Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Елбасы мұраты-ел бақыты,  гүлденген Қазақтан!» -

«Елбасы мұраты-ел бақыты, гүлденген Қазақтан!»

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1713 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Астана қаласы, №64 мектеп-лицей
Тарих пәнінің мұғалімі Бекназарова Дина Омарқызы
8 сынып жетекшісі
Сабақтың тақырыбы:
«Елбасы мұраты-ел бақыты, гүлденген Қазақтан!»

Сабақтың мақсаты: Жас жеткіншектер бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, Елбасының қоғамдағы орнын түсіндіру. Отаншылдық сезім мен тұрақты моральдық мінез-құлықтың беки түсуіне ықпал ету. Адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Өткізу әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, ассоциациялау
Көрнекі құралдар: Еліміздің рәміздері, нақыл сөздер, слайдты альбом (интерактивтік тақтаны пайдалана отырып), тірек-сызбалар.

Сабақ барысы:
-Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің білім күніне арналған «Елбасы мұраты-ел бақыты, гүлденген Қазақтан!» атты алғашқы сабағымызға қош келдіңіздер!

Сабақ тақырыбын 3 блокқа бөліп қарастыру:

1 - Оқушылар, «Гүлденген Қазақстан!» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай ұғымдар ойға келеді?

- Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылы 16- желтоқсанда Тәуелсіздік туралы Жарлығы жарияланысымен-ақ дүние жүзінің құлағы елең етіп, егемендігін алған ерікті Қазақстанды әлем мойындай бастады. Бұл күнде Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасырдың табалдырығын тең аттап отырған ел. Еліміздің егемен екенін танытатын жұрт таныған ұлттық белгілері бар.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Еліміздің туы мен елтаңбасы 1992 жылы 4-маусымда, ал әнұран 1992 жылы желтоқсан айында қабылданған жарлық бойынша мемлекеттік рәміздер болып бекітілді. Әрбір елдің ел екендігін бекітетін мемлекеттік заңы болады. Мемлекетіміздің ең алғаш Конституциясы 1993 жылы 28-қаңтарда қабылданды. Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
2. Бақыт!
Ол не?
Қонғаны ма мансап бақ?
Байлық па, әлде машина ма, ақша ма?
Көп қырғында қалу ма, әлде жан сақтап?
Расында да, бақыт деген не нәрсе?
Әрбір адам өмір сүруге талпынғаннан бастап бақытты болуға ұмтылады. Бірақ сол бақыттың бағасын білмей, кейде қолымызға қонған бақ құсымызды ұшырып алатынымыз тағы бар.
Адамдар арасында бақыттың алар орны әртүрлі, әрине, ол әрбір адамның бақыт туралы түсінігіне байланысты.
Ал, сенің бақыт туралы түсінігің қандай? Әлемнің қай түпкірінде болмасын, ел бақыты, ер бақыты, бала бақыты, ана бақыты ұғымдары бар.
Біз бүгін «ел бақыты» ұғымына тоқталайық, қане балалар «ел бақыты» дегенді кім қалай түсінеді? /оқушылар өз ойларын ортаға салады/
Ел бақыты дегеніміз ұлтын сүйер, халқын демер, Отанын құрметтеп, ата-анасын ардақтап, елдің тірегі, халықтың жүрегі бола білетін, болашақтың діңгегін қолдарына ұстайтын патриот ұл--қыздары.

- Оқушылар, өздеріңіз білесіздер, Қазақстан тәуелсіз мемлекет екендігін Түркия елі бірінші болып мойындады. Ендеше, қазірде әлем Тәуелсіз Қазақстан туралы не дейді? Тақтаға назар аударайық:

