.
.
Индустрияландыруға бағыт Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2623 | Размер: | Автор: Тәрбиеалу және оның барысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1920-1930 жылдары Қазақстанда жүргізілген индустрияландыру саясатының жетістіктері мен зардаптарын ашу.
Дамытушылық: 1920 жылдары КСРО-да басқару жүйесінде орныққан әкімшіл-әміршіл жүйенің қазақ зиялы қауымының экономикалық саясатта халық мүддесіне сай жүргізуіне мүмкіндік бермеуі жайлы деректерді талдата отырып, ізденіс және ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойларын еркін жеткізе білетін белсенді тұлға қалыптастыру арқылы ұлтжандылыққа, патриотизмге баулу.
Сабақтың түрі: Оқушылардың өзара белсенділігін арттыру сабағы.
Сабақтың әдісі: Деректер мен тарихи құжаттарды зерттеу, пікір алысу, ой толғау, өз ойларын тұжырымдау, топпен жұмыс істеу.
Сабақтың көрнекілігі: Республика картасы, құжаттар, тірек-сызба, нақыл сөздер, Президент жолдауы, қосымша әдебиеттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе сөз: Мұғалім.
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыз «Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы» тақырыбына арналып отыр. Осы тақырып бойынша өткен сабақта тапсырма алған болатынбыз. Тапсырманы орындау үшін сыныпта екі топ құрылған және бүгінгі сабағымыздың «бағалаушысы» сайланған еді. Бүгінгі жоспар екі бөлімнен тұрады:
Сабақ жоспары:
1. 1928-1932 жылдардағы Индустрияландыру ісінің барысы, ерекшеліктері мен кемшіліктері:
Ұлт зиялыларының пікірлерінің ескерілмеуі.
2. 1990 жылдардағы Қазақстан экономикасында кездескен қиыншылықтар. Қазіргі Қазақстан экономикасы.
Мұғалім: Тақтадағы суретті көрсете отырып:
Тақтаға ілінген мына бәйтеректің суретін біз Қазақстан экономикасындағы маңызды кезеңдерді белгілеу үшін алып отырмыз, себебі ел экономикасындағы маңызды кезеңдердің тамыры тереңге кеткен осы бір бәйтерек секілді болашақта да жайқала береді деген сенімдеміз.
Ендеше іске сәттілік тілей отырып, 1-топтың оқушыларына сөз берейік.
1-топ басшысы: біздің топ бүгін Қазақстанда 1928-1932 жылдары іске асырылған Индустрияландыру ісі туралы жинаған мәліметтерін ортаға салғалы отыр. Ең алдымен мен топ басшысы ретінде «индустрияландыру» - деген сөзге түсінік бере кетейін: «индустрияландыру» - дегеніміз халық шаруашылығының салаларын машина техникасымен жарақтандыру, инфраструктураның дамуымен және индустрияланған халық пайда болуымен жүзеге асады.
Индустрияландыру саясаты 1925 жылы желтоқсанда БК (б) П XIV съезінде қабылданды. Қазақстанда бұл саясат сәл кешігіп 1928 жылы басталды, себебі халық шаруашылығын қалпына келтіру ісі әлі аяқталмаған еді, республикадағы өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61%-на ғана жетті.
Орал-Ембі өңіріндегі бірнеше мұнай кәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір өндіретін шағын шахталар, Алтайдағы қуаты шамалы түсті металлургия кәсіпорны ғана бар еді. (картаға осы аталған жерлерге шартты белгілер қыстырады).
Бұл кездегі тағы бір қиындық туғызған жағдай республиканың табиғат байлығы зеттелмеген еді, байланыс, тасымал құралдары нашар дамыды немесе экономикада ауыл шаруашылығының үлес салмағы басым болды, жұмысшы табы, мамандар аз болды. Осындай қиындықтарды жеңе отырып республикада индустрияландыруды жүзеге арыру қажет болды.
