Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ЕЛБАСЫНЫҢ ЖАЛАУ ЕТКЕН ЖОЛДАУЫ -

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖАЛАУ ЕТКЕН ЖОЛДАУЫ

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 9329 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сыдыкова Гулшат Куттыбиевна
Шалқар ауданы
Бозой орта мектебі
9 «а» класс жетекшісі

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖАЛАУ ЕТКЕН ЖОЛДАУЫ
Мақсаты: Оқушыларға жалпы стратегиялық жолдау дегеннің не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін ,биылғы 2014 жылғы 17 қаңтардағы жолдауында не көрсетілгендігін, алға қандай жоспарлар мен мақсаттар қойылып отырғандығын, мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған істері негізінде Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін көрсету.
Түрі: ашық тәрбие сағаты
Аудиториясы: 9 кл
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, аудиозапись, жалаушалар,кітап - журналдар т.б
Барысы:
(Жолдаудан үзінді тыңдалады)
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және білім алушылар. Бүгінде елімізде мемлекет басшысының жолдауы белсенді талқылануда. Өз кезегінде бізде өзіміздің білім беру ордамыз аясында ортақ іске үлес қосқанды жөн санап отырмыз. Себебі жолдау саяси мәселе ғана емес, сонымен қатар еліміздің әрбір тұрғынының өміріне қатысты мәселе, себебі жолдау – мемлекеттің тағдыры.
2-жүргізуші: Осыған орай бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз «Елбасының жалау еткен жолдауы» тақырыбында болып отыр. Ашық тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға жалпы стратегиялық жолдау дегеннің не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін биылғы 2014 жылы 17 қаңтардағы жолдауында не көрсетілгендігін, алға қандай жоспарлар мен мақсаттар қойылып отырғандығын, мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған істері негізінде Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін көрсету.
1-жүргізуші: Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білетін, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген экономикасы, мәдениеті өркендеген Азиялық айбынды мемлекетке айналды.
2-жүргізуші: 1998 ж 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР астанасы Астана қаласы болып аталды. Ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы» ҚР Заңы қабылданды. 1998 ж 10 шілдеде Астананың халықаралық тұсауы кесілді. Қазақстан Астанасының жаңарған келбеті қазір дүние жүзіне сәтті таныстырылды.
Әсем: 1991 жылы Республикада Президент қызметі белгіленді. Жоғары кеңестің сессиясында жабық дауыспен Н. Ә.Назарбаев ҚР-ның Президенті болып сайланды. Әрине, ел басқару екінің бірі, егіздің сыңарының қолынан келетін өнер емес.
Демеу: Егер Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері көп қырлы бейбітсүйгіш сыртқы саясаты тұрғысынан қарасақ ғасырлық аңсаған арманындай көгілдір түске бөленген көк байрағы халықаралық аренада желбірейді. Елбасының саясаты нәтижесінде ұлтаралық кикілжіңдер орнығуы мүмкін мекеннен сан ұлттың достығы жарасқан елге айналдық.
Ән: «Көк тудың желбірегені» орындайтын: Ұзақов Берікбол
1-жүргізуші: Елбасының халыққа алғашқы стратегиялық жолдауы қай жылы, қандай атпен жолданды?
Жауап: 1997ж қазан айында «Барлық Қазақстанның өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты халыққа жолдауында ҚР 2030 ж дейінгі даму стратегиясы белгіленді.
Ақнұр: «Отан» өлең оқу
Мақсат: Елбасы жолдауы – қалың бұқараны сара жолға салатын жол. Қазіргі таңда Қазақстан нық қадаммен елеулі даму әлеуетімен жаңа онжылдыққа, жаңа болашаққа бет алды. Жолдаудың әр бір сөйлемі бұқара халықтың қамы үшін жазылған мәселелер. Бұл – қазақстандық көшбасшылыққа қадам басу, бұл- жаңа кезең бастауы, бұл – жаңа жоспарлар.
1-жүргізуші:1997 жылдан 2013 жылға дейін Елбасы халыққа 18 жолдау жолдапты. Соңғы жылдардағы жолдауларды еске түсіре кеткеніміз жөн болар.
1) 2008 ж - «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясатының басты мақсаты».
2) 2009 ж – «Дағдарыстан жаңару мен дамуға».
3) 2010 ж – «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
4) 2011 ж – «Болашақтың іргесін бірге қалайыз»
5) 2012ж 14 желтоқсан – «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»,
6) 2013ж «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
2-жүргізуші:
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы: Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ деп аталады. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті екен.
1 жүргізуші: Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтады.
Ақмарал: «Қазақстан -2050» Стратегиясын орындау Отанымыздың әрбір патриотының азаматтық борышы саналады. Елбасының Жолдауындағы
Біз мына басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешуіміз керек.
1. Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу ;
2. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру;
3. Ғылыми қамтымды экономика құру;
4. Инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету керек;
5. Шағын және орта бизнесті дамыту;
6. Қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасау;
7. Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру.
Бағылан: Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!
Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы.
Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.
Аружан: Олар қазақ үшін қасиет саналған киелі жеті құндылықтар
Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.
Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.
Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.
Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Жанат: Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы - деді Елбасымыз
Әлішер: Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
Қазақ биі «Тақия»
Таңшолпан : Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық.
Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық.
Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет ұрдық. Біз осылайша аз жылда алапаты артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналдық.
Осының бәрі ғұмыры ел тағдырымен еншілес Елбасының арқасында.
1-жүргізуші: Ашық тәрбие сағатын Елбасының Жолдаудағы жалынды сөзімен аяқтаймыз.
Хормен: Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!
2-жүргізуші: Тыйылғандай дағдарыста, даму да
Жылынғандай қаһарлы қыс, қарың да
Елбасының елге арнаған жолдауы
Жанымызға нұрлы шуақ құйғандай,- демекші Елбасымыздың жалау еткен Жолдауына әрбір қазақстандық жүгінуге міндетті. Біз үшін Отаннан асқан байлық, Отаннан асқан дәулет жоқ. Ендеше сол Отанымыздың тәуелсіздігін сақтап одан әрі дамуына баршамыз үлес қоса білейік. Назарларыңызға рахмет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.