.
.
Сыныбы: 7а «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі».
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 5474 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың тақырыбы:
«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелеу: Жастарды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Сабақтың түрі: топтық, ұжымдық.
Әдісі: Сұрақ-жауап, ойнау әдісі, талдау-жинақтау, сахналау.
Оқыту пәндерімен байланысты: экология, валеология, музыка, дене шынықтыру.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбасы сызылған плакаттар, кодоскоп, магнитафон.
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық.
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру және жұмыстың жүргізу түріне қарай топтастырып отырғызу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Ой шақыру.
1. Биыл – барыс жылы
2. 2002 жыл Елбасының ұсынысымен қандай жыл деп аталды? (денсаулық жылы).
3. Олай болса, деніміз сау, білекті, алып жүректі қайсар да қайратты ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар? (Спорт)
- Дұрыс, балалар, өте жақсы, сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі». Ал сабағымыз түрі топтық ұжымдық. 4 топқа бөліп отыралық.
1 топ. «Табиғи күш» тобы
- Күн, таза ауа, суық. Денсаулыққа тигізер пайдасы қандай?
- Өз достарыңа табиғи күшті қорғауға қандай ұсыныстар айтар едіңдер?
- Ата-бабамыз табиғи күш қуаттарының қадірін түсініп, әдемі де әсерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген. Сол атаулы сөздерден мысал келтіріңдер.
2 топ. «Ептілер мен күштілер» тобы
- Денені шынықтырудың маңызы қандай? Шынықтыру түрлерін ата.
- Өзің сүйіп орындайтын спорттық ойындар мен жаттығу түрлері? (Оқушы өзінің күнделікті айналысатын спорттық жаттығуларын көрсетеді).
- Дене шынықтыру жұмыстары туралы өз ойың.
3 топ. «Шипалы тағамдар» тобы
- Дұрыс тамақтану жолдары қандай?
- Асқа тағамдарды қалай пайдалану керек деп ойлайсың?
- Тағам түрлерінің адам денсаулығына пайдасы мен зиянды жақтарын салыстырып көрсет. (Сүт пен сыра, алма мен конфет, шипалы су мен тәтті сусындар).
4 топ. «Сымбат» тобы.
- Жеке бас тазалығы деген не? Өз ойың.
- Таза жүретін баланы қалай атайды? Оның достары нелер?
- Тазалықты сүймейтін бала қалай атайды? Оған оқыған шығармаларыңнан қандай мысал келтіресің?
(Топтарды қорытындылап марапаттау).
Мұғалімнің сөзі: Медициналық тұрғыдан алғанда, денсаулық дегеніміз толық физикалық, психикалық және әлеуметтік қолайлы жағдайдың объективті күйі және субъективті сезінуі. Қоршаған орта сапасының нашарлауы адам ағзасының бейімделу мүмкіндіктерін төмендетіп, оның салдарынан денсаулық бұзыла бастайды. Ластанған қоршаған орта адамға не тікелей не биологиялық буын әсер етеді:
Сонымен ластанған қоршаған ортаның жағымсыз әсері адам денсаулығына зиян келтіретін экогендік зиянның тікелей көзі болып табылады. Денсаулыққа келтіретін зиянның барысын былайша сызуға болады:
Осы сызбада анық көрсетілгендей, ластанған қоршаған орта жағымсыз әсерінің өзге де қоғамдық маңызы бар демографиялық салаға қатысты: халық өсімінің бәсеңдеуі, адам өмір жасының қысқаруы, тумысынан кемтар адамдардың көбеюі. Қорыта келе денсаулыққа зиян келтіру қоршаған ортаның сапалық жағдайдағы жағымсыз өзгерістер нәтижесінде экологиялық құқықтың нормалар мен тиым салынған әрекеттер жасалған кезде ғана орын алуы мүмкін. Осыдан келіп біз адамның өз денсаулыына ықпалы жөнінде айталық. Көрініс «Екі бала ойнап жүр».
