.
.
Сабақтың тақырыбы: Holidays Holidays.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2185 | Размер: | Автор: ТәрбиеCабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың лексикалық қорын көбейту.
Тәрбиелік: Aғылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру,
басқа ұлттың мәдениетін құрметтеуге баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: концерт- сабақ
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
T: Good morning, dear guests! I’m glad to see you in our party! Сәлеметсіздер ме , бүгінгі кешімізге келген қонақтар!Сіздерге осы кешімізге келгендеріңіз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!Бұл кешімізді оқушыларымыздың бойындағы дарындылығын көрсету үшін өткізіп отырмыз.Оқушыларымыз өздері дайындаған ән -жырларын , билерін сіздерге арнайды.Кешімізді мектебіміздің үздік оқушылары Сайлаубай Әкімбек пен Нәлібек Айдана алып барады.
A: My dear teachers and my friends
At first I want to greet you
Please show together how we’ll spend
This lesson, funny and new.
Ә: Армысың, көрерменім аманбысың!
Мерейің күннен күнге арта берсін.
Мына келген көктемім құтты болып
Шаңырақты ырыс – дәулет мекендесін!
A: My lovely, my favourite, my dear!
I’m glad to see you and meet here!
Ә: Осы жылда мол бақыт бола берсін
Бейбітшілік жер бетін мекендесін!
Соғыс өшіп әлемде ән секілді
Бала күлкі сыңғырлап тербетілсін!
Құрметті қонақтар!
A: Dear guests!
Ә: Бүгінгі кешіміз сіздерге арналады!
A: This holiday is devoted for you!
Ә: Осы кеште біз бір жылда болатын бірнеше атаулы күндерге шолу жасауға тырысамыз!
A : In this party we’ll show you how we’ll spend holidays, custom and traditions around a year!
Ә:Біз Отанымыз Қазақстанда және оқып жатқан тілдің Отаны-Ұлыбританияның мерекелеріне арналған концерттік бағдарламасымен сіздірдің көңілдеріңізді көтеруге тырысамыз!
А:At first I want to congratulate you with the best holiday of a year- Nauryz ! Nauryz has been widely celebrated across the whole country. Of course, the modern festival is essentially different from the old. It is not only about staged shows, ornate yurts, and delicious Nauryz-kozhe. It is also about charitable events, folk sporting games, tending of plants, planting trees, cleaning of parks, streets and squares. Nauryz has become a truly national holiday of spring, work and unity. It is dear to all the peoples living in the multinational Kazakhstan. The ancient holiday of Nauryz has naturally become a part of the modern life, preserving the old traditions.
Ә:Ең бірінші біз сіздерді кеше келген Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтап, сіздерге зор денсаулық , қажымас қайрат, сарқылмас бақыт, таусылмас байлық тілейміз!
A: A happy and brightly
Nauryz-we wish!
May be always your table
Sweet and rich!
Ә:Табысты тілейміз біз Наурызда ,
Арманның орындалсын барлығы да.
Достарың кемімесін-арта берсін
Жүре бер , күліп ойнап арасында!
Алдарыңызда 5- сынып оқушыларының орындауында «Наурыз»әні.
А:February is before March and Englishmen have holiday in it. The 14 of February is the Saint Valentine’s Day.
We wish you were our Valentine though we may not be yours,
And we may, in our ignorance, be speaking to closed doors.
We have no inkling of your heart, no hint what you might say;
But when we think of you the sun will just not go away.
There is in you a loveliness that makes my darkness shine,
And so I'll wait, if wait I must, to be your Valentine. The dance “Angel” by the pupils of the 8th form . Ә: Ақпан айы наурыздан бұрын болады.14 ақпанда ағылшындықтар
Әулие Валентин күнін тойлайды. Алдарыңызда 8- сынып оқушыларының орындауында «Періште» биі.
А:In March we have another wonderful holiday –the International Women’s Day!
The kindest face I'll ever see,
The kindest voice I'll ever hear.
The one who cares the most for me
Is my own mother dear.
All through the year I'll try to do
The things that show my love for you.
And not be happy just to say,
"I love you, Mother," on Mother's Day. Ә: Наурыз айында тағы бір керемет мереке бар.Ол Халықаралық Әйелдер күні! Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі .
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең -дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым да, өзің жоқ та жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.- дей отырып Сейіт Ботагөз бен Сайлаубай Әкімбектің орындауында «Анашым » әнін тарту етеміз!
“ My mother ”
1.How wonderful , mother of mine , your excelent name,
Son of yours rides with horse in the kokpar game .
