.
.
Тақырыбы: Күз береке! Күз береке!
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2502 | Размер: | Автор: ТәрбиеМақсаты: Оқушыларға күз туралы түсініктерін молайту,жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату;күз айларын атай білуге үйрету. Сөз қорларын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға,әсемдікті көре білуге, сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, күз мезгіліне байланысты салынған суреттер, жеміс пен көкөніс суреттері, даналық сөздер,жапырақтар және музыкалық аспаптар.
Сабақтың әдістері: көрсету, тақпақтар, ойындар, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Білер қазақ баласы. « Сәлем – сөздің анасы» Алдымыздан кезіккен Көп танысты көреміз, Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз.
ІІ. Топқа бөлу /КӨКӨНІС,ЖЕМІСТЕР, ДАҚЫЛДАР/
Ой қозғау: Ребус шешу/күз береке/ сөзіне
Мұғалім: Ендеше, балалар, қазір күз мезгілі болғандықтан бүгінгі тәрбие сағатымыз да не туралы болмақ. Дұрыс күз туралы. Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің ерекшелігі мен есте қалатыны қазан айы. Айнала сары түске боялып, сары алтындай жалтырап көздің жауын алары сөзсіз.
Не қасиет бар дейсің, осы күзде-
Деп айтқаны әркімнің есімізде.
Ет майымен тоқашын қолтықтап ап,
Байлық, ырыс әкелген осы бізге.
Талай-талай басынан таңды асыра,
Алтын дәнін тиеп ап арбасына
Қараңыз өзі бастап кеткен жоқпа,
Отанның берекелі қамбасына- деп ақын ағамызМұқағали Мақатаев жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымызда күз береке туралы, күздің кереметі туралы болмақ. Міне,сары алтындай күзіміздің қуанышты бір күні.Күз айы ерекше берекелі,мерекелі ай.Әрбір үйдің дастарханын дәмге,еліміздің қоймасын дәнге толтыратын Алтын да,жомарт күзімізді ортамызға шақырайық. (Оқушылар қолдарына вазаға салынған жемістерін ұстап ортаға келед)
Күз келеді:
Егін –теріп жиналып
Қамбаларға толады.
Әр көңілге нұр дарып
Әр үйде той болады.
Жылы жаққа бағыт ап
Құстар көкке ұшады.
Сары жапырақ қалықтап
Жердің төсін құшады.
Айтыңдаршы, балалар
Бұл қай кезде болады ?
Балалар хормен: Күзде!
Мұғалім: Осындай дәулеті тасқан еліміздің алқабы астыққа толы болса нан да,ән де болары сөзсіз. Осы балалар дәні дақылдарға нелер жатады? /Арпа, бидай, күріш,жүгері/Дұрыс балалр,көкөніске, жімістерге нелер жатады?Олай болса,Алтын күзіміздің кереметтеріне куә болайық (Ортаға жемістер шығып тақпақтарын оқиды.)
Алма :Күздік апорт алмамыз
Күннен қуат алғанбыз
Жұмыр жерден нәр жиып,
Жұлдыздай боп жанғанбыз.
Шие : Мен шиемін,шиемін.
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар.
Төмен басты иемін.
Қияр : Көктеп ерте өрмелеп,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым қияр, теріп ал
Жиі-жиі суғарып.
Өрік:
Бақта өскен сәні бар,
Гүлі майда көрікті.
Жемісі бар дәмі бал
Жақсы көрем өрікті.
Асқабақ:
Асқабақтың дәмі,
Таңдайымда әлі.
Кептірілген дәмі,
Таптырмайтын дәрі.
Қызанақ:
Қып-қызыл боп қалғанда,
Ауызыңа салғанда.
Не жетеді шіркін-ай,
Қызанаққа жалғанда.
Қарбыз:
Күннің нұрлы шуағы,
Шұғыла боп шылады.
