.
.
Психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті «Күз. «Ш» дыбысын қайталау».
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1430 | Размер: | Автор: ТәрбиеТақырыбы: «Күз. «Ш» дыбысын қайталау».
Өткізген: логопед А.С.Бисембаева
Сайқын 2014жыл
Оқушы: Мутешева А
Тақырыбы: Күз. «Ш» дыбысы.
Мақсаты: 1) Күз туралы, табиғат құбылысы, айлары туралы түсінігін кеңейту. «Ш» дыбысының артикуляциялық кескінін есіне түсіре отырып, дұрыс айта және сөз ішінеде ажырата білуге үйрету. Фонематикалық есту қабілетін дамыту.
2) Оқушыларға түрлі дидактикалық тапсырмалар мен ойындарды пайдалану арқылы ойлауға, есте сақтауға, зейінін тұрақтандыруға, көріп, естіп қабылдау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.
3) Бірлікке, татулыққа, достыққа, адал болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ш» дыбысының артикуляциялық кескіні, айна, суреттер, компьютер, жапырақтар, доп, тірек схема.
Сабақтың түрі: қайталау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
- Сәлеметсіңбе, Альбина!
- Альбина, бүгін бізде ерекше сабақ, өйткені бүгін біздің сабағымызға қонақтар, яғни мұғалім апаларымыз келді. Сондықтан да, қонақтарға да амандасып қояйық.
- Жақсы, жарайсың.
- Ендеше, дайын болсақ, сабағымызды бастайық.
2. Ертегі терапия.
- Альбина, сен ертегі тыңдағың келеме? Олай болса, мұқият маған қарап тыңда, бірақ маған сенің көмегің қажет болады. Мен ертегі айтқанда, сен артикуляциялық жаттығулар орындауың қажет. Келістік пе?
- Ерте, ерте, ертеде, орманда бір үйшік болыпты. (аузыңды кең аш)
- Ол үйшіктің шарбақтары бар екен. (тістерді қабыстыру)
- Үйшіктің ішінде бір қоян өмір сүріпті.(тілін көрсету)
- Бір күні қоян ұйқысынан оянып, сыртқа шығады, керіледі. (тілін жалпақ етіп шығару)
- Аспандағы күлімдеп тұрған күнге қарайды. (тілді жоғары көтеру)
- Жерге қарайды. (тілді төмен түсіру)
- Жан – жағындағы талдарға қарайды. (тілді оңға, солға қозғау)
- Кенеттен күннің көзін бұлт қаптап, жел соғады: ууууу. (қабағын түю)
- Қоян жаурап қалады. (тілдің екі бүйірін ортаға жинау)
- Кенеттен жаңбыр жауып, қатты тарсылдаған дауыстар естілді. Тырс – тырс – тырс, ш – ш – ш. (саусақтарымен тысырлату)
- Жаңбырдан қорқып кеткен қоян, көзін жұмып қалады. (көзді жұму)
- Желден түскен жапырақтарды көрді. Енді үйіне қайтайын десе, жапырақтар жолды жауып тастайды. Қане, Альбина қоянның үйін табуға көмектесеміз бе? Олай болса, мына жапырақтарды сызба тірек арқылы үруіміз керек. (мұрнымен терең тыныс алып, ауаны сызба арқылы ауыздан шығару)
1. баяу
2. үзіп - - - - - - - - - -
3. жылдам ------------------
- Кетіп бара жатып қоян алма ағашын көріп, алманы жеп, дәмін көреді. (тілді көтеріп астыңғы, үстіңгі ерінді жалау)
- Алма жеп болған қоян үйіне қаша жөнелді (Тілімен таңдайын қағу)
- Міне, ертегіміз аяқталды, сен маған жақсы көмектестің, саған рахмет!
4. Қайталау.
- Жақсы Альбина қазір қандай жыл мезгілі? (күз)
- Күздің неше айы бар? (3)
- Ай атауларын аташы? (қыркүйек, қазан, қараша)
- Дұрыс – ақ, ал қазір қай ай? (қараша)
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? (күн салқындайды, жаңбыр жиі жауады, теректің жапырақтары сарғаяды)
- Дұрыс айтасың. Қатты жел тұрғанда теректің басы қозғалады, сонда қандай дыбыс естиміз: ш-ш-ш-ш.
- Ия, бұл біздің тіліміздегі қай дыбысқа ұқсайды? («ш» дыбысына)
- Дұрыс, өткен сабақта біз «ш» дыбысын өткенбіз, қазір соны есімізге түсіріп жіберейік. (тақтаға «ш» дыбысының артикуляциялық кескіні ілініп, еске түсіріледі.)
- Өте жақсы Альбина, ұмытпаған екенсің. Енді тапсырмалар орындайық.
5. Тапсырмалар.
1. Суреттерді ата. (Компьютермен құрамында «ш» дыбысы бар бірнеше суреттер көрсету, оқушы суретті анық айту қажет)
2. «Мен бастаймын, сен қоста» тапсырмасы. Мен сөзді бастап айтамын, сен
-ша, -шы, -ыш буындарын қосып, сөзді аяқтаңдар.
Ақ аң бұр
Бақ ша қой шы қыл ыш
Ала мал сыз
тай қай қысқ
3. «Керісінше» ойыны. Мен затты жекеше түрде айтамын, ал сен көпше түрде айтасың.
Малшы - ....... шыбын - ...............
Тоқаш - ........ тышқан - ................
Лашын - .......... шағала - ................
4. Сергіту жаттығуы «Тербеледі ағаштар»
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп – кішкентай ағаштар
Үп – үлкен боп өседі.
4. «Доп» ойыны. Қазір екеуміз бір – бірімізге доп лақтырып ойнаймыз, лақтырмас бұрын құрамында «ш» дыбысы бар сөзді айтуымыз керек.
6. Қорытынды.
- Жақсы , Альбина, сонымен біз бүгін қандай дыбысты қайталадық?
- Дұрыс – ақ «ш» дыбысын қайталадық.
- Тағы не істедік?
- Ия, дұрыс айтасың!
- Жақсы, олай болса сабағымыз аяқталды. Сен сабаққа жақсы қатыстың, сол үшін саған рахмет! Саған үйге тапсырма: Құрамында «ш» дыбысы бар сөздерді дәптерге жазу.
- Сабақ аяқталды, сау бол!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.