Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Қисық жол». -

«Қисық жол».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2674 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Көрініс
«Қисық жол»

Құрастырушы: Закарина М.Т.

Атырау 2010 ж.



Аты- жөні : Закарина Мәншүк Тасмұратқызы

Еңбек өтілі: 13 жыл

Жұмыс орны: Н. Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы

Қызметі : Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
математика пәнінің мұғалімі.

Тақырыбы : « Қисық жол»

Мақсаты : Оқушыларға адам өмірінің құндылығын ұғындырып,
көрініс арқылы салауатты өмір салтын ұстануға
тәрбиелеу. Нашақорлықтың зиянды жақтарын аша отырып,
өзінің және айналасындағылардың денсаулығын сақтауда
азаматтық жауапкершілік қалыптастыру. Нашақорлықтан
туатын аурулар туралы оқушы білімін арттыру.Көрініс арқылы
оқушылар санасына нашақорлық-өлімге апаратын жол екенін

сіңіру.
Қойылу түрі : Сахналандырылған көрініс

Кейіпкерлер :

1. Әке - Әміржанов Бекболат
2. Ана- Зейнелова Аяжан
3. Ұлы - Шыныбек
4. Ұлының достары - Науешов Азамат
Қарағұл Бауыржан
5. Періште - Сайлауова Әсел
6. Жастар тобы- Әлия, Назерке,Айнұр.

Музыкамен көркемдеу :

Мұңлы музыка, жүректің лүпілі, жедел жәрдем,полиция машиналарының үні.

Жүрісі : 1. Көрініс
Сахнада бір отбасының түскі ас ішу кезі көрсетіледі. Анасы ас қамын әзірлеуде. Әкесі сен анасының арасындағы диалог.
Ана : Ау,әкесі түскі аш ішейік келсеңші,Шыныбек те келіп қалар.
Әкесі сахнаның ар жағынан сөйлеп шығып келеді (көзінде көзәйнек, қолында газет)
Әке : Сағат болса 2- ден асты. Ұлымыз неге кешігіп жатыр екен.
Ана : Келіп қалар,күнім сол, өзі шаршап жүр, ҰБТ –сы қиын, күнде тест ке
дайындалады.
Әке : Оқысын, оқығаннан қор болмайды. Өз нанын тауып жейді.
Осы кезде есік соғылып, ұлы келеді, анасы қарсы алады.
Шыныбек : Сәлем, әке,анашым ,мен келдім.
Анасы : Кел құлыным (еркелетіп) , қарның ашқан болар.
Шыныбек : Қарным ашқаны соншалық, қандай тағамызға да ризамын.
Әкесі : Ұлым, сабағың қалай, биыл оқуыңды аяқтайсың, дұрыстап дайындалып жүр.
Шыныбек : Иә, әке жақсылап дайындалып жатырмын. Күнде сабақтан кейін ҰБТ-ға дайындық сабақтары өтеді.
Анасы : Менің ұлым ақылды. әкесі ұлың шаршап келді, бала тамағын ішсін енді.(даусын көтеріңкіреп)
Шыныбек : (тамағын ішіп отырып) Әке,ана мен сіздерге бір нәрсе айтайын деп едім. Бүгін біздің сыныптағы Бауыржан бар емес пе, туған күнін атап өтпекші, туған күніне достарын жинап жатыр екен, мені де шақырды. Қалай қарайсыздар. Баруыма рұхсат етесіздерме? 11 сыныпта оқимыз. Бітіреміз дегендей….
Әкесі: Ол қайсысы, әлгі ұзын ба?
Шыныбек : Иә, дәл өзі әке.
Әкесі : Бармайсың , үйде жұмыс көп, маған қолғабыс етпейсің бе, жалғыз өзім үлгермей жатырмын.
Анасы : (ұлын қорғаштап) Әкесі бара қойсын, достарымен бойын жазсын, сабақтан шаршап жүр, кешікпей келеді ғой, рұхсат ет, енді.
Әкесі (сөйлеп,ренжіп сахнадан шығып кетеді.) Жалғыз ұлдан көмек болмайтын болды ғой, бармайсын!
Анасы : Ұлым, сондай барғың келіп тұр ма? Әкең ренжіп жатыр ғой. Жақсы мен әкеңді бірдеңе етіп көндірермін, сен көп кешікпе, жарай ма.
Шыныбек : Жарайды, анашым, сен алтынсың ғой.
Шыныбек сахнадан жүгіріп шығып кетеді.
2. Көрініс (Туған күн кеші)
Сахна қараңғы , музыка туған күн кеші , жастар билеп жатыр.
Туған күнге Шыныбек келеді , бәрі қуанышпен қарсы алады. Барлығы қосылып билеуде , Шыныбек досы Азамат екеуі топтан бөлініп, екеуара сөйлесіп тұр. (Осы кезде жалпы жарық сөндіріліп. Жарық тек екеуіне түсіріледі)
Азамат: Шыныбек кеш тамаша өтуде, үйдегілер қалай жіберді, мен өлердегі сөзімді айтып, сұрандым әйтеуір.
Шыныбек: Иә, мені де әкем жібермей, анам көндіріп, шықтым-ау әйтеуір.
Екеуінің әңгімесіне Туған күн иесі Бауыржан келеді.
Бауыржан : Достар, неғып билемейсіңдер, ұнамай жатыр ма ?
Шыныбек,Азамат : Кеш тамаша өтуде, тағы да туған күнің құтты болсын ! (екеуі жарыса)
Бауыржан : Достар , бүгін менің туған күнім, мені сыйлайсыңдар ғой, иә.
Шыныбек : Әрине, Бау сенің туған күніңде сенің тілегің болады ғой.
Бауыржан : Олай болса, кешті неге қыздырып, көңілденбеске, нағыз өмірдің балын татпасқа.
Шыныбек : Бау, ол не дегенің туған күнің қызықты өтуде,достарың жаныңда, бұдан артық қандай қызық.
Бауыржан : Сен нағыз өмір, кайфты білесің бе?
Шыныбек : Бау не айтып тұрсың арақ-шарапты айта көрме
Бауыржан : Достым, сен қайда қалғансың , менде бір керемет бар, дәмін татып көрсең, дүниенің рахатын көріп, қиындығыңды ұмытасың.(Қалтасынан төртбұрышты етіп дорбаға салынған есірткіні көрсетеді)

