.
.
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым! «Көктем аруы -2013»
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1577 | Размер: | Автор: ТәрбиеБүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.
Бүгінгі «Көктем аруы -2013» атты арулар сайысына қош келдіңіздер.
«Көктем аруы- 2013» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ақ жаулықты аналар, әжелер, қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар сіздерді қар астынан қылтиып бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болған,8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші
Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.
1.9 «А» Сайынова Айдана
2.8 «А» Ідірейсова Асемай
3.8 «Ә» Төреғалиева Гүлназина
4. 7 «А» Оразалин Қалампыр
5. 7 «Ә» Мұрын Ақбөбек
6. 9 «Ә» Әділова Фатима
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
1. Сағынбаева Оңайкүл
2.Құдайбергенова Жұлдыз
3.Елемесова Жұлдыз
4. Кулбаракова Күнсұлу
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1. Өзін -өзі таныстыру.
2. Өз өнерін көрсету
3. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
4. Сән үлгісі
5. Қолөнер
Қатысушылар әділқазы алқасының алдынан нөмер алады да , кезекпен өздерін таныстырады.
I кезең.Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
II кезең өз өнерін көрсету.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
III кезең. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
IV кезең. Сән үлгісі
Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қара біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
V кезең. Қолөнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын.
( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
Жүргізуші:«Қыз –ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт –береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.