.
.
«Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин орта мектебі» ММ Әбіш Кекілбаев. «Күй» повесіндегі мәңгүрттік аңызы
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2884 | Размер: | Автор: ТәрбиеАшық тәрбие сағаты
Тақырыбы:Әбіш Кекілбаев. «Күй» повесіндегі
мәңгүрттік аңызы
(9 - сынып)
Дайындаған:Баекенова Райла
Хабдуалиқызы
2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Әбіш Кекілбаев. «Күй» повесіндегі мәңгүрттік аңызы
Сабақтың мақсаты:
Жазушының өмірі мен өнер жолына қысқаша тоқтала отырып, «Күй» повесіндегі мәңгүрттік аңызымен таныстыру.«Мәңгүрт» сөзінің мағынасын ашу.Жас ұрпақты рухани мәңгүрттіктен аулақ болуға шақыру.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтау, салыстыру
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: слайдтар, Ә.Кекілбаев кітаптары, плакаттар
Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Балалар, «Өз елі өз ұлдарын ескермесе, Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді » - деп үш бәйтеректің бірі - І.Жансүгіровайтқандай, бүгінгі тәрбие сағатында біздер өз еліміздің, яғни Маңғыстау өңірінің кемеңгер жазушысы Ә.Кекілбаев туындыларының тәрбиелік мәні, соның ішінде Ә.Кекілбаевтің «Күй»повесіндегі мәңгүрттік аңызы туралы әңгіме етпекпіз.
ІІІ. Кіріспе сөз. Мұғалімнің Әбіш Кекілбаев туралы өлең оқуы
Ұрпақтарды тамсантқан сымбат, нәрі,
Ғұмырыңыз тірліктің түрлі ақпары.
Тәуелсіз ел төрінде жарқыраған,
Бұл ғасырдың өзіңіз бір мақтаны.
Бақыт кейде десек те азапты нұр,
Өмір сізге сыйлапты ғажап ғұмыр.
Қаламменен біліммен, парасатпен,
Көтердіңіз қазақты биікке бір.
Жылытса жүректерді жан шуағы,
Біліммен көңіл кірі аршылады.
Нұр шашсын деп әлемге сыйға тартқан
Сияқтысыз Маңғыстау шамшырағы!
Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.
Жазушының туған өлкесі – Маңғыстаудағы «Оңды» тауы.
Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылыәуеліОңдыдаколхозшы,
Таушықта 1942-45 жылдараралығындастахановшы шахтер, 1945-62жылдары «Екпінді» колхозындажұмысістеді.
Айсәулеана-парасаттыңпанасы,
Солкісідентуғанқазақданасы.
«Әбішжандыренжітекөрмеңдер»,
Деп аманат етіптіасыланасы.
Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.
1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.
Қызмет жолы
1965-1968 жылдары ҚазСР Мәдениет министрлігінде,
1968-1970 жылдары Кеңес армиясының қатарында,
1970-1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор,
1975-1984 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі,
1984-1986 жылдарыҚазССРМәдениетминистрініңорынбасары,
1986-1988 жылдарыҚазақстанЖазушыларОдағыбасқармасының 2-ші хатшысы,
1989-1990 жылдарыҚазССРтарихижәнемәдениескерткіштердіқорғауқоғамыОрталықкеңесініңтөралқатөрағасы,
1990 жылыҚазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.
1991 жылы Қазақстан РеспубликасыЖоғарыКеңесініңМәдениет, тілжәнеұлтаралыққатынастардыдамытужөніндегікомитеттіңтөрағасы,
1992-1993 жылдары «ЕгеменҚазақстан» газетінің бас редакторы,
1993-1995 жылдарыҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттік кеңесшісі.
1994-1995 ҚазақстанРеспубликасыЖоғарғыКеңесінің төрағасы,
1996-2002 жылдарыҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттікхатшысы болыпістеді.
2002 жылданбастапҚазақстанРеспубликасы Парламент Сенатының депутаты. ӘбішКекілбайұлыҚазақстанЖоғарғыКеңесінеекірет, Мәжілісіне бірретбаламалынегізде депутат болыпсайланады.
