Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
БАСТАУЫШПЕН ҚОШТАСУ ЕРТЕҢГІЛІГІ -

БАСТАУЫШПЕН ҚОШТАСУ ЕРТЕҢГІЛІГІ

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3009 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп – интернат

БАСТАУЫШПЕН ҚОШТАСУ ЕРТЕҢГІЛІГІ

Өткізген бастауыш сынып мұғалімі
Басбаева Гаухар

Сабақтың мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл,ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.
Кіріспе бөлім:
(Көңілді музыка ойнап тұрады)
Ортаға ертекші шығады:
Ерте, ерте ерте ме екен, әлде мүлде келер күн бе екен, әлемде мектеп деген мықты патшалық болса керек. Оның тұрғындары сондай ақылды, білімді, өнерлі болыпты. Ол патшалыққа жамандық атаулы мүлде жоламаған екен. Ол патшалық үш хандықтан тұрады екен. Ең кіші «Балбұлақ» хандығында кішкене бүлдіршіндер өмір сүріпті. Тәп-тәтті бүлдіршіндер кез келген мейманды тәтті қылықтарымен баурап алады екен. Уақыт өте келе 10 жасқа толған «балбұлақтықтар» « Орталық» хандыққа өтеді. Ол хандықта алған білімдерін жалғап, сапалы білім мен өнерге баулитын Жоғары хандығына өтіп отырыпты. Бүгін міне, 2012 жылдың 4 мамыры да айтулы күн болып қалмақ. Дәл осы күні «Балбұлақ» хан өзінің үлкен ағасына қонаққа келген болатын.
Орталық хан (Жалғас):
Пай, пай, қош келдің бауырым!
Балбұлақ хан (Есдәулет):
Қош көрдім, ағатай! Өзіңді сағынған екенмін. Кел төс қағыстырып амандассам деп едім.
Орталық хан (Жалғас): Әрине, еркем! Кел, кел.
(Екеуі құшақтасып амандасады)
Балбұлақ хан (Есдәулет): Аға, менің хандығымнан тағы бір қарлығаштарым ұшқалы отыр. Ақ батамды тілеп, сенің хандығыңа өткелі отырған бүлдіршіндерімнің жұмысымен келген едім. 2008 жылы тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған кішкене бүлдіршіндер бүгін міне ақыл –ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды ажырыта алатын шәкірт болды.
Орталық хан (Жалғас):
Е, бауырым, уақыт деген сиқыршы ғой! Міне көзді ашып – жұмғанша кешегі кішкене бүлдіршіндер де есейген екен, Сенің хандығыңнан келген барлық балаларға өте разымын. Десек те, сен білесің, менің хандығыма өту оңай емес, мен хандығыма өнерлі, білімді шығармашыл балаларды қабылдаймын.
Балбұлақ хан (Есдәулет):
Аға, жылдағы дәстүрді бұзбағым жоқ! Ендеше сол балалардың өнері мен білімін көрсетер сәтте келген екен. Ал, ендеше көрелік
Көңілді әуен ойналып, ортаға сынып жетекшілер шығады.
Сынып жетекші Гаухар:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым – балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Сынып жетекші Назира:
Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі күн барлығымыз үшін ерекше күн! Бұл күннің ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған балаларыңыз ақыл-ойы толысып, оң мен солын айырып, жаман мен жақсыны ажыраты білуді үйреніп, ең қызық шағы бастауышпен қоштасқалы тұр. Ендеше осы қуанышты да, қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!
Ортаға бүгінгі тойдың иесі 4 сынып оқушыларын шақырайық.
Ортаға Балтаева Нафиса, Нұрлан Ерасыл, Тастемірқызы Меруерт, Хожабаев Жамшид шығады.
Меруерт: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар,
Жамшид: Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерін,
Бар қауым тамсана таңдай қағар
Нафиса: Dear teachers and students! Welcome to our party «Бастауышым –балбұлағым»
Ерасыл: Добрый день, дорогие друзья,-
Гости, родители, учителя!
Мы очень рады видеть вас
В этот день и в этот час.
Көңілді әуен ойналып, ортаға Бөпежан Райымбек, Оразбаева Сұлухан, Талау Мейрамбек шығады.
Райымбек:
Білім алған өзіңнен
Шәкірттердің бірімін
Білімді етіп өсірген
Ұстазыма басты иемін
Сұлухан:
Сұлухан қызбын әдемі,
Көркіне сай әдебі
Есепке де жүйрікпін,
Ұстаз болғым келеді
Мейрамбек:
Тез үйрендік әділ мен адамдықты
Жирендік, ажыраттық жамандықты
Ата-апамның қуанышы Мейрамбекпін
Ел қорғаны, мен ертең болам мықты
Көңілді әуен ырғағымен ортаға Қоңырбай Нұргүл, Бөрше Сұңғат, Маңғытаев Есқуат, Жұмағалиева Арзу шығады.
