Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Біз және экология. -

Біз және экология.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3344 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: Біз және экология.

Мақсаты: Оқушыларға экологияның мәдениеттілікті
қалыптастыру, табиғатты қорғауға, аялауға
шақыру, табиғат байлығын қорғауға шақыру.

Көрнекілігі: Интертақта. Экологиялық оқу құралы.

Жүрісі: I.Ұйымдастыру

II.Кіріспе

III.Негізгі бөлім

IV.Қорытынды.

I.Ұйымдастыру. Баяу күй орындалып тұрады

Мұғалім сөзі: Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы – Біз және экология. Бұл ашық тәрбие сағаты арқылы өз Отанымызды құрметтеп,өз жерімізді ластанудан қорғауға ұмтылып, экологиялық сипаттарды болдырмау салдарын өз бойымызға игеру.

Экология - грекше OIROS-үй, тұрақ, мекен, LOGOS-ғылым «мекен еткен табиғи орта туралы білім» деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш 1866 жылы экология терминін неміс биологы Ә.Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген. «Экология – тірі организмдердің бір - бірімен қарым – қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым, Қазақстанның жоғары оқу орындарында 1970 жылдан бастап «Экология» және «Табиғат қорғау» курстары оқытыла бастады.

Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Ойымызды өрбітейік, тақтадағы Күннің суретіне қараңдаршы. Жарық күн көлегейленіп тұр, күнді бір мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.

Кәне 1 бұлт. Сенің шешуің не, сен неге түнере қалдың?

Бұлттағы 1 тапсырма баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ой ойлап ойлауға 1 минут уақыт беріледі.

Мұғалім:
–Осындай жағымды ой күн бетіндегі даламыздағы лас ауаны ысырады Адамзаттың ғаламдық проблемаларынын болу себептері яғни осы заманғы экологиялық апаттың көлемін қарастырайық.

1-проблема. Жыл сайын 1млн гектардан астам алқаптың
Орманы жойылуда.Орман алқаптары 1950ж.
құрлықтың 15%-ын ғана құрайды.Ғаламшар
алдағы 10 жылдықта–ақ оттегінің басты кездерінің
бірінен айрылуы мүмкін.

2-проблема. Жиналатын қалдықтар көлемі ұдайы өсін келеді.
Егер қажетті шаралар қолданылмайтын болса,10-15
жылдан кейін қалдықдар жер бетіне 5 метрлік қабатпен
жауып қалатыны есептеп шығарылған.
Бірінші бұлт ашылды.
Екінші бұлтты ашамыз.
Табиғат туралы тақпақтар айту.
Мұғалім:
–Мына суретке көңіл аударайық. Суреттен нені көріп тұрсындар?
Қоқыстарды азайту үшін не істей аламыз?
1.Бір рет қана пайдаланылатын заттарды сатып алмауға тырысыңдар.
2.Белгілі бір затты сатып аларда оның өзіңе шынында да аса қажеттігін
ойланыңдар.
3.Әлі де жөндеп алуға болатын заттарды лақтырып тастауға асықпаңдар.
4.Қораптарын қабылдау пункттеріне тапсыруға болатын өнімдерді алуға
тырысыңдар.
Үшінші бұлтты сейілтеміз.
Анкета.
1.Сенің демалыс кезіндегі саяхатың.
Үйге жақын 2
Жақын шетел 6
Алыс шетел 12
2.Сенің әуес тағамдарың
Етті жақсы көремін 6
Ет–тағамның міндетті бөлігі 8
Ет жемеймін 5
3.Сенің отбасың 1 аптада шығаратын тұрмыстық қалдықтар.
120 кг нан астам 10
90-120 кг шамасы 8
30 кг шамасы 2
4.Отбасында неше бала бар?
1 бала 4
2 бала 6
4–тен көп болса 12
5.Сен қандай үйде тұрасың?
Үлкен үй 8
Орташа үй 6
Пәтер 2
Төртінші бұлтты сейілтеміз
Ол тапсырма сауалдарға жауап беру
1.Қоқыстарды қандай әдіспен жою деп ойлайсыңдар өртеу, көму, өңдеу немесе қоқыс шығаруды азайту. Пікірлерін айту.
2.Сенің ішетін тамағың
Сынып жетекшісі:
Күн ашылды:
Даламдай кең пейілім,
Жүрегім толы мейірім.
Мен үшін жоқ шуағың,
Бәріңе ортақ шуағым
Аспанымыз жарқыраған күндей,
Мейірімін төксін.
Ашылған күннің соңындағы әсем кемпірқосаққа көңіл аударайық
1-ші түсі. Бала сыншылдық атмосферасында өссе, ол айыптауды үйренеді
2-ші түсі. Бала мазақ қылу атмосферасында өссе, ол ұялшақ болуды үйренеді
3-ші түсі. Бала ұялту атмосферасында өссе, ол кінәлі болуды үйренеді
4-ші түсі. Бала шыдамдылық атмосферасында өссе, ол батыл болуды
үйренеді.
5-ші түсі. Бала жігерлілік атмосферасында өссе, ол батыл болуды үйренеді.
6-ші түсі. Бала қауіпсіздік атмосферасында өссе,ол адамдарға сенуді үйренеді
7-ші түсі. Бала достық пен ынтымақтастық атмосферасында өссе,ол дүние
жүзінде мейірімді табуға үйренеді.
Осымен ашық тәрбие сағатымызды аяқтай отырып аспанымыз ашық болсын деп жылы сөз арнайық.
Табиғат әсемдіктің көркісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай тынысың.
Қазына «қара жер де» дейді халық,
Күн көрген, жерден алып.
Жер анадан үзімін кете алмаған,
Кемеңгер небір дана, небір алып.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.