«Күй» хикаяты - 27 жасындажазылды
Әйгіліпрозашыретіндетанудыңбастамасы.
Орыстілінеаударылып, сыншылар жоғары бағалаған шығарма.
«Күй» повесі, әуелі, «Коммунистік еңбек» газетінің 1967 жылғы қараша айының 24,26,28- сандарында жарық көрді.
Неміс тіліне аударған жазушы Тони Црон. Неміс тілінде повғсть 1670,1971,1982,1983 жылдары бірнеше рет жарияланған.
«Күй » повесінің кейіпкерлері.
Дүйімқара, күйші, Сырым, жүргізуші, тұтқындар (бақытсыз мәңгүрттер), Мәмбетпана, Көкбөрі, Алпан, Қылыш (екеуі де жастай өлген), Жөнейіт, оның кемпірі, Құрбан ақсақал, Жұма, Аннадүрді, Аннадүрдінің баласы – Құрбан, Дегенеахун, Оғылан.
«Күй» повесінің оқиғасы өткен жерлер:
Қақпақтының дөңі, Тамды, Астау ой, Көкбөрі, Ожабай, Кендірлі, Темірбаба, Қараман Ата, Қаратүлей.
Повестің оқиғасы өтетін Маңғыстау облысындағы бұл өңірлер Түркменстанмен шектеседі.Повестің негізгі кейіпкерлері санаулы ғана. Оқиғасы қазақ пен түрікмен арасындағы қымқиғаш қарым-қатынасты жан-жақты суреттейді.
Ұлт,ел тағдыры жайындағы тарихи әңгіменің желісін жазушы ешқашан назардан тыс қалдырмайды... Басты кейіпкерлердің тағдыры, ең алдымен, ұлт тағдырымен жіксіз астасып жатады. Ә.Кекілбаев осы образдар арқылы қазақ халқының қилы кезеңдегі бастан кешкен тарихи тағдырын оқырманның көз алдына алып келеді.
Түрікменде тұтқынға түскен қазақ күйшісінің тағдыры оқырманын бейжай қалдырмайды. Повестің бас кейіпкері батыр Жөнейіттің жан әлеміндегі мәңгі мызғымастай көрінетін рухани өзгерістер тікелей күйші өнерімен терең сабақтастықта ашылатыны.
«Күй» повесі – жазушы суреткерлігінің жарқын белгісі
1967 жылы «Жұлдыз» журналының №12 санында жарияланды.
1969 жылы Мәскеуде «Баллады забытых лет» атымен басылып шықты.
Суреттелген басты оқиға – дұшпандық жазаның ең ауыр, сұмдық түрі – мәңгүрт жасау аңызы.
Жауласқан елдер тарихында, мәңгүрттік немесе мәңгүрт жасау – ежелден бар нәрсе.
Төл әдебиетімізге Мәңгүрт сөзін алғаш 28 жасында алып келген Қазақстан жазушысы – Әбіш Кекілбайұлы.
- Мен мәңгүрттік туралы аңызды бірнеше адамнан естідім.Бұл – өзі түрікмендермен арадағы шапқыншылықта көп болған жағдай. Маған ол әңгімені айтқан - Қазақстан жазушысы Ә.Нұрпейісов,-дейді жазушы.
Мәңгүрт сөзінің арғы түбі мәңгіруден шыққан.
Маңғыстаудың жергілікті тіл ерекшелігінде Мәңгүрт сөзі «Мәңгүрет» болып та айтылады. Дұрысы – Мәңгүрт.
Аңыз фабуласы.
(Алдын-ала жазылып әкелінген парақтан бір оқушы оқиды.)
