Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Иса-Досан көтерілісіне-140 жыл. -

Иса-Досан көтерілісіне-140 жыл.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1893 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Иса-Досан көтерілісіне-140 жыл
Сабақтың мақсаты: оқушыларға Маңғыстау көтерілісі туралы түсінік бере отырып,Иса және Досан батырлардың ерліктерін айтып,оларға құрметпен қарау,көтерілістің не себепті болғаны туралы баяндай отырып,оқушылар бойына өз Отанына,өз еліне деген патриоттық сезімді жеткізу;
Пәнаралық байланыс:қазақстан тарихы,география,әдебиет,құқық;
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Иса-Досан бастаған көтеріліс (Маңғыстау көтерілісі)
Мұғалім сөзі:-Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы бастаған 1870жылдың 22наурызында бұрқ ете түскен Маңғыстау қазақтары- ның патшалық Ресей отарлаушыларына қарсы көтерілісі—тарихи маңызы зор оқиғалардың бірі.Бұл көтерілістің қазақ жеріндегі ХІХғасырдағы патша отарлаушыларына қарсы көтерілістер ішіндегі ең бір елеулісі болғандығы сөзсіз.Солай бола тұрса да, бұл көтеріліс кешегі өткен әміршілдік заманда өзінің лайықты бағасын ала алмады.Өйткені,оған «патша отрашыларына қарсы күрес емес,жалпы орыс халқына қарсы күрес» деген ұлтшылдық сипат берілді.
Иса-Досан бастаған көтеріліс тарихта «Маңғыстау көтерілісі» деген атпен қалды.
1870 жылы Маңғыстау өңірінде патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталды.Көтеріліс патша өкіметі 1868 жылы қабылданған «Уақытша ережеге» сай туындады.Ресей империясы адай руларын ХІХғасырдың 30шы жылдарынан бағындыра бастады.
1866-1867жылдары адай руларынан Жоғары адай және Төменгі адай дистанциялары құрылды.Екі билеуші Орал облысындағы басқармаға шақырылып,жаңа ережелермен танысты.Жаңа реформа бойынша салықтың мөлшері 1 сом 30 тиыннан 3 сом 50 тиынға дейін өсті және билеушілерден үй санын дәл есепке алуды,жерді мемлекеттік меншік деп тануды,болыстар мен ауылдарға бөлінуді талап етті.Ел арасында толқу басталды.Халық бұқарасын Досан Тәжіұлы,Алғи Жалмағамбетов,Ержан және Ерменбет Құловтар басқарды.Оған қоса Маңғыстау приставы полковник Рукин би-шонжарлардың көмегімен салықты екі жылға 1869-1870 бір-ақ жинамақшы болды.
Рукин 1870жылы 15наурызда төрт зеңбірегі бар 35 казак,тілмаш, 60-тай билер мен старшындар құрамымен адай руларынан салық жинауға аттанды. Рукиннің қарулы жасақпен келуі көтерілістің басталуына түрткі болды. Көтерілісшілер Рукин отрядымен 22наурызда кездесті.Көтерілісшілерге «Ұсақ» құдығы маңында Бозашы тобы қосылды.Рукин отряды біржола талқандалып,Рукин көтерілісшілердің қолына түспес үшін өзін-өзі атып өлтірді. Көтеріліс бүкіл түбекті қамтып,көтерілісшілер саны он мыңға жетті.
1870жылы 5сәуірде көтерілісшілер Александровск форты мен Николаевск станциясына шабуыл жасады.Шабуылшылар теңіз бағдарларын өртеді, саудагерлердің үйлерін,дүние-мүлкін,Нижнее бекінісін талқандады. Алайда,зеңбіректен жауған оқ көтеріліс -шілерді шегінуге мәжбүр етті. Көтерілісті басып-жаншу Кавказ уәкіл әкіміне жүктелді.Мамыр айында соңында Кавказдан әкелінген қарулы жасақтарға көтерілісшілер қатты қарсылық көрсеткенімен жеңіліс тапты.Көтерілісшілер үстірттен солтүстікке қарай ығысып,көше бастады.Патша әскерлері Маңғыстауда үш ай болып, көтерілісшілерді қатты жазалап,қудалай бастады.Көтеріліс басшылары И.Тәжіұлы,И.Тіленбаев,Е.Құлов патша жендеттерінің қудалауынан қатты қауіптеніп,1870жылы желтоқсанда өз жасақтарымен бірге Хиуа хандығына өтіп кетті.Сөйтіп, халықты «Уақытша ережеге» күшпен көндірді.