Есқуат:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі
Есқуат атты сымбатты ұлың ардақтап,
Бар пейілмен басын саған иеді.
Сұңғат:
Гүлге толы жан-жағым,
Асыр салып жүгірдім.
Өсті талап-талғамым
Көп нәрсені ұғындым
Маңғазданып, аз сөйлер
Сұңғат деген ұлыңмын
Нұргүл:
Ақ сүтін емген ананың
Еркелеп өскен баламын
Балғын үнім тербетсін,
Отанымның алаңын
Кітапты жүйрік оқыған
Нұргүл қыз мен боламын
Арзу:
Адал қызбын халқыма,
Адал болам антыма
Әнімен әуелеген Арзумын
Дақ салмайтын елімнің мен даңқына
Көңілді әуен ырғағымен ортаға Бөрше Сымбат, Әсет Айбану, Сәлиева Динара шығады.
Сымбат:
Пысық әрі сымбатты,
Көріп алың Сымбатты
Мінезім бар биязы
Кей кездері тым қатты
Айбану:
Атым менің – Айбану
Жыңғылдыда тұрағым
Сөз кезегі келгенде
Жауапқа дайын тұрамын
Динара:
Әрі биші, әрі әнші,
Динара деген мен болам
Тамылжыта ән салар ем
Қолымда болса домбырам.
Ән: «Достарым» К.Ыбыраев. Балтаева Нафиса
Ерасыл: Жұп жазбастан жүреміз
Біздің сынып мақтаулы
Өйткені біз сүйеміз
Дәйім тәртіп сақтауды
Біздің сынып – мақтаулы
Жамшид:
Оқуда да алдамыз
Біздің сынып осындай
Арзу: Ұлдар, ұлдар тоқтаңдар, құр сөзбен мақтана бергеннен ешкімге ештеңе дәлелдей алмаймыз.
Айбану: Дұрыс айтасың Арзу. Мына отырған ата-аналарымыз бен ұстаздарға өз білімімізді көрсетудің жолын таптым. Достарым, біз қонақтарға әр пән бойынша өз білімдерімізді көрсетіп жіберелік
Барлығы: Дұрыс, дұрыс. Ендеше іске сәт!
Қоңырау соғылады. Слайдтан математика сабағы деген жазу шығады.
Мұғалім /Назира/: Өз білімімізді көрсету үшін екі топ болып тақтадағы тесттерге ауызша жауап береміз.
Тақтадан электронды оқулық арқылы тест тапсырмаларын ауызша орындау.
Топтардың жауаптары тыңдалады.
Мұғалім /Гаухар/: Тамаша. (Қоңырау соғылады. Балалар үзіліске шығады)
Вальс
Қоңырау соғылады (Слайдтан Ана тілі сабағы басталғандығы туралы жазылады)
Назира апай: Құрметті оқушылар ана сүтімен бойымызға дарыған тіліміздің сонау тереңнен келе жатқан мұрамызбен танысуға үлкен мүмкіндік жасаған ана тілі сабағы болғаны анық. Кәне не білдік, нені үйрендік ортаға салайықшы.
Мейрамбек: Апай, рұқсат етіңіз!
Маған 4-ші сыныптағы ана тілінен ең керемет әсер қалдырып, ұнаған шығарма Ф.Оңғарсынованың «Қанат туралы хикаясы»
Мұғалім /Гаухар/: Жақсы Мейрамбек, ендеше сол өлеңді мәнерлеп айтып бере ғой!
Өлең мәнерлеп айтылады
Мұғалім /Назира/: Бұл өлең саған неліктен ұнады?
Мейрамбек: Осы өлеңді оқыған кезде ата-анама деген ризашылық сезімім арта түскендей болды.
Арзу: Апай, ғафу етіңіз! Мен де өзіме ұнаған шығармам туралы айтып бергім келеді. Ол Баубек Бұлқышевтің «Ана» деген шығармасы еді.
«Ана» мәтіні оқылады.
Мұғалім /Гаухар/: Ол саған неліктен ұнады?
Арзу: Бұл менің анама деген сезіміммен ұштасып жатқандай көрінді және менің анама айтқым келетін барлық сөздер осы шығармадан табылды.
