.
.
Тақырыбы:« Ер есімі - ел есінде!» Ер есімі - ел есінде!
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2100 | Размер: | Автор: гостьМақсаты: 1941 – 1945 жылғы Ұлы Отан соғысында, неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының қан майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін жас ұрпаққа үлгі ету.Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, ардагер аталарымызға құрмет көрсету;
Келер ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылықққа, бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, ерлікке , батыл болуға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: слайдталған бейне көрініс, батыр аталарымыздың суреттері , гүлдер, мәңгілік алау ; Ұлы Отан соғысы туралы деректі фильм;
Жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Топқа бөлу (41 , 45 саны бар жұлдызшаларды таңдау арқылы)
ІІІ. Топтық жұмыс.
а) Ой қозғау кезеңі (постермен жұмыс)
б) Мағынаны тану кезеңі (Сұрақ – жауап)
в) Ой толғаныс кезеңі (Автор орындығы әдісімен)
ІҮ. Рефлекция «Тілек ағашы »
Бағалау тәсілі . Белсенді қатысқан топ мүшесі Ұлы отан соғысы ардагерлерінің төсбелгісімен марапатталады.
Алғы сөз.
Бір елес қол бұлғайды тылсым көктен,
Қойнауын Қаратаудың дүрсілдеткен.
Шайырда обелиск ескерткіш тұр,
Еске алып боздақтарды қыршын кеткен.
Жау шапты , шаңырақ жоқ шайқалмаған,
Ал , уақыт жер бауырлап қайқаңдаған.
Бір жүз де отыз сегіз қайран ерлер,
Ауылға арман қуып қайта алмаған.
Ұлықтап еске аламыз біз егіліп,
Көңілде күңгірт күлдей жүзеді бұлт
Қалды олар туысқандар моласы боп,
Ұрпақтар тағзым етер тізе бүгіп.
Қырғын кез Шайыр қалды арып – ашып,
Жесірлер зар жылады қаны қашып.
Жас бала белі бүкір шалға айналды,
Ауылдың жабыраңқы жаны жасып
Сан жылдар өтіп жатыр сағымданып,
Ескерткіш қоңыраулар дабыл қағып.
Боздақтар аунап түсіп жатыр бүгін,
Сәбидің бесіктегі бағын жағып...
Ел еңсесін жаңа ғана көтеріп келе жатқан шақта 1941 жылы 22 маусымда гитлершіл Германия опасыздықпен тұтқиылдан шабуыл жасап , бейбіт жатқан елге адам айтқысыз ауыр кесапатын ала келді. Бес жылға созылған қиян кескі сұрапыл соғысқа барша қазақстандықтармен бірге шайырлықтар да қатысты.
Соғыс басталған соң бүкіл еліміздегі сияқты Маңғыстау ауданында да майданға ел қорғаны – азаматтарды аттандыру басталды. 1941 жылдың аяғына дейін № 8 Шайыр ауылдық кеңесі бойынша «Жаңалық» , «Жаңа құрылыс «Жаңа күш», «Қарасай» колхоздарынан 68 адам, № 18 Шевченко атындағы ауылдық кеңестен 56 адам майданға алынды. Сөйтіп , Ұлы Отан соғысы аяқталғанға дейін бұл цифрлар ұлғая берді. Ал жалпы соғыс жылдарында Шайыр ауылынан ғана 141 адам майданға аттана , соның 82 – сі туған жерге орала алмай , опат болды. 25 адам елге әртүрлі топтағы мүгедек болып оралды.
Ұлы Отан соғысының сұрапыл сын сағаттарға толы қаһарлы жылдарында майдан мен тыл тас түйін болып бірікті. Бірі қиян кескі ұрыста ерлік көрсетсе , екіншісі күні – түні кірпік ілмей еңбек етіп , Ұлы Жеңісті шыңдай түсті.Ер азаматтардың барлығы қолдарына қару алып майданға аттанды. Ауылда әйелдер мен қариялар, бала – шаға слдіреп қалды. Бірақ олар қарап қалған жоқ, олар өздерінің ер азаматтарының орнын жоқтатқан жоқ. Ел басына күн туған шақта тылдағылар да таңның атысы , күннің батысы маңдай терін бес төгіп , еңбек етті.Сонымен сол жылдарда тыл да шын мәнісінде екінші майдан болды.
Бүкіл еліміздегі сияқты маңғыстаулықтар да, соның ішінде Шайырлықтар да «Барлығы майдан үшін , барлығы Жеңіс үшін » деген ұранды ту етіп көкке көтерді.
І. Ой қозғау кезеңі . Топтық постермен жұмыс.
( Бейне слайдқа байланысты оқушылар өз ойларын айтады.)
І топ. «Соғыс» сөзінің мағынасын ашу
ІІ топ. « Шайырлықтар қаһарлы жылдарда »
Ән: « Ана туралы баллада » Орындайтын Алпамысқызы Нұрзия
ІІ. Мағынаны тану кезеңі (Сұрақ қою әдісі арқылы)
І топ :
1. Ұлы Отан соғысы қай жылы, қай күні , қай айда басталды?
2. Қазақстаннан қанша адам соғысқа аттанды?
3. Қазақстаннан қанша адам соғыстан оралмады?
4. Қазақстандық батырларды ата?
5. Рақымжан Қошқарбаев кім?
ІІ топ
1. Ұлы Отан соғысы қай жылы, қай күні, қай айда аяқталды?
2. Шайырлықтардан қанша адам соғысқа аттанды?
3. Шайырлықтардан қанша адам соғыстан оралмады?
4. Шайырлық батырларды ата?
5. Исатай Сүйеубаев кім?
Ән: Соғыс әндерінен поппури Орындайтын Орынбаев Амандық
ІІІ. Ой толғаныс кезеңі . Автор орындығы әдісімен
І топ . Көрініс « Қып – қызыл өрттің ішінде » (Қарт майдангер Мәжит Ізбасаровтың естелігінен.)
ІІ топ . Көркем сөз оқу Ауылымыздың бас ақыны Қалмағанбетов Жаңабайдың «Әкемен сырласу » өлеңі.
ІҮ. Рефлекция Көркем сөз: «Соғыс куәгерлеріне хат» Аманғалиева Еңлік
«Тілек ағашы» (Оқушылар түрлі стикерлерге өз тілектерін арнап жазып, дауыстап оқып ағашқа жабыстырады)
Қорытындылау .
Жеңімпазды анықтау.
Хор: Көк тудың желбірегені
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.