.
.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Біз қазақстандықтар – бірегей халықпыз Біз қазақстандықтар – бірегей халықпыз.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2142 | Размер: | Автор: ТәрбиеТәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, 2050-стратегиясының символы,
Тәрбие сағатының барысы: сайыс топтар арасында (оқушылар корапқа салынған қағаздар арқылы 4 топқа бөлінеді (Қима қағаздарда ән ұран, герб, ту және ел басы деген сөздер жазылған)
Тәрбие сағатының кезеңдері:
1 кезең «Таныстыру»
2 кезең «Сұрақ жауап»
3 кезең «Қазақ тіліне қалайсыз?»
4 кезең «Қазақстан достық мекені»
5 кезең «Сенесің бе сенбейсің бе?»
Мұғалім:
Қазақстан тәуелсіз ел болып, егеменді, дербес мемлекет атанғалы биыл 18 жыл болайын деп тұр. Бұл қажырлы еңбектің , төзімділік пен жеңістердің 18 жылы. Биыл Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 13 жыл толды, таяуда Ассамблеяның сессиясы болған болатын.
Бұл да –бейбітшіліктің, келісім мен жасампаздықтың 13 жылы .
Нақ осы Ассамблея біздің мемлекеттің ұлттық саясатының тарихында ғана емес,сонымен бірге әлемдік практикада «ұлттық мәселені» шешуде де жаңа беттер ашып берді. Біздің елімізді дағдарыс иірімінен алып шығып,ауқымды апаттарға ұрынбауға мүмкіндік берген жанкешті еңбектің қалыпты емес шешімдерді қинала іздестіру мен қабылдаудың жылдары ретінде тарихқа енеді.
Біз жаңа толыққанды қоғам- азат та құқылы адамдардың қоғамын құрдық.
Ең бастысы-біз өзіміздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімді, адамдардың жүрегінде өзара түсіністік пен сенімді сақтай алдық. Қазақстандықтар ұлттық төзбеушілік пен өшпенділікке ұрынбастан, шынайы біртұтас халыққа айналды.
Осының бәрі алғашқы күннен бастап біз ұлттық келісімді өзіміздің басты басымдылығымыз және мемлекет саясатының өзегі ретінде айқындауымыздың арқасында ғана мүмкін болды.
Таныстыру уақыты әр топқа 2 минут беріледі
1 топ «Мақсат» тобы
Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.
2 топ «Болашақ»
Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.
Мемлекеттік елтаңбаның орталық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
3 топ «Арман» Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
4 топ «Ақ жол» Қазақстан Республикасының Президенті — ҚР мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.
Сұрақ жауап кезеңі: (5 минут)
1) Біз қандай елміз? (Тәуелсіз)
2) Астана қаласының бұрыңғы атауы? (Ақмола)
3) Қазақстан қай жылы тәуелсіздігін алды? (1991)
4) Мемлекеттік тіл қандай? (қазақ)
5) Қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 астам)
6) Қазақстаннаң қандай спортшыларын білесің? (Ермахан Ыбрайымов, Бекзат Саттарханов, Ольга Шишигина, Бахтияр Артаев, Бақыт Сәрсекпаев, Илья Ильин, Александр Винокуров, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Ольга Рыпакова және т.б.)
7) Қандай ұлттық аспаптарды білесің? (қобыз, домбыра, жетіген, сырнай және т.б.)
8) Елімізде өтетін мерекелерді атаңыз? (наурыз, айт мерекесі, тәуелсіздік күні, халықаралық әйелдер күні және т. б.)
9) Бірлік сөзі қандай мағана білдіреді? (достық, біріккен, бір шаңырақ астында деген мағыналар береді.)
10) «Мен қазақпын мың өліп мың тірілген» - өлең жолдарының авторы кім? (Жұбан Молдағалиев)
3 кезең «Қазақ тіліне қалайсыз?» (тіл сауаттылығы, сөз тіркестерінің, қанатты сөздердің мағынасын табу керек. Әр топқа 2 минут уақыт беріледі)
1 топ
1. Дос – егіз, дұшпан – сегіз.
2. Айырылар дос ердің алдыңғы қасын сұрайды.
3. Жаман дос – көлеңке: басыңда күн барда қашып
құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмайсың.
4. Жолдасы көптің – олжасы көп.
2 топ
1. Қимас досың сұраса қимасыңды бересің.
2. Татулық табылмас бақыт.
3. Досыңды мақтағаның - өзіңді жақтағаның.
4. Ағаш тамырымен, Адам досымен мықты.
3 топ
1. Ұрыстың мерейі – ерлік,ырыстың мерейі – бірлік.
2. Ерегескен ел болмайды, есептескен дос болмайды.
3. Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.
4. Екі жақсы қосылса, өлгенінше дос болады.
Екі жаман қосылса, өлгенінше қас болады.
4 топ
1. Досы жоқ адам - Тұзы жоқ тағам.
2. Жаман дос жауыңмен бірге шабады.
3. Жартыны жарып жеген – Татулықтың белгісі.
4. Заттың жаңасы жақсы, Достың ескісі жақсы.
4 кезең «Қазақстан достық мекені» (Жоба қорғау, оқушылар берген тақырыпқа алдарында жатқан парақтар, суреттер, желім, түрлі – түсті қағаздар арқылы жоба жасайды. Жобаға әр топқа 2 минут уақыт беріледі.)
5 кезең «Сенесің бе сенбейсің бе?» (Әр топ Қазақстан жолы – 2050достық пен береке жылы дегенге өтірік әңгәме құрайды. Әр топ 1,5 минут уақыт қолдана алады.)
• 2050 жылы Қазақстанда барлығы қазақша сөйлепті тіпті өзге ұлттар елге кіру үшін тіл емтиханын тапсырыпты ........ (шіркін-ай)
• 2050 жылы Қазақстан әлемдік біріншілікте 1 орында тұрыпты.......
• 2050 жылы Қазақстан халқының саны 116 миллионға жетіпті......
• 2050 жылы қазақстандықтар орта есеппен 90 жыл өмір сүретін дәрежеге жетіптті .....
• 2050 жылы қазақстанда әлемнің барлық түпкірінен жиналған 190нан астам ұлт өкілдері өмір сүріпті
• 2050 жылы қазақ тілі мемлекетаралық байланыс құралы болып сайланыпты.........
Мұғалім:
Осымен, «Біз қазақстандықтар – бірегей халықпыз» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Қатысқан оқушыларға , қызықтаған мына сіздерге көп рахмет! Келесі кездескенше!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.