Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Достық -

Достық

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3237 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сайднасимов Қайрат Абдулазизұлы
Алматы қаласы №151 мектеп директорының оқу - тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары,
тарих пәні мұғалімі.

Достық

Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық.
Мұхтар Әуезов
Айналайын ұлы достық, айналайын атыңнан,
Құлатпашы мені мәңгі осы биік сатыңнан.
Мұхтар Шаханов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Адамдар асындағы достық пен өзара түсіністікті бағалай білуге үйрету. Оқушылардың
арасында жағымды қарым-қатынас орнату,бірін-бірі сыйлауға, адал дос болуға және
қоршаған ортамен дос болуға үйрету,коммуникативті өрісті дамыту.
Дамытушылық:Достық сезімі өмірде олардың біфрін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан,шынайы
тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде
ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз
жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу.
Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Әдісі: интерактивті, ізденіс-зерттеу.
Сабақтың жабдықталуы: «Өзін-өзі тану» оқу құралы, “Дос туралы жыр” әнінің (сөзі – Т.Молдағалиевтікі, әні С.Бәйтерековтікі) аудиожазбасы
Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, газет-журналдардан үзінділер.
Қолданылатын әдебиет
Негізгі: Самопознание ННПООЦ «Бөбек»
Қосымша: Самопознание. Тетрадь студента. ННПООЦ «Бөбек»

Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе . «Шаттық шеңбері» Белсенділікті ояту үшін сұрақ-жауап
түрінде оқушылардың жеке ой-пікірі .
III. «Мақалды жалғастыр» ойыны Мақал-мәтелден тек бір-екі сөзі ғана айтылады.
Ал оқушылар сол сөздің толық нұсқасын айтуы керек.
IV. «Ситуация» ойыны
V. Дәйексөз (Пікірталас ұйымдастыру )
VI. «Жүректен-жүрекке» шеңбері
VII. «Социометрия» әдісі.
VIII. Қоршаған ортамен қарым-қатынас тесті.
IX. Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.
X. Қорытынды «Достықтың ережелері»
XI. Үйге тапсырмалар.

Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе Оқытушының кіріспе сөзі, достық туралы әңгіме.
Оқушыларға достық ұғымы туралы өз ой, пікірлерін білдіруді ұсыну.
Пікірлесуге арналған сұрақтар:
1. «Достық дегеніміз не ?
2. Достық неден туындайды, қалай түсінеміз?»
3. «Дос қандай болуы керек?»
4. Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?
Сұрақтар төңірегінде оқушылардың ой-пікірін тыңдау.
Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес,
мұраттас болуы.
Достықтың негізі- достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.

Адал Жомарт Адамгершілігі мол Қарапайым Мейірімді
Кешірімді Төзімді Дос қандай
болуы керек? Ақылды Сабырлы
Салмақты Кек сақтамау Ашықтық Шыншыл


III. «Мақалды жалғастыр» ойыны.
Мақал-мәтелден тек бір-екі сөзі ғана айтылады. Ал оқушылар оны толық табу қажет.

1. «Кемшіліксіз........іздеген адам ......» ( Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады)
2. «Дұшпан ........, айтады. ...............» ( Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады)
3 «Жақсы ........, жаныңа, ...............» ( Жақсы жолдас жаныңа, Жаман жолдас малыңа)
4. «....жаңасы жақсы,.....көнесі жақсы» ( Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы)
5. «..........ақшаң ......, ....досың ...........» ( Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын)
6. «Досы............,….................сырлас» ( Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас)
7. «Досы.................., өзі де.................» (Досы жақсының-өзі де жақсы)
8. «........ басқа ...........,.... аяққа ........» ( Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды)
9. «Ақылсыз .........., дұшпан ............» ( Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық)
10. « Досың мың болса да …............., ( Досың мың болса да-аз,
Дұшпаның біреу ......................» Дұшпаның біреу болса да-көп )
11. Ағаш тамырымен мықты....... досымен мықты. ( Ағаш тамыры мен мықты, адам досымен мықты)
12. «Жолдасы жоқ ........ », олжасы жоқ». (Жолдасы жоқ жігіттің олжасы жоқ.)
13. Жаман жолдастан, жақсы ........артық» (Жаман жолдастан, жақсы дұшпан артық)
14. Денің сау болса, ........ деме. (Денің сау болса,жарлымын деме.
Жолдасың көп болса, ........ деме» Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.
15. Досыңды үш күн сына ма, ............ сына» (Досыңды үш күн сына ма, үш жыл сына)
16. « ........ қас болмас, екі жаман дос болмас» (Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас)

