Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
БІЛГЕНГЕ- МАРЖАН . -

БІЛГЕНГЕ- МАРЖАН .

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3097 | Размер: | Автор: Тәрбие
. СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС: ТАНЫМДЫҚ САҒАТ
БІЛГЕНГЕ- МАРЖАН
Тлеубай Бақыт Мұқымжанқызы
С.Бекбосынов атындағы орта мектептің математика және физика
пән мұғалімі
Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырып шарықташы,
Қалмасын бұл сайыста сенің есең.

(Топ мүшелерін шақырып, қазылар алқасын тағайындау.)

І кезең“Тіліңмен жүгірме,
Біліміңмен жүгір”
(Қызықты сұрақтарға жауап)
Әртоп мүшелеріне жеті сұрақ қойылады. Әр дұрыс сұраққа 2 ұпай беріледі.
I топқа
1)Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? (Құс жолы)
2)Елеуішпен су әкелуге бол ма?(Болады, қар немесе мұз)
3)Егер стақандағы судың бәрін ішіп қойса, ішінде не қалады?(Ауа, су буы)
4)Неліктен су отты сөндіреді?(Су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды.)
5)Ыстық суда қандай стақан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма, әлде жұқасы ма? (Қалыңы, ішкі қабаты бірдей уақытта жылымайды.)
6)Дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды. (Сабақ)
7)И. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не ? (Алма)

II топқа
1)Кім барлық тілде сөйлейді? (Жаңғырық)
2)Ашық ыдыстағы су неге азаяды ?(Буланады)
3)Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (Су толы ыдысқа)
4)Көзіңмен көресің, бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? (Көлеңке)
5)Теңізде қандай тастар табылмайды? (Құрғақ)
6)Жерден көтеру оңай, бірақ лақтыру қиын. Ол не? (Мамық)
7)А.Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші. (Тауық)

ІІ кезең.“Ақылдассаң шешерсің,
Ақылдаспасаң кем көсерсің!”
(Физика,биология,химия,әдебиет)
Таңдалып алынған сөздеріне сәйкес физикадан заңдылықтар мен формуласын,биологиялық ,химиялық қасиеттерінжәне әдебиеттен мақал мәтел немесе тұрақты сөз тіркестерін айтады.
Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.
“Жер”
“Теңіз”
“Ауа”
ІІІ кезең. Сен білесің бе? Ол не ? Бұл не?
“Тәуелсіздік пен жасампаздықтың 20 жылы”
Тәуелсіздікке байланысты ескерткіш белгілерге қатысты сұрақтарға жауап.(Қашан, қайда?)
Әр дұрыс жауапқа 3ұпай беріледі.
ІVкезең.“Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп»
( Жұмбақты шешіп, жауабын физика тілінде түсіндір)
Әр дұрыс жауапқа 10ұпай
I топқа
1)Алтын теңге кетеді,
Күміс теңге келеді.
Күн, ай (Табиғи жарық)
2)Қармен біз жүргенде
Сықырлайды ол неге?
Сынады (Қатты дене)
3)Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды.
Масса (Физикалық шама)
4)Тұмсығымен қозғалар
Соңынан аппақ із қалар.
Бор ( Жұғу)
II топқа
1)Алаңқайда тайдың ізі,
Маңайында құстың ізі.
Ай, жұлдыз (Табиғи жарық)
2)Көк лағым көген сүйреді.
Ұршық (Шеңбер бойымен қозғалыс)
3)Отқа жанбас, суға батпас.
Мұз (Заттың қатты күйі)
4)Табаныма байладым,
Қос аяқпен айдадым.
Шаңғы (Сырғанау, үйкеліс, қысым)
V кезең. Ойлан, тап!
Қазақ әліпбиінің реттік саны бойынша астраномиялық жұмбақ құрастырыңдар
(Құруға - 20 ұпай, шешуіне - 10 ұпай)

Сайыскерлер жұмбақ құрап жатқанда, көрермендермен жұмыс жасалады.
1).Кемпірқосақтың түсі не деп аталады? (Спектр)
2).Теңіз не себептен көк болып көрінеді ? (Көк аспанды шағылдырады)
3).Әлемдегі ең дауысты жануар не? (Көк кит)

Қазақтың халық жұмбағы
Алты аркар,жеті каз, төрт бөдене
Кейде толы ,кейде орта бір тегене.
Тұнық пен лайдың арасынан
Бір аққу шыға келді құсқа төре
Жұмбақтың шешуі:
Үркер,Жетіқарақшы,Босаға жұлдыдары,
Айдың орта және толық кезі,
күндіз бен түн, жаңа шыққан Күн
(Әділ қазылар алқасы қорытынды жасап, жеңімпаз топ марапатталды.
Белсенді топ мүшелері аталып, сый -сиапат тапсырылды.)

Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына,
Дарындылық пен тапқырлық,
Жеткізеді сіздерді,
Табиғаттың сырына

ШҚО, Абай ауданы, Арқат ауылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.