.
.
Батыс Қазақстан облысы , Қаратөбе ауданы Азаттықтың ақ таңы.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1613 | Размер: | Автор: ТәрбиеҚаратөбе ауылы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Қасымова Гүлназ Рсқалиқызы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Азаттықтың ақ таңы
Сабақтың мақсаты: Желтоқсан оқиғасы туралы мәлімет беру. Желтоқсандық батырлар туралы әңгімелеу. Тәуелсіздік туралы айту.
Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін арттыру. Отанды сүюге, қорғауға адамгершілікке баулу. Елжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, СТО
Көрнекілігі: шарлар, Қайрат, Ләззаттың портреті, компьютер, интерактивті тақта.
Өту барысы:
Әнұран орындалады.
Психологиялық дайындық.
Қазір қыс мезгілі болғандықтан ауа райы біздің көңіл күйімізге әсер етпеу үшін бір-бірімізге жақсы тілектер жылы лебіздерімізді білдірейік.
І. Қызығушылықты ояту
Ребус шешу.
«Желтоқсан»
Ой қозғау.
- Желтоқсан айында қандай мерекелерді тойлаймыз?
- 16-желтоқсан тәуелсіздік күні, жаңа жыл.
- Енді осы тәуелсіздігімізге қалай қол жеткіздік сол туралы әңгімелейміз.
ІІ. Мағынаны тану
Тәуелсіздік –деп өз алдына еркін мелекет болу, яғни ешкімге жалтақтамай өз мүделерімізді өздеріміз шеше алатын тәуелсіз елді айтамыз.
1986 жылы 16- желтоқсанда Қонаевтың орнына көсем етіп Колбинды тағайындайды. Колбин Республикаға мүлдем бейтаныс болатын. Мыңдаған қазақтың қыз бен жігіттері наразылық білдіріп шеруге шықты. Олардың мақсаты елінің тәуелсіздігі еді. Тәуелсіздік керек! Қазақ елінің өз көсемі сайлансын! деген тілек білдірді.Саяси наразылықты үкімет билігіне төнген қатер деп бағалап, оған Алматы гаризонын дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алып өз елінің тәуелсіздігін талап етіп бийбіт шеруге шыққан жастарға бұзақылар, ұлтшылдар, нашақорлар деген кінә тағылды. Тәуелсіздік жолында Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова,
Е.Спатаев, С. Мұхаметжанова сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп, құрбан болды.
Көрініс: Қайраттан тергеушінің сұрақ алуы
Тергеуші: Сен өзің Совицкийді өтіргеніңді мойындайсың ба?
Қайрат: Жоқ
Т: Әкетіңдер! Атыңдар!
Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова туралы слайдтан мәлімет беру.
Қ. Рысқұлбекрвтін роліндегі бала өлең оқиды.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар
Алам, десең алыңдар
Қайрат деген атым бар.
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең атыңдар!
Желтоқсан жұлдыздарының арманы орындалды. 1991 жылы желтоқсаның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Н. Ә.. Назарбаевты Республиканың президенті етіп сайлады.
Мемлекетік рәміздермен таныстыру.( слайдтан)
Астана көрінісі.( слайдтан)
1993 жылы төл теңгеміз айналымға шықты,
1992 маусым айында ел рәміздері қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда ата заңымыз қабылданды.
1998 жылы ел Астанасы Ақмола қаласына көшірілді.
Әдеби мантаж.
Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ер намысын қорғаған, сарбаздарым
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Желтоқсан келіп кек кернеп
Жас айбат шықты алаңға!
«Тәуесіз» сөзі көкке өрлеп
Самғады шалғай ғаламға.
Тәуелсіз ел атандық
Биік даңқың
Бар әлемге әйгілі
Мәлім атың.
20 жыл, тәуелсізбін, дербеспін,
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім.
Бодандығым, ғасырларға жалғасқан.
Қазір міне, артта қалды келмес күн.
Тәуелсіздігімізді білдіретін қандай айғақтар бар? Топтастыру.
Елтаңба
ту
Әнұран
елбасымыз
Тәуелсіз
Қазақстан төл теңгеміз
Тіліміз ата заңымыз Астанамыз
Жалғасын тап. Мақалдың жалғасын табу.
1. Отан оттан да ыстық.
2. Туған жердің күні де ыстық,
Түні де ыстық.
3. Отансыз адам-
Ормансыз бұлбұл.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
«Менің отаным- Қазақстан» тақырыбына эссе жазады.
Сурет салады.
Ойындар ойналады.
«Дұрысын тап» Суретпен жұмыс ( әр оқушыға 1 тапсырмадан беріледі.)
1-тапсырма. Қазақстан Республикасының туын тап
2- тапсырма Тәуелсіздікке неше жыл ( дұрыс санды табады)
3- тапсырма Бас қаламызды тап
4- тапсырма Қазақ ұлтын тап
«Сиқырлы таяқша» музыкалық ойын.
ІІІ. Ой толғаныс
Ой қозғау
«Күнді құтқару» ойыны арқылы сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар
Желтоқсандық батырларды ата.
Ел басымыз кім?
Бас қаламыз-
Биыл тәуелсіздікке неше жыл толады?
Тәуелсіздік күні қашан тойланады?
Біз қай ұлтпыз?
Мемлекетік рәміздерді ата.
Қорытынды: Тәуелсіздік күні қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні. Жер бетінде әр қашан достық пен келісім орнап, еліміздің болашағы жарқын болсын. Аспанды бұлт баспасын, күніміз жарқырап тұрсын! Тәуелсіздіктің 20 жылы құтты болсын!
Ән: «Атамекен»
Тәрбие сағаты аяқталды . Сау болыңдар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.