Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Іңкәр көңіл, нәзік сезім». -

«Іңкәр көңіл, нәзік сезім».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3969 | Размер: | Автор: Тәрбие
. «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ





Өткізген: өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Кузембаева Т.К.


Сабақтың тақырыбы: «Іңкәр көңіл, нәзік сезім» Сабақтың мақсаты:
оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретінде мәнін ашу.
«Махаббат» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Адам бойындағы махаббат сезімін құрмет тұтуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, бейнеролик, суреттер, үнтаспа, караоке, шарлар.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі: а) оқушыларды түгендеу.
ә) сынып тазалығын шолып өту.
«Адамзатты аялаған ақ арман,
Барлық ғалам махаббаттан жаралған.
Өмір-өзен сан тарапқа ақса да,
Жақсылықтан шуақ алып, нәр алған.
Махаббаттың тоймай ішіп дәміне,
Адамзаттың талмай айтар әні ме?
Өзіңді де, өзгені сүйе алсаң,
Жете аларсың махаббаттың мәніне» — деп ақындар жырлағандай, адам көңіліндегі тазалық пен сұлулықтың иесі, армандардың қасиетті киесі ол махаббат. Сондықтан да бар адамзат үмітіне өмір берер, сеніміне шуақ себер қасиетті сөз махаббат. Бұл ғажайып сезімді бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сезім мерекесінің қажеттілігі сол, кеудесінде жұлқынған жұдырықтай жүрегі бар адам сезімін махаббат арқылы мойындайды. Бұл қасиетті сезімнің төңірегінде, біз де бүгінгі сыр сұхбатымызды шертпекпіз.
2.Шаттық шеңбері: «Гүлдәурен» әнін орындау.
3.Абай сөзі.
«Ғашықтың тілі-тілсіз тіл,
Көзбен көр де,ішпен біл
4.Сөзжұмбақ шешу «Махаббат».
1. «Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға,
Мен болмасам, болмаймын, сол аман ба?» — осы ғашықтық өлең сөздерінің авторы кім? / Мұқағали Мақатаев /
2. «Көзімнің қарасы» атты әннің авторы кім? / Абай /
3. Айта алмаған сезімінді немен жеткізуге болады? /хатпен /
4. Ғашықтық сезімнің тірегі не? / адалдық /
5. Ғашықтық сезімін жеткізу үшін қандай қасиет керек? / батылдық /
6. Махабаттың жоғарғы шыңы не? / бақыт, бақытты болу/
7. Қарахан батырдың ғашығы кім? / Айшабибі /
8. Ғашықтық символына айналған Қозыкөрпеш – Баянсұлу мазары қай елді мекенде орналасқан? / Тансық /
Сөзжұмбақтың шешуші сөзі: «Махаббат»
5. Назар аударайық!
Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана: мейрімділік, адалдық, сияқты асыл қасиеттер байқалып тұрады. Махаббат сезімдеріне адал ғашықтарды есімізге түсіріп, атап өтейікші.
1. Ләйлі –Мәжнүн;
2. Қыз Жібік – Төлеген:
3. Баянсұлу – Қозы көрпеш;
4. Зылиқа –Жүсіп;
5. Еңлік – Кебек;
6. Мамыр – Қалқаман.
6.Слайд. «Іңкәр көңіл, нәзік сезім»
7.Слайд. «Махаббат» сөзіне өлең құрастыру.
М-өлдір көзің жүрегіме гүл егеді,
А-рманымсың ең аяулы өмірдегі
Х-әлім жақсы өзің барда жанымда
А-яулым-ау сенсіз өмір өмірме еді
Б-ауыр бастым сұлулыққа өзіңдегі
Б-ақыт құсым жүрегімнің төріндегі
А-лғыс айтамын осы таңда шын ниетпен
Т-ағдырыма өзіңменен кездестірген.
8. Сұхбаттасу:
1. Нәзік сезім дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Алғашқы махаббат дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Сезім әркез екіжақты бола ма?
4. Қыз баланың бірінші болып өз сезімін білдіруіне қалай қарайсыз?
5. Егер біреуді ұнатсаңыз, сезіміңізді ашық айтуға тырысысасыз ба?
6. Бір көргеннен ғашық болу дегенге сенесіз бе?
7. Махаббат адам өміріне, оның айналасындағы әсер қандай?
8. «Махаббатсыз өмір бос» деген пікірмен келісесіз бе?
9. Махаббат түсі?-------------------------------------------\ қызыл\
10.Махаббат символы? ------------------------------------\жүрек\
11.Махаббат құсы? -------------------------------------------\аққу\
12.Махаббат гүлі? ---------------------------------------\қызыл раушан\
13. Махаббат қаласы? -------------------------------------------\Париж\
14. Махаббат кемесі? ------------------------------------------\Титаник\
15. Махаббат әні? ----------------------------------------------- \Серенада\
16. Махаббат ертегісі? -----------------------------------\ Мың бір түн\
17. Махаббат жүзігі? --------------------------------------\неке жүзік\
18. Махаббатты жеткізе білу құралы? ------\хат,телефон,ғаламтор\
19. Махаббат күні? --------------------------------------- 15- сәуір
20. Махаббат күнін күнтізбеге енгізуді ұсынған кім
\Серік Абас Шах\
21. Режиссер Т.Теменовтың «Гүлназ» повесі желісімен түсірілген фильм қалай аталады, бас кейіпкерлері. «Махаббат бекеті» \Орал.Гүлназ\
22.Татьяна мен Онегин шығармасыныі авторы -----А.С.Пушкин
23. Шекспирдің әйгілі шығармасы -------------Ромео Джуллетта
24.Сүйіктімнің көзі болған жүзікті,
Өтінемін,
Өзіммен бірге жерлесін ...\кейіпкерлері кім?шығарманың авторы,шығарманың аты?\
10. «Ақындар махаббатты жырлайды».
Оқушылар қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа оқиды.

