Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ер есімі –ел есінде». -

«Ер есімі –ел есінде».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1502 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Ашық тәрбие сағаты «Ер есімі –ел есінде»

Мақсаты: 1. Оқушыларды отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
2. Өзінің туған жерін шын сүйіп, оның тарихына үлес қосқан, отандық тіл білімі көшбасшыларының бірі, ғалым-педагог, әдебиетші, сыншы, тарихшы, аудармашы, қоғам қайраткері жерлесімізТелжан Шонанұлы атамыздың өмірін, еңбегін оқып үйрену.
3. Мектеп есіміне сай лайықты оқушы болу.
Әдісі: баяндау, пікір алмасу.

Сабақта тіл маманы, әдебиет зерттеушісі, аудармашы, методист, тарихшы мамандар рөлін оқушылар дайындады.

Барысы:
1. Т. Шонанұлының өмірі.
2. Лингвист.
3. Әдебиет зерттеушісі.
4. Аудармашы.
5. Жер тағдыры – ел тағдыры.
6. Көп қырлы ғалым, педагог Телжан Шонанұлы

Телжан Шонанұлы өмірі...
Т.Шонанұлы 1894 жылы Ақтөбе облысы,Ырғыз ауданы, Аманкөл ауылында дүниеге келді.1908-1912 жылдары Ырғыздағы екі кластық орыс-қазақ мектебінде, 1912-1916жылдары Орынбордағы Қырғыз(қазақ) мұғалімдер институтында оқыған. Институтты бітіргеннен кейін 5-6 жыл мұғалімдік қызмет атқарған. 1917 жылы Алашорда үкіметінің А.Байтұрсынов басшылық еткен Оқу комиссиясына сайланған. 1920- жылдарда мұғ, 1928 жылдан ҚазМУ-да, ҚазПИ-де оқытушы, доцент. Шонанұлы – қазақ тіл білімі саласында елеулі еңбек еткен ғалым. Оның сауат ашуға байланысты жазылған «Жаңалық» (1928), «Сауаттан» (1929), «Колхоз ауылы» (1930), «Қазақ тілі» (1934), «Бастауыш мектептеріндегі қазақ тілінің әдісі» (С.Жиенбаевпен, Ғ.Бегалиевпен бірге, 1935), ересектерге арналған «Шала сауатты ересектер үшін құралы» (1926) , өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуға арналған «Орыстар үшін қазақша әліппе» (1931), « Қазақ тілінің оқу құралы»(1933), «Учебник казахского языка для взрослых» атты еңбек жазған.
Телжан Шонанұлы қазақ тіл білімінің өркендеп өсуіне елеулі еңбек сіңірген, дара талантымен көзге түскен, аз уақыт ішінде артына мол мұра қалдырған.

Тіл маманы:
С.И.Ожеговтың «Орыс тілі сөздігінде «лингвистика- наука о языке, языкознание», ал «лингвист-специалист по лингвистике, языкознанию», - деп түсіндірілген. Телжан қазақ тілі білімінің орны бөлек маманы, шоқтығы биік, білім терең, осы саладағы саусақпен санайтын біртуар ғалымның бірі екендігінде күмән жоқ.
Ғалымның тіл білімі саласындағы ғылыми мұралары сан алуан әрі көлемді және бәрі кезінде баспа жүзін көрген , жеке кітап болып басылып шыққан.
«...Тіл –мәдени өркендеудің басты факторы. Тіл жоқ жерде халық, біріншіден, ұлттық бет-бейнесінен айырылып қалады, екіншіден, рухани, мәдени тозғындауға ұшырайды. Тілсіз, сөзсіз ақыл мен ойды қозғай алмайсың. Ал ой-санасыз сөз жоқ. Яғни, сөйлей білмесе, адамның хайуаннан айырмасы аз». Бұл Телжан қаламынан туған пікір.
Көрнекті лингвистің қаламынан туған оқулықтардың ұзын отыздан асады, ал мұның сыртында баспа жүзін көрген, газет-журналдарда басылған жүзге тарта ғылыми мақалалар және бар. Шонанұлы ана тілін оқыту жүйесін бір ізге, жүйеге қою мақсатын көздеп, түрлі-түрлі әдістемелік еңбектер де жазған адам. Ол «Жаңалыққа жетекші», «Диаграммалар – гра қпндпй болады» атты кітаптарды жазып шығарды. Сонымен бірге , орыстарға қазақ тілін үйрету әдісі жайында, ересекетерді сауаттандыру жолдары жөнінде көлемді мақалалар қалдырды
Әдебиетші:
Әдебиет зерттеушісі ретінде қарастырғанда Т.Шонанұлын да алға абайтанушылар тобына жатқызған дұрыс. Оның шығармашылығында Абай елеулі орын алады. А.Байтұрсынов « Абай өлеңдерін бастыру жайында сөйлесемін десе, Шонанұлы «Абай кітабын бастыру керек деп жар салады»
Әдебиет зерттеушісі Шонанұлы Евгений Онегиннің қазақша аудармасы жайында жан-жақты пікір жазған, ол арқылы орыс, батыс әдебиетін терең білетіндігін аңғартқан, дәлелдеген. Халық ауыз әдебиетінің мұралары жайлы жазғандары өз алдына бір төбе.
Аудармашы:
Алаштың асыл азаматы Т.Шонанұлының тағы бір қыры оның тәржіме саласында – аудармада қаламы жүйрік, ерекше тұлға болатындығында. Қазақ әдебиетінің ояну дәуірінде еңбек еткен қайраткерлердің қайсысы болмасын аудармамен айналысқан. Алғашқы аудармашылар қатарында Телжан есімін атап, әрі дәлелдеуді азаматтық парызымыз санаймыз.
Деректерге қарағанда ол «Марксша тіл білімінің негіздері», «Каминскийдің «Ауылдағы кооперация туралы» атты кітаптарын қазақша сөйлеткен. Сондай-ақ Н.Крупскаяның «Селодағы саяси ағарту жұмысы» (1925) атты шағын кітапшасы да қазақша сөйлеп, кедей-шаруаның қажетіне жарады.
Телжанның бірнеше Шығыс тілдерін , орыс тілін жетік білгені өз алдына, сонымен бірге неміс тілінде сөйлей алатыны жайлы деректер бар.

