Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Білім  додасы» сайысы. -

«Білім додасы» сайысы.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2285 | Размер: | Автор: Тәрбие
. КММ «№92 гимназияның» биология пәнінің мұғалімі
Илимбаева Гулайман Батталовна
Қарағанды қаласы
Биология пәнінен 8 -сыныпта өткен «Білім додасы» сайысы.
Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі 8- сыныптар арасындағы «Білім додасына»қош келдіңіздер!
«Білім додасы »сайысының беташарын «Қазақтың қара баласы» толғауы.
«Білім додасына»қатысатын сыныптарды қошеметпен,құрметпен ортаға шақырамыз.
І топ «Жігер » ІІ-топ « Қыран»
Ақ көңілмен,ниетпен
Әділ баға берсін деп.
Шаршамай еш жалықпай
Айтқанына көндік деп
Әділқазы алқасын
Сайлап алсақ жөн, болар.
«Білім додасының» кезеңдерімен таныстырып өтейін.
Бүгінгі сайыс 6 кезеңнен тұрады.
І кезең «Танысу»
ІІ кезең «Ойлы болсаң,озып көр»
ІІІ кезең «Мықты болсаң,тауып көр»
ІV кезең «Жүйрік болсаң,шауып көр»
V кезең «Зерек болсаң,шешіп көр»
VІ кезең «Биолог »сараман
Құрметті «Білім додасына» қатысушы үміткерлері,қазір өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер (өлең жолдарымен,музыкалық аспапты сүйемелдеп те таныстыруға болады).
Ендеше,алдарыңызға жереби тастау арқылы қай топтың 1-ші бастайтындығын біліп алайық.Іске сәт!
І кезең
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім менөнер жарысып
Тәрбие,тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға,сол алда
Білім мен ісі сәйкес-ті
Бірінші келіп топ жарар деп қатысушыларға сөз кезегін береміз.
Әділдігін қақ жарып айтушы әділқазыға береміз.
ІІ-кезең «Ойлы болсаң,озып көр»кезеңінде әрбір топқа 10 мәтін оқылады.Сайыскерлер оқылған мәтінге «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.
І топқа
1.Сыртқы немесе өкпедегі газ алмасу-бұл газ алмасу сыртқы ортамен өкпенің арасында өтеді.(иә).
2.Веналар қанды сол жақ жүрекшеге әкеліп құяды. (жоқ).
3.Систола деп жүректің жиырылуы. (иә).
4.Тромбоциттер ұсақ ядролы жасушалар.(жоқ).
5.Буынның шығуы –оқыс қимылдағанда буын сүйектерінің орнынан таюы.(иә).
6.Аяқ сүйектеріне:тоқпан жілік,білек(кәрі жілік,шынтақ сүйек)(жоқ).
7.Қысқа сүйектер жілік деп аталады.(Оларды түтікті деп те атайды).(жоқ).
8. Қан-дәнекер ұлпа ұлпа (иә)
9.Эротрициттер ядросы бар ,құрамында қызыл түсті беретін гемоглобин нәруызы жоқ(жоқ)
10.Лимфа түйіндері қолтық, шап мойын,құрсақ,шынтақ пен тізе бүгілісі ,астыңғы жақта көптеп орналасады.(иә) ІІ топқа
1. Кеңірдек түтікшелі мүше.(иә)
2. Қаңқа сүйектерді бір-бір мен жалғайды.(жоқ)
3. Бет сүйектер жұп: үстіңгі және астынғы жақ сүйектерден танау ,таңдай көз ұясы кеңсірік ,тіл асты сүйектерінен тұрады. (иә)
4. Жұмыс барысында уақытша жұмыс істеу дәрежесінің кемуі демалу деп аталады (жоқ)
5. Бұзылған лейкоциттер ірің болып жарадан бөлініп шығады. (иә)
6.Қаназдық (анемия) қандағы эритроциттер санының артуынан ,ондағы гемоглобин мөлшерінің көбеюінен В12 дәруменінің көп болуынан болады .(жоқ).
7.Лимфа капилярларынан өтіп кеткен ұлпа сұйықтығы лимфа деп аталады. (иә)
8.Сүйектену үрдісі адамның 18 жастарында тоқтайды. (жоқ)
9. Есту анализаторы 5 бөліктен тұрады. (жоқ)
10.Көздің ішкі бөлігін сұйық мөлдір зат-шыны тәрізді дене толтырып отырады. (иә)