Қадір Мырзалиев
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны.
Сол бір жұлдыз жанады, сол аспанды жарық қып,
Жарықта да түк көрмес ғашық болған жарықтық!
Сол жұлдызсыз белгілі, оның естен танары,
Маңдайда емес, жүректе -
Ғашықтардың жанары.
Сол жүрекпен қараймын, сол жұлдызға сүзіліп,
Шаңыраққа ілінді ол, көк аспаннан үзіліп.
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады шаңырақтың аспаны!

Аққұштап Бақтыгереева
Сенбе, дос, өз сертінде тұрмағанға,
Махаббат жалған десе, бұл ғаламда,
Махаббат болмаса егер, дала кезіп
Мәжнүн Ләйлісі үшін жынданар ма.

Махаббат теңеу емес өлеңдегі,
Емес ол аңыз болған ел ермегі,
Махаббат болмаса егер, зарлап Жібек,
Қозы үшін сұлу Баян өлер ме еді.

Ғасырлап дәуірінен озғанда өлең,
Мүмкін бе пәк сезімді жазбау деген,
Жыр кені – ұлы Абайдың жүрегінде
Бітпеген бір ән кеткен Тоғжан деген.

Кей сорлы махаббатқа жолықпайды,
Ондайлар қиналмайды, торықпайды,
Аялап шын қадірлеп көрмегендер
Қызыл гүл солғанына қорықпайды.

Күн біреу, нұр төгетін көктен жерге,
Қызғалдақ бір гүлдейді көктемдерде.
Шын бақыт екі айналып жолықпайды
Қол сілтеп, көзін жұмып кеткендерге.