ІІІ. Досан Тәжіұлы
Досан Тәжіұлы 1829жылы Маңғыстаудағы Бозашы түбегіндегі Жиделі деген жерде дүниеге келген.Досан—халық батыры, Маңғыстау көтерілісі басшыларының бірі.Досан Ресей үкіметінің 1868жылғы «Уақытша ережесін» әділетсіздік деп бағалап,халықты көтеріліске шығуға үндейді.Онымен бірге Иса Тіленбаев,Алғи Жәлімбетов т.б. шығады.Досан бастаған 400сарбаз Үшауыз деген жерде Рукиннің жазалаушы отрядын тас-талқан етіп жеңеді. 1870жылдары Досан бастаған сарбаздар Хиуа хандығына өтіп кетеді. 1874жылы Досан ауылын қапыда қоршап алып,жаралы Досан батырды қолға түсіріп,Форт түрмесінде екі жылдан кейін 1876 жылы қайтыс болады.Досан батырдың сүйегін туған жері Бозашыға Жанғабыл бастаған бір топ азаматтар жеткізген.Досан батырдың ерлігі Ақтабан,Қашаған,Қалнияз,Сәттіғұл ақындар жырға қосқан.

ІҮ.Иса Тіленбай ұлы
Иса Тіленбайұлының көтерілісті ұйымдастыруда және басқаруда зор еңбегі бар адам.Исаның от ауызды,өткір тілді би болғандығы, ақындығы өз алдына бір төбе.Ол 1874 жылдан 1908 жылға дейін 35 жылдай болыс болған.Ел басқару кезінде халқына қадірлі,екі сөйлемейтін,қара қылды қақ жарған әділетті болған.Болыс,би болғанымен бар-жоғы бір қора қой,екі үйір жылқы,бір келе сауын түйе ұстаған.Байлыққа көп қызықпаған.Оқуға ынталы жандарға барынша қолдау жасаған.Астраханнан қашқан төңкерілісшілер Исаны паналаған.Иса оларды қуғыншылардан арашалап алып қалған.1909 жылы 80ге келген шағында қайтыс болды.Төрт әйел алды,артынан тараған үрім-бұтақ кеңес заманында көрмегенді көрді.Бір баласы Нұрбергенді «халық жауы» деп атып тастады.

Ү.Қорытындылау
Бұл көтеріліс кезінде мыңдаған қандастарымыз құрбан болды.Патшаның жазалаушы отрядтары елді ойрандап,малды талауға түсірді.Маңғыстау тарихындағы осы бір сұрапыл жылдар ,мал-жанды да ,рухани тыныс-тіршілікті де ойсыратып,ортайтып кеткен, сол бір кезеңнің мән-жайын бүгінгі ұрпаққа таныстыру біз бен сіздің міндетіміз.Тәуелсіздік үшін патша отарлаушыларына қарсы күрес туын Маңғыстауда тұңғыш көтерген Досан ман Иса есімдері егеменді ел атанып,мәре-сәре болып жатқан қазіргі заманда,ең болмағанда өздерінің туған жері Маңғыстауда топырағында ең бір қасиетті,ең бір қастерлі есімдер болуға лайықты екені даусыз.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев: «Досан мен Иса Махамбет пен Исатайдай бірін-бірінен бөліп алуға болмайтын тұлғалар»-деді.
Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе кентінде Досан батырға арналған ескерткіш бар,Форт-Шевченко қаласында екі батырға арналған ескерткіш тұғыры жасалып жатыр.
Халық ақыны Есенғали Бөкенбаев
Елі үшін туған ерен ер
Маңғыстау түбегінде Досан туған
Тарих дей алмайды осал туған
Бұл жерге тұрақтамай кете берген
Арқауы ширатылып босаң туған
Досанның ерлігінің шегі де жоқ
Әйгілі батырлардан кемі де жоқ
Аңсаған бостандықты Исатайдай
Ешкімнің ұмытуға жөні де жоқ
Патшаның әскерімен шайқасқанын
Белгілі күш көрсетіп байқасқанын
Сәттіғұл тарих етіп жазып кетті
Рукинді өлтіріп айқасқанын
Ерлігі ер Досанның кем болмаған
Бір батыр Маңғыстауда тең болмаған
Асыра сілтеді деп ойламаңыз
Бөтенге құлдық ұрып жем болмаған
Ел орнатқан кесенесі жерімізде
Салтанатты,сәулетті елімізде
Досанның халқым атын ұмытпайды
Мәңгілік Маңғыстаудай төрімізде




Маңғыстау облысы,Маңғыстау ауданының орталығы
Шетпе кентіндегі Досан батыр ескерткіші
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.