- Шырқап көкке аспан ән,
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қала – Астанам!
Жас Астанам – жас ғалам,
Тарихың бар ашпаған.
Ордасы бол ойшылдың,
Ей, бас қала – Астанам. – демекші, бас қаламыз Астана көркею үстінде. Астананың көркеюіне Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесі орасан зор.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:
«Біздің түпкілікті мақсатымыз – интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру», – деген болатын елбасы. Байқап отырсақ Елбасымыздың елді сатылап дамытқан бүкіл қызметінің өне бойындағы негізгі өзектей болған ұстаным осы – интеллектуалды ұлт қалыптастыру саясаты болған екен.Мәселен, бүгіндері қызу қарқынмен жүзеге асырылып жатқан 2010 – 2020 индустиялды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберіне енген барлық серпінді жобалар – интеллектуалдылығы жоғары мамандар жұмыс істейтін нысандар болмақшы. Ол нысандарда жұмыс істеуге тиістілердің көбісі шетелдерде оқытылып, білімін жетілдірген жастар. Қазір де осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Еліміздің жоғары және арнаулы орта білім беретін білім шаңырақтарында жаңа мамандықтар игеріліп жатыр. Құдай қаласа, 2020 жылдың өзінде еліміздің экономикасында интеллектуалды өндіріс тауарларының үлес салмағы шамамен 40 пайызға жетеді екен. Бұл – бүкіл экономиканың 40 пайызында интеллектуалдылығы жоғары мамандар жұмыс істейді деген сөз. Мінеки, сапалық даму деген осы. Демек, біздің Президентіміздің түпкі мақсаты – интеллектуалды ұлт қалыптастыру болса, оған негіз қалау ертеден басталған және қазір жалғасып жатыр дей аламыз.Президентіміз былай деді: «Мен бүгінгі жастарға қызығамын. Сендер бақытты ұрпақсыңдар. Айталық, мен 40 жастан асқан шақта ғана, оның өзінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің салалық хатшысы қызметінде жүрген кезімде тұңғыш рет шетелге шықтым. Ал қазіргі жастардың қай-қайсысы да қайда барамын десе, ерік өздерінде. Бұған қоса біз «Болашақ» бағдарламасы бойынша талантты жастарымыз шетелдердің ең таңдаулы оқу орындарында білім алуға мемлекеттік грант бөліп, қамқорлық жасаудамыз. Жастар осы қамқорлық пен сенімге лайық болуы тиіс. Біз елімізге тәуелсіздік алып бердік. Біз қолдан келгенінше сол тәуелсіз елімізді жан-жақты дамытуға күш жұмсап жатырмыз. Бірақ көкейдегінің барлығын жүзеге асыру – бір ұрпақтың қолынан келмейтін іс. Сондықтан біздің бастағанымызды сіздер жалғастыратын боласыздар. Еліміздің одан әрі гүлденуін қамтамасыз ету – сіздерге сеніп тапсырылады. Соған дайындалыңыздар. Сол сенімге лайық болыңыздар». Елбасымыздың ең басты мақсаты – ұлтымызды сапалық жағынан жоғары деңгейге көтеру болған екен. Сол үшін Астанадай әсем қала арқа төсінде бой көтеріпті. Сол үшін Елбасының өзі бастап оның соңынан ерген идеялас «Еуропаға жол», «Әлемдегі дамыған 50 елдің қатарында болу» секілді ұзақ мерзімді өміршең саясат бізді жеткізетін жер, сол сапалық жоғары деңгей екенін ұғуға болады.Ізгі ниет! Осы бір сөзді қай тілде айтылса да, әркім-ақ ыстық ықыласпен қабылдайды. Ал Қазақстанның және оның көшбасшысының бүкіл қызметі мен өмірінде ізгілік ниеті көрініс тапқан. Сондықтан да біздің елді дүниежүзінің дәстүрлі діндерінің жетекшілері мен ұстанушылары ізгілік нұры жауған ел деп бағалайды. Сондықтан да біздің елді АҚШ, Еуроодақ «Стратегиялық әріптесіміз» деп атайды. Іргеміздегі Қытай, Ресей секілді екі алып көршімен де қарым-қатынасымыз күннен-күнге сапалық жоғары деңгейге көтерілуде. Мұндай жарқын да бақытты болмысты баянды ету – Елбасымыздың сөзіне қарағанда біздің буынның өкілдерінің білім-білігіне байланысты болмақшы екен. Президент Н.Ә.