2-оқушы: Қазақстан индустрияландару ісі болашақ өнеркәсіпке қажет табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. КСРО ҒА 1920 жылдардың соңы 1930 жылдардың басында көптеген ғалымдардың қатысуымен кешенді экспедициялар жүргізген зерттеулер бүкіл республика аумағын қамтыды.
Н.С. Курнаков бастаған геологтар мен геофизиктердің үлкен бір тобы Орталық Қазақстанның минералды-шикізат байлықтарын зерттеді, нәтижесінде Қазақ Республикасы «Кеңес Одағының тұтас металогенді аймағы болып табылады» деген тұжырым жасады. Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеумен айналыскан академик И.М. Губкин «Бұл кен орны елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі» деген қорытынды жасады.
Қазақтың жас инженер – геологы Қ.И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кен орындарын мұқият зеттеп, өңірдің болашағы зор екенін дәлелдеп берді. (Бәйтерек бұтағына үш ғалымның аты-жөні ілінеді).
3-оқушы: Мен бүгін сіздерге осы индустрияландыру жылдары халықтық әдіспен салынған Түркістан-Сібір темір жол магистралі жайлы айтып кетейін.
Бұл темір жол құрылысы еліміздің тарихына еңбек ерлігінің үлгісі ретінде енді. Оның құрылысында 100 мыңдай адам еңбек етті, олар әр түрлі ұлттың өкілдері еді. 10 мыңдай Қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Солардың бірі Омаров қатардағы жұмысшыдан Түрксіб темір жолының бастығына дейін көтерілді. Социалистік Еңбек Ері «Қазақкөлік құрылыс» тресінің бастығы болған Т. Қазыбеков те қатардағы құрылысшылардың бірі еді. Түрксіб жоспарда белгіленген бес жылдың орнына үш жылда салынып бітті. 1930 жылы 28-сәуірде солтүстік және оңтүстік учаскелері Айнабұлақ станциясында түйісіп уақытша іске қосылса, 1931 жылы қаңтарда тұрақты пайдалануға берілді. Жол Орта Азияны Сібір аудандарымен жалғастырды, елдің шығыс аудандарының экономикасы мен мәдениет дамытуға ықпал етті. (Бәйтерек бұтағына Түрксіб темір жолы деген жазу ілінеді).
4-оқушы: Мен өз кезегімді осы жылдары салынған өнеркәсіп орындарына тоқталайын, 1928 жылы қуаты шамалы болған Қарағанды шахталары алып кен орнына айналды, Балқашта, Жезқазғанда кен-металлургия комбинаттары, Кенді Алтай мен Ащысайда полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе комбинаты, Шымкент қорғасын зауыты, жылу және су электр станциялары, құрылыс материалдары өнеркәсібі салынды, нәтижесінде Қазақстандағы болашақ өнеркәсіп тораптарының негізі қаланып, түсті металлургия өнеркәсіптің жетекші саласына айналды. Қазақстан Оңтүстік Оралды, Сібірдің өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз ететін аймаққа айналды.
5-оқушы: Индустрияландыру жылдары қалаландыру үрдісі күшейді. Ондаған жаңа қалалар мен қала үлгісіндегі мекендер өсіп шықты. Дегенмен жұмысшы табы құрамындағы қазақтардың, қала тұрғындары арасында жергілікті халықтың үлесі баяу артты.
1939 жылы қалаларда 375 мың қазақ тұрды. 1926 жылмен салыстырғанда бес есе көп болуына қарамастан, Қазақстан қалалары одан әрі еуропалық сипат ала берді, соғыс қарсаңында қалаларда және қала үлгісіндегі елді мекендерде қазақтардың небәрі 16%-ы тұрды. Қала халқы Мәскеу, Ленинград, Киев, Харьков, Свердловск қалаларынан және Ресей мен Украинадан, Әзербайжаннан келген жұмысшылар, инженерлер мен техниктер есебіне көбейді. (Бәйтерек бұтағына «қалаландыру үрдісі күшейді» деген сөз ілінеді).
