Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ертегілер елінде». -

«Ертегілер елінде».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 6934 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: «Ертегілер елінде»
Мақсаты:
білімділігі: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу. Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.
дамытушылығы: Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.
тәрбиелігі: Эстетикалық талғам мен эстетикалық мәдениетін қалыптастыру; ертегі арқылы адамгершілік, достық, мейірімділік, еңбексүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге бейімдеу.
Көрнекілігі: слайд, тақырып жазылған плакат, ертегілерге қажетті жабдықтар
Шарты: Әр сынып ертегіден көрініс көрсетіп, сахналайды.

Шараның барысы:
І. Кіріспе сөз:
- Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Барлығыңызда бастауыш сынып апталығында оздырылғалы отырған « Ертегілер елінде» атты шарамызға қош келдіңіздер! Ертегі - балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақты елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ауыз әдебиетінің бір түрі. "Ертегі" деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде "ертек" деп те айтылады. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер-тұнып тұрған қиял-ғажайып: жануарлар, жәндіктер адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен шайқасады.
Бүгін 1-4 сынып оқушылары өздерінің дайындаған ертегілерін біздің алдымызда сахналап көрсететін болады. Олай болса «Ертегілер елінде» атты шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Әр сыныптың ертегіні сахналау шеберліктерін анықтап, әділ бағасын беретін әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар:
1. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Сейтмуханова А.Ж.
2.Кітапханашы: Тасмаганбетова А.Б.
3. Қосымша білім беру педагогі: Тасмаганбетова А.С.

Көрермендерге сұрақтар:
1. Қандай ертегілерді білесіздер?
2. Ертегілер неше түрге бөлінеді? /тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, шыншыл./
3. Өзің білетін ертегі кейіпкерлерін ата?
4. Ертегілер қалай басталады? /«Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ....... болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөлтеде» деп те басталады./
5. Ертегілер қалай аяқталады? / Ертегі үнемі жақсылықпен аяқталады. «сөйтіп мұратына жетіпті»

Жүргізуші: Балалар, «Жұлдыз айы көркем,
Әдемі еді неткен, құстары сөйлейді,
Бұлттары билейді...» деген шумақтар нені еске түсіреді?
- Бұл әрине «Ертегілер әлемі» әні. Өлең ертегі әлеміндегі ғажайып көріністерге елес береді. Олай болса кезекті әсем әнге берейік.

Ән: «Ертегілер әлемі». Орындайтын: 3-сынып оқушысы: Шарипова Гүлназ
Кел, көрейік ертегі,
Естіген жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық сырын шертеді,- демекші алдарыңызға 1-2 сынып оқушыларын шақырамын.
1 «А» сынып – «Шалқан» ертегісі
1 «Б» сынып –«Қызыл телпек» ертегісі
1 «В» сынып – «Үйшік» ертегісі

2 «А» сынып – «Бауырсақ» ертегісі.
2 «Ә» сынып – «Дос іздеген бота» ертегісі
2 «Б» сынып – «Жеті лақ» ертегісі

Көрермендерге: «Кім білгір?»
Шарты: Сурет бойынша ертегілердің атын табу керек.
1) Алдар көсе
2) Ер Төстік
3) Алтын балық
4) Күлше қыз
5) Маша мен аю

Жүргізуші: Балдырғандар көп біледі ертегі,
Ерінбестен ертегіні шертеді.
«Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды,
Бірнешеуін қабат айтып тастайды, демекші ендігі кезекті 3-сыныптың оқушыларына берейік.
3 «А» сынып – «Мақта қыз» ертегісі
3 «Ә» сынып - «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі
3 «Б» сынып – «Мақта қыз» ертегісі
3 «В» сынып – Кім күшті? ертегісі

