.
.
№ 16 жалпы білім беретін орта мектебі «Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан»
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2452 | Размер: | Автор: ТәрбиеЖ.Б.Бекмухан
2010 – 2011 оқу жылы
Тақырыбы: «Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан»
Мақсаты: 1. Білімділігі: Отанымыз Қазақстанның көп ұлтты мемлекеттік екенің және онда тұратын халықтың төл мәдениеті мен тілін дамытуға құқылы екені туралы балаларға түсінік беру.
2. Дамытушылығы: есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін сараптау, салыстыру, дәлелдеу машықтарын қалыптастыру, шығармашылық және коммуникативтік құзырлықтарын дамыту.
3. Тәрбиелік: білім алушылардың елжандылығын, өз отанына, халқына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.
- оқушылардың жобалаушылық дағдыларын дамытуға педагогикалық жағдай жасау;
- балалардың өзін-өзі бақылауын дамыту;
Көрнекілігі: плакат, суреттер, кітаптар, үнтаспа.
Сабақтың барысы:
1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Халқымыздың сан ғасырлық арманы орындалып, тәуелсіздік алып, егемендікке қолы жетті. Мемлекет дегеніміз белгілі бір территориясы бар, шекарасы, рәміздері, ұлты бар жалпыхалықтық ірі ұйым десек, сол қазақ ұлтының Ата заңы – Алтын арқауы Конституциясының қабылданғанына бүгін міне 15 жыл толып отыр. Енді аздап тарихқа көз жүгіртсек Қыпшақ халқындағы (Х – ХІғғ) «Кодекс Куманикус» яғни кумандар заңдары, ХVІғ. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті Жарғы» сияқты заңдар жинағы бұл қазіргі тәуелсіз қазақ елі Конституциясының бастамасы болып табылады.
2 – жүргізуші: Осы уақытқа дейін ҚР кеңестік дәуірдегі 1978ж. соңғы Конституциясын қабылдаса, 1993 жылы Жоғарғы кеңес бекіткен Егеменді еліміздің алғашқы Конституциясы, 1995 жылыдын 30 тамызында бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстанның жаңа екінші Конституциясы қабылданды. Біздің Ата заңымыз Конституция, оның негізгі заң деп аталу себебі, бүкіл мемлекеттің, қоғамның ең маңызды мәселелерін: адамзаттардың негізгі құқтары мен бостандықтарын, қоғамның экономикалық негізін мемлекеттің құрылуымен қарастырылады. Конституция – бүкіл заңдардың қайнары болады. Қандай да болсын қаулы, шешім тек Конституция негізінде қабылданады.
(Мемлекеттік Әнұран орындалады)
Мұғалім: Құрметті оқушылар мен ардақты ұстаздар барлығыңызды бүгінгі жаңа оқу жылымен және Конституция күнімен құттықтаймын! 30 тамыз – Ата заңымыз қабылдаған күн. Өздерін білесіндер ол адамның, қоғамның, елдің құқығын қорғауға арналған. Әрбір елдің өз Ата заңдары болады. Заң болмаса адам құқығы қорғалмай, бұзақылық көбейіп кетер еді. Мінеки сен дүниеге шыр етіп өмірге келгеннен бастап сенің өмірін, денсаулығын тыныштығын, қуанышын біздің мемлекетіміздің ұлы заңы Конституция қорғайды. Әр мемлекет ғылым, білімімен танылады, ғылым мен білімнің арқасында өркен жайып, дамиды. Сондықтан ел болашағы жас ұрпақтың әрбірінің білім алуы басты міндет. Ол Ата заңымыз – Конституцияда да жазылып көрсетілген. Ал әр азамат заңды бұлжытпай орындауға, оны сыйлап, құрметтеуге тиіс.
1 – жүргізуші: Ел болашағын болжап, қайда баратынымызды айқындап Н.Ә. Назарбаев 2030 жылға дейінгі дамудың стратегиялық бағдарламасында өркениетті ел қатарына жетудің жолдарын саралап берді. Оны іске асыратын біздерміз.
Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
- біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз қай Республика? (Қазақстан)
- Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
- Еліміздің астанасы қай қала? (Астана)
- Қазақстанның бұрынғы астаналары қалай аталады?
Орынбор
Ақмешіт Алматы
Верный
- Қазақстан қандай мемлекет?
демократиялы зайырлы
құқықты көпұлтты
әлеуметті
біртұтас
- Қазақстан елі қандай қасиеттерімен айбатты және айбынды? (Гимнімен, Туымен, Елтаңбасымен)
2 – жүргізуші: Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым.
Бүгінгі сіздердің назарларыңызға «Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.
1 - оқушы: «Ата заңның ең ардақты арқауы – ел мұраты мен халық бірлігі. Мазмұнына өрнегі жарасқан, Тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін».
2 - оқушы: Қазақстан Республикасы демократиялы мемлекет болғандықтан, адамның өмірі, құқығы мен бостандығы бірінші орында. Негізгі Заңның 98- бабының 30-тармағы адам міндеттері мен құқықтарына арналған.
3 - оқушы: Құқықтық мемлекет – бұл ұлттық идеологияның негізі болып табылады. Ал, ұлттық идеология– ол тәуелсіздік, берік, мықты мемлекет, мемлекеттік тіл, бұл мәселелер тек заң арқылы шешіледі және дамиды.
