Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Имандылық – адам көркі». -

«Имандылық – адам көркі».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 5673 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы.
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебі
Имангазиева Жулдыз Калиоллақызы
«Кеш қалмаңыз!» бағдарламасы бойынша өткізілген ашық өнеге сағатымды ұсынып отырмын.
Тақырыбы: «Имандылық – адам көркі»

Мақсаты:а) Қазақ халқының басқа мұсылман халықтар арасында қастерлеп
жадында сақтап келген ислам діні. Оның барлық жақсы
қасиеттері биіктігінің бастауы, негізін түсіндіру.
Иман туралы түсінік беру.
ә) Оқушыларды имандылық туралы түсінік бере отырып, иманды
ұл, ианбатты қыз болуға тәрбиелеу.
б) қасиетті құран кітабының негізгі қағидалар адамды тазалыққа,
сенімге, қайырымдылыққа тәрбиелейтінін түсіндіру.
Бір-бірінді сыйлауға , құрметттеуге тәрбиелеу.
Түрі: дебат, пікірталас түрінде
әдісі: сұрақ –жауап.
Іске асыру жолдары: Интерактивті тақтадан бейне материал көрсету арқылы.
Күтілетін нәтиже: Рухани адамгершілік тәрбие беру арқылы имандылыққа,
инабаттылыққа баулу.
Пәнаралық байланысы: Дінтану , әдеп пәндері т.б.
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай түрлі сөздер жазылған плакаттар. Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, ұялы телефонның видео камерасы.

Барысы:

Мұғалім: «Кеш қалмаңыз» бағдарламасына қош келдіңіздер.
Бүгінгі кештің тақырыбы «Имандылық – адам көркі». Имандылық – инабаттылық мұраты. Имандылық – араб тіліндегі нану, сену деген мағынадағы иман сөзі. Иман дегеніміз- сенім, ислам дініндегі бес парыздың бірі. Оның мәнісі – Алланың біреу екіншісіне, одан басқа Алланың жоқтығына сену. Әдетте ол дін жолынан қия бастауды, ар-ождан тазалығын, обал- сауап талаптарын сақтауды, қылдай қиянат жасамауды, қайырымдылықты, адалдықты жинақты тұрде көрсететін адамгершілік ұғым атауы болып табылады. Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе- жердің көркі дегендей қаншалықты сен көркем бол, бай бол, бірақ сенің бойында адамгершілік, тазалық, адалдық, қайырымдылық, сыйластық, әдептілік қасиеттері көрінбесе сен көрікті адам емессің. Осы тақырыпты қалай түсіндіре екен деп кешімізге арнайы қонақтар шақырылды.
Бүгінгі кештің бірінші қонағы «Имандылық- бетте емес, жүректе» дейді

Сұрақ: Қазіргі жастардың бойынан имандылық табыла ма?
Мұсылмандардың имандылық, инабаттық, адамгершілік ерекшеліктері жинақталған Хадист деген кітап бар.Хадист- Мұхамед Пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы. Құран кәрімнен кейінгі ең қастерлі кітап.
Кітапта былай делінген. Кімде –кім жүрегін иман үшін, шыңдық үшін ұстаса, өзің салихалы ұстап, көп тыңдап аз сөйлесе, ол иманды адам екен.
Екінші қонағымызды ортаға шақырайық.

«Ең жақсы есім Аллах,
Ең жақсы дін ислам,
Ең жақсы ән азан,
Ең жақсы кітап құран,
Осының бәрін ұғатын мұсылман».
Сұрақ: Мектебіміздің ұл балалары иманды ұл ма?
Иманды ұл болса мектептегі тәртіпсіз, бұзақылықтарды кімдер жасап отыр?

Дін жолында адам Аудандық мешіттің иманынан сұхбат алған болатынбыз. бейне интерактивті тақтадан материалды тамашалайық.
Үшінші қонағымызды ортаға шақырайық.
«Инабатты отағасының үйіне иман тұрақтайды».
Сұрақ: Иманды ұл, инабатты қыз деп тек дін жолында жүрген ұл мен қыздарымызды айтамызба?

Осы тақырыпты қалай түсінеді екен деп ауыл тұрғындарының және мектеп оқушыларының пікір алысқан болатынбыз. Соны интерактивті тақтадан тыңдайық.

Төртінші қонағымыз
«Бақыттың бастауы – имандылық».
Сұрақ: Сыныбызда неге тәртіпсіз ұл балалар көп. Мектеп мүлкін сындыру, кабинеттерді ластау, бүлдіру, мұғалімдермен қарсыласу, бір-бірімен төбелесу, бір-біріне жаман сөздер айту әлде бұл сыныптың ұл балалардың бойында имандылық қасиеттері жоқ па?

Ендігі кезекті көрермендерімізде. Пікірлері, ұсыныстары, сұрақтар тыңдайық.

Осы сөздер арқылы өздеріңіздің ой пікірлеріңізді түйіндеңіздер.
«сиыр», «жүрек», «оқушы», «ұят»
Қорытынды:
Белгілі діндәр ғұлама Халифа Алтай қажы айтқандай: «Иманды елде ізгілік пен адамгершілік салтанат құрмай, өылмыс пен бұзақылық тыйылып, оларға жол қоймайды » деген екен.
Бүгінгі айтқан әңгіме бос емес.
Иман үл, инабатты қыз болуға кеш қалмаңыз! – деп кешімізді аяқтаймыз.
- Сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.