Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Елбасы сенімі-ел сенімі» -

«Елбасы сенімі-ел сенімі»

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1837 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбиесағаты.
Тақырыбы:«Елбасы сенімі-ел сенімі»
Мақсаты:1.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, жүргізген саясаты туралы мағлұмат беріледі.
2.Ойларын еркін айту, өзгенің пікірін тыңдай білу дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік жасау.
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,Отанын,халқын сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу..
Көрнекілігі:шарлар, тақырып жазылған постер, слайдшоу.

Өту барысы:
Әнұран орындалады.



1- Әділжан: -Армысыздар, бармысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!

2- Дильдана: - Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары! Бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы сенімі-ел сенімі» атты салтанатты мерекемізге қош келдіңіздер.

1- Әділжан: -Сен қалай ойлайсың, Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?

2-Дильдана: -Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.
1- Әділжан: -Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да нығайып, даму үстінде. Барлығы, елбасымыздың сындарлы саясатының негізінде емес пе?

2- Дильдана: -1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Ал 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1-Әділжан:-АтаЗаңымызбойыншамемлекетбасқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді.
/1 «Ә», 1 «Б» сынып оқушылары шығады./

1-оқушы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

2-оқушы:
Туған жердің жайқалған алқабы егін,
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.

3-оқушы:
Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,
Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.
Анасындай туған ел қамқор болып,
Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын.

4-оқушы:
Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.

5-оқушы:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

6-оқушы:
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.

7-оқушы:
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!

8-оқушы:
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.

9-оқушы:
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті

10-оқушы:
Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын.

11-оқушы:
Гүлденебер, Отаным,
КөтергентуынНұрағам!
Көбейткендостыңқатарын,
Нұраға – біздіңұлыадам.

Ән: Мадина «Туған елім»

Би: «Қаражорға» 5 «Ә» сынып оқушылары

І-Әділжан:
- Елбасымыз туралы слайдқа назар аударыңыздар.

Алғы сөз: информатика пән мұғалімі Жазира Маратқызы.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

2-Дильдана: Оқушы монологы «Менің Президентім»

Гүлназым 5 «Ә» сынып оқушысы
-Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.

1-Әділжан:
-Балалар, Елбасымыздың үлгі алар жақсы қасиеттерін атап өтейік.

-Ұлтжанды
-Елін, жерін сүйетін патриот
-Жан-жақты
-Спортшы
-Мықты саясаткер
-Парасатты
-Сыпайы
-Қабілетті
-Мәдениетті
-Болашаққа жол бастаушы

Даярлық тобы оқушыларының Елбасына арнаған тілектерінен үзінді

1-оқушы:

Хор: «Отан»

Отан деген ата- мекен,
Отан деген туған туған жер.
Отан-ана, Отан-пана,
Қазақстан туған ел.

Ән: Дильдана «Жаса, Қазақстан!»

1-Әділжан: Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді ұмытпайық. Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар бүгінгі тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты мерекеміз аяқталды.
Тыңдағандарыңызға көп рахмет.
Сынып жетекшілері: Байгульжина Ж.М.
Оразаева Р.Т.
Аманбаева Г.А.
Құдайбергенова Ж.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.