Ән «Асыл досым»
ІІІ кезең «Мықты болсаң тауып көр» кезеңінде сандар беріледі . Әрбір топ сандарды таңдап өздеріне ұпай қояды. Берілген сұраққа дұрыс жауап берсе ,қойылған ұпайды алады,ал дұрыс жауап берілмесе ,сол ұпай жинаған топтан шегеріледі. Сонымен қатар топтар жауап бермесе де болады,онда толығымен сақталады.
Алғашқы болып ___________________ таңдайды.
10,20,30,40,50,60,
1. Сұрақ 10
Жұқпалы аурулардан химиялық заттардың әсерінен,оттектің жетіспеушілігінен тез зақымдалатын өте нәзік жасушалар (нейрондар) (20)
Сұрақ 20
2.Лейкоциттер нешеге бөлінеді (2-ге) және лимфоциттер мен моноциттер қай түріне жатады? (түйіршіксіз) (30)
Сұрақ 30
3.Қандай бездер аралас бездерге жатады?(ұйқы,жыныс)Неліктен?(40)
Сұрақ 40
4.Қол сүйектерін көрсетіп тұрып атап бер.( тоқпан жілік,кәрі жілік,қолбасы сүйектер,білек,саусақ, алақан) (50)
Сұрақ 50
5.Бұлшық еттің қажуын және істеу дәрежесіне жиырылу ырғағы мен түсетін күш әсерін кім зерттеді? (И.М Сеченов) (60)
Сұрақ 60
6. Үлкен қанайналым шеңберін сызбанұсқа арқылы дәлелде. (Сол қарынша –қолқа-артериялар-мүшенің капилярлары-оң жүрекше)
Ән,күй........
ІV кезең
«Жүйрік болсаң тауып көр» кезеңінде әрбір топ берілген әріптердің ішінен әріп таңдайды. Алғашқы болып ұпайы аз топ таңдайды . Қойылған сұраққа сол әріптен басталатын жауап қайтару керек.Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі. Ендеше ұпай аз топ әріпті таңдайды.
«Б»
1. Үрмебұршақ пішінді мүше (бүйрек)
2. Лейкоциттер қайда жиылып отырады. (Бауыр,қанбауыр)
3. адамның дене салмағының 40℅ құрайды (Бұлшықет)
4. 1 ұшымен бас сүйекке 1 шетімен жауырынға жалғасады (бұғана)
5. Сүйектерді бір-бірімен жалғайды (Буындар)
6. Қорғаныс және денені қорғанысқа келтіретін белсенді бөлігі (Бұлшық ет)

«С»
1. Сүйектерді бұлшық еттерге жалғайды (Сіңірлер)
2. Тірі ұлпа денелер ұлпаның бір түрі (сүйек)
3. Сүйектерді жалғастырып тұрған буындағы байланыстың зақымдалуы (Сіңірдің солзылуы)
4. Қатты құлағанда созылған кезде жілік сүйегінің зақымдануы (Сүйектің сынуы)
5. Жүректің жйырылуы (систола)
6. Өсімдіктің жер асты және жер үсті мүшелерімен бір-бірімен жалғастырып тұратын орталық тірек .

