.
.
№41 жалпы білім беретін орта мектебі Әдеп – адамгершіліктің алтын діңгегі
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3991 | Размер: | Автор: ТәрбиеОблыстық семинар
Әдеп – адамгершіліктің алтын діңгегі
Өткізген: Жұмағалиева Бану Алмасбекқызы
Ақтөбе-2010 жыл
Әдеп – адамгершіліктің алтын діңгегі
Міндеті: Оқушыларды өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойына сіңірте отырып, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету, мәдениеттілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: компьютер, мультимедиалық проектор, нақыл сөздер,
Сабақ түрі: кіріктірілген
Әдісі: таным сабақ
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе сөз
Мұғалім сөзі:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! «Әдеп – мәдениеттіліктің алтын діңгегі» ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. Әдепті болу - әр баланың міндеті. Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті. Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екенін дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді.
Әдептілік дегенің
Әрқашанда керегің
Әсемпаздық дегенің
Әуре-сарсаң әлегің.
Бүгінгі тақырыбымыз бәрімізге таныс. Ендеше мен сабағымызды мынадай бір шағын әңгімеден бастағым келіп тұр.
Күн жылы еді. Мұз айдыны жарқырап тұр. Бірақ мұз айдынында адамдар аз еді. Бір кішкентай қыз бір орындықтан екіншісіне қарай аяқ басып, сырғанақ теуіп жүр.
Мұрат болса, мұз айдынында біресе бір аяғымен сырғанап, біресе шыр көбелекше айналып, түрлі әдістермен сырғанақ теуіп жүр.
Сәл алыста тұрған екі бала оынң жасағанын көріп:
- Жарайсың, Мұрат! деп айқайлап қояды.
Мұрат одан әрі қарай сырғанай бергені сол еді жаңағы кішкентай қызды түйіп кетті.
- Мен абайсызда... –деп қыздың үстіндегі қарды қаға бастады.
- Жарақаттанған жоқсың ба? Қыз үндемей күліп.
- Тіземді, -деді. Әлгі екі бала тырқылдап күліп тұрды.
«Олар маған күліп тұр» деп ойлаған мұрат кенет тез бұрылып кетіп қалды.
- Қарашы, тек қана тізесі ауырғанға осыншама жылап! деп әлгі екі бала одан әрі күле берді.
- Бізге кел! деп Мұратты өздеріне шақырды. Үшеуі қосылып одан ары қарай сырғанақ тепті.
Осы шағын әңгімеден не ұқтыңыздар? Кімнің қандай ойы бар екен?
-Мұратты әлгі балаларға қарағанда әдепті деп санауға бола ма?
-Адамдарды қандай қасиеттеріне қарап әдепті деп санауға болады?
Алдарыңыздағы қағазға «Әдеп» сөзін қалай түсінесіз, соны жазсаңыз.
Келесі тапсырма. Ситуациялық сұрақтар
Тапсырма:
№1. Сіз танысыңызға сыртқы киімін кигізгіңіз келді. Сіз оны қалай жасайсыз?
№2. Сізге танысыңыз телефон соқты. Ұзақ сөйлескеніңізді байқадыңыз. Қалай әңгімеңізді доғарасыз?
№3. Сіз берілген тапсырманы шешіп отырып қиналдыңыз. Танысыңыздан қалай көмек сұрайсыз?
№4. Сізге лентамен көркемделген үлкен қораптағы сыйлық берді. Сіздің әрекетіңіз қандай?
№5. Сіздің достарыңыз киноға барамыз деп сізді де шақырды. Бірақ сіз үй тапсырмасын орындаған жоқсыз. Оларға қалай жауап бересіз?
№6. Шахмат ойнауға досыңызды қалай шақырасыз?
«Халық даналығының қазынасы»
Сіздерге екі бағанда сөз тіркестері мен сөздер берілген. Осы сөздерді пайдалана отырып, халық даналығындағы мақал немесе нақыл сөздерді құрастырыңыз.
Бала тәрбиесі - бесіктен.
Әдепті бала — арлы бала,
Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.
Тәрбиелі адам — тағалы атпен тең.
Жақсылық еккен алғыс орады.
Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,
Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.
Адам әдебімен көрікті.
Әдеп басы – тіл.
Әдепті дегенше, әдемі десейші.
Тәрбие басы — тал бесік.
Одан ары қарай қатысушыларға түрлі тақырыптағы тапсырмалар беріледі. Мысалы:
- Үстел басындағы өзін өзі ұстау
- Сәлемдесу ишараттары
- Сыйлықты қалай береміз?
Үй тапсырмасы:
- Балапанның қонаққа баруы
- Екі сотқар
- Мальвина мен Буратино
№1 топқа.
Буратино мен Мальвино кіріп келеді.
Мальвина: Сәлеметсің бе, Буратино!
Буратино: Сәлем, Мальвина!
Мальвина: Сенің бүгін көңіл күйің жоқ қой. Немене үй тапсырмасын орындамағансың ба?
Буратино: Жай, шамалы орындай алмадым.
Мальвина: Неге?
Буратино (ашулы). Себебі өз - өзімді ұстай алмаймын.
Мальвина: Сенің ойыңыша қалай, адамдарға сенің ашулы күйіңде сөйлескен оларға жағымды деп ойлайсың ба?
Буратино: Тағы немене? Сөйлескісі келмесе, сөйлеспей-ақ қойсын! Жыламаймын да!
Мальвина: Буратино, маған жауап берші, сен қандай дауыспен сөйлейсің?
Буратино. Қандай дауыспен несі? Қарапйым дауысыммен.