6-оқушы: Менің тобымның мүшелері индустрияландырудың жетістіктері мен табыстарына тоқталса, мен енді осы саясаттың іске асырылуы кезінде жіберілген кемшіліктеріне тоқталайын. Бұл саясат Қазақстан секілді ұлт аймақтардың ерекшелігін ескерместен жоғарыдан әкімшіл-әміршіл әдіспен жүзеге асырылады. Ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелілердің тұрмыс-салтын күшпен күйрете отырып, халықтық дәстүрлерге тиым салынып, қарапайым бұқараны қайыршыландыру мен аштыққа ұшырату, халықты барынша титықтату арқылы іске асырылды.
Республика зауыттары дайын өнім шығармады, машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібі салынбады. Қазақстан тау-кен шикізатының көптеген түрлерін дайындаушы база ретінде қала берді. Мысалы Ембіде өндірілген мұнай Орскіге тасып әкетілді. Балқаштың мысы, Шымкенттің қорғасыны, Алтайдың сирек кездесетін металдары Қазақстаннан тыс жерлерге тасып әкетілді.
Білікті жұмысшы кадрлар, инженер-техник қызметкерлер сырттан, көбінесе Ресей, Украинадан әкелінді. Жергілікті кадрлар әлі де ұзақ жылдар бойы мамандығы жоқ жұмысшылар болып қала берді.
(Бәйтерек бұтағына «әкімшіл-әміршіл әдіспен жоғарыдан іске асырылды, республикада дайын өнімдер шығарылмады, кадрлар сырттан әкелінді» деген жазу ілінеді).
7-оқушы: «Өз елін, өз ерлерін ескермесе,
Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді» деп Ілияс Жансүгіров жырлағандай бүгінгі сабақта мен индустрияландыру саясатын халық мүддесіне сай жүргізуге тырысқан ұлт зиялыларының өмірі мен қызметтері жайлы айта кетпесек, елдігімізге сын болардай деп ойлаймын. (Ұлт зиялылары С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев, Нұрмақов, т.б. суреттері мен өмірі жазылған буклетті пайдалана отырып, ұлт зиялыларының пікіріне тоқталады).
Топ басшысы: Қорытынды жасайды: 1928-1932 жылдары жүогізілген индустрияландыру ісінің нәтижесінде Қазақстан өнеркәсібінің тек шикізат өндіретін саласының дамуына қарамастан Қазақстан аграрлы елден, индустриялы-аграрлы елге айналды, үлкен жетістіктерге қол жеткізілді деп айтуға болады, сондықтан мен сөзімді ұлы ғұлама ғалымдарымыздың бірі Әбу Насыр әл-Фараби сөзімен аяқтағым келеді: «өткен тарихты білмей қазіргі жағдайды білу, келешекте болжау қиын».
Индустрияландыру ісі біздің өткен тарихымыз, сондықтан оның жетістіктерін, кемшіліктерін саралай отырып, болашағымыз жайында ойлағанымыз жөн болар деген қорытындыжасағым келеді. Ал ендеше құрметті оқушылар 2-топтың дайындаған шолуларына назар аударайық, (тақтаға ілінген мына сөздерді дәптерлеріңе жазып отырыңдар).
2-топ басшысы: Мен сөзімді «Рухы жоғары халықтың-тарихы мәңгілік»- деген сөздермен бастағым келіп тұр, себебі біздің халық небір қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірсе де ешқашанда болашаққа деген сенімдерін жоғалтпай келе жатқан халық, ендеше осы 1928-1932 жылдардан кейінгі жылдары Республика экономикасындағы ауыр өнеркәсіптің дамуына шолу жасап көрелік: 1928-1932 жылдары жүогізілген саясат көп өзгіріссіз одан әрі қарай жүргізілгенін көруге болады. Оған дәлел 1940 жылға қарай Республикада 2580 ірі өнеркәіп жұмыс істесе, оның ішінде түсті металлургия ерекше жоғары қарқынмен дамығанын көруге болады: Одақ бойынша өндірілетін қорғасынның 87%, мыстың 21% берді.