«Г»
1.Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын (жиынтығын) гүлшоғыр
2. Көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар,бұтақтанбайтын,түрі өзгерген,қысқарған өркен.(гүл).
3.Ішекқуыстылар типінің 1-түрі (гидратәріздестер).
4.Құрттарды зерттейтін ғылым саласы.(гельминтология).
5.Органодтардың бірі.(гольджи аппараты).
6.Алғаш рет ғылымға «жасуша» деген термин енгізген.(Р.Гук).
Би «Көңіл ашар»
V кезең «Зерек болсаң,шешіп көр»кезеңін бастаймыз.
Мұнда 9 ұяшық беріледі.Әрбір ұяшықта есептер жасырылған .Ұпайы көп топ ұяшықты таңдайды .Егер топ есептің жауабын дұрыс таппаса ,келесі топ есептің жауабын айтуға мүмкіншілігі бар.Дұрыс жауап үшін 20 ұпай беріледі.Есепті шығаруға 1мин уақыт беріледі.

І топқа
1-есеп:
Орта жастағы үйеңкі ағашының тамырлар жиынының салмағы 5 кило делік. Ал ағаш тамырының 1 кило салмағының тыныс алуына 1 кило оттегі жұмсалатын болса ,үйеңкінің тамыры бір айда ,1 жылда қанша оттегіні қажет етер еді?
Топырақтың ауа өткізгіштік қасиетін қалай жақсартуға болады?
Шешуі:
1а.Ағаш тамырының 1тәулікте қанша оттегін жұмсайтынын табамыз:
1*5=5г
б. 1 Айда 1 жылда қанша оттегіні қажет ететінін шешеміз:
1) 5*30=150г 2) 5*365=1825г
Жауабы 150г,1825г.
2-есеп
Қан 23секундта денені 1 рет айналып өтеді.1 сағатта қанша рет айналады?
60сек :23сек=3рет 1 минутта . 60сек *3рет=180рет айналып шығады екен.
3-есеп
Жоңышқаның 1 гүлшоғырында 8 кило шірне болады.
а)Балара 500г шірне жинау үшін неше гүлшоғырына қонуы тиіс?
б)Балараның жемсаушасына 0,02 г гүл шірне сиятыны мәлім болса ,ол 500гр шірне жинау үшін гүлге неше рет ұшып келуі тиіс?
Шешуі:
А)Балара неше гүлшоғырға қонуы тиіс?
500:0,008=62500(гүлшоғыры)
Б) 500:0,02=25000рет.
Жауабы . 62500гүлшоғырына 2500 рет қонуы керек.
4-есеп
Адам бір рет тыныс алғанда 500мл ауа жұтады.Әр жұтқан сайын 5% оттегіні қабылдайды . Сонда қанша мл оттегі жұтады?
Жауабы:25мл оттегі жұтады.

ІІ топқа
1-есеп
Бір тәулікте адам тыныс алуға 430г оттегіні жұмсайды .1га орман 1 сағатта 200 адамға жетерліктей оттегін бөледі.Яғни 1 гектарлық орман 1 сағатта қанша салмақты оттегіні ауаға бөледі?
Шешуі:
А) 1 сағатта адам тыныс алуға неше грамм оттегіні қажет едеді?
430:24=17,9г
Б) 1га орман 1 сағатта қанша оттегіні бөледі?
17,9*200=3580г немесе 3658кг.
2-есеп
10 колорад қоңызы 1 айда (30күн) картоптың 200см2 ауданына тең жапырағын жеп қояды .1 дернәсілі 50см2 ауданына тең жапырақты құртады.1000колорад қоңызы 1 айда картоп жапырағының қандай ауданын құртады ?Осынша аудандағы жапырақтарды неше дернәсіл жеп құртар еді?
Шешуі:
а) Мың колорад қоңызы 30күнде неше жапырақ ауданын құртатынын есептейміз.
200*1000 =200000см2
Б) Бұл ауданды неше дернәсіл құртар еді?
200000:50 =40000
Жауабы: 200000см2,40000 дернәсілі.
3-есеп
Ересек адамның қантамыры минутына 70 рет соғады .Ал бір тәулікте қанша рет соғады?
Шешуі:
А)70*60=4200рет
Б)4200*24=100800рет.
Жауабы: минутына 4200 рет, тәулігіне 100800 рет.
4-есеп
Бір түп қайың бір тәулікте 60кило су буландырады. Мектеп ауласындағы 15 түп қайың 1 тәулікте қанша су буландырады?Шелектің сиымдылығы 10 кило болса ,15 түп қайың 1 тәулікте неше шелек су буландырады?
Шешуі:
А) 15түп қайың 1 тәулікте неше кило су буландырады ?
60*15=900кг
Б) Судың бұл мөлшері неше шелек болады?
900:10=90 шелек .
Жауабы: 15 түп қайың 90шелек су буландырады.

