.
.
Сабақтың тақырыбы: Брейн-ринг Брейн-ринг
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1625 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, логикасын, танымдық қабілетін, есте сақтау қабілетін қлыптастыру. Ауыз екі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Өткен тақырыптарды пысықтау.
Тәрбиелік мақсаты: Топта жұмыс істей алуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Табло, лампа, компьютер, Буратино кейіпкері.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі:
1. Амандасу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
3. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
1. Оқушыларды топқа бөлу
«Алғыр» тобы
1. Жақсылыков Арманбек - топ жетекшісі
2. Мурадым Жандос
3. Пазылов Наурызбек
4. Курмангазиева Дана
5. Байболатов Наурызбек
«Тапқыр» тобы
1. Сағынбаев Елдос - топ жетекшісі
2. Қойшыбаев Ғалымжан
3. Масалова Алтынай
4. Сағидоллаұлы Асылжан
5. Канапьянов Адиет
2. Ойынның шартымен таныстыру
Ойын 6 тапсырмадан тұрады. 2 топқа да бірдей тапсырма беріледі, белгілі уақытта қай топ тез және дұрыс жауап берсе, сол топқа әр тапсырма сайын 1 балдан қосылып тұрады. Жалпы балл - 6. Барлығы 6 балл жинаған топ жеңімпаз болады. Әр тапсырманы орындау уақыты - 1 минут. Екі топқа да жетекші мұғалімдер беріледі. Олар:
1.«Алғыр» тобының жетекші мұғалімі - Умаргалиева Динара Темиргалиевна
2.«Тапқыр» тобының жетекші мұғалімі - Джакубалиева Айнагүл Амангельдықызы
- Бізге қонаққа көңілді Буратино келді.
- Сәлеметсің бе, Буратино!
- Сәлеметсіз бе, балалар! Бүгін мен сіздерге қолдау көрсетуге келдім.
3. Бақылау комиссия мүшелерімен таныстыру
1. ППТК меңгерушісі - Б. Хасангалиева
2. ППТК логопеді - И.Абдолова
3. ППТК психологі - А.Утегенова
Тапсырма №1
Мектеп
1. Бір сабақтың уақыты неше минут болады? (45 минут)
2. Екі сабақтың уақыты неше минут болады? (90 минут)
( Бақылау комиссияға сөз беріледі)
Тапсырма №2
Жыл мезгілі
Күннің сәулесі жерді жылытып, өз нұрын төкті. Құстар көңілді әндерін шырқады. Табиғат оянды. Бұл қай кезде болады? (Көктем)
( Бақылау комиссияға сөз беріледі)
Сергету сәті
- Кішкене бойымызды жазып алайық. Көңілді Буратиноға қарап, соның қимыл- қозғалыстарын қайталайық.
Тапсырма №3
Жабайы аңдар
1. Жыртқыш аңдарды тауып, ата?
Қоян, кірпі, аю, арыстан, керік, арқар, қасқыр. (Арыстан, қасқыр)
2. Жұмбақты шеш.
Жазынды қаңғиды,
Қысыңда қалғиды. (Аю)
( Бақылау комиссияға сөз беріледі)
Тапсырма №4
Үй жануарлары
Жұмбақтардың шешуін тап:
1. Тастан-тасқа секіреді,
Қалқиып қос құлағы,
Ойын болып көкірегі,
Аула оның тұрағы. (Лақ)
2. Адамға серік,
Күзетке берік. (Ит)
( Бақылау комиссияға сөз беріледі)
Тапсырма №5
Үй адамдары. Отбасы.
1.Ананның мамасы саған кім болады? (Нағашы әже)
2. Сен әкеннің папасына кім боласың? ( Немере)
( Бақылау комиссияға сөз беріледі)
Сергету сәті
- Кішкене бойымызды жазып алайық. Көңілді Буратиноға қарап, соның қимыл- қозғалыстарын қайталайық.
(Буратино өлеңі)
Тапсырма №6
Математикалық есеп.
Балабақшаға барлығы 34 ойыншық алып келді. Олар: 14 қуыршақ, 9 машина, ал доптың саны белгісіз. Балабақшаға қанша доп әкелінді?Мазмұнды есептің шешуін тап.
( Бақылау комиссияға сөз беріледі)
Қорытынды
Топтардың балдарын санап, ойынды қорытуға бақылау комиссияның мүшелеріне сөз беріледі:
1.ППТК меңгерушісі-Б.М. Хасангалиева
2.ППТК логопеді - Абдолова И.
3.ППТК психологі- Утегенова А.
Сабақтың соңында оқушыларды марапаттау, «Үздік ойыншы» және «Үздік топ жетекшісі» номинацияларын ұтып алған оқушыны атау.
- Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Барлық оқушылар сабаққа өте жақсы қатысты, бәріне рақмет.
- Қош сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.