Тарихшы:
Көрнекті қазақ зиялыларымен бір кезеңде, бір мезгілде қазақ тарихын түзуге іргелі зерттеу еңбегімен үлес қосқан тұлғаның бірі- Телжан Шонанұлы. Телжан «Қазақ жер мәселесінің тарихын» өз қолыман жазды.
Автор қазақ тарихын сол кездің ең күрделі мәселесі бойынша зерттеген. «Мәселенің мән-жайын шама-шарқымызша толығырақ түсінеміз десек, тарихымыздың ең болмағанда, мұнан екі жүз жыл бұрынғы дәуірінен бастап, бері қарай жолаушыламасақ бол» ,- деп жазуынан-ақ Телжан негізгі жұмыс объектісі етіп Қазақстанның Ресейге «өз еркімен» қосылуы кезеңін алатынынан хабар етеді.
Бұл кезең еркіндікке ұмтылған қазақ халқының Ресей империясы қол астында ноқталанға тұсы. Тарихшы Телжан ойын білдіру үшін деректерге тіл бітіреді, дәлелді көлденең тартады. Ол отарлаудың түбінде неге әкелгенін көрсете отырып, «Қазақ жеріне отаршылардың ұстаған саясаты – қазақ тұрмысын көп өзгеріске ұшыратты. Көшпелілерді бірте-бірте жерсіз қалдырып, тақыры мен шөлге иіріп тастап, егін саларлық, отырарлық жерден құралақан қалдырды... « деген тұжырым жасайды. Осы кітап отызға тарта тараудан тұрады. «Ескі заманда қазақ жерін қалай пайдаланған?», «Мұжық колонизациясының майданға шығуы», «Қамалдар салынып, жер алыну», «Отаршылардың қазақ жерін талағандағы қимылы мен лебі», «Тасталған шоқпар көшпелі сорлының маңдайына тиед» - деген тақырыптар кітаптың мазмұнының кең ауқымды екенін бірден аңғартады.
Қорытынды.
Заманымыз жүктеп отырған адамгершілік, елдік парызымыздың бірі – сталин тоталитаризмнің құрбаны болып, атаусыз қалған қазақ зиялыларын түгендеп, өзінің тарихи тұғырына тұрғызу, олардың ғылыми, әдеби шығармаларын халыққа жеткізу.
Әңгіме еткеніміз – жаны пә, мінезі майда, небары 43 жыл ғана өмір сүрген көрнекті ғалым –Телжан Шонанұлы. Егер қазақ интеллигенциясының Шонановтай қарлығашта оқфп білмесек, олардың бүкіл қазақ мектебі жүйесін тарихта тұңғыш құрып, қазақ балаларына арнап тұңғыш ұлттық педагогика сипатында неше түрлі оқулықтар жасап, қазақ педагогика ғылымының іргетасын қаласқанын ескермесек –ол қазақ мәдениеті тарихын бұрмалау болар еді.
Сөзіміздің түйіні: Шонановты тану – тарихымызды тану, қазақ зиялыларының 20-30 жылдардағы ауыр тағдырын терең т, қиыншылыққа мойымай, аз уақытта еселеп еңбек еткен Шонановтай ғалымдарымыздың әруағына тағзым ету.



11А класс жетекшісі Хамза Мұратбек
Телжан Шонанұлы атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.