Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Етістіктің шақтары -

Етістіктің шақтары

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1945 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Етістік туралы білімдерін кеңейту. Етістіктің өткен, осы және келер шақ түрлерімен таныстыру.
2. Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтағы әдіс -тәсілдер: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, талдау
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, суреттер, қима қағаздар, семантикалық кесте
Пән аралық байланыс: дүниетану, өзін - өзі тану. Ана тілі

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)
1. Оқушылармен амандасу.
2. Тілді жаттықтыру (сұрақтарға жауап беру)
- Бүгін аптаның қай күн? Қазір қандай сабақ? Біз қай тілде сөйлейміз? Бүгінгі күн қандай? Қазір көңіл - күйіміз қалай? ☺(жақсы)
Мұғалім, балалар (хормен)
Әрбір адам? Туысым, досым.
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу.
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл - күймен бастайық, әрбір ісімізге мұқият болайық.
Мезгілдік құбылыстарға байланысты үш топқа бөлінеміз.
Қар, күн, бұлт үшеуінің біреуін таңдап алып, топтарға бөлініп отыру.
Қар – осы шақ, күн - келер шақ, бұлт - өткен шақ.
- Балалар сабаққа дайынбыз ба? Олай болса топтың ережесін есімізге түсіріп алайық. Үй тапсырмасына не берілді?
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Үш топқа берілген тапсырма бойынша үш бағандағы етістіктердің жіктік жалғауларын салыстыру.
Алдымен жаңа сабаққа көшпес бұрын әр топтың алдына бағалау парақтарын таратып бердім. Топ басшысы бағалау парағында көрсеткен критерийлер бойынша топ мүшелерін бағалап отырып, соңынан қорғайды.
ІІI. Жаңа сабақ.
- Балалар жылдың қай мезгілі? (Қыс)
- Қыста ауа – райы қалай өзгереді?
Күн суытады, қар жауады, боран соғады, қырау түседі, аяз шымшылайды, су қатады.
- Енді өздерің айтып шыққан сөздерің заттың несін білдіреді? (қимылын)
- Қазақ тілінде заттың қимылын білдіретін қандай сөз табы? (Етістік)
- Етістік қандай сұраққа жауап береді? Оның қандай түрлері бар?
- Тақтаға назар аударайық.
1 - слайд (Етістіктің үш шағына байланысты суреттер көрсету)
Әр суретке сөйлем құрап, іс - әрекеттің қай мезгілде болғанын анықтау.
1 - суретте іс - әрекеттің нақты қазір болып жатқанын көрсетеді (осы шақ).
2 - суретте іс - әрекеттің болып кеткендігі көрсетіледі (өткен шақ)
3 - суретте іс - әрекет әлі жүзеге асқан жоқ, болашақта болатыны айтылады(келер шақ).
- Етістік іс - әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Осыған байланысты бүгінгі біздің жаңа сабағымыз: Етістіктің шақтары деп аталады.
- Алдымен, балалар шақ деген сөзді қалай түсінеміз?
Шақ дегеніміз – мезгіл, кезең,
Бақытты балалық шақ
Шақ – іс – әрекетті, қимылды білдіреді.
Өріктің сүйегін шақ.
Ереже:
- Яғни, етістіктер іс - әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Етістіктің үш шағы болады:
2 - слайд
Етістіктің шақтары

Оқулықпен жұмыс.
20-жаттығуды оқып, өлең қандай ұғымдық мезгілде жұмсалғанын айту.
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады.

- Егер іс - әрекет қазіргі уақытта орындалып жатқан болса, онда оны осы шақ дейді. - Егер іс- әрекет әлі орындалмағанын, келешекте орындалатынын білдірсе, онда ол келер шақ деп аталады.
- Ал егер іс - әрекет орындалып кетсе, онда ол өткен шақ деп аталады.

Топпен жұмыс
21 - жаттығу. Оқушылар бұл тапсырманы бірлесе орындайды, ауызша сұралады. Берілген етістіктерді өзгертіп үш шақта жазу.- Әр топтан сұралады.

Слайдтан көрсету Оқушылар мақал - мәтелдерді оқып, мағынасын ашып, етістіктерің қай мезгілде болған әрекетті білдіріп тұрғанын айтады.

III. Қорытынды. Сонымен балалар, етістіктің шағы дегеніміз не?
- Етістіктің неше шағы бар?
- Осы шақ іс - әрекеттің қай мезгілде өтіп жатқанын білдіреді?
- Өткен шақ пен келер шақ туралы не айтуға болады?
Семантикалық кестені толтыру

Сөздер Осы шақ өткен шақ Келер шақ
Жазып отыр +
Барар +
Келмекші +
Айтыппын +
Оқыған едік +
Келесіңдер +
барғанмын +
Келіп отыр +
Келіп кетпек +

Жүректен жүрекке
- Мен сыныптас достарыма татулық тілеймін
- Мен сыныптас достарыма бірлік тілеймін.
- Мына келген қонақтарға табыс тілеймін!
Слайдтан көрсету
IV. Үйге тапсырма.24- жаттығу. 126 бет. Ереже жаттау.
V. Бағалау. Топ басшысы алдына берілген бағалау парағы бойынша топ мүшелерінің сабаққа қатысып, берген жауаптарын бағалап қорғайды.

«Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Тақырыбы: Етістіктің шақтары
Сыныбы: 4

Түгелжан Зере Бектұрғанқызы


2013-2014 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.