.
.
Бастауышым – бал бұлағым Бастауышым – бал бұлағым .
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1667 | Размер: | Автор: ТәрбиеМақсаты : Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің
негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті , ұстаздарды құрметтеп,
еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Өз Отанының адал ұлы мен қызы
болуға тәриелеу.
Көрнекілігі : «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы , слайдтар , гүлдер мен шарлармен
сахнаны безендіру
Мұғалім : Қайырлы күн , қадірлі де құрметті ұстаздар , ата-аналар ! Бұл мерекенің негізгі мақсаты – бастауыш сыныппен қоштасу екендігі барлығымызға аян. Бүгінгі үлкен қуаныш иегерлері 4 – сынып оқушылар.
Жас жүректің өмірінің құштары гүл,
Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен ,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Толқимыз , толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болмаған шығар қаншаңызда
Қол соғып қошеметпен шақырайық
4-сынып оқушыларын ортамызға.
Әсем әуенмен сахна ашылады.
Мұғалім : Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені , биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан , өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына , ата-аналарына да өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, кезекті түлектерге берейік.
Бибарыс : Ассалаумағалейкум , ағайын !
Жадыра : Армысыздар , аяулы ұстаздар , ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер !
Бибарыс : Қош келіпсіздер , құрметті қонақтар !
Жадыра : Ия, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен той.
Бибарыс : Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан , адамгершілікке, адалдыққа баулыған , қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен , әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстаздарымызбен қоштаспақпыз.
Жадыра : Қолға қалам ұстатып,
Білім құйған санаға
Хормен : «Ол алғашқы ұстаз ғой»
Ұлболсын : : Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты !
Нұрперзент :Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Айбек : Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр – алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім !
Жадыра : Дұрыс айтасың Айбек ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші . Менің
атам да , әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.
Олай болса , алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық !
Ән «Мектебім»
Слайд «Мектептегі мерекелер»
Бибарыс : Ия , мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптарымыздың
мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
Серік : Әлі есімде мектепке алғаш келгеніміз (жетектеп келе жатқан суреті, алғашқы қоңырау)
Ұстаздарды ең алғаш көргеніміз
Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақта
Өзің болдың ұстазым сенгеніміз
Жасұлан : Мектебіміз осы ма ? -деп
Жиырма жеті шәкірт келіпті.
Жылы жүзді ұстазын
Алғаш рет көріпті.
Іңкәрді Серік жетектеп
Ұстазына еріпті.
Болашағы нұрлы деп
Ата-аналар сеніпті.
Іңкәр : Оң иығына Алтынбектің отырып,
Оң қолында жез қоңырау соғылып
Жадырадай шәкірт келді мектепке
Тұлым шашы , ақ бантигі желбіреп
Ақмарал : Кітап, қалам қолға алдық
Бір сыныпқа жиналдық.
Ажырамай арамыз
Болашаққа барамыз.
Гүлсара : Мектеп деген білім кені , жыр кені ,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекен.
Еркеұлан: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Атын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен ,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Камила : Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың ,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Қайсар : Мектеп - үйім , ұстазым , менің ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр аламын.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек
Тамырланып , сан тарапқа тараған.
Динара : Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
Ән : « »
Бибарыс : «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан , мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Жадыра ?
Жадыра : Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Бибарыс : Дұрыс айтасың Жадыра, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған ғарышкер де , бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Жадыра : Ия , бұл туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да , данасын да , ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.
Ақтоты : Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Есбол : Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Нұрсая : Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай !
Мейірлене қарап қойып біздерге
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.
Айдарбек : Ұстазым ! Ұстазым өзің едің асқақ әнім
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың , даналықтың
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Ұлболсын : Нұр құйған санасына зейіндінің
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе ,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.
Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден !
Жадыра : Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін
Сіздерге арнап айтатын тілегін де – дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз !
Сөз кезегі ұстаздарда.
Жадыра : Олай болса шәкірттерінің ұстаздарына арналған «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
Ән : Ұстазым .
Бибарыс : Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы .
Игісәт : Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін
Ақылды балаларың оны білген.
Ән : «Әкелер» Қияш Бибарыс
«Әкем-әнім» Хұдайберген Мағжан
Жадыра : Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Аоайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін !
Бибарыс : Ия , дұрыс айтасың Жадыра. Біз болашақта саналы да , ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе ?
Парасат : Дүниеге әкелген ол да сенің анашың ,
Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың ,
Мәпелеген баласын аман болсын анашым !
Жадыра : Осындай ана туралы жыр жолдарынан кейін ата-аналарымызға сөз кезегін береміз.
Сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Бибарыс : Ата-аналарға арнап Мизамбекқызы Гүлсараның «Асыл ана» әнін қабыл алыңыздар.
Ән «Асыл ана» Мизамбекқызы Гүлсара
Жадыра : Осыдан 4 жыл бұрын біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп
табалдырығын жасқана аттаған едік.
Бибарыс : Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Жадыра : Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !
Еркеұлан : Кітап қалам қолға алдық
Бір сыныпқа жиналдық.
Ажырамай арамыз
Болашаққа барамыз.
Нұрперзент : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз ,
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Ақмарал : Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
Мектептің ережесін үйрендік біз.
Дархан : Бастауышым – бал бұлағым ,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын
Мейрамбек : Бастауышым – балбұлағым ,
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен ,
Самғап ұшар тау қыраның.
Хормен Ән «Бақытты балалық шақ»
Іңкәр : Біздер бастауышта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет, тарих, биолгия, алгебра, физика , химия , т.б. пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып үйрендік.
Қияш Бибарыс : Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз ,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілмен қоштасамыз ,
Әдебиетпен достасамыз.
Алмаз : Ойланып есеп шығартып,
Төрт амалды білдірген.
Ғылымдардың патшасы ,
Математика данасы.
Гүлсара : Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын ,
Етістіктің шақтарын ,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадық
5 – сыныпқа барған соң,
Тіл мамандары бағалар.
Рамазан : Ой жіберсең бәріне,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер ,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
Дүниетану сабағы.
Жадыра : Кане балалар, сендердің негізгі пәндерді қалай меңгергендеріңді байқап қарайықшы. Мен әр түрлі тапсырмалар беремін. Кане кімнің ойы жүйрік, ұшқыр екенін сынап көрейік.
1. Уақыттың маңызы неде екендігін білеміз бе ?
Жауап : Рамазан.
Бір жылдың қадірін , сынақтан өтпеген оқушыдан сұра.
Бір аптаның қадірін апталық газеттің редакторынан сұра.
Бір сағаттың қадірін , кездесуге асыққан ғашықтан сұра.
Бір минуттың қадірін сабақтан кешіккен оқушыдан сұра.
Бір секундтың қадірін апаттан аман қалған кісіден сұра.
2. Туған жер туралы 1 шумақ өлең шығар.
Гүлсара: Туған жерде өстім мен ,
Бір гүлі болып құлпырып
Туған елім - күн көзі
Жайнай берем ұмтылып.
3. Анаға арнап 1 шумақ өлең кім шығара алады?
Динара : Ана- деген ең асыл,
Мейірімі күнмен тең.
Анама айтам мың алғыс,
Мені әлдилеп тербеткен.
4. 1 шумақ өтірік өлең ұйқастыру.
Нұрсая: Қыстыгүні бақшадан
Алма теріп әкелдім.
Алма сатып, көкеме
Шетелдік көлік әпердім.
Жадыра : Жарайсыңдар балалар , талаптарың таси берсін ! Шығармашылық қабілеттерің өте жақсы деңгейде екен.
Бибарыс : Олай болса сөз соңында бізбен бірге төрт жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа бірдей тоңып, әрдайым қасымыздан табылған ұстаздарымызға деген шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен. Бірақ оқушылық күндерімізбен бірге олардың есімдері жүрегімізде алтын әріппен сақталады.
Мағжан : Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма ?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма ?
Бастауышта алған білім, жырларым ,
Азық болар мәңгі талай жылдарға.
Серік : Өтті сенде қызық шағым ,
Бастауышым – бал бұлағым .
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Ән «Қош бастауыш»
Хормен : Білім берген біздерге,
Рахмет, ұстаз сіздерге !
Құттықтау сөз.
Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ергешова Фарида Қалдыбайқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.