Мұғалім /Назира/: Ал, Сымбат саған қандай шығарма ұнады?
«Арыстан мен тышқан» шығармасын жатқа айтып береді.
Мұғалім /Гаухар/: Өте тамаша! Саған неліктен бұл шығарма ұнады?
Сымбат: Бұл мысалды оқыған кезде қандай мықты болсаң да, мақтаншақтықтан аулақ болу керектігін, өзіңнен әлсіздерді мазақ етпеу керектігін түсіндім және достарым осы мысалдан үлгі алса екен деймін.
Мұғалім /Назира/: Өте жақсы, балалар. Әлі де тамыры тереңге кеткен қазақ әдебиетінің жаңалықтарымен танысып, сусындай берулеріңе тілектеспін.
Қоңырау соғылады.
Көрініс
М. Мақатаев
«Аққулар ұйықтағанда» Мұңды музыканың сүйемелдеуімен
Автор (Меруерт): Бала жатыр төсекте албыраған
Әке жатыр еденде қалжыраған
Түн күзетіп ана отыр, қос жанары
Шарасыздан шаршаған, жаудыраған
Түні мынау – тамыздың маужыраған
Тауың мынау – шымылдық салбыраған
Бала жатыр төсекте күйіп жанып,
Баласының ана отыр күйін бағып
Қайдағы қатігез бір сұрқай ойлар
Миын қарып барады, миын қарып
Ана: (Нафиса)
- Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі
Ұмытылып кетті ме санатыңнан

«Жетім көлге барып қайт таң жамылып,
Таң атқанша қалайда тауға ілік
Біреулердің көзіне түсіп қалып,
Дүрліктірме жұртыңды, салма бүлік
Кім білсін, мүмкін, бәрі жалған үміт
Әке (Ерасыл): - Апырай, қалай барам, қалай барам?!
Атармын аққу құсты қалай ғана
Айдынның аққулары ұйықтағанда
Өрген мал, өскен шырша абайлаған
Барлығы қасиетке қарайлаған
Оқ атам қасиетке қалай ғана
Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам
АНА: Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі?
Балам өлсе бақыттың керегі не?
Топан су басып кетсін қалғандарын
Перзент сұрап несіне армандадың
Құрысын онсыз сенің жалған бағың!
Мылтықты әкел, Атты ертте! Жалған бәрі!
Автор: Шошымай шолжаң өскен батырларың,
Ана отырған шыршаға жақындады
Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға,
Білмей қалды мылтықтың атылғанын
«Жетім көлдің» басында жылқы жатқан,
Дөңге шығып қарт тұрған жылқы баққан:
Қарт (Есқуат): Апыр-ай, бұл кім болды, таң сәріде,
Көргенсіз, көл басында мылтық атқан
Автор: Мылтық даусы, құстардың шулағаны
Шыдамын алды қарттың бермеді ерік
Қарт: Ей,
Кімсің?
Тірісің бе
Жаның бар ма?
Аққуды неге атасың, арың бар ма?
Тастағын қаруыңды келгін бері,
Келгін бері, кеудеңде жаның бар да!
Автор: Қартқа қарай ақырын аяңдады
Қарусызға қарт келді аянбады
Көзінен жас көңілінен зар төгіліп,
Болған жәйтті келіні баяндады.
Қарт: - Әй, балам!
Болмады ғой, болмады ғой
Қасиет кетті көлден, сорлады ғой
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!
Мін атқа, қайт ауылға, тағат қыл да
Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?
Аққуға кезенерде, ырым жасап,
Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?
Ана: Әлек боп, арпалысып, сор-қайғымен
Жоқ, ата, жасамадым ондайды мен
Жасымнан естігенім бар – тын еді
Әйтеуір аққу атқан оңбайды деп

Автор: Аунап түсіп атынан, үйіне енді
Есіне алып ерін де, баласын да
өліп жатқан ұлына қарасын да
Қалсын ана «Жетім көл» жағасында
Өлі мен тірінің арасында
Ана: Қасиет!
О, қасірет!
Осындай ма ең?!
Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең!
Қасиет!
Қасиеттер ұшып кетті,
Қасірет!
Қасымдағы досымдай ма ең!
Қасиет... Қасірет..
Қасірет... қасиет
Мұғалім: иә, балалар, қазақ тілінің құдіреті осында. Бір ауыз сөзбен жадыратып, балаша қуантса, бір ауыз сөзбен көңілге мұң ұялатар тіл кереметі осы. Әркез өз ұлтының тілін сүйетін, қадірлейтін және достарын өз соңынан ілестіре білетін азамат болып өсіңдер!
