Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Әдептілік – әдемілік. -

Әдептілік – әдемілік.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 5158 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: Әдептілік – әдемілік.

Мақсаты: Балалардың бойына жақсы әдеттерді сіңіріп, жат қылықтардан аулақ болуға үйрету. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту.

Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал – мәтелдер, құпия хаттар, көрініс көрсету.

Жүрісі:

1. Ұйымдастыру.

2. Көрініс көрсету.

3. Кіріспе.

Әдептілік – әдемілік туралы түсінік беру.

Халқымыз өз ұрпағын:
Әдептілік ар – ұят,
Адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез тағы жат,
Надандықтың белгісі, - деген екен.

Біздің ата – бабаларымыз өз ұрпағын әдепті, инабатты болуын қадағалаған.

Әдеп деген сөзде үлкен мән жатыр. Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым – қатынасының белгісі, жүріс – тұрысының ережесі болып табылады.

Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, парасаттылықты, қарапайым – кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол біздің ата – анамыз ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп ата – баба, салт – әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала жақсы қасиеттерді үйреніп, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы қажет. Олай болса кім маған әдептілік жайлы тақпақ айтып береді?

Әдептілік туралы тақпақтар.

Мақал мәтелдер.

1. Көшеде, мектепте, емханада немесе көпшілік орында қалай жүру керек?
Балалардың пікірі.

2. Дастарқан басында әдептілікті сақтаймыз ба?
Балалардың пікірі.

3. Ал, жеке бас гигиенасын, тазалықты сақтаймыз ба?
Балалардың пікірі.

Көрініс: «Әдептілік». Ы. Алтынсарин.

Сұрақ – жауап

1. Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс – әрекеті арқылы көрінеді?
2. Қандай ырым – тиым сөздер білесіңдер?

Құпия хаттармен жұмыс

Жағдаяттық сұрақтар

Сұрақ – жауап

Ойын «Жалғастыр»

«Не істеуге болмайды?»
- Үлкендердің алдынан (кесіп өтуге болмайды)
- Кішкене баланы (жылатуға болмайды)
- Құстарды (атуға болмайды)
- Сабақтан (кешігуге болмайды)

«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні (сыйлау керек)
- Үлкеннің тілін (алу керек)
- Үлкендерге (сәлем беру керек)
- Оқу құралдарды (таза ұстау керек)

Қорытындылау:

«Әдептілік» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Әдептілік дегеніміз не екен. Оған қандай қасиеттерді жатқызамыз?

Амандасу Инабаттылық

Қамқорлық Кішіпейілділік

Жақсылық Мейірімділік


Балалар, міне алда көктем айы келе жатыр. Осы гүлдей жайнап жүрейік.

Балалар, біз бүгінгі сынып сағатында әдептілік – әдемілік, сыпайылық жайлы пікірлер айтып, өз ойларымызды ортаға салдық. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, «өтінемін» деген жылы сөздерді үнемі айтып үйреніп, кішілерге қамқор бола білейік.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.