Азамат (зілді дауыспен): Бауыржан, сенің оның не, Шыныбекті неге итермелеп жатырсың,ол өте жақсы дос,өзіңнің былық істеріңе Шыныбекті араластырма!
Бауыржан мен Азамат сөзге келіп қалады.
Шыныбек : (Екеуінің жанжалдарын тоқтатып) Достар,сендерге не болған.
Азамат : Шыныбек, жүр кетейік бұл жерден.(Шыныбекті итермелеп, алып бара жатады.)
Бауыржан : Шыныбек. Досыңды туған күнінде ренжіткенің жігіттікке жата ма екен.Мен сені шын досым деп ойласам.
Шыныбек : Азамат, Бауды ренжітпейік, қалай десек те бүгін туған күні ғой.
Азамат : Шыныбек, бұл бәлеге жолама, өміріңді құртасың.
Бауыржан : Кетшей әрі (Азаматты итеріп жібереді .Шыныбекке есірткіні ұсынып) Білесің бе, бұл тамаша, кешті қыздыра түседі, көңіл-күйің көтеріліп, қиял-ғажайып ертегіге барып қайтасың.
Екеуі сахнадан шығып кетеді
3. Көрініс
Жүрек соғысының үнімен сахнаға есеңгіреп, Шыныбек шығады.
Кеш жалғасуда, жастар биді жалғастыруда, Шыныбектің басы айналып, әр жерге бір соғысып, билегендей болады. Бірнеше уақыттан соң, Шыныбек Бауыржанды топ ішінен іздеп табады.
Бауыржан (күліп) : Шыныбек, жағдайың керемет қой,
Жарық екеуіне түсіріледі
Шыныбек : Бау. Басым айналып, өзім түсінбейтін бір күйде тұрмын,билегім келеді, тағы қайталауға болмай ма?
Бауыржан : (мысқылдап)Неге болмасқа, басқа әдістерінде қарастыруға болады. Бірақ енді ақша керек, ақша,ақша…………….
Шыныбек : Қалайша ақша, менде ақша жоқ ! Берші, Бау,берші, біртүрлі қалжырап барамын.(Бауыржанның аяғына жығылады)
Бауыржан : (Итеріп жіберіп) Ақша, бауырым, ақша, ата-анаңнан ал!