Шымкент қорғасыны одақтағы таңдаулы қорғасын деп танылды. Халық шаруашылығы түсті металдардан шет елге тәуелділіктен құтылды. Балқаш мыс қорыту, Лениногор, Зырянов, полиметалл зауыттары, т.б. Қарсақпай, Ертіс мыс балқыту зауыттары қайта салынды. Нәтижесінде Қазақстанда салынған өнеркәсіп орындары болашақ Ұлы Отан соғысындағы жеңісті қамтамасыз етті, (Бәйтеректің екінші жағына Шымкент қорғасын, Балқаш мыс балқыту, Лениногор, Зырянов полиметалл зауыттары деген өз ілінеді).
Топ басшысы: Жоғарыда біздің топ мүшелері келтірген деректерге қарай отырып, 1990 жылдары тәуелсіздік алар тұста кездескен қиыншылықтар мен келеңсіздіктер ұзақ жылдар бойына жүргізілген отаршылдық саясаттың салдары еді десек қателеспеген болар едік.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары жоспарлы экономикадан бас тартып, нарыққа өткен тұста бәрі бірдей оңай бола қоймағаны, түрлі қиындықтарды жеңе отырып Қазақстан экономикасындағы бір жақты шикізаттық-өндірушілік саланың басым болуы салдарынан өзге республикаларға тәуелділік, өнеркәсіптің тоқтап қалуынан пайда болған жұмыссыздық сияқты қиындықтарды жеңе отырып, Қазақстан өзінің ішкі-сыртқы мүмкіндіктеріне лайықталған экономика дамуының өзіне иән үлгісін (моделін) жасады.
(Бәйтерек қасына ілінген «Қазақстан-2030» суретінде 7 басымдық ілулі тұрады).
1997 жылы Президентіміз Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2030» стратегиясында Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын анықтап, онымен халықты таныстырды. Онда қоғамның ұзақ мерзімді басым мақсаттары-жеті бағыт атап көрсетіледі.
7-оқушы: Осы жеті бағыттың үшеуі экономика саласын қамтиды. Осындай нақты жоспар жасау арқасында Қазақстан экономикасы алғашқы кездескен қиындықтарды жеңе алды әрі «2030 жылға қарай Қазақстан Орта Азия барысына айналады және өзге дамушы елдерге үлг болады» деген болжам бүгінгі күн шындығына айналып отыр.
8-оқушы: 2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуы тиіс. Қазақстан Еуразияның орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың-Қытайдың, Ресейдің, Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін арттыратын болады.
2030 жылғы Қазақстан әлі де барынша кемелдене алмайды. Ол әлі әлемдегі ең бай, ең білімді ел бола қоймайды, бірақ ол күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.
Мұның бәріне де қол жеткізу болады, әрі әлемдік тәжірибе бұл жоспардың ақиқаттығын қуаттап отыр.
9-оқушы: 2005 жылғы жолдауында Елбасымыз бұл жайында былай тұжырымдайды: «Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзім ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік».Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік дамуду қамтамасыз етті. Бүкіл дүниежүзілік банктіңжіктемісі бойынша қазіргі Қазақстан кірісі орта деңгейдегі елдердің тобына кіреді.Жолдауда қазіргі күні еліміздің алдында иннавациялық экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялық стратегияны іске асыра бастады.Бұл болашақтың бағдарламасы бәсекеге қабілетті экономикасының үлгісін таңдай отырып, бәсекелікті дамытуға экономикалық қорымы мол салалар таңдап алынып, сол арқылы қазақстандық кластерлік жүйесінің дамуына жол ашылды.Мұнай – газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібін, көлік- логистикалық қызмет көрсету салаларында кластерлік қалыптастыру, ел экономика шикізатық емес салаларындағы ұзақ мерзімді мамандануын айқындайтын болады.