Ортақ есеп:
Адам бір рет тыныс алса ,500мл ауа жұтады . Минутына16-18 рет тыныс алса ,1 минутта қанша ауа жұтады?
Шешуі:
а)18*500мл=9000мл-1 минутта

Ән «Анама хат»
VІ кезең «Биолог» сараман.
І топқа
1.Капилярлық қан кетуде жарақатта қан тамшыларының бөлінуі байқалды.
Мұндай қан кетуді қалай тоқтатасың? (жұмысты жасап көрсет)
Жауабы: Жарақатты йодтың спирттегі ерітіндісімен (5%-дық) өңдеп,таза дәке таңғышын салу керек.
2.Адам өміріне артериялық қан кету едәуір қауіпті болып саналады. Бұл кезде қан көп кетеді.Мұндай қан кетуде қандай көмек көрсету қажет?(Жұмысты жасап көрсет)
Жауабы:Мұндай қан кетуде зақымданған жерден сәл жоғары жерден тамырды сүйекке саусақпен басып тұрып,жүйкеге зиян келтірмеу үшін жұмсақ мата салып ,жгутпен қысу керек.
3.Бұғана немесе жауырын зақымданған жағдайда көрсетілетін көмек.
Жауабы:Жарақаттанған қолды орамалмен мойынға таңып,қолтыққа мақта немесе кез келген матаны қояды.
4.Қабырға сынған кезде не істеу қажет?
Жауабы.:Зардап шеккен адамды орындыққа отырғызып,терең дем шығартады да,кеуде қуысын қысып дәкемен орап тастайды.

ІІ топқа
1.Ірі веналар зақымданған кезде жасалатын алғашқы көмек.
Жауабы: Жарақат маңын йод ерітіндісімен сүртіп ,қысатын таңғыш салу керек.Аяқ-қол жарақаттанған жағдайда оларды көтеру керек ,егер де қан тоқтамай жатса, дереу дәрігерге апару керек.
2.Оқыс қимылдаған кезде ,буында сүйектердің ығысуы шекті шамадан асып кеткенде ,байламдар зақымданады немесе созылады. Бұл жағдайда қандай көмек көрсету қажет?
Жауабы: Зақымданған жерге мұз,қар немесе салқын шүберек басу керек.20минуттан кейін қысып буатын таңғыш салып.,зардап шеккен адамды медициналық мекемеге жеткізу керек.
3.Буынның шығуы кезіндегі көрсетілетін көмек?
Жауабы: Зақымданған жерге суық затты басып ,зардап шеккен адамды қозғалтпай, медициналық мекемеге жеткізу қажет,
4.Сүйектің ашық сынуы кезінде көрсетілетін көмек.
Жауабы: Мұндай жағдайда алдымен қан кетуді қысатын таңғыш затымен тоқтатып,жараны стирильді салфеткамен таңады. Содан кейін зақымдалған жерге шеңдеуіш (шина) салып,немесе кез келген қолданбалы материялды (тегіс немесе мата оралған тақтай,қатты қатырма қағаз)пайдаланып,немесе зақымданған аяқты сау аяққа қосып таңу қажет.

Әділқазылар сайыстың қорытындысын шығарғанша кезекті ән мен күйге берейік.
«Түрік күйі».
Әділқазыларға сөз кезегін беру,қорытынды жасау.
«Ұстаз бақыты шәкіртінің шырағының жағу»дейді.Сондықтан,сендердің әрқайсысыңның осы өмірде алау болып жанғандарыңды тілер едім.Баршаңызға осы «Білім додасын»өткізуге көмектескендеріңізге алғыс айта отырып,шырақтарыңыз сөнбесін дейміз! Ән «Атамекен»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.