай өлкеде өтті?
2. Шоқанның ата-бабалары туралы не білесіңдер?
3. Шоқан Омбы қаласында қандай оқу орнында оқыды? Бұл оқу орнында қандай сала бойынша білім алды?
4. Шоқан қатыскан ғылыми-зерттеу экспедицияларды ата.
5. Шоқанды әлемге әйгілі еткен қандай экспедиция?
6. Шоқан ғылымның қандай салаларымен айналыскан?
Осылай түсіндіре келе оқушыларға Шоқанның өмірінен, ғылыми жолдарынан оқулықты пайдалана отырып дәптерге хронологиялық кесте жасау тапсырылады.
1. 1835 жыл - Шоқан дүниеге келді.
2.1847 жыл - Шоқан Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі.
3.1853 жыл - Шоқан Сібір кадет корпусын бітіреді т.б.
Математикалық ойын .2001-10=1991
900х2+35=1835
5000:2-644=1856
1991ж- Тәуелсіздік жылы
1835ж- Шоқанның дүниеге келген жылы
1856ж-Ыстықкөлдің картасын жасауға қатысады
Сөздік жұмыс . адъютант – әскери атақ
Экспедиция – саяхат,зерттеу
ІҮ. Қорытынды:
-Шоқан Уәлиханов ғылымның қандай салаларына өз үлесін қосты?
-Шоқан Уәлиханов қандай оқу орнын бітірді?
Сонымен Шоқан Уәлиханов XIX ғасырдағы қазақтың біртуар ұлдарының бірі, ірі ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері.
Бағалау:
Ү.Үй тапсырмасы. §35
ҮІ.Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.