Көрермендерге: «Кім тапқыр?»
Шарты: Ертегіден үзінді және кейіпкерлер жасырынған жұмбақтар оқылады. Ертегінің атын және кейіпкерді атау.
1) «Үшінші рет салғанда,түсті, әйтеуір, бір балық.Балыққа тіл бітіп: « Жібер мені, қарт, еңбегінді жемеймін, қалауыңды айт», -деді. /«Алтын балық»/
2) «Тышқан өз бойына сеніп «күнді менен бұрын ешкім көрмейді» деген түйенің өркешіне мініп алып, күн сәулесін бұрын көріп қалды. Ал аңқау түйе бәрінен де құр қалды.» Қандай ертегіден алынған үзінді? / Жыл басына таласқан хайуанаттар/
3) Қу түлкі барлық балықты
Түсіріпті бір-бірлеп,
Түсіріп бәрін болған соң
Түсіп қапты бүлкүлдеп.
Суатқа барып құйрықты
Кешке қарай малып қой,
Таң атарда тартасың
Балыққа жарып қайтасың./Түлкі мен қасқыр/
4) «- Көкек-көкек! Қайырымды көкек! Балапандарымды жылан жейін деп жатыр, маған көмек бере гөр!» -дейді жан ұшыра. (Қарлығыш пен дәуіт )
5) «Жақсылыққа дұшпанмын.
Жамандыққа құштармын,
Тісімді жұлып, лақтырып,
Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.
Жас емеспін, кәрімін,
Ертегінің сәнімін.» Кім туралы айтылған? / мыстан кемпір/
Жүргізуші: Еліктіріп,ертек бізді баурайды,
Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды – дей отырып, ендігі кезек 4-сынып оқушыларында.
4 «А» сынып- «Алдар көсе мен Шық бермес Шығайбайдың кездесуі»
4 «Ә» сынып – «Көктем сәні» ертегісі
4 «Б» сынып – «Егінші мен қасқыр» ертегісі

Қорытынды: Құрметті жас достар, ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сондықтанда ертегілер сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, армандарыңды асқақтатады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңды әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Өйткені ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.
Қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Тақырыбы: «Ертегілер елінде»
Мақсаты:
білімділігі: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу. Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.
дамытушылығы: Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.
тәрбиелігі: Эстетикалық талғам мен эстетикалық мәдениетін қалыптастыру; ертегі арқылы адамгершілік, достық, мейірімділік, еңбексүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге бейімдеу.
Көрнекілігі: слайд, тақырып жазылған плакат, ертегілерге қажетті жабдықтар
Шараның барысы:
І. Кіріспе сөз:
- Ертегі - балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақты елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ауыз әдебиетінің бір түрі. "Ертегі" деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде "ертек" деп те айтылады. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер-тұнып тұрған қиял-ғажайып: жануарлар, жәндіктер адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен шайқасады.
Сұрақтар:
1. Қандай ертегілерді білесіздер?
2. Ертегілер неше түрге бөлінеді? /тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, шыншыл./
3. Өзің білетін ертегі кейіпкерлерін ата?
4. Ертегілер қалай басталады? /«Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ....... болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөлтеде» деп те басталады./
5. Ертегілер қалай аяқталады? / Ертегі үнемі жақсылықпен аяқталады. «сөйтіп мұратына жетіпті»

- Балалар, «Жұлдыз айы көркем,
Әдемі еді неткен, құстары сөйлейді,
Бұлттары билейді...» деген шумақтар нені еске түсіреді?
- Бұл әрине «Ертегілер әлемі» әні. Өлең ертегі әлеміндегі ғажайып көріністерге елес береді. Олай болса кезекті әсем әнге берейік.
Ән: «Ертегілер әлемі».
Кел, көрейік ертегі,
Естіген жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық сырын шертеді. / ертегі тамашалау /
І топ: «Үйшік» ертегісі ІІ топ: «Мақта қыз» ертегісі
- «Кім білгір?» тапсырмасы:
Шарты: Сурет бойынша ертегілердің атын табу керек.
1. Алдар көсе
2. Ер Төстік
3. Алтын балық
4. Күлше қыз
5. Маша мен аю
6. Қожанасыр
- « Кім қандай ертегі біледі?»/ оқушылар өздерінің білетін ертегілерін айтады/
Балдырғандар көп біледі ертегі,
Ерінбестен ертегіні шертеді.
«Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды,
Бірнешеуін қабат айтып тастайды, демекші ендігі кезекті оқушыларға береміз.
- «Кім тапқыр?» тапсырмасы:
Шарты: Ертегіден үзінді және кейіпкерлер жасырынған жұмбақтар оқылады. Ертегінің атын және кейіпкерді атау.
1. «Үшінші рет салғанда,түсті, әйтеуір, бір балық.Балыққа тіл бітіп: « Жібер мені, қарт, еңбегінді жемеймін, қалауыңды айт», -деді. /«Алтын балық»/
2. «Тышқан өз бойына сеніп «күнді менен бұрын ешкім көрмейді» деген түйенің өркешіне мініп алып, күн сәулесін бұрын көріп қалды. Ал аңқау түйе бәрінен де құр қалды.» Қандай ертегіден алынған үзінді? / Жыл басына таласқан хайуанаттар/
3. Қу түлкі барлық балықты
Түсіріпті бір-бірлеп,
Түсіріп бәрін болған соң
Түсіп қапты бүлкүлдеп.
Суатқа барып құйрықты
Кешке қарай малып қой,
Таң атарда тартасың
Балыққа жарып қайтасың./Түлкі мен қасқыр/
4. «- Көкек-көкек! Қайырымды көкек! Балапандарымды жылан жейін деп жатыр, маған көмек бере гөр!» -дейді жан ұшыра. (Қарлығыш пен дәуіт )
5. «Жақсылыққа дұшпанмын.
Жамандыққа құштармын,
Тісімді жұлып, лақтырып,
Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.
Жас емеспін, кәрімін,
Ертегінің сәнімін.» Кім туралы айтылған? / мыстан кемпір/