Мұғалім.Есің болса, өкпелеме жалғанға
Ертеңіңді, алдағыңды арманда.
Пенде болсаң, түзет мінез- құлқынды,
Бой алдырма қызықтарға бір күнгі- дап Қожа Ахмет Иассауи бабамыз айтпақшы, өткен тарихымыздан сабақ ала отырып, болашақ еліміздің әлемдік бәсекеге қабілетті білімді меңгеруге шақырамын.
Қорытынды. Міне, біздің бүгінгі сабағымыз да соңына жетті. Президентіміз Н.Назарбаев «Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ» десе, сол білімді ұрпақ өздеріңнің қолдарында, сандықтан заман талабына сай білімді меңгеріңдер деген сөздермен аяқтағым келіп тұр сабақты.
1-топ басшысы: біздің топ бүгін Қазақстанда 1928-1932 жылдары іске асырылған Индустрияландыру ісі туралы жинаған мәліметтерін ортаға салғалы отыр. Ең алдымен мен топ басшысы ретінде «индустрияландыру» - деген сөзге түсінік бере кетейін: «индустрияландыру» - дегеніміз халық шаруашылығының салаларын машина техникасымен жарақтандыру, инфраструктураның дамуымен және индустрияланған халық пайда болуымен жүзеге асады.
Индустрияландыру саясаты 1925 жылы желтоқсанда БК (б) П XIV съезінде қабылданды. Қазақстанда бұл саясат сәл кешігіп 1928 жылы басталды, себебі халық шаруашылығын қалпына келтіру ісі әлі аяқталмаған еді, республикадағы өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61%-на ғана жетті.
Орал-Ембі өңіріндегі бірнеше мұнай кәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір өндіретін шағын шахталар, Алтайдағы қуаты шамалы түсті металлургия кәсіпорны ғана бар еді. (картаға осы аталған жерлерге шартты белгілер қыстырады).
Бұл кездегі тағы бір қиындық туғызған жағдай республиканың табиғат байлығы зеттелмеген еді, байланыс, тасымал құралдары нашар дамыды немесе экономикада ауыл шаруашылығының үлес салмағы басым болды, жұмысшы табы, мамандар аз болды. Осындай қиындықтарды жеңе отырып республикада индустрияландыруды жүзеге арыру қажет болды.
2-оқушы: Қазақстан индустрияландару ісі болашақ өнеркәсіпке қажет табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. КСРО ҒА 1920 жылдардың соңы 1930 жылдардың басында көптеген ғалымдардың қатысуымен кешенді экспедициялар жүргізген зерттеулер бүкіл республика аумағын қамтыды.
Н.С. Курнаков бастаған геологтар мен геофизиктердің үлкен бір тобы Орталық Қазақстанның минералды-шикізат байлықтарын зерттеді, нәтижесінде Қазақ Республикасы «Кеңес Одағының тұтас металогенді аймағы болып табылады» деген тұжырым жасады. Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеумен айналыскан академик И.М. Губкин «Бұл кен орны елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі» деген қорытынды жасады.
Қазақтың жас инженер – геологы Қ.И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кен орындарын мұқият зеттеп, өңірдің болашағы зор екенін дәлелдеп берді. (Бәйтерек бұтағына үш ғалымның аты-жөні ілінеді).
3-оқушы: Мен бүгін сіздерге осы индустрияландыру жылдары халықтық әдіспен салынған Түркістан-Сібір темір жол магистралі жайлы айтып кетейін.
