Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Денсаулық- зор байлық -

Денсаулық- зор байлық

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2486 | Размер: | Автор: гость
. Ашық сынып сағаты
Тақырыбы: «Денсаулық- зор байлық»
Мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға шақыру, ең бірінші байлық- денсаулық екендігін түсіндіру
Сынып сағатының түрі: топтық сайыс
Көрнекілігі: «Денсаулық- зор байлық» сөзі, шарлар,
Жүрісі:
1-ші жүргізуші: Құрметті мұғалімдер мен окушылар !
"Денсаулыктың құпияларының бірі-спорт" дегендей бүгінгі «Денсаулық- зор байлық» атты Толағай сайысына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Толағай сайысы тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай ойын бүгін біздің 8 «Г» Және 8 «Д» сыныптар аралығында өткелі тұр.
Олай болса , қатысушы топтарды ортаға шақырайық.
Ойыншылар шығып өздерін таныстырады.
8 «Г» сыныбы -«Сұңқар» тобы, 8 «Д» сыныбы- «Бірлік» тобы
Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1. Закарина Маншук Тасмұратқызы- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2.Апуажанов Жақсылық – 10 «ә» сынып оқушысы
3.Оразов Елмұрат- 10 «ә» сынып оқушысы
1-жүргізуші: Бүгінгі спорттық сайыс 5 кезеңнен тұрады
1. "Мұртты кенгуру" сайысы.
Қатысушы қарындашты мұрнына қысып, отырып жүгіреді.Қайтарда жүгіріп келіп, келесі ойыншының алақанынан ұрып аяқтайды. Келесі ойыншы жалғастырады.
1-ж: Ал енді "Мұртты кенгуру" сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділқазылар өздеріңізде.
2. "Пингвин" сайысы
Допты аяққа қысып алып,жерге құлатпай пингвиндеп жүрісімен жүріп, қайтарда жүгіріп келеді де келесі ойыншы ойынды жалғастырады.
Ал енді "Пингвин" сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділқазылар өздерінізде.
3. "Қанбақ шар" сайысы
Шарды баспен ұрып мәре сызығына жетіп, қайтарды жүгіріп келеді. Алдымен ұлдар бастайды, сонан соң қыздар.
Ал енді "Қаңбақ шар" сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділқазылар өздерінізде.
4."Кім көп секіреді?"
Алдымен сайысты ұл балалар скакалкамен секіріп барады да, қыздарға береді. Содан соң қыздар скакалкамен секіріп мәре сызығына жеткеннен соң, кері жүгіріп келеді.
Ал енді " Кім көп секіреді?" сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділқазылар өздерінізде.
6."Желаяқтар" сайысы
Ойыншылар желаяқтар жылдамдығымен жүгіріп барып, мәредегі есептерді бірінің шешуін жазып, қайтар жолда жүгіріп келеді.
Ал енді "Желаяқтар" сайысының қорытынды бағаларын білейік. Жалпы ұпай санын білейік. Сөз кезегі әділқазылар өздерінізде.
Мұғалім: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі-салауаттылық. "Толағай"сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып қатысқан оқушылар үшін көп рахмет!
2-жургізуші: Ал енді, бәріміз ортаға шығып, "Толағай" әнін орындайық!
Толағай әнімен аяқталады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.