Шөлің әбден қанады,
Көзің шамдай жанады.
Тамылжыған шырыны,
Таңдайымда қалады.
Арпа:
Күрт-күрт шайнап арпаны,
Торы ат тауға тартады.
Арпа көже тоқ екен,
Одан дәмді ас жоқ екен.
Балалар енді осы көкөніс, жеміс,дақылдарды білдік. Солар бойынша топқа бөлінейік.
1-тапсырма :Бір-бірімізге жұмбақтар жасырамыз.
2-тапсырма :Жапырақтардан әр топ өздері аң,құс бейнелерін жапсырады.
3-тапсырма :Семантикалық карта бойынша жұмыс.
Мұғалім:Алтын күз балалар жеміс пен көкөністер, дақылдар туралы жақсы біледі екен. Сіздің себетіңізде жапырақтарыңыз бар секілді,олар тапсырмалар болар бәлкім?
Алтын күз: -Әрине, Жұмбақ жасырайын деп едім. /Жұмбақтар жасырады./
1.Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарады көзімнен./пияз/
2.Бүрі, бүрі, бүрі бар,
Күн келбетті түрі бар. /Күнбағыс/
3.Піспеген де сырты қара,өзі қатты,
Ал, піскенде ерекше дәмі тәтті./картоп/
4.Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым./Сәбіз/
Мұғалім: Алтын күз бұларды ортаға неге шығардыңыз?
Алтын күз: Олар айтысқа шығады.
Көрініс:
Бағбан:(Тырма мен жер жыртып жүреді)
Мұқалмаған жігері,
Атай әлі күшінде.
Қашан көрсең жүреді,
Бау-бақшаның ішінде.
Қолы неткен епті еді,
Бәрін өзі істейді. Ертелі кеш кетпені,
Иығынан кетпейді..(Кетеді)
Бағбан:(Күнбағысқа келеді)
Күнбағыс-ау,Күнбағыс,
Күнді сүйген сен нағыз.
Күн ауғанда сен ауып,
Төбеңнен күн өтпей ме?
Таңдайың кеуіп кетпей ме?
(Жуа,Сәбіз,Картоп ұйықтап жатады)
Күнбағыс кенет басын жерден жұлып алады.
Күнбағыс:-Күнді,күнді қараңдар!Шуағын шашып,нұр төгіп тұр. Қәне,тұрыңдар.Күнді көріңдер. (Әрқайсысын жұлқылап оятады)
Жуа:Не болды? Сәбіз:Бұл не айқай?
Картоп:Ұйқымды бұздың ғой.(Есінейді)
Күнбағыс:Әй,сендер-ақ мүлги бересіңдер.Мен сияқты күнді көрмейсіңдер ме?Сендер ешкімге керек емессіңдер.
Жуа:Біздің адамдарға пайдалымыз.Менде С,В көп. Жөтелге,тұмауға,күйген жерге,басқада ауруларға еммін.
Картоп:Әй,әй!Жуажан,қалай ұялмайсың!Сен адамдарды жылатасың ғой.Адамға пайдалы деп мені айт.Менде глюхоза,крахмал,сахароза деген заттар бар.
Сәбіз:(Бетін шымшып):Ұят-ай!Картоп дегенің мақтаншақ екен ғой.Мақтансам мен мақтанайын. Адамдар мені дірі-дәрмек үшін өсіреді.Содан соң тамақ ретінде өсіред.іМені қан азайғанда,демікпе болғанда,асқазан ауырғанда және де қатерлі ісіктерге де пайдаланады.Мен пайдалымын!
Күнбағыс:Уа,Адам! Біз таң атпай дауласып жатырмыз.Қайсымыз адамға пайдалымыз.Айтып беріңізші!