And today this holiday only, only yours ,
Saying wishes to you – is my aim.
Refrain: Mother of mine is gold,
Mother of yours is gold.
Be the best , my sisters ,
And the happiest in world!
My song’s sisters-in-low,
Girls of beauty, all go,
The best wishes to you,
And problems no more!
1. Айналдым ана деген асқақ аттан ,
Ұлыңның атқа мініп , көкпар шапқан.
Бүгінгі бұл мереке сіздердікі,
Мейрамын құтты болсын , болып жатқан!
Қайырмасы: Менің анам - алтын
Сенің анаң –алтын!
Құлпыра бер , қарындасым,
Аман болып , жалпың!
Ақ жеңгелер - әнім ,
Сұлу қыздар – сәнім!
Аналарды құттықтап ,
Қол соғыңдар бәрің!
A: In the 9th of May we celebrate the holiday - The Victory day. The Victory day is celebrated to mark Germany’s surrender to the Allied forces, including the Soviet Union, in the Second World War. Ә:Ал енді «Әлия» өлеңін 11 сынып оқушысы Азатбай Гүлбаланың орындауында тыңдап , тамашалаңыздар!
Әлия
1. Қобда – Нева суларын сүйіп өскен, Әсем гүлін құшаққа жиып өскен Аққу құстың бейне бір баласындай Сұлу сазды жастықтың күйін кешкен .
Қайырмасы: Әлия – ару қызы сен халқымның! Әлия – батыр қызы сен халқымның! Ерке құсы кең даламның!
2. Kobda and Neva waters she loved and grew, Gathered flowers from land , had a few. In childhood she flapped in the sky, Like the little young of swan, wanted to fly
Refrain: Alia – beauty daughter of our folk! A
А:We celebrate The Day of Independence on the 16th of December. This year we note the jubilee of Independence of our country! Our country – Kazakhstan It is in Asia. Its president is Nursultan And capital’s Astana.
Ә: Тәуелсіздік - қасиетті тұмарым, Сен деп бүгін шырқалады жыр-әнім. Жиырма жылдық мерейтойы елімнің Мәңгілікке, мәңгілікке жалғассын!
Алдарыңызда Бектемір Ақнұр «Қазақстан» әні.
Қазақстан
1.Қазағым , сенсің қазақ - ұлы елім ,
Дүрсілдеп соққан сен деп жүрегім.
Мақтанам, қазағым-мақтанышым,
Тәуелсіздік таңы атқаны үшін.
Қайырмасы: Қазақ елі –бұл Қазақстан!
Жаса мәңгі – гүл Қазақстан!
Келешекке туған , елім менің!
Қолың созып тұр Қазақстан!
1. Kazakh , my people and my great land,
And only for you beats my heart .
I am proud of you, my Kazakh folk ,
And you‘ll grow in freedom as oak.
Refrain: Kazakh people is Kazakhstan!
Long life to you , my Kazakhstan!
In future you‘ll be the strongest power,
And you have enemies never!
А:Around a year we celebrate Some holidays: funny and merry. A lot of dishes we could ate Some cakes, fruits as the cherry! Ә: Кезекпенен өтеді мерекелер Қуанышпен атаймыз оны біздер! Әр мереке қайталанбай Арналады сіздерге осы сөздер! A: But the most interesting , funniest holiday is the New Year’s Day! Ә:Мерекелердің ең кереметі - Жаңа жыл мерекесі! A: We wish you a Happy New Year My favourite , my lovely, my dear! May all misfortune and all war Will disappear return no more! Ә: Жаңа жыл да келеді жыл айналып, Қаңтар айдың біріне ,қайталанып! Өміріміз жылдан жылға жақсарып Таңдар атсын елімде арайланып!
Жаңа жылда мол бақыт бола берсін Бейбітшілік жер бетін мекендесін . Ал енді Жаңа Жыл мерекесінің символына айналған «Сыңғырла , қоңырау!» биін сіздерге тарту етеміз! A: The dance “Jingle ,bells” by the pupils of 6 form! Ә:Әр мерекені біз шын көңілмен тойлаймыз!Ал оны әнмен әрлеу, бимен сәндеу соңғы уақытта дәстүрге айналып барады! « Қара жорға » биі. Орындайтындар 6 -сынып оқушылары! A: Now our concert is end. We wish you the best wishes in the world! Ә:Осымен бүгінгі концертіміз аяқталды.Сіздерге дүниенің ажарын , адамзаттың базарын , күннің шексіз шуағын тілейміз!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.