Мұғалім: Еліктіріп,ертек бізді баурайды,
Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды – дей отырып, ендігі кезекте барлығымыз ертегіні тамашалайық. /компьютерден қарау/
Қорытынды: Құрметті жас достар, ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сондықтанда ертегілер сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, армандарыңды асқақтатады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңды әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Өйткені ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.
Қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

V бөлім – «Кім шапшаң?»
Шарты: Кез-келген ертегіден үзінді айтылады, сол ертегі кейіпкерлерін ретімен айту керек.
1) – Ей күшік мен сені жеймін! – депті
--- Қой, көкешім, қой! (Күшік, қасқыр, мысық)
2) Дерменші үшінші рет қолын суға малғанда, қара темір балта ілігеді. (Кедей, дерменші
бай)
3) Жыл басына таласып түйе күнді көрмей қалыпты. (Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу,
жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз).
4) – Тышқан, тышқан сен неден күшті болдың? (Мұз, күн, бұлт, жусан, қошақан, қасқыр,
мерген, тышқан, құмырсқа).

Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде
-«Шырақтарым - лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», - деп әндетемін. "Қасқыр мен жеті лақ" ертегісі

Тышқан: Сонда мені қай ертегіден екенімді білмей тұрсыз ба? Мен бар әлемдегі айлакер Тышқанмын.
Мақта Қыз:
Мен, Мақта Қыз, үйді тазаладым,
Сен, мысық қайта-қайта мазаны алдың.
Қатық төктің, еңбекті қадірлемей,
Құйрығыңды жұлып ап жазаладым. МЕН ДЕ ӨЗ ТАПСЫРМАЛАРЫМДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАП АЛЫП КЕЛДІМ ДЫМБІЛМЕС ОҚИ ҒОЙ СҰРАҚТАРДЫ
Мысық:
Көзіме көрінбей тышқан,
Мен мысықпын іші пысқан
Қатығыңды қайтардым төккен,
Қайырымды алдым көптен.
Шал: Жарайсыңдар. Мен де осы ертегі елінің кейіпкерінің бірімін. Қазбайдың өмірін сақтап қалып, мына сиқырлы заттарға ие болдым. Олар қазан, есек, тоқпақ. Балалар, мені таныдыңдар ма? Ертегінің атын білесіңдер ме? ( «Ұр, Тоқпақ!»).
Мыстан:
Мен мыстанмын, мыстанмын,
Жақсылыққа дұшпанмын.
Жамандыққа құштармын,
Су астынан шыға кеп,
Алқымыңнан қысқанмын.
Тісімді жұлып, лақтырып,
Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.
Жас емеспін, кәпрімін,
Ертегінің сәнімін.
Көркейтуге келгенмін,
Ертегілер ауылын.
Аптап ыстық кең даланы қуратқан
Егін күйіп, бұлақтарды суалтқан.
Сол кезде
Тау көтеріп ел үшін,
Жаңбыр әкеп, отанын қуантқан.
Ол кім? (Толағай)
Кіп-кішкентай ғана бойы бар,
Қысылғанда сөз тапқан
Қырық өтірік пе, керегі?
Жаңылмай айтып береді. (Тазша бала)
Кедергі еткен масаға,
Адамдармен дос болып,
Тек жақсылық жасаған
Айыр еткен құйрығын,
Зұлым жылан тасада
Білесің бе, қандай құс? (Қарлығыш)
Шал: Бұл сұмдықты өзім тоқтатпасам болмайды. Балалар осы қай ертегі болмасын, жақсылықпен аяқталады. Біздің халық ертегілері қандай сөздермен аяқталады? («Сөйтіп өз мұратына жетеді», «Одан кейін ұзақ жылдар өмір сүріп мақсаттарына жетеді», «Еліне қайтып, мұрат-мақсаттарына жетіпті»).