Әлім елінде Достан деген әрі бай, әрі батыр кісі болған. Сол кісінің басынан мынандай оқиға өтіпті:
Достан бала жігіт кезінде түрікмендер мен әлімнің арасындағы бір соғыста қолға түсіп, шешесі қазақ бір түрікмен қыздың көмегімен қыз екеуі бірге қашып, Сырдарияның төменгі ағысына келіп, суға түседі. Суға түсіп, кідірген жерінде қыз баланы жолбарыс жеп кеткен. Достан ауылына келіп үйленіп, 15 ұлды болған. Түрікмен елінде тұтқында бірге болған, қашыруға көмектескен жолдасы бірнеше жылдан кейін Достанды іздеп келіпті. Ауылын аралатып, шығарып салып тұрғанда досы:
- Достан, осы сенің де өкінішің бар ма?-деп сұрапты.
- Өкінішім неге болмасын?! Мен он бес жасымда Түрікменнің қолына түсіп, қолына түскен балалардың басына шіре байлап, бәрін мәңгүртке айналдыратын жерінде шешесі қазақ Түрікменнің қызы келіп: «Сен ертеңге қалма, ертеңге қалсаң, мәңгі бақи мәңгүрт болып қаласың, сондықтан бүгін түнде қашуың керек,- деп , өте жүйрік ат әкеліп берді.Сонымен екеуміз берге қашып, елге енді жеттім ау дегенде, сол қызды айдың жарығында жолбарыс жеп кетті.Сол өкініш емес пе? Олан артық қандай өкініш керек?! – депті мұңайып.»
Мәңгүрт жасау оқиғасы
(Алдын-ала жазылып әкелінген парақтан бір оқушы оқиды.)
«...... Көзді ашып жұмғанша, алты тұтқынның шашы алынды. Шаш алғыштар қанжарларын сүртіп, қындарына салды.Жаңа ғана шашы алынған көк құйқа бастар айнадай жалтырайды, жазғы күннің жылы шуағы шекелерін қыздырып, маужыратып алып барады... Алты тұтқынның көздері ақ тайлақтың терісіне үймелеген көп түрікменде. Күнге шағылысқан ақ қанжарлар сыр-сыр етеді, жаңа ғана көлдей боп жайрап жатқан ақ теріні үзім-үзім қып турап жатыр. Қанжары жалақтаған жас жігіттер кесіп алған терілерін анадайда жер тізерлеп, тұқшыңдасып, әлденені малшылап отырған екі шалдың алдына тастайды. Манадан бері білектерін сыбанып, әзер тұрған мосқал еркектер алты баланы құлақтан тартып шөкелетіп жерді бұқтырды. Алты жігіттің қолындағы теріні алып, тұтқындардың басына жапты.Әлі ылғалы кеппеген жып-жылы тері жаңа ғана шашы алынған жылтар басқа жабыса кетті...Қолдары жып-жып еткен мосқал еркектер терінің жиегін шыр айнала бүрмелеп қойған көн тартпаны шірене тартып, сықситып таңып тастады.Жаңа ғана дені жайылып отырған бастар қайтадан зіл тартты. Жылы тері шекелерін солқылдатып сорып ала жөнелді. »
- «Күй» повесін оқығаннан кейін оқушыларда қандай ой туды?
Ауыр жаза
Адамды қинау
Мәңгүрт жасау
Менің сезгенім Қаталдық
Мәңгілік тұзақ
Басты ( миды)
қорлау
Жасөспірімдерге, батырларга
қарасы жасалған сұмдық іс
- Қатты ауыр сұмдыққа куә болдым. Жаным түршікті. Бұндай да жазаның түрі болады екен-ау. Неткен қатыгездік десеңші!
Ұқсастық пен даралық
Ә. Кекілбаев Жазушы Ш. Айтматов
Түрікмендер Адай Басқыншы жау
жеріне көз тіктіНегізі-аңыз
Шапқыншылық Жуан-жуандар
қазақ жерінің
бір бөлігін басып алады
15-16 жасар алты Мәнгүрт жасау Жас
бозбала жауынгерлер
Сабақты қорытындылау.
- Ал, балалар, сол заманда қазақтың батыр жігіттерін қорлап, мәңгүрттікке душар етсе, қазіргі бейбіт заманда тілін, дінін, дәстүрін мойындағысы келмейтін, рухани мәңгүрт жастар кездеседі. Ендеше, рухани мәңгүрттік- қазіргі қоғам дерті.
« Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.»
М. Әуезов
- Ал енді, балалар, Ә.Кекілбаевтің осы шығармасымен таныса отырып, қандай қорытынды жасауға болады? (Оқушылар ойы тыңдалады)
- Дұрыс, сіздермен келісемін .Келісе отырып, мен де сіздерге мынадай ой қосқым келіп тұр.
Мәңгүрттікті жою жолдары:
1) тілге деген құрметті арттыру, тиянақты меңгерту;
2) ата-баба дәстүрін, қазақи тәрбиені бойымызға сіңіру;
3) дінді уағыздау: адамгершілік, имандылыққа тәрбиелену;
4) ел тарихынан толық хабардар болу;
5) дені сау, салауатты өмір салтын ұстанған ұрпақ болуға ұмтылу;
6) өз еліміздің мәртебесін көтеруге біліммен, адал еңбекпен үлес қосу;
7) ел, әлем жаңалықтарынан толық хабардар болу;
8) Жастарды мәдениетке баулитын мәдени ошақтарды көбейту.
- Сонымен, бүгінгі тәрбие сағатымызға арқау болған «Күй» повесінің авторы Ә.Кекілбаев туралы ақын-жазушылардың пікірлеріне көз жүгіртейік.
«Мінеки, мінбеге Әбіш Кекілбаев көтерілді. Шіркін сіз сондағы қалай сөйлегенін көрсеңіз. Қандай шешен! Сені өз көзіммен көре алғаныма шексіз қуаныштымын».
Клаус Шрайдер
«Мен бес кемеңгерді көрдім. Д.Қонаев, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан , құдай көздеріне көрсетіп орталарында тірі жүрген бесінші әулие – Ә.Кекілбаев. Задында бағалаған жөн.»
М.Жолдасбеков
« Задында, қазақ жазушысы өз тарихына тым тереңдеп бой ұрған.... Сонымен бірге осы заманғы ең өзекті мәселелерді, мәселен, Африка халықтары үшін де мән-маңызы кем соқпайтын проблемаларды қозғайды.Ізгілікпен сыйыспайтын жат қылықтарды құрту, аластау талабы түрікмен дутаршысының да, қазақ күйшісінің де бойларынан табылады.Жазушы балладасында философиялық тереңдік кілтін ашатын негізгі баяндау тәсілімен стильдік мәнер нақышын да дәл, әрі қапысыз таба білген.»
Герберт Кремплин (неміс сыншысы)
Г.Белгер – жазушының шығармаларын неміс тіліне аударушы. Әбішті әлемге танытушы.
Қазіргі таңда Ә.Кекілбаев - Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009) көрнекті мемлекеттік, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2009), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Л. Гумилев атындағы Ұлттық Университетінің, Ақтау Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жезқазған Университетінің және ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті профессоры, АҚШ-тың Кентуки штатының құрметті полковнигі, Маңғыстау, Атырау обылысындарының, сондай-ақ республикамыздың бірқатар аудандырының құрметті азаматы. Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Әлемнің танымал 100 адамы» атағына ие.
Қазақстан Республикасының 20 жылдығына байланысты "Қазақфильм" тарапынан режисер Жаңабек Жетірудың "Әбіш Кекілбаев әлемі" атты фильмі жарық көрді.
"Әбіш Кекілбаев әлемі" фильмінен көрініс
Елімізде, 2009 жылы ҚазҰУ-да өткен Әбіш Кекілбаевтың 70 жылдық мерейтойы
өтті.
- Ал, балалар, осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.
- Сіздерге сабақ ұнады ма?
- Несімен ұнады?.
- Рахмет. Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз, барлығымыздың да есімізде қалсын. Жаман әдеттен аулақ болып, өз еліміздің туын асқақтатып, мәртебесін көтеретін,рухани адамгершілігі мол,қайырымды да мейірімді азаматтар мен азаматшалар болуларыңызға шын жүректен тілектеспін.
- Сау болыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.