Бұл темір жол құрылысы еліміздің тарихына еңбек ерлігінің үлгісі ретінде енді. Оның құрылысында 100 мыңдай адам еңбек етті, олар әр түрлі ұлттың өкілдері еді. 10 мыңдай Қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Солардың бірі Омаров қатардағы жұмысшыдан Түрксіб темір жолының бастығына дейін көтерілді. Социалистік Еңбек Ері «Қазақкөлік құрылыс» тресінің бастығы болған Т. Қазыбеков те қатардағы құрылысшылардың бірі еді. Түрксіб жоспарда белгіленген бес жылдың орнына үш жылда салынып бітті. 1930 жылы 28-сәуірде солтүстік және оңтүстік учаскелері Айнабұлақ станциясында түйісіп уақытша іске қосылса, 1931 жылы қаңтарда тұрақты пайдалануға берілді. Жол Орта Азияны Сібір аудандарымен жалғастырды, елдің шығыс аудандарының экономикасы мен мәдениет дамытуға ықпал етті. (Бәйтерек бұтағына Түрксіб темір жолы деген жазу ілінеді).
4-оқушы: Мен өз кезегімді осы жылдары салынған өнеркәсіп орындарына тоқталайын, 1928 жылы қуаты шамалы болған Қарағанды шахталары алып кен орнына айналды, Балқашта, Жезқазғанда кен-металлургия комбинаттары, Кенді Алтай мен Ащысайда полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе комбинаты, Шымкент қорғасын зауыты, жылу және су электр станциялары, құрылыс материалдары өнеркәсібі салынды, нәтижесінде Қазақстандағы болашақ өнеркәсіп тораптарының негізі қаланып, түсті металлургия өнеркәсіптің жетекші саласына айналды. Қазақстан Оңтүстік Оралды, Сібірдің өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз ететін аймаққа айналды.
5-оқушы: Индустрияландыру жылдары қалаландыру үрдісі күшейді. Ондаған жаңа қалалар мен қала үлгісіндегі мекендер өсіп шықты. Дегенмен жұмысшы табы құрамындағы қазақтардың, қала тұрғындары арасында жергілікті халықтың үлесі баяу артты.
1939 жылы қалаларда 375 мың қазақ тұрды. 1926 жылмен салыстырғанда бес есе көп болуына қарамастан, Қазақстан қалалары одан әрі еуропалық сипат ала берді, соғыс қарсаңында қалаларда және қала үлгісіндегі елді мекендерде қазақтардың небәрі 16%-ы тұрды. Қала халқы Мәскеу, Ленинград, Киев, Харьков, Свердловск қалаларынан және Ресей мен Украинадан, Әзербайжаннан келген жұмысшылар, инженерлер мен техниктер есебіне көбейді. (Бәйтерек бұтағына «қалаландыру үрдісі күшейді» деген сөз ілінеді).
6-оқушы: Менің тобымның мүшелері индустрияландырудың жетістіктері мен табыстарына тоқталса, мен енді
осы саясаттың іске асырылуы кезінде жіберілген кемшіліктеріне тоқталайын. Бұл саясат Қазақстан секілді ұлт аймақтардың ерекшелігін ескерместен жоғарыдан әкімшіл-әміршіл әдіспен жүзеге асырылады. Ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелілердің тұрмыс-салтын күшпен күйрете отырып, халықтық дәстүрлерге тиым салынып, қарапайым бұқараны қайыршыландыру мен аштыққа ұшырату, халықты барынша титықтату арқылы іске асырылды.
Республика зауыттары дайын өнім шығармады, машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібі салынбады. Қазақстан тау-кен шикізатының көптеген түрлерін дайындаушы база ретінде қала берді. Мысалы Ембіде өндірілген мұнай Орскіге тасып әкетілді. Балқаштың мысы, Шымкенттің қорғасыны, Алтайдың сирек кездесетін металдары Қазақстаннан тыс жерлерге тасып әкетілді.
Білікті жұмысшы кадрлар, инженер-техник қызметкерлер сырттан, көбінесе Ресей, Украинадан әкелінді. Жергілікті кадрлар әлі де ұзақ жылдар бойы мамандығы жоқ жұмысшылар болып қала берді.
(Бәйтерек бұтағына «әкімшіл-әміршіл әдіспен жоғарыдан іске асырылды, республикада дайын өнімдер шығарылмады, кадрлар сырттан әкелінді» деген жазу ілінеді).