Үйшік ертігісі
Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.
Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
– Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
– Мен бақылдауық бақамын. – Кел, бірге тұрайық.
Бақа «бақ-бақ!» деп бақылдап, үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады.
Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян жетеді.
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
– Мен тықырлауық тышқанмын!
– Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
– Мен қорқақ қоянмын!– Кел, бірге тұрайық.
Қоян да үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды.
Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезесін қағады да:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
– Мен тықырлауық тышқанмын!
– Мен бақылдауық бақамын.
– Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?
– Мен қу түлкімін!– Кел, бірге тұрайық.
Үйшіктен түлкіге де орын табылды. Достар енді төртеу болды.
Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған дауысымен:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
– Мен тықырлауық тышқанмын!
– Мен бақылдауық бақамын.
– Мен қорқақ қоянмын!
– Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің?
– Мен сұр қасқырмын!– Кел, бірге тұрайық.
Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді. Әйтсе де кіп-кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді. Барлығы қосылып, ән айтады. Тату-тәтті өмір сүреді.Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар дауысымен:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп ақырады.
– Мен тықырлауық тышқанмын!
– Мен бақылдауық бақамын.
– Мен қорқақ қоянмын!
– Мен қу түлкімін!
– Ал мен болсам, сұр қасқырмын! Ал сен кімсің?
– Мен қорбаңбай аюмын!
– Кел, бірге тұрайық.
Аю ары-бері тырбыңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен, денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:
– Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын, – дейді.
– Жоқ, сен дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой, – деп шырылдайды іштегілер. – Қорықпаңдар, түк те болмайды, – деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.
Кіп-кішкентай үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол-ақ екен, ескі үйшік сықырлап, шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр – барлығы аман-есен үйшіктен шығып үлгереді.
Аюға олар ренжімейді. Қайта барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша, достар өздеріне әп-әдемі, жап-жаңа үйшік соғып алады.

Үйшік ертігісі
Автор: Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді.

Автор: Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.
Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.

Автор: Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады.
Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян жетеді.

Автор: Қоян да үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды.
Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезесін қағады да:

Автор: Үйшіктен түлкіге де орын табылды. Достар енді төртеу болды.
Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған дауысымен:

Автор: Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді. Әйтсе де кіп-кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді. Барлығы қосылып, ән айтады. Тату-тәтті өмір сүреді.
Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар дауысымен:

Автор: Аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.Кіп-кішкентай үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол-ақ екен, ескі үйшік сықырлап, шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр – барлығы аман-есен үйшіктен шығып үлгереді.Аюға олар ренжімейді. Қайта барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша, достар өздеріне әп-әдемі, жап-жаңа үйшік соғып алады.

Тышқан тоқтап:
1.– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
2. – Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
3. – Кел, бірге тұрайық.
4. Жоқ, сен дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой

Бақылдап бақа келеді:
1. – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
2. – Мен бақылдауық бақамын. Бақа «бақ-бақ!» деп бақылдап, үйшікке секіріп кіреді.
3. - Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
4. – Кел, бірге тұрайық.

Ытқып секіріп Қоян келіп:
1. – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
2. – Мен қорқақ қоянмын!
3. Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?
4. Кел, бірге тұрайық.

Ақырын басып жақын келіп, терезесін қағады да:
Түлкі:
1. – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
2. Мен қу түлкімін!
3. Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің?
4. – Кел, бірге тұрайық.

Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған дауысымен:
Қасқыр:
1. – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
2. Мен сұр қасқырмын!
3. Мен сұр қасқырмын. Ал сен кімсің?
4. – Кел, бірге тұрайық.

Қасқыр үйшікке жақын келіп, бар дауысымен:
1. – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
2. Мен сұр қасқырмын.
3. – Ал мен болсам, сұр қасқырмын! Ал сен кімсің?
4. – Кел, бірге тұрайық.

Аю:
1. Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
2. – Мен қорбаңбай аюмын!
3. – Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын.
4. Қорықпаңдар, түк те болмайды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.