Адам:Маған бәрің де керексіңдер.Бәрің де пайдалысыңдар.Күнбағыстан алған майға жуаны,картопты,сәбізді қуырып тамақ пісіремін. Сендер жақсы өссін деп кетпенімізді қолымыздан тастамаймыз.Енді дауды қойыңдар.Дәрілік қасиет бәріңде де бар.Күннің нұрын,ауаның тазасын жұтып өсе беріңдер! (Кетеді)
-Ендеше балалар көкөністер мен жеміс- жидектердің пайдасы бар ма?
Алтын күз: Балалар бір жылда неше ай бар?/12ай/ Күз айларын кім айтады?Дұрыс балалар енді сол айлар туралы тақпақ білеміз бе?
Қыркүйек Бірінші қыркүйек,
Білімге бастады.
Мал мен аң жүр билеп,
Құс шарлап аспанды.
Қазан : Жаңартқан ғаламды,
Жаңбырлы ғажап ай.
Осынау заманда
Орнатқан қазан ай.
Қараша: Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық.
Қарашы, өрледі,
Қараша ән салып.
Ән: « Жау, жау, жаңбыр»
Қорытынды/ посторларын қорғайды/
Енді балалар әр топ манадан бері көптеген мағұлматтар алдық. Енді сол алған мағұлматтарымызды алдымыздағы параққа өз топтарының аттары бойынша адамға қандай пайдасы бар екен сол бойынша жазамыз.
Балалр күзде біз көптеген пайдасы бар көкөністер,жемістер, дақылдар туралы білдік. Біз әр уақытта бау-бақшамызды күте білейік.Күте білсек бізге көптеген пайдалы заттар алады екенбіз.
(Балалар ортаға шығып орындайды.)
1-бала.
Құлпынай(Суретін көрсетіп)көздің көргіштігін жақсартады.Кітапты көп оқыса көз талады.Сондықтан құлпынай жеген адамның көру қабілеті жоғарлайды.
2- бала.
Қауын құрамында қант көп.Ол бүйрек,асқазан ауруларына ем.Беттегі безеуді,секпілдерді кетіруге көмектеседі.Ет қайнап жатқанда қауынның қабығын салса жұмсақ болады .
3-бала.
Өрікті Шығыстың ұлы дәрігері Әбу Әли Ибн Сина оның құрамында иод көп болғандықтан қан қысымы,жемсау ауруларын емдеуге қайнатпасын пайдаланған.
4-бала.
Бананның С,В,В,В,РР дәрумендері көп. Тістің түбін бекітеді.Сүйектің қисаюына мүмкіндік бермейді.
5-бала.
Пияз тамаққа ерекше дәм береді.Жұқпалы аурулардың микробын өлтіреді.Сарымсақ пен жуа өкпеге салқын тигенде,жөтелгенде емге қолданылады.
6-бала.Аскөк өт жолын,бүйректі тазалайды.Ағзадағы зат алмасуға көмектеседі.
7-бала.Қарбыз құрамында Ғе көп.Қан көбейтеді. Бүйрек,бауырдың жұмысына көмектеседі.Дәндерінен май алынады.Ішек құртын емдеп,қан тоқтатады.
Мұғалім:Алтын күзіміздің жапырақтары арқылы жемістердің емдік қасиеттері мен де таныстық. Осы көкөністерімізбен жемістерімізге байланысты ойын ойнап сергіп алайық.
Ойын
Шарты:Ағашта өсетін жемістерді атағанда қол шапалақтайды (Алма,банан т.с.с). Жерде өсетін көкөністерді атағанда аяқ топылдатады.(Картоп,жуа т.с.с)
Мұғалім:Алтын күзіміздің тапсырмаларын орындадық.Күзіміздің қоштасатын уақыты да жақын екен.
Алтын күз:
Байлығымды жинадым,
Барымды мен сыйладым.
Алға бастар жолым бар,
Аман –есен болыңдар.
Себетке салынған жемістерді таратады.
Рефлексия: Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?/ қолдарындағы стикерге жазып себетке жапсырады/
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.