7-оқушы: «Өз елін, өз ерлерін ескермесе,
Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді» деп Ілияс Жансүгіров жырлағандай бүгінгі сабақта мен индустрияландыру саясатын халық мүддесіне сай жүргізуге тырысқан ұлт зиялыларының өмірі мен қызметтері жайлы айта кетпесек, елдігімізге сын болардай деп ойлаймын. (Ұлт зиялылары С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев, Нұрмақов, т.б. суреттері мен өмірі жазылған буклетті пайдалана отырып, ұлт зиялыларының пікіріне тоқталады).
Топ басшысы: Қорытынды жасайды: 1928-1932 жылдары жүогізілген индустрияландыру ісінің нәтижесінде Қазақстан өнеркәсібінің тек шикізат өндіретін саласының дамуына қарамастан Қазақстан аграрлы елден, индустриялы-аграрлы елге айналды, үлкен жетістіктерге қол жеткізілді деп айтуға болады, сондықтан мен сөзімді ұлы ғұлама ғалымдарымыздың бірі Әбу Насыр әл-Фараби сөзімен аяқтағым келеді: «өткен тарихты білмей қазіргі жағдайды білу, келешекте болжау қиын».
Индустрияландыру ісі біздің өткен тарихымыз, сондықтан оның жетістіктерін, кемшіліктерін саралай отырып, болашағымыз жайында ойлағанымыз жөн болар деген қорытындыжасағым келеді. Ал ендеше құрметті оқушылар 2-топтың дайындаған шолуларына назар аударайық, (тақтаға ілінген мына сөздерді дәптерлеріңе жазып отырыңдар).
2-топ басшысы: Мен сөзімді «Рухы жоғары халықтың-тарихы мәңгілік»- деген сөздермен бастағым келіп тұр, себебі біздің халық небір қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірсе де ешқашанда болашаққа деген сенімдерін жоғалтпай келе жатқан халық, ендеше осы 1928-1932 жылдардан кейінгі жылдары Республика экономикасындағы ауыр өнеркәсіптің дамуына шолу жасап көрелік: 1928-1932 жылдары жүогізілген саясат көп өзгіріссіз одан әрі қарай жүргізілгенін көруге болады. Оған дәлел 1940 жылға қарай Республикада 2580 ірі өнеркәіп жұмыс істесе, оның ішінде түсті металлургия ерекше жоғары қарқынмен дамығанын көруге болады: Одақ бойынша өндірілетін қорғасынның 87%, мыстың 21% берді.
Шымкент қорғасыны одақтағы таңдаулы қорғасын деп танылды. Халық шаруашылығы түсті металдардан шет елге тәуелділіктен құтылды. Балқаш мыс қорыту, Лениногор, Зырянов, полиметалл зауыттары, т.б. Қарсақпай, Ертіс мыс балқыту зауыттары қайта салынды. Нәтижесінде Қазақстанда салынған өнеркәсіп орындары болашақ Ұлы Отан соғысындағы жеңісті қамтамасыз етті, (Бәйтеректің екінші жағына Шымкент қорғасын, Балқаш мыс балқыту, Лениногор, Зырянов полиметалл зауыттары деген өз ілінеді).
Топ басшысы: Жоғарыда біздің топ мүшелері келтірген деректерге қарай отырып, 1990 жылдары тәуелсіздік алар тұста кездескен қиыншылықтар мен келеңсіздіктер ұзақ жылдар бойына жүргізілген отаршылдық саясаттың салдары еді десек қателеспеген болар едік.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары жоспарлы экономикадан бас тартып, нарыққа өткен тұста бәрі бірдей оңай бола қоймағаны, түрлі қиындықтарды жеңе отырып Қазақстан экономикасындағы бір жақты шикізаттық-өндірушілік саланың басым болуы салдарынан өзге республикаларға тәуелділік, өнеркәсіптің тоқтап қалуынан пайда болған жұмыссыздық сияқты қиындықтарды жеңе отырып, Қазақстан өзінің ішкі-сыртқы мүмкіндіктеріне лайықталған экономика дамуының өзіне иән үлгісін (моделін) жасады.
