.
.
Тақырыбы: ”Діни мейрамдар” ”Діни мейрамдар”
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2498 | Размер: | Автор: ТәрбиеМақсаты: 1. Ораза айт,жарапазан,қажылық және құрбан айттың шығу тарихымен таныстыру.
2. Оқушылардың бойына адами ізгі қасиеттерді қалыптастыру.
3. Оқушыларды халықтық салт-дәстүрді құрметтей білуге үйрету.
Түрі: Әңгіме.Танымдық сағат.
Әдісі: Баяндау.Сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Баспасөз материалдары.Сызбалар.
Өткізілу барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
2.Ой қозғау бөлімі ”Қандай діни мейрамдарды білесіңдер?” ассоциация құру.
1. “ББҮ стратегиясы” бойынша жұмыстану:
*** алғашқы 2 бөлімін толтыру.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
2. Оқушыларға мәтіндер үйлестіру
Ораза айт.
Ислам дінінің қағидасы барша мұсылман дінін ұстанушылардың бәрі отыз күн ораза ұстауы керек.ораза ұстау-араб күнтізбесі барша рамазан айында таң атпай бекітіп(сәресіні сағат 4-5-терде ішеді),күн әбден батқан соң ашады.Ол кезде темекі шегу мен насыбай атуға,ойын-сауыққа,нәпсіге тыйым салады. Осы уақыттарда адамдар Алла-тағалаға арнап, Құран кәрімді, діни шариғат заңдарын оқып, рухани тазалыққа ұмтылатын болған. Ғұрып бойынша, отыз күн оразадан соң діни мейрам үш күн ораза айты болады. Ораза айтының алдында әрбір отбасы мүшелері кедейлер мен мүсәпірлерге пітір береді (пітір жанға саулық тілеп садақа беру).
Ораза айтының алғашқы күнінде ата-бабалардың аруағын еске түсіріп, құран оқыту, “жұмалық” ас беру (жеті шелпек пісіру)мұсылмандарға парыз болып саналған. Үш күн айт мейрамында үлкендер де, бала-шаға да жақсы киініп, әр үйге кіріп “Айттарың қабыл болсын!” деп тілек білдіріп, айтқа дайындалған тамақтан ауыз тиіп, құран оқып шығады.
Жарапазан
Ораза айтының кезінде кедей-кепшік, жоқ- жітік адамдар ауыл-ауылды аралап, әр үйдің жанына келіп жарапазан айтатын болған.
Жарапазанды көбінесе ақындар шығарған. Кейде ақындық өнері шамалылар немесе қайыр сұраушылар оны жаттап алып айтқан. Бұл өлеңді көбінесе бай үйлерге арнап, солардан қайыр- садақа сұраған. Мысалы:
Айтамын, балалар, сізге жарапазан,
Молдалар ертең ерте айтар азан.
Айтқанда жарапазан қайыр берсең,
Барғанда ахиретке болмас жазаң...
Жарапазанда бата-тілек те қоса айтылады. Мысалы:
Жарпазан айта келдік есігіңе
Қошқардай бір ұл берсін бесігіңе.
Қораңыз ақтылы қойға толып,
Кемімес дәулет берсін несібеңе,- дейтін бата- тілектен, адал көңілден шыққан ақ баталардың нышаны байқалады. Оның тәлімдік мәні зор екені сөзсіз.
Құрбан айт.
Ислам дінін бүкіл араб елдеріне таратушы Мұхаммед. Ол 570 жылы Мекке қаласында туып, өмір сүреді. Мұхаммед 622 жылы Меккеден басқа дінді қабылдаушылардан қуғын көріп, қашып шығып, Мәдина қаласына келеді. Ол бір қүұдайға құлшылық етіп сенуші мұсылмандарды Мәдина қаласы маңына жинап, Омар, Осман, Әли Бәкір, Әбу Талиб сияқты Әділ Халифтердің көмегімен бүкіл араб елдерінің басын біріктіреді. Ясрит арабтары Мұхаммедті “Пайғамбар құдайдың жердегі өкілі” деп танып, көктен түсірілген “құдай сүрелердің” жиынтық кітабы (Мұхаммедтің айтуы бойынша жазылған) Құранды қасиетті дін заңы ретінде қабылдаған. Бұл күн арабтардың жыл санауы бойынша 622 жылғы шілде айының 16-сына келеді. Яғни мұсылмандар Мұхаммед дінін шын мойындаған күні құрметіне мал сойып, құдай жолына құрбандық шалатын болған. Міне, құрбан айты 14 ғасыр бойы бүкіл мұсылман елдерінде жыл сайын мейрамдалатын діни мейрам ретінде аталып өтіп келеді.
Қажылық.
Жыл сайын дүние жүзінің мұсылмандары араб айының жылнамасының он екінші зул-хижжа айында Ислам дінінің шыққан жері Меккеге барып, қажылық жасайды. Мекке шаһарында қасиетті мешіт бар. Оның дәл ортасында төрт бұрышты ғимарат тұр. Оны арабтар сыртқы пішініне байланысты “қағба” деп атаған, яғни текше деген сөз. Қағба қара жібек матамен жабылған. Ол матаға алтын әріппен құран аяттары жазылған. Бұл мата Мысырда тоқылған. Қағбаның оңтүстік- батыс бұрышында Алла-тағала өзінің құдіреті мен шапағатын адамдарға білдіру үшін аспаннан түсірілген “қара тас” бар. Қағбаның жанында минералды қайнар бұлақ ағады. Меккеге барғандар осы бұлақтың суын торсыққа құйып, ішіне күміс салып, елге әкеліп, ауылдың үлкен- кішісіне бір- бір қасықтан үлестіріп дәм таттыратын болған.
Меккеге қажылыққа барушы мұсылман үстіне ақ киім- ихрамды киіп, алдымен қағбаны жеті рет айналады. Сонан соң Сафа төбешігінен Мәруа төбешігіне дейін көшені бойлап жүгіреді. Оны сағи деп атайды. Одан кейін Меккеге отыз шақтай жердегі Арафат тауына шығады. Содан соң Меккенің сыртындағы Мін деген жылға өзекте мал сойып, құрбандық шалады. Малдың қан- жынынан басқасын түгел асып пісіріп, аш-арыққа, кәріп- кәсерлерге үлестіріп береді. Оларға қайыр- садақа да үлестіреді. Міне, осы дәстүрді орындаған мұсылман қажы атанады. Қажылар Мәдина шаһарындағы Мұхаммед пайғамбардың зиратына барып, дұға оқиды. Қажылық құрбан айт мейрамымен аяқталады.
Құрбан айты ораза айтынан кейін 70 күн өткен соң болады.
*** Мәтінмен танысып болғаннан кейін ББҮ стратегиясының 3- бөлімі толтырылады. Әр оқушы өзінің толтырған жұмысымен таныстырады.
Қорытынды: - Балалар, осындай халқымызда сонау ерте заманнан келе жатқан діни мерекелерді есте сақтап, орындай біліңдер. Мәнін жоймай, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, жалғасын таба берсін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.