IV. «Ситуация» ойыны
1 оқушы: Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп
кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.
2 оқушы: Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ.
Сен не істер едің?
3 оқушы: Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр.
Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
4 оқушы: Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді.
Сен не істейсің?
5 оқушы: Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр.
Түскі тамаққа нан ала келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не
істерін білмей тұр. Не істейсің?

V. Дәйексөз
Топтағы білім алушыларды шағын төрт топқа бөліп, олардың арасында пікірталас ұйымдастыру: тезистерді қорғауды ұсыну.
1. Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын.
2. Көп досың болғанша, көп ақшаң болсын.
3. Ең алдымен адамға материалдық игілік қажет, дос өзі-ақ табылады.
4. Досым мені ренжітсе, мен оған ешқашан бұрылып қарамаймын.
VI. «Жүректен-жүрекке» шеңбері
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Қалай ойлайсыңдар дос табу оңай ма?
2. Менің өмірімдегі достықтың орны қандай?
3. Досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтамын. Осы тұжырым әрқашан да әділ, дұрыс деп санайсыз ба?
4. Досым үшін бәрін құрбандық етуге дайынмын.
5. Тоқтап қалған достық, ешқашан да басталған емес.(Публилий Сир)
6. Туыстың дос бола бермеуі мүмкін, ал дос әрдайым туыстай бола алады.(В.Франклин).
7. Нағыз дос қана өз досының осалдықтарына төзе алады.(У.Шекспир)
8. Досы көптің қасына, жау келмес деген осы да.(А.Тоқмағамбетов)
9. Ақылсыз достан ақылды жау артық.(Ә.Науаи)


VII. Социометрия әдісі.
Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты анықтау, алынған мәліметтерді оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану, топ ішінде психологиялық қолайлы жағдай орнату.
Нұсқау: Балалар, сіздерге қазір сұрақтар қойылады. Сол сұраққа осы өз топ оқушыларының ішінен үш адамның есімдерін жазасыңдар.
1. Кіммен дос болғың келеді?
2. Партада кіммен бірге отырғың келеді?
3. Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?

VIII. «Қоршаған ортамен қарым-қатынас» тесті
Адамдар тек қана бір-бірімен дос болып қана қоймайды, қоршаған ортамен де дос болады екен.

№ Қоршаған
орта.
Сұрақ.
Достармен

Табиғатпен.
Құстармен
Кітаппен
Жануарлармен
Көшемен
1 Сіз кімдер мен доссыз.
2
3

IX. «Жүректен-жүрекке» жылы лебіз білдіру.
Балалар шаттық шеңберіне келе қойыңыздар. Енді қасымыздағы адамға жүрегіміздегі жақсы жылы лебізді білдірейік.

X. Қорытынды.
Достықтың ережелері.
1. Бір-біріне көмектесу.
2. Бір-біріне сену.
3. Бір-бірімен бөлісу.
4. Бір-бірін қорғау.
5. Шыдамды болу.
6. Мейірімді болу.
7. Кешірімді болу.
8. Қызғанбау.
9. Адал болу.
10.Сенімді болу.
11.Бір-біріне ренжімеу.

Біріңді, қазақ, бірің дос,
Көрмесең - істің бәрі бос.
Абай Құнанбаев.

Досым саған сенемін, сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен
Достық деген - адамның көрігі екен
Достық деген - ақылдың серігі екен
Мұқағали Мақатаев.

Достық деген ізгіліктің алауы,
Оған куә ғасырлар мен замандар,
Отанында сатып кете алады,
Қиын шақта досын сатқан адамдар!!!
Мұхтар Шаханов

XI. Үйге тапсырма.
Күнделікті өмірде кімнен жақсы сөз есіттің, кімге жақсы сөз айттың, сол жақсы жылы сөздерді жазып жүру. Оқушылар, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін дәптерлеріне жазады.
XII. Рефлексия
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.