(Бәйтерек қасына ілінген «Қазақстан-2030» суретінде 7 басымдық ілулі тұрады).
1997 жылы Президентіміз Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2030» стратегиясында Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын анықтап, онымен халықты таныстырды. Онда қоғамның ұзақ мерзімді басым мақсаттары-жеті бағыт атап көрсетіледі.
7-оқушы: Осы жеті бағыттың үшеуі экономика саласын қамтиды. Осындай нақты жоспар жасау арқасында Қазақстан экономикасы алғашқы кездескен қиындықтарды жеңе алды әрі «2030 жылға қарай Қазақстан Орта Азия барысына айналады және өзге дамушы елдерге үлг болады» деген болжам бүгінгі күн шындығына айналып отыр.
8-оқушы: 2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуы тиіс. Қазақстан Еуразияның орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың-Қытайдың, Ресейдің, Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін арттыратын болады.
2030 жылғы Қазақстан әлі де барынша кемелдене алмайды. Ол әлі әлемдегі ең бай, ең білімді ел бола қоймайды, бірақ ол күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.
Мұның бәріне де қол жеткізу болады, әрі әлемдік тәжірибе бұл жоспардың ақиқаттығын қуаттап отыр.
9-оқушы: 2005 жылғы жолдауында Елбасымыз бұл жайында былай тұжырымдайды: «Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзім ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік».Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік дамуду қамтамасыз етті. Бүкіл дүниежүзілік банктіңжіктемісі бойынша қазіргі Қазақстан кірісі орта деңгейдегі елдердің тобына кіреді.Жолдауда қазіргі күні еліміздің алдында иннавациялық экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялық стратегияны іске асыра бастады.Бұл болашақтың бағдарламасы бәсекеге қабілетті экономикасының үлгісін таңдай отырып, бәсекелікті дамытуға экономикалық қорымы мол салалар таңдап алынып, сол арқылы қазақстандық кластерлік жүйесінің дамуына жол ашылды.Мұнай – газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібін, көлік- логистикалық қызмет көрсету салаларында кластерлік қалыптастыру, ел экономика шикізатық емес салаларындағы ұзақ мерзімді мамандануын айқындайтын болады.
Үзінді
Қазіргі кезде көрініс беріп отырған шаруашылық қиыншылықтардың негіздері, менің ойымша, шаруашылықтың негізгі салаларының арасындағы шамаластықтың белгілі мөлшерде бұзылуында, әсіресе индустрия мен ауыл шаруашылығының арасындағы дұрыс ара қатынастартың бұзылуында болуы керек.Алайда бұл жағдайды біздің индустриямыздың даму қарқыны біз тым жылдамдатып жіберейік деген мағынада түсіну қажет емес екндігін барынша атап көрсетеді.Мәселе, мынада : белгілі бір жағдайларда, атап айтқанда, индустрияландырудың базасы ретінде ауыл шаруашылығын көтеріп, қала мен деревняның арасында жедел шаруашылық айналымын іске асырған жағдайда, біз қазіргі қарқынмен дамытуға мүмкіндік аламыз.
Үзінді
Қазір ұсақ өндіруші астықты сатушыдан астық өткізушіге айналды.Сондықтан, арақатынастың негізгі формасы,ұзақ уақытқа дейін біздегі басты, анықтаушы форма болуға тиісті нарық қатынастар формасы бұзылды.Өйткені астықты сатушы- өткізушіге, сату- мемлекетке міндетті түрде өткізуге айналып барады...
Мұндай жағдайда ақшаның рөлі, оның қала мен деревня арасындағы айналымдағы рөлі төмендеп кетті және төмендей береді.Нарықтық қатынастар бізде әлі ұзақ жылдар бойы өмір сүреді. Нарықтық байланыстар ұзақ жылдар бойы экономикалық байланыстардың шешуші формасы болады деп ойлаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.