Мұғалім сөзі: Сонда балалар, темекі мен ішімдіктің адам ғазасына тигізетін зиянды әсері көп екен. Мсалы: Темекі тартып, ішімдік ішкен адамдардың нерв жүйесінің қызметі бұзылады. Темекі зардабынан стенокардия ауруы пайда болады. Темекі түтінін никотин, иіс газы, көгергіш қышқыл және тағы басқа зиянды заттар болады.
Қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың санасы мен өмірін уландыратын ауыр кеселдің бірі – маскүнемдік, араққұмарлық. Осыған орай «Русска водка» өлеңін оқиды.
Арақ – аурудың ажалы,
Ақшаның тажалы.
Ырыстың қырсығы,
Абыройдың мылтығы.
Жаңсылықтың жаңқасы,
Төбелестің арқасы.
Құлтума Сармұратұлы.
Демек, балалар біз бос уақытымызды тиімді пайдаланып, жаман әдеттен аулақ болайық.
Дебат ойыны: Эмблема қорғау.
«Денсаулық жаулары», «Денсаулық достары».
Оқушыларды ойын бойынша қорытынды жасау.
Ән «Дастархан»
Мұғалімнің сөзі: «Болашақ өз қлоыңда»
1. Өзіңді-өзің тәрбиеле: Ол үшін алдымен алдыңа мақсат қоя біл. Ол ағзаны жоғары жұмыс жағдайда жұмыс істеуге үйретеді. Ал мақсат қоя білмеген адам тез қартаяды.
2. Жігерді қалыптастыру: Жігер – ағзаға берілетін бұйрық. Оны өзің жасауға үйрен.
3. Денсаулығыңды шынықтыр: Шымырлық ағзаны төзімділікке үйретеді.
4. Тамақтана біл: Көп тамақ жеу зиян. «Тамақты өмір сүру үшін жеймін, тамақ жеу үшін өмір сүремін» деген қағиданы естен шығармаңдар.
5. Демала да біл. Ол мәдениетті көрсетеді.
6. Мейірімді болуға үйрен. Адамдарға қуаныш сыйла, өзіңнің көңіл-күйің жақсарады. Ал жағымсыз әсерлер ауру туғызады.
7. Өзіңе-өзің сен. Әрбір адам табиғаттан талантты болып туады.
Тек оны одан әрі дамыту өз қолыңда. Кез-келген жұмысты бастағанда, мен мұны қалайда жеңемін деп баста, сен жеңесің.
8. Өзіңді танып біл. Өзіңе «Мен мақсатты, жігерлі, қайратты, көпшіл мейірімдімін бе?» деген сұрақ қой. Оған шын жауабын бер. Өзіңе-өзің ұнамасың, онда өзгеруге тырыс.
Ұжымдық жұмыс.
- Ауру жанға арашашы кім және қандай орын?
(Емхана, дәрігерлер, мейірбикелер, халық емшілері.)
Оқушы жауабы мына өлең жолдарымен қорытыла.
Адамға денсаулықтан не бар қымбат,
Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ.
Денсаулықтың қорғаушысы болам деп,
Дәрігерлер берген отан алдында ант.
Ой тұжырымы
- Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?
Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз?
- Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?
(Оқушылар жауаптары таңдалып және сарапшылар қай топтың көбірекжауап бергенін ескеріп қорытындылайды).
Мұғалімнің қорытынды сөзі: «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай дені сау, құшыр білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер. Елбасы «2001-2005 жылдар аралығында дене тәрбиесі, спорт түрлерін дамыту» туралы заңға қол қойды. Бұл-үкіметіміздің ұрпақ денсаулығын нығайтуға қатты көңіл бөліп отырғандығының айғағы.
Үйге тапсырма: көктемгі табиғат, оның адам денсаулығына әсері, «Адам – табиғат бөлшегі» тақырыбына материал жинақтау.
№3 орта мектебі
Сабақтың тақырыбы:
Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі
(тәрбие сағаты)
Өткізген: А.Шакеева
7 «А» сынып жетекшісі
2009-2010 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.