Қоңырау соғылады. Оқушылар үзіліске шығады.
Үнді биі «Шарара» Нафиса
Қоңырау соғылады. Қазақ тілі басталғаны туралы слайдтан көрінеді.
«Ойлы болсаң озып көр»
7 сұрақ
1.Сұлу сөзіне мәндес сөздерді ата (келбетті, көрікті, әдемі ажарлы,)
2.«Көз сүріну» тіркесінің мағынасын түсіндір (каз ала алмау, қатты қызығу)
3.Артық сөзді тап
Сулы, балықты, оқушы, білім, асқазан (Асқазан сөзі себебі ол күрделі сөз, екі сөздің бірігуі арқылы жасалған)
4. Өлеңді аяқта
5. қате жазылған сөзді тап.
Мектеп, ұстаз, қоштасу, жұмышшы (Жұмышшы сөзі, себебі, жұмысшы деп жазылуы керек.
6. 5 етістік ата
7. қоян сөзінде неше дыбыс бар?
Мұғалім /Назира/: Балалар ненің суреті шықты. Темірқазықтың қандай пайдасы бар?
Жетіқарақшы
Мұғалім /Гаухар/: Дұрыс айтасың. Адасқан адам аспандағы Темірқазыққа қарап, солтүстікті анықтаған екен, ендеше қазақ тілінен алған білімдерің сендердің өмірлеріңнің Темірқазығы болсын.
Қоңырау соғылады
Өзін – өзі тану сабағы
Сымбат: Біз төрт жыл бойы бәріміз бірге оқыдық. Бізбен бірге ата-аналарымыз да балалыққа талай сапар шеккен болатын. Олар бізге қиын есептерді шешуді, шығарма жазуды, картадан өзедер мен көлдерді, қалалар мен мемлекеттерді табуға болысты. Бір сөзбен айтқанда ата-аналарға РАХМЕТ. Сол себепті біз ақылдаса келіп, мынадай шешімге келдік.
«Алғыс хат»
Бастауышым – балбұлағым атты кешті ұйымдастыру коммитетінің шешімімен 4 жыл көлемінде сапалы білім алып, саналы оқушы атануыма тер төгіп, аянбай еңбек еткені үшін анамды марапаттаймын.
4 сынып оқушылары «Анашым» әні хормен Балтаева Нафиса.
Би «Қосбасар» Қоңырбай Нұргүл, Тастемірқызы Меруерт
Коңырау соғылды. Ағылшын тілі сабағы басталды.
Қоңырау соғылады.
Мұғалім /Назира/:
- Енді оқушылар 4 жыл көлемінде сабақ беріп, білім нәрімен сусындатқан пән мұғалімдерін құттықтайды.
Нафиса, Сұңғат, Динара, Нұргүл, Мейрамбек, Ерасыл, Сұлухан, Меруерт.
Ән «Ұстазым» Бөпежан Райымбек
Би: «Ча-ча-ча» Нафиса мен Нұргүл
Қоңырау соғылады.
Интермедия
Тақырыбы: Оқушы арманы
Ортаға оқушы шығады. (Райымбек) Ортаға үлкен қорап келеді.
Райымбек: Мынау не қылған қорап.? Жаңа жылда аяз атаға менің тілектерімді орындайтын джин жіберші деп сұраған едім. Сол орындалды ма?
Ашып көрем бе екен?
Ары, бері жүреді. Санамақ ойнап жіберейін: ашайын, ашпайын, ашайын, ашпайын, ашайын
- Әй, қойшы, ашып көрейін!
Музыка ойналады да, қораптың ішінен Джин шыға келеді
Жамшид: Тақсыр, қош көрдік. Сенің үш тілегіңді орындаймын.
Райымбек: Түу, шошыттың ғой. О, сиқыр деген осы екен ғой! Расымен орындайсың ба? Түу, не армандасам екен? Армандарым көп еді! «Әншейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас» демекші, сөзге жүйрік Райымбек едім, маған не болды?
Жамшид: Апырай-ай, болсаңшы! Жаңа жыл кезінде сен сияқты қанша жалқаудың аяз атаға сиқыршы жібер деп хат жазғанын білесің бе? «Түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айрылдық қой!
Райымбек: Жарайды, жарайды. Дәп қазір үйге берілген барлық тапсырмалар орындала қалса екен!
Джин сақалын жұлып алады да, «Сим, салабим, рахатум» үзіп қалғанда барлық тапсырма орындала қалады. (Слайдтан дәптері шыға келеді)
Райымбек: Ойбай, мынауың не? Мынау менің жазуым емес қой!