Назарбаев өзі ұдайы биікке ұмтылушы болып келе жатса, соңынан ерген жастардың бойында да осындай қасиеттің болуын қалайтынын байқадық. Демек, бізге жүктелген сенімнің салмағы ауыр. Өзімізге егемендік пен қарқынды даму әлеуетін сыйға тартқан, достарды көбейтіп, дұшпандарды азайтқан бүгінгі аға ұрпақтың жоғары сеніміне лайық болуға тиіспіз. КСРО қирандысынан гүлденген Қазақстан республикасының құрып шыққан олардың осылай биік талап қоюға толық құқы бар. Ал біз сол талап биігінде болуға тиіспіз. Бүгінде біз Қазақстан – өзінің азаматтары үшін бойына жауапкершілік алатын, ал олар өз кезегінде өздеріне ортақ құндылықтар мен қоғам мүддесі үшін жауапкершілік жүктейтін мемлекет деп сенімді түрде мәлімдей аламыз. Бұл ел – игілікті өмір құру үшін әркімнің мүмкіндігі бар ел. Бұл ел – бар нәрсенің басында адам, оның білім алуы, денсаулығы мен әлеуметтік қорғалуы тұратын ел.Тек соңғы 10 жылда ғана адам капиталының әлеуетін айқындайтын салаларға – білім беруге, ғылымға, мәдениетке, денсаулық сақтау мен тұрғындарды әлеуметтік қорғауға мемлекеттің шығыны 8,7 есе өсті. Әлемде әлеуметтік-гуманитарлық саланың даму қарқыны осындай деңгейге көтерілген мемлекеттер өте аз. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесі де шешуші басымдықтардың бірі болып табылады. Біздің мақсатымыз – қазақстандықтардың дені сау ұлт болуы. Оның бәсекеге қабілеттілігінің маңызды кепілі, міне, осында. Қазақстандықтардың жас буыны үшін терең білім алуға мүмкіндік ашылып отыр. Жоғары оқу орындарына жетім балалар мен мүгедектерді қабылдаудың квотасын енгіздік.Тәуелсіздік алған жылдар ішінде 388 мектеп пайдалануға берілді.. Бүгінде Интернет жүйесіне ауыл мектептерін қосқанда, мектептердің 95 пайызы қосылды.Біз Қазақстанның болашақ кадрлық әлеуетін қалыптастыруды ерте бастан қолға алдынды. 90-шы жылдардағы экономикалық қиындықтарға қарамастан, “Болашақ” бағдарламасы құрылды. Енді әр жыл сайын 3 мың қазақстандық 25 мемлекеттің ең озық университеттерінде оқып жүр. Олардың көпшілігі қазірде елге оралған және біздің бүгінгі, сондай-ақ ертеңгі кадрларымыздың негізін құрайды.Көптеген ата-аналар өз еріктерімен балаларын әлемнің жақсы университеттеріне оқытуға жіберіп жатқанын атап өтуге тиіспін. Бұл — капитал салудың ең дұрыс жолы. Бүгінде жалпы саны 20 мыңнан асатын қазақстандық шетелдерде білім алуда. Олар Қазақстанның кадрлық әлеуетінің перспективалық негізі болады.Жастарды шетелге тек жіберіп қана қоймай, бірте-бірте осындай деңгейде өзімізде оқыту үшін мен Астанада “Жаңа университет” ғылыми-білім беру кешені құрылды. Сондықтан да бүгінде ғылым және білім беру салаларында жоғары қазақстандық стандарттарға қол жеткізу үшін барлық жағдайлар жасалуда. Және біз оның әлемдегі ең үздіктердің бірі болуына ұмтылуға тиіспіз.Бүгінде әрбір қазақстандық: біздің мақтан тұтатын қасиетті тарихымыз бар, біздің сүйікті Отанымыз бар деп бар дауысымен айта алады.
Окушы:
«Менің Республикам»
Менің оның тауын сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдыретті үнін сүйем.
Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан.
Менің байтақ Республикам таулары,
Менің көгім мөлдіреген көк аспан.
1-жүргізуші:
Республикам арай тұнған күншуақ,
Кең төснде ырыс, бақыт, ынтымақ.
Келелі іске, кең өріске ұмтылып,
Жаңаруға таба білдің тың қуат.
2-жүргізуші:
Республикам мейірімді мәрт ана,
Тосқауылды бұзып өттің қаншама.
Қазыналы ұлан байтақ өлкеге,
Бүкіл ғалам көз тігеді тамсана.
1-жүргізуші:
Топырағыңмен тамырласып кіндігім,
Қуаныштан жүрек толқып тұр бүгін.
Нығайтамын елдігімнің тұғырын,
Берік ұстап Тәуелсіздік тізгінін.
2-жүргізуші:
Шежіресін шертсе күй ғып көне жер,
Ертеңіне, өркеніне сене бер.
Дүниені дүбірімен таңдантқан,
Міне, осындай Қазақстан деген ел.
1,2-жүргізуші
Әлемге атың жайылсын жарқын,
Жасай бер, жаса, Қазақстан!
Баянды болсын бақытың, халқың,
Жасай бер, жаса, Қазақстан!

№64 мектеп –лицей

Білім күніне арналған сабақ.
8 «Ә» сынып.

«Елбасы мұраты-ел бақыты, гүлденген Қазақтан!»

Сынып жетекші: БекназароваД.О

Астана-2010 ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.