Авторы: Күләш Ахметова
“Сіз осы шыныменен білмейсіз бе,
Кезігіп қала берем бірдей сізге?
Сіз жүретін жерлерде, әлде мені,
Адасып, не ерігіп жүр дейсіз бе?
Қағылуы махаббат қанатының,
Жаныңызға жабырқап баратыным.
Байқалмай ма сізге осы,
Қып-қызыл боп, қипақтап қалатыным.
Сізді ойламай көзімді әлі ілдіріп
Көргенім жоқ, керек пе жалындыру?
Өртенемін жаныма жалын кіріп,
Әдейі үнсіз жүрсіз бе, бәрін біліп?..
Қара көзден қашсаңыз, несіне ерсіз,
Бір әдемі бақытқа кешігерсіз.
Қарап қалсам, өтесіз көрмегенсіп,
Оңбағансыз, не деген, кешірерсіз…”

Авторы: Мұқағали Мақатаев
Жанымды тыншытпайды сезім деген
Қалай жүр, япырау, төзіп денем?
Қаншама күндер өтті дамылдамай
Қаншама түндер өтті көз ілмеген.
Білмеймін, не іздейді сезім менен?
Белгілі шегі де жоқ, жоқ тұрағы.
Белгісіз қайда апарып соқтырады
Не сезім мені бір күн от қылады
Не сезім мені бір күн жоқ қылады.
Адамның сезімінен сезіктенбе
Сезімді сезіне біл, төзіп, көн де.
Ақыл менен парасат бұғынады
Шынайы шын сезімге кезіккенде.
Авторы: Төлеген Айбергенов
Тағатсыз күткен ыстық үн,
Жаралы хал ғой – ғашық хал.
Күйсандық көрсең, бір тілін
Мені ойлап бар да, басып қал.
Тек қана көзге жас алма,
Ойлай бер мені күніге.
Махаббаттардың қашанда
Ойламау жеткен түбіне.
Жаныма қап ең жақын боп,
Жүректе бүгін сыздау көп.
Мен болсам кеттім ақын боп,
Азырақ бақытсыздау боп…
Жолығар болсам қайта мен
Сағыныш толы сол шақпен.
Бәрін де саған айтар ем
Жалғыз-ақ тамшы моншақпен.
Махаббат! Неткен алып, қайратты едің
Өлеңді жазған: Төлеген Айбергенов
Махаббат! Неткен алып, қайратты едің,
Мен сені мұншалық деп ойлап па едім.
Тұсаулап, табандатып тағдырымды,
Қолына қара көздің байлап бердің.
Көп екен өмір сыры білгізбеген,
Жаны пәк таныстым да бір қызбенен,
Түріліп шаттығымның томағасы,
Сырласа бастадым ай, жұлдызбенен.
Көз алмай қарай бердім кіл шыңдардан,
Қиялдан қолын созып құлшынды арман.
Әйтеуір, сол бір қызға кездестім де,
Тап болдым қуанышқа тыншымды алған.
11. Қанатты сөз
«Мен шын көңілден Махаббат дегеніміз қасиетті құбылыс деп санаймын. Оның әрбір көрінісі – жұбайлық, ата-аналық, балалар махаббаты, қоршаған әлемге деген құштарлық бізді одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түседі»
С.А.Назарбаев
12. Мұғалім сөзі
« Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй, ол Алланың жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп,
Және сүй, хақ жолы деп әділетті », -
деп Абай бабамыз жырлағындай, махаббат – өзін-өзі өзгелерді таңуға жетелейді.
Махаббат – өзгелерді сыйлауға негіз болады.
Махаббат – ата-анаға сүйіспеншілікті білдіреді.
Махаббат – Отанды, елді құрметтеуге үйретеді.
Махаббат – табиғаттың сұлулығын сезіндіреді.
Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным түйсігі. Мысалы, адам мен Құдай, ер мен әйел, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала, туыс араларындағы махаббат.
13.Әйгерімнің сөзі
14. Махаббат диалогы.
Керімбаева Айгүл мен Искендиров Ербота
15. «О, махаббат!» бейнеролигі
16. Жүректен-жүрекке
Оқушылар «Ең алғашқы махаббат басталады партадан» әнін орындайды.
Мұғалім сөзі:
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады - дей келе сабағымызды қоырытындылап, баршаңызға жүректер таратамын. Әрбіріміз оған жақсы тілектер жазып Жер тәрізді шарға орналастырамыз
Барлықтарыңыздың жүректеріңізде ұялаған махаббат сезімі оттай лаулар, өшпей, ізгіліктін бастауы болсын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.