1 – жүргізуші: Өзіңдікі – Елің де,
Өзіңдікі –Жерің де.
Өзіңді–өзің еткен бақ –
Тәуелсіздік төрінде!
Асқар тау да – сенікі,
Бақша–бау да – сенікі.
Өзіңдікі Туың да,
Ата Заң да – сенікі.
Конституция туралы өзімізге қажетті жалпы ақпарат алдық... Ендеше, ұпрақ тәрбиесі – ұлт болашағы деген нақыл сөзге сүйене отырып, Қазақстан Республикасы баланың құқықтары туралы Заңындағы 3- тараудың 8, 15, 16- баптарына тоқтала кетсек.
4– оқушы: 8-бап: «Баланың денсаулық сақтау құқығы»
1. Әрбір баланың денсаулық сақтауға құқығы бар.
2. Балалардың салауатты өмір салтын насихаттау және ынталандыру.
3. Балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді мемлекеттік қолдау.
4. Баланың, оның ата–анасының денсаулық жағдайына бақылау жасау және балалар ауруының алдын алу.
5- оқушы: 15-бап: «Баланың білім алуға құқығы бар».
6- оқушы: 6- бап: «Баланың еңбек бостандығының құқығы».
Әрбір баланың еңбек құқығына, қызмет және кәсіп түрлерін еркін таңлауға құқығы бар.
7 - оқушы: Қазақстан Конституциясында адамның құқықтары мен бостандықтарына ерекше көңіл бөлінді. Конституция 131 баптан тұрса, соның 58 бабы адам құқықтарына арналған.
1– жүргізуші: Біз Конституциямызды заңдылық шеңберінде еліміздің саяси жағынан демократиялануының, әлеуметтік-экономикалық қуатын арттырудағы табыс көздерінің молаюының нәтижесінде мемлекетіміздің дүние жүзілік аренаға шығып үлкен беделге ие болғандығын мақтаныш тұтамыз. Осы жылдары еліміз әлем қауымдастығына танылып та үлгерді.
2 – жүргізуші:
Ал, балалар, тыңдаңдар!
Босқа қарап тұрмаңдар!
Ой маржанын теріңдер,
Дұрыс жауап беріңдер!
(Сұрақтар беріліп оқушылардан нақты жауаптар алынады)
1. Мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, олардың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету ұстанымдарын белгілейтін нормативтік акт.
Жауабы: Конститиуция
2. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қай жылы, қай айда қабылданды?
Жауабы: 1991 жылы 16-желтоқсанда
3. Тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқыКонституциямыз қай жылы қабылданды? Жауабы: 1993 жылы
4. ҚР Конституциясы қандай саяси іш-шараның нәтижесінде қабылданды?
Жауабы: Халық референдумы арқылы қабылдады.
5. Құқықтық мемкелекттің бірінші көрсеткіші.
Жауабы: Заңның жоғары тұратындығы
6. Конституцияға енгізілетін түзетулер мен өзгертулердің жобасын кім және қай органның қарауына ұсынады?
Жауабы: Президент Парламентке
7. ҚР Конституциясында атап көрсетілгендей біздің мемлекетіміздің мемлекеттік билік тармақтары нешеге бөлінеді?
Жауабы: 3
8. Елдегі мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі.
Жауабы: Халық
9. Төтенше маңызды мәселе туралы бүкіл халықтың пікірін сұрастыру, халықты мемлекет басқару ісіне қарастырудың бір түрін қалай атаймыз? Жауабы: Референдум
10. Қазақстан мемлекетінің демократиялық сипаты қандай негіздерде анықталады?
Жауабы: Конституциялық ұстанымдар
11. КСРО қай жылыдың жетоқсанында ыдырады?
Жауабы: 1991 жылы
12. 1995 жылдың 30-тамызында қабылданған Конституциямызға қай жылы, қай айда өзгерістер мен толықтырулар енгізілді?
Жауабы: 1998 жылы 7-қыркүйекте
(Үгіт насихат тобы шығады)
Ата Заң!
Елдігімнің реңі,
Теңдігімнің тірегі.
Мүддесіне халықтың,
Ажырамас бір елі.
Қорған болған Ата Заңға,
Өркен жайып елім алда.
Тәуелсіздік туын биік
Берік ұста, қадымда алға!!!
1 – жүргізуші:
Біздің ата Заңымыз бізге осыншама мүмкіншіліктер беріп, біздің тиісінше білім алып, жақсы өмір сүруімізге қамқорлық жасауда. Сондықтан өміріміздің кепілі, қорғаушымыз – Конституцияның міндеттерін бұлжытпай орындап, құрметтей білейік.
Мұғалім: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Елімізді, тарихымызды, қол жеткізген жетістіктерімізді мақтан еткендей Конституциямызды қастерлеп, құрметтеуіміз, мақтан тұтуымыз керек. Конституциямызды құрметтемейінше, оның заңдылықтарын орындамайынша қоғамдық бірлікті, тұрақтылықты және жарқын болашақты құру мүмкін емес. Ата Заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» деп атап өтті. Сондықтан да біз конституциямызда көрсетілген барлық құндылықтарды сақтап, заң қағидаларымен өмір сүруіміз қажет. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер-азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздар молая берсін. Мерекелеріңіз құтты болсын. Келесі кездескенше соу болыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.