Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Үйсіндер тарихы, орналасқан жері. -

Үйсіндер тарихы, орналасқан жері.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2248 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Үйсіндер тарихы, орналасқан жері. / 2сабақ/
Мақсаты: а)білімділік: Оқушыларды ежелгі үйсіндер туралы тарихи деректермен, олардың қоныстарынан табылған археологиялық ескерткіштерімен таныстыру, үйсіндердің қоғамдық құрылысына сипаттама беру.
ә)дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, оқулықпен өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту, тарихи танымын кеңейту.
б)тәрбиелік: Өз Отанын сүюге, өз елінің тарихына құрметпен қарауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Негізгі ұғымдар: гуньмо, бек, “Усун”, лақат
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, топтық жұмыс
Көрнекілігі: карта, тірек сызбалар, слайд
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын тексеру
1. Үйсін атауы қай қай ғасырдан бастап кездеседі?
2. Үйсіндер қай жерлерде мекендеген ? Картадан көрсетіңдер
3. Үйсіндер туралы қандай жазба дерек білесіңдер?
Оқушылар біз үйсіндер туралы жазба деректерді оқып, олардың мекендеген жерлері туралы білдік. Бүгінгі сабағымызда үйсіндердің қоғамдық құрылысы, меншік қатынастары мен археологиялық ескерткіштері туралы мағлұмат аламыз.
III.Жаңа сабақ
1. Қоғамдық құрылысы
2. Меншік қатынастары
3. Көрші халықтармен қарым- қатынасы
Негізгі бөлім. 1. Оқулықпен жұмыс
Оқушылар үш топқа бөлінеді. 1 топ оқушылары “Қоғамдық құрылысы”, ал 2 топ “Меншік қатынастары”, 3 топ “Көрші халықтармен қарым-қатынасы”тақырыптарымен танысады және тақырыпты ашып баяндайды.
1.Үйсін тайпа одағының билеушісі гуньмо(күнби)деп аталған. Оған “бек’деп аталған жеке тайпа көсемдері мен ұсақ рубасылары бағынған.
Үйсін қоғамын тайпа мен ру басшылары,ауқатты адамдар,жасауылдар мен абыздар және қатардағы бұқара халық құраған.Қарапайым бұқара халық малшылар мен егіншілерден тұрған.Үйсіндер арасында соғыс кезінде тұтқынға түскен құлдар да болған.
2.Үйсіндер арасында жерге,малға жеке меншік қалыптасқан.
Жеке меншіктің шыққанын,мүлік теңсіздігінің пайда болғанынзираттарынан да байқауға болады.
3.Үйсіндер Қытаймен тең құқықты саяси және сауда байланысын орнатқан.Сондай-ақ ғұн,қаңлы тайпаларымен ,Енисей қырғыздарымен қарым-қатынаста болған.
Көршілерінің арасында қаңлылармен,ғұндармен қатынасы көбіне бейбіт жағдайда болған.
2. Археологиялық ескерткіштері туралы түсіндіру.
I. б.з.б. III-IIғғ (Қапшағай, Өтеген, Қызылқайнар)
II. б.з.б. Iғ-б.з. Iғ (Тайғақ, Алтынемел, Талғар)
III.б.з. III – IIғғ (Шолақжиде, Үңгірқора, Қалқан)

3.Картамен жұмыс.
4.Тірек сызбамен жұмыс.


5.Дәптермен жұмыс(сабақта кездескен негізгі ұғымдар мен археологиялық ескерткіштерді топтап жазып алу).
IV. Бекіту сұрақтары
1.Үйсін қоғамы қандай топтарға бөлінген?
2.Жеке меншік қалай пайда болған?
3.Үйсін обалары қай жерлерден табылған?
4.Обалар салынған мерзіміне қарай қанша топқа бөлінеді және оларға сипаттама беріңдер?
5.Үйсіндер кімдермен сауда, бейбіт қарым-қатынас жасаған?
Тақырыпты қорытындылауға кестені пайдаландым.
Білемін Білдім Білгім келеді


V.Бағалау
VI.Үйге тапсырма: 1.Үйсіндер тарихы,орналасқан
жері. Оқып келу және тест құрау. 2. Үйсіндер туралы деректер жинақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.