Жамшид: Сен маған менің жазуым болсын демедің ғой! Қойшы оны кім біліп жатыр!
Райымбек: Қайдағы, сен біздің апайды білмейсің ғой! Ол мұғалім болмағанда, атақты ізкесуші болар ма еді, кім білсін.! Ол кісі ұйықтап жатқанда оятып, мынаны көрсетсең, мынау менің жазуым емес екенін айтады. Қой, мынауың келмейді
Жамшид: О! Балақай, тездет, тездет! Мен саған тек 10 минутымды ғана жұмсауым керек. Үлгермесең, өз обалың, өзіңе! Тез, екінші тілегіңді айта ғой!
Райымбек: Туү, сен де болмадың ғой! Тез, тез деп. Ал онда екінші тілегімді орында! Маған Біздің сыныптағы Нафисаның ән салғаны ұнайды. Өзі де сүп-сүйкімді. Дәп қазір Нафиса осы жерде бола қалсын!
Джин сақалын жұлып алып, «Сим, салабим, рахатум» дегенде сыныпқа Нафиса ұрсып кіреді
Нафиса: А – а, Райымбек осында екенсің ғой! Сен үшін мұғалімнен сөз естігім келмейді, осы жолы үй тапсырмасын орындамадың, мені ұятқа қалдырдың, Тез жылдам черновигіңді ал, есепте. Жылдам, Жылдам. Түу, болсаңшы, мына есептің бәрі қате,, үш алудан шаршамадың ба? Сені емес дәптеріңді аяймын. Тез бесінші есепті орында. Жоқ бірінші диктант жазайық. Бірінші сөйлемді тыңда: «бірінші мамыр халықтар достығы күні. Енді жазамыз. Бі-рін-ші
Райымбек Жамшидке қарап:
Ей, Джин, Мынаны әкет, тез, тез!
Нафиса кетіп қалады.
Райымбек: Уһ! Кетті –ау әйтеуір! Сен қандай Джинсің өзі! Бәрін бүлдіресің ғой!
Жамшид: Сен маған Нафиса алдыңда күліп тұрсын деген жоқсың ғой. Өзің кінәлісің! Тез үшінші тілегіңді айт. Ойланып айтсаңшы, шаршатып жібердің ғой өзің!
Райымбек: Не ойласам екен! Көп ақша сұрасам ба екен? Бірақ апам өз адал еңбегіңмен тапқан нан тәтті деуші еді. Бұным жарамас. Бәрі менен қорықса десем бе екен? Жоқ-жоқ ! Апай «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деді емес пе?
Ойланып тұрады да, кенет қуанып кетеді.
Райымбек: Таптым, таптым! Әй, Джин тыңда. Сыныбымдағы барлық достарым аман есен болып, бірлігіміз мызғымастай берік болсын. Жаңа мектепті мектеп мақтанышы ретінде аттайық! Елімде сәбидің шат күлкісі естіліп, әрдайым тыныштық болсын!
Жамшид сақалын жұлып алып, «Сим, салабим, рахатум» дегенде, сыныптың барлық ұлдары шығып Райымбекпен құшақтасып, амандасады,
Ұлдар «Жаса Қазақстан» биі
Шаттық шеңбері
Мұғалім: Құрметті, оқушылар! 1-қыркүйекте өздеріңмен осындай шаттық шеңберінде тұрып танысқан болатынмын. Енді міне осы шаттық шеңберінда сендерге ақ жол тілеп орта буынға шығарып салып тұрмын. Осы қоштасар сәтте «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп бір-бірімізге жақсы тілек айтайық.
Ант беру рәсімі
Меруерт: Біз 4 сынып ұлдары мен қыздары ұстаздар мен ата-аналарымыздың алдында бұдан былай да мейірімді, тәртіпті, шыншыл болуға, бүгінге дейін алған білімімді одан әрі толықтыруға, өзімізге білім берген ұстаздарымызды ұмытпауға, өз Отанымызды сүюге
АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ (барлығы бірге айтады)
Ән «Қазақстаным менің» хор
Қорытынды.
«Орталық» хан: Бәрекелді, жарайсыңдар! Жарайсыңдар! Мен сендерді өз хандығыма қуана қабылдаймын. Қанаттарың талмай самғай беріңдер жас өрендер!
Күй: Нафиса
Ұстаз тілегі:
Мұғалім /Назира/
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Мұғалім /Гаухар/
Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Құттықтау сөз қатысушыларға беріледі.
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі той тағы да құтты болсын. Балалар әркез биіктен көрініп барлығымызды қуанта берсін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.