.
.
Батыс Қазақстан облысы Денсаулық- зор байлық.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 4373 | Размер: | Автор: ТәрбиеТасқала ауданы
Ы. Алтынсарин атындағы ЖББОМ
Сабақтың тақырыбы:
Денсаулық- зор байлық
(тәрбие сағаты)
7 СЫНЫП
Өткізген: Абдрахманова К. С.
2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық-зор байлық»
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелеу: Жастарды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Сабақтың түрі: топтық, ұжымдық.
Әдісі: Сұрақ-жауап, сипаттау , талдау, жинақтау.
Пән аралық байланыс: биология, экология, валеология, музыка, дене шынықтыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, суреттер, буклет.
Сабақтың барысы: Ой шақыру.
Тәрбие сағатының тақырыбына байланысты оқушылардың назары
« денсаулық » сөзіне аударылып мағынасы талқыланады. Сонан кейін денсаулық жайында мына өлең жолдары оқылады.
Денің сау ғұмыр жасың болады ұзақ,
Ауруға төрт нәрсемен құрсаң тұзақ
Жылы сөз, жеңіл тамақ , жақсы әуен
Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ.
Өлеңде адам дені сау болу үшін нелер қажет екенін әңгімеленгенін оқушылар талқылайды.
- Жылы сөз жан семіртеді. Адамның бірауыз жылы сөзі ауруға ем.
- Жеңіл тамақ. Денің сау болсын десең, ауызыңды тый.
- Жақсы әуен. Жақсы әуен жанды жадыратады. Күлкі. Күлкі адамды емдейді.
Олай болса, деніміз сау, білекті, алып жүректі қайсар да қайратты ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адамға ең басты байлық – денсаулық қажет.
Олай болса балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Денсаулық- зор байлық» деп аталады. Сабақ басталар алдында оқушыларға спорт, құнарлы тағам түрлері, су, ауа суреттерін үлестіру арқылы 4 топқа бөлеміз.
1 топ. « Табиғат байлықтары » тобы
Күн, таза ауа, суық. Денсаулыққа тигізер пайдасы қандай? Табиғат аясында шынығудың түрлерін атап, әңгіме құрастырыңдар.
2 топ. «Ептілер мен күштілер» тобы
Денені шынықтырудың маңызы қандай? Шынықтыру түрлері ата.
Өзің сүйіп орындайтын спорттық ойындар мен жаттығу түрлері? (Оқушы өзінің күнделікті айналысатын спорттық жаттығуларын көрсетеді).
Денсаулыққа зиян келтіретін факторларды атаңыз.
3 топ. «Шипалы тағамдар» тобы
Дұрыс тамақтану жолдары қандай?
Асқа тағамдарды қалай пайдалану керек деп ойлайсың?
Тағам түрлерінің адам денсаулығына пайдасы мен зиянды жақтарын салыстырып көрсет. (Сүт пен сыра, алма мен конфет, шипалы су мен тәтті сусындар).
4 топ. «Сымбат» тобы.
Жеке бас тазалығы деген не? Өз ойың.
Таза жүретін баланы қалай атайды? Оның достары нелер?
Тазалықты сүймейтін бала қалай атайды? Оған оқыған шығармаларыңнан қандай мысал келтіресің?
Мұғалім сөзі: Сонда балалар, темекі мен ішімдіктің адам ғазасына тигізетін зиянды әсері көп екен. Мсалы: Темекі тартып, ішімдік ішкен адамдардың нерв жүйесінің қызметі бұзылады. Темекі зардабынан стенокардия ауруы пайда болады. Темекі түтінін никотин, иіс газы, көгергіш қышқыл және тағы басқа зиянды заттар болады.
Қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың санасы мен өмірін уландыратын ауыр кеселдің бірі – маскүнемдік, араққұмарлық. Демек, балалар біз бос уақытымызды тиімді пайдаланып, жаман әдеттен аулақ болайық.
Мұғалімнің сөзі: «Болашақ өз қолыңда»
1. Өзіңді-өзің тәрбиеле: Ол үшін алдымен алдыңа мақсат қоя біл. Ол ағзаны жоғары жұмыс жағдайда жұмыс істеуге үйретеді. Ал мақсат қоя білмеген адам тез қартаяды.
2. Жігерді қалыптастыру: Жігер – ағзаға берілетін бұйрық. Оны өзің жасауға үйрен.
3. Денсаулығыңды шынықтыр: Шымырлық ағзаны төзімділікке үйретеді.
4. Тамақтана біл: Көп тамақ жеу зиян. «Тамақты өмір сүру үшін жеймін, тамақ жеу үшін өмір сүремін» деген қағиданы естен шығармаңдар.
5. Демала да біл. Ол мәдениетті көрсетеді.
6. Мейірімді болуға үйрен. Адамдарға қуаныш сыйла, өзіңнің көңіл-күйің жақсарады. Ал жағымсыз әсерлер ауру туғызады.
7. Өзіңе-өзің сен. Әрбір адам табиғаттан талантты болып туады.
Тек оны одан әрі дамыту өз қолыңда. Кез-келген жұмысты бастағанда, мен мұны қалайда жеңемін деп баста, сен жеңесің.
8. Өзіңді танып біл. Өзіңе «Мен мақсатты, жігерлі, қайратты, көпшіл мейірімдімін бе?» деген сұрақ қой. Оған шын жауабын бер. Өзіңе-өзің ұнамасың, онда өзгеруге тырыс.
Ұжымдық жұмыс.
- Ауру жанға арашашы кім және қандай орын?
(Емхана, дәрігерлер, мейірбикелер, халық емшілері.)
Оқушы жауабы мына өлең жолдарымен қорытыла.
Адамға денсаулықтан не бар қымбат,
Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ.
Денсаулықтың қорғаушысы болам деп,
Дәрігерлер берген отан алдында ант.
Ой толғаныс.
- Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?
Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз?
- Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?
(Оқушылар жауаптары таңдалып және сарапшылар қай топтың көбірекжауап бергенін ескеріп қорытындылайды).
Мұғалімнің қорытынды сөзі: «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай дені сау, құшыр білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер.
Үйге тапсырма: « Денсаулық- зор байлық » тақырыбына эссе жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.