Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бірлік болмай, тірлік болмас. -

Бірлік болмай, тірлік болмас.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 4151 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Бірлік болмай, тірлік болмас
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылық пен инабаттылыққа,
ұқыптылыққа, достыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа,
саналылыққа баулу;
2) Отанды сүюге, елімізде тұратын барлық ұлттарды сыйлай білуге,
олардың салт – дәстүрлерімен таныса отырып, достық пен
татулықтың туын берік ұстауға тәрбиелеу;
3) Мәдени- саяси сауатын кеңейтіп, сөйлеу шеберлігін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар
Сабақтың барысы: I. Кіріспе сөз
II. Әдеби монтаж
III. Мақал-мәтелдер
IV. Қорытындылау
Сәлеметсіздер ме,құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің «Бірлік болмай,тірлік болмас» атты ашық тәрбие сағатымды ашық деп жариялаймын.
Сабақтың жүрісі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2005жылғы Қазақстан халқынамжолдауында былай дейді: «Біз ұлтына және діни наным сенімдеріне қарамастан,әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр,мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін еркін әрі еріктім қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз». Осы жолдауды басшылыққа ала отырып,елімізде тұратын 130-дан астам мәдени ұлт өкілдері мен 250-ден астам мәдени орталықтары мемлекетіміздің өсіп өркендеуіне бір кісідей үлес қосуда.
Қ.Р-ның 1995жылы қабылданған концтитуциясында «Қ.Р-ның азаматтарына нәсіліне, ұлтына, тіліне қарамастан құқықты теңдікке кепілдік беріледі» делінген.Сонау XVIII ғ. II-ші жартысынан бастап-ақ тағдырлас елдер өкілдері жер айдалып кең байтақ еліміздің түпкір-түпкіріне орналастырылды..Революцияға дейін Ресейден,Украинадан,Белорусиядан,Қиыр Шығыстан,Корей отбасылары келеді. Еркіндік жағдайында ғана қазақстандық патриотизмнің қалыптасатынын көрсетті. Енді осы сөзімнің дәлелі ретінде данышпан,әділетті Төле би бабамыздың сөзін тыңдайық.
Видеоролик жүргізіледі.
-деп жүйелі,киелі сөзбен халықтар бірлігін сақтаудың мәнін өте жоғары бағалады.Ал,оны осы күнмен салыстырар болсақ,арада бірнеше жыл салып ата-бабамыздың ұстанған саясатын қазіргі Елбасымыз ары қарай жалғастырып,күні кеше 28-29 сәуір күндері елордада Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясы «Қазақстандық жол: тұрақтылық,бірлік,жаңарту» тақырыбында өткенін ерекше атап айтқым келіп тұр.
«Жаңғырту» -келер күнге,кемел келешекке жетелейтін жарқын жолымыз-деп аяқтаймыз.Тыңдағандарыңызға рахмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.