Мальвина. Тоқтай тұр, Буратино, саған балалар жауап берсін, сенің қандай дауыспен сөйлейтініңді
(Балалар өз ойларын айтады)
Мальвина. Менің байқауымша, сен тек балалармен ғана емес, үлкендермен де солай сөйлесесің
Буратино. Олай болған жоқ, олай емес, олай емес!
Мальвина. Қарашы, әлі сол қалпың! Ал Карло әкеңе «Балмұздақ жеймін, балмұздақ жеймін!» немесе «Мектепке бармаймын не мектепке барамын!» дегендерің қатты, еркелігің емес пе?
Буратино: Мүмкін, мен кейде қатты және еркелікпен сөйлейтін шығармын. Бірақ мен жақсы дос бола алам. Бәріне көмектесем. Бәрін күлдіргенді ұнатам. Тек кейбіреулері менің әзілімді түсінбейді. Мысалы, кеше келе жатсам Пьеро беті жер иіскеп құлады. Мен, әрине, күле бастадым. Сосын «Қалай қондың» деп сұрадым. Ол ренжіп қалды ма білмеймін, кетіп қалды. Ал мен оған не дедім?
Мальвина: Балалар, Буратино дұрыс жасады ма?
(Балалар өз ойларын айтады)
Мальвина. Балалар сенің дұрыс істемегеніңді дұрыс айтты деп ойлаймын. Бірдеңе айтар, немесе жасар алдында әуелі ойлап алған жөн.
Буратино.Жалғыз мен ба тек осылай сөйлейтін? Мен осы балалардан үйреніп жүрген жоқпын ба? Қарашы енді өздерінің «Мұның дұрыс емес! Дұрыс емес» деуін. Ал өздерің қалай сөйлейсіңдер! Неге үндемейсіңдер? Себебі, олардың көбісі мен сияқты сөйлейді. Солай емес па? Кішкене нәрсеге бола бір-біріне ауыр сөздер айтып, жала жауып жатады. Жеңілгеніне күледі. Одан да балалар бір-бірімізге мейіріммен қарап, шын дос болайық!
***
Үстеріндегі киімдері алым-жұлым екі бала кіріп келеді.
1-бала: Ха! Мыналарда мейрам ғой! Егер сен әдепті болсаң, қалай жасау керек?
2-бала: Біз бұларсыз да білеміз ғой ненің жақсы, ненің жаман екенін.
1-бала:
Егер танысыңа келсең, ешкіммен амандаспай-ақ қоюға болады, «рахмет», «өтінемін» деген сөздер ол жерде тіптен артық. Біреулер сұрақ қойып жатса, теріс айналып, жауап берме. Сонда сені ешкім де «Мынау мылжыңбас екен» демейді.
Мұғалім: Балалар, осыған келісеміз ба?
2-бала:
Егер сені танысың өз туған күніне шақырса, сыйлық сыйлап не керек. Ол кейін өзіңе керек болады. Тәттілерге жақын отырып, ешкіммен сөйлеспей, қарның тойғанша тамақ жеп, сосын кете беруіңе болады.
Мұғалім: Қандай қателік жіберді?
Екеуі: Кешіріңіз, біз енді ондай әдепсіз болмаймыз!
***
Есік ашылып, ішке балапан кіріп келеді.
Алдынан Қоян мен Тауық шығады. Балапан Тауықты түйіп кетті, тауық жерге құлап түсті.
Қоян: Балапан, саған не болды. Сен мына тауықты құлаттың ғой. Және кешірім де сұрамадың. Қандай әдепсіздік!
Балапан: Мен асығып барамын. Өздерің емес пе, қонаққа кел. Тәтті тоқаштар жейміз деген. Қане, тәттілер!
Қоян: Балапан, бүгін менің туған күнім ғой. Сен мені құттықтамайсың ба?
Балапан: Ой, қойшы, одан да тәттілеріңді әкелші.
Қоян: Балапан, сен қызықсың, есікті қақпай, кіріп келдің, аяғыңды сүртпедің, амандаспадың, құттықтамадың.
Тауық: Қонаққа барғанда өз-өзіңді ұстай алмасаң, келмей-ақ қой.
Балапан: Түһ, мыналардың бәрі ақылгөйсіп кетті ғой. Одан да орманға барып тұрғаным жақсы. Онда саған ешкім де тимейді.
Ормандағы үй көрінеді.
Аю: Әй, Балапан, мынау кімнің үйі?
Балапанды итеріп жібереді. Балапан жерге құлап түседі. Үйге кіремін деп, үйді қиратады.
Балапан: Сен не көрмейсің ба? Бұл басқалардың үйі. Рұқсат сұрамай кіруге бола ма? Әуелі қонақта өзіңді қалай ұстауың керек, соны үйрен, сосын барып, қонаққа кел. Менің саған ұқсағым келмейді. Енді осыдан кейін үнемі қайырымды, әрі мәдениетті боламын.
Мұғалім: Балалар, қонаққа барғанда өздеріңді қалай ұстау керек екенін сіздер білесіздер ма?
Балалар өз ойларын айтады.
Енді мына қағаз қиықшаларына өз бойларыңыздағы әдепсіз қылықтарыңызды жазыңыз.
Осы жаман қылықтарымыздан арылу үшін біз тазару алауы деп аталатын тренинг ойластырайық . Яғни біздің бойымыздағы жаман қасиеттер осы алауға жанып кетті.
Енді біз бойымыздан жаман қасиеттерді алып тастадық.. Әдептілікті, жақсы қасиеттерді неге теңеуге болады? (күнге, ашық аспанға)
- Аспан ашылған соң не шығады?
- Кемпірқосақ
Кемпірқосақтарға жазылған сөздер бар (кешіріңіз, рахмет, рұхсат па?, жарайды, саламатсыз ба?)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.