4. Көрініс
Шыныбек үйіне айқайлап кіреді : Ақша керек,ақша деп,үйдегі заттарды қопара бастайды. Ұлының даусын естіп, анасы жүгіріп келеді.
Анасы : (ұлының есірткі пайдаланғанын білмей) Құлыным-ау, саған не болған, ауырып қалдың ба, айтамын ғой жылы киін деп.Ақша не үшін қажет,тыңдашы ұлым.
Шыныбек : (Анасының сөзіне құлақ аспай, көзі көрмей, аяғына құлап) Ақша керек, ақша
Анасының жоқ деген сөзіне анасын итеріп жібереді. Айғайды естіген әкесі жүгіріп келеді,бөлмедегі жағдайды көріп.
Әкесі : Ұлым, мұның не, саған не болған, бұл шынымен сен бе? Өз көзіме өзім сенбей тұрмын. (Ұлының қандай күйде тұрғанын түсінген әкесі қалтырап) Шапалақпен ұлының жағына ұрып жібереді.) Есірткінің әсерінен есі шығып,көзі көр соқыр болып тұрған ұлы үстел үстіндегі пышақты әкесіне сұғып алады. Әкесі жерге құлайды.Түсінбей қалған анасы әкесіне тұра ұмтылады.
Анасы : (жылап,айқайлап,зарлы үнмен)Әкесі-ау ,не болды тұр,тұр,жедел жәрдем.Жалғыз ұлдың құрбанына айналғаның ба?(Жедел жәрдем мен полиция көліктерінің сиренасы жіберіледі)
Жарық сөндіріліп. Жарық тек Шыныбекке түседі. (Мұңлы,ащы әуен ойнап тұрады)
Шыныбек : (Денесін құшақтап, жылап,): Мен бақытты отбасында дүниеге келдім, ештеңеден таршылық көргенім жоқ, Анда- санда тентек болған кезімде әкем ұрса бастас анам «ойбай жалғыз балада нең бар?» деп ара түсетін.
Таусылмақ дәм. Бітпек өмір өзенім
Жүрегімнің мұң көзінен сеземін.
Мені есірткі найзазымен тіреген,
Өз әлімше арман көлде жүзе алмай
Қанатымнан жараланған күйде мен.
Шыныбек төмен қарап, жылап отырады.
Сахнаға Періште кейпінде (Шыныбекті айналып жүріп):
Періште : Ей, жас жігіт,
Жан едің сен гүл жүзді,
Солып қапсың ,тынышыңды кім бұзды.
Өмір қатал,көңіліңе қарай ма ?
Душар болдың қайғыға
Енді арылу оңай ма?
Наша үшін қиған жастық өмірін,
Ең сорлы жан сен боласың !
Ең соңғы жан сен боласың ғаламда.

Осы сөздерді айтып,періште сахнадан шығып кетеді.
Шыныбек : (Жарық тек Шыныбекке түсіріледі)
Жас,жеткіншек!
Өздеріңе айту менің борышым
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол үшін.
Құтқаратын күш жоқ,онда
Әлсіз тірі өліксің,
Жат әдет пен есірткіге жоламаңдар сол үшін !
Соңғы сөзін айтып, Шыныбек жерге құлай кетеді.

(Соңы)

«Қисық жол» көрінісінің мазмұны

Қазіргі таңда нашақорлықтың өсуі- бұл әлемдегі медициналық-әлеуметтік мәселелердің бірі болып отыр. Есірткіге тәуелділердің жасы 7-49 жас аралығына дейін.Есірткіге тәуелділердің өмір ұзақтығы күрт қысқарады. Бір жыл ішінде әрбір есірткіге тәуелді адам кем дегенде 10 кісіні тартса, ал өзі қолданбай бизнес көзіне айналдырып отырған адам өмірін қиюшылар алғашқысын тегін беру арқылы жасөспірімдерді уландырып отыр. Сондықтан менің ойымша мектепте нашақорлықтың алдын алу жұмыстары ата-аналармен бірігіп жүруі тиіс. Сондықтан да тәуелсіз еліміздің жас ұрпағын дені сау, білімді ұрпақ болып өсуіне біз, яғни ұстаздар ұжымы өз септігімізді тигізуіміз керек. Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында осы тақырыпта алуан формада тәрбие шаралары өткізіледі. Ұрпағы наша,есірткі деген бәлеге ұрынып,қанша отбасы ойрандалып, қайғысын тартуда. Сондықтан оқушылар,ұстаздар,ата-аналар назарына «Қисық жол» деп атаған көріністің қысқаша мазмұнына тоқталсам, көрермен жүрегіне жол тапқан бұл көрініс оқушыға ой салып, үлкен әсер алды. Көріністе өкінішке орай кейбір отбасында болатын жағымсыз жағдайлар туралы көрсетілді. Ұл бала тәрбиесіне әке тәрбиесінің үлесінің көптеу болуына кейбір жанұяларда мән бере бермейді. Бұл көріністе бір отбасы туралы, жалғыз ұлдарының досының алдауына еріп,есірткінің қармағына түсіп қалғаны , нашаның,есірткінің зияны өзінің өміріне,әкесінің өміріне балта шабады. Бұл көрініс арқылы оқушы ойына ой салып, өмірдің құндылығын түсініп, жаман әдеттерден аулақ болуларына көмегін тигізетіні сөзсіз.Еліміздің болашағы- жас ұрпақ. Сондықтан да жас ұрпақтың дені сау, білмді болса, болашағымыз жарқын болмақ. «Дүние жастан құрылып ғана қоймайды,содан бастап құлайды» деп орыс ойшылы И.Ильин айтқандай дүниені құлататын емес, құрайтын жастарымыз көп болсын дегім келеді.

Закарина Мәншүк Тасмұратқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.