.
.
Атырау облысы Елбасы мұраты, ел бақыты - гүлденген Қазақстан.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1673 | Размер: | Автор: ТәрбиеҚұрманғазы ауданы
Б.Бегалиев атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Санатова Талшын
2 «б» сынып
2010 жыл
Сабақтың тақырыбы: Елбасы мұраты, ел бақыты - гүлденген Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
А) Ата Заң жайлы ұғым түсініктерін қалыптастыру, онда бекітілген баланың негізгі міндеттері мен құқықтары атты тараулармен таныстыру.
Ә) Оқушыларға адамның ең қымбат қазына екендігін, оның өмірімен, құқықтарымен таныстыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Б) Оқушыларды Ата Заңымызды құрметтей біліп, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, ән тыңдау, жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: Рәміздер, қанатты сөздер, суреттер, ән.
Сабақтың барысы: 1.Кіріспе. Ата Заңның ең ардақты арқауы – ел мұраты мен халық бірлігі. Мазмұнына өрнегі жарасқан Тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін.
Арқа сүйер Ата Заңымызға да 15 жыл болды. Егеменді Республикамыз 1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз – Конституцияны қабылдады. Конституция деген сөз латынның сөзінен шыққан, яғни орнату, құрылым деп аударылады.
2). Ата Заңым – азат елдің арқасүйері
Аспан адамы :
Са – ла – мат – сыз – дар – ма ? Еш қорықпандар , аспан жұлдыздарынан ұшып келген мен ғой .
Мен – жұлдыз ханзадасымын ! Мен әділет планетасынанмын . Сонда қалай , мұнда әділет Заңы жоқ па ?
Мұғалім : - Бізде жер бетіндегі барша азаматқа қатысты Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы бар .
Заң : Халықтың ақ тілегі
Ізгіліктің бастауы
Ата Заң бұл киелі
Еліміздің бас заңы
Түзілген өн бойында
Әділдіктің ақ жолы !
Нұр боп жансын жолында
Самға , біліп алда оны
Енді заңдағы баптарға сөз береміз .
2 бап . Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет .
Шықты торап ой данадан
Бері қарады жұлдыз беті
Өзі қалап сайлап алған
Елімнің бар президенті
Ол – Нұрсұлтан Назарбаев
7-бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi.
2. Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.
3. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
9-бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi.
10-бап
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.
2. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.
3. Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.
. Заң алдында жұрттың бәрі тең
Бұл заңда жеңіс даңқымыз
Салтанат құрған салтымыз
Сүйеніш , қамқор қорғаушы
Сүйеді заңын халқымыз
18-бап
1. Әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.
2. Әркiмнiң өзiнiң жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тiкелей белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi.
3. Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматқа өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Әркімнің өмір сүрүге құқығы бар .
Шыр етіп жерге түскенде
Жұтқаным ауа , таза леп
Жер – Ана сенің қойныңда
Өмір сүремін керемет .
26-бап
1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады.
2. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi.
3. Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар. Монополистiк қызмет заңмен реттеледi әрi шектеледi. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 16.06.00 ж. N 6/2; 20.12.00 ж. N 21/2 қаулыларымен берілген түсініктемелерді қараңыз
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға құқы бар .
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл !
Өз тіліңді құрметте !
36-бап
1. Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбiр азаматының қасиеттi парызы және мiндетi.
2. Республика азаматтары заңда белгiленген тәртiп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.
. Әркімнің еңбек етуге , тынығуға құқы бар
Еңбексіз адам гүлдемес
Білімсіз адам түк емес
Еңбек пен білім ұштасса
Тынығарсың бір белес
37-бап
Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауға мiндеттi.
38-бап
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi.
27 бап . Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата – ананың табиғи құқығы
әрі парызы .
Тәртіпті егер болсаң сен ,
Жақсы көрер ұстазың
Ата – анаң мен мектебің
Өнеге болар ұстамың .
29 бап . Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға құқы бар .
Ата заңым !
Шаттығымды қорғайды
Пәктігімді қорғайды
Ар атынан айтқан соң
Денсаулықты ойлайды
30 бап . Азаматтардың тегін орта білім алуына , жоғары білім алуына құқығы бар .
Кітапты алып қолыңа ,
Біліммен енді достастың
Жаз бойы күнде ойнаған
Алаңмен бірін қоштастың
Оқудан қалма , күнде бар
Тапсырма берер , тапсырма
Ұстазыңа адал бол ,
Достарыңа жатсынба !
Ынтымақ , достық , тыныштық
Туыстық бізге тым ыстық
Бейбіт өмір белгісі
Күлімдеп шыққан күн ыстық .
Оқы да білім ал деген
От бол да , мәңгі жан деген
Ата Заңым менің ,
Еңбек ет , еркін жүр деген
Асыр сап ойнап күл деген
Ата Заңым менің
Құптаған көңіл қоштығын
Ұлттардың берік достығын
Ата Заңым менің
Тәуелсіз еркін ел бүгін ,
Талай жыл күткен теңдігім
Ата Заңым менің
Санама құйған таң нұрын ,
Бақытыма бағым , тағдырым
Ата Заңым менің .
4) . Рәміздер туралы 1. Елтаңба
2. Ту
3. Әнұран .
5) . Мақал – мәтелдер айту .
1. Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас .
2. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл .
3. Ел іші - алтын бесік .
6) . Қорыту . Әр адам өзі өмір сүрген ортада қоғамның бір мүшесі болып саналады . Әр елдің өз адамдарына арналған Ата Заңы – Конституциясы болады . Біздің де Ата Заңымыз бар , адам құқығын қорғайтын заң осы Ата Заңда
құқығы міндеттері
VII.Бағалау, мадақтау.
VІІІ.Қорытындылау
Ата Заңым
Еңсем биік, мәртебем де болды асқақ,
Ата Заңым келесің сен жол бастап,
Бостандығым, мақсат, мүддем, мұратым,
Сен арқылы асулардан алға аспақ.
Әр бабына үңілем де, ойланам,
Дастандайсың келешекті толғаған
Біліміңді ал, ғылым ізде, еңбек ет дедің – дағы жөн сілтедің сен маған.
Біздің Конституцияның басты ерекшелігі оның тұрақтылығы мен беріктігінде және ол мемлекетімізді одан әрі нығайтуға тірек болмақ.
Қазақ әлі
Туымен тұғырлы
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты!
Ата Заңым!
Арман әнім!
Сенен басқа барма бағым!
Жалғыз саған байланысты
Елімде еркін самғағаным.
Ата Заңым!
Бар мұратым,
Жалғыз кие жанды ұғатын.
Жаңсақ бассаң жолға салып,
Тәубаңды еске алдыратын.
Ата Заңым!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.