.
.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ Халықтың қалаулысы – Жандардың жанашыры.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1731 | Размер: | Автор: ТәрбиеМЕКТЕП-ИНТЕРНАТ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Тақырыбы: Халықтың қалаулысы –
Жандардың жанашыры.
Ұйымдастырушы: Серікбаева Б.Ж
Зайсан қ, 2012 ж ақпан
Тақырыбы: Халықтың қалаулысы –
Жандардың жанашыры.
Сабақтың мақсаты: Зайсан өңірінен шыққан халыққа қалтқысыз қызмет еткен , туған жеріне деген махаббаты үлкен жүректі, Зайсан тарихында аты алтын әріппен қалатын азамат дәрігер ағамыздың өмірімен еңбек жолымен таныстыру;
Мамандыққа тәрбиелеу, елін халқын сүйіп, оларға жанашырлықпен қарауға, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Кездесу сабағы
Көрнекілігі: ноудбук, слайд көрсету, денсаулық туралы нақыл сөздер.
Сабақ барысы:
Құрметті оқушылар, ұстаз-тәрбиешілер! Және Бітімхан Қошпанұлы
«Халықтың қалаулысы, жандардың жанашыры» атты дәрігермен кездесу кешіне қош келдіңіздер!
«Денсаулық – зор байлық» деген сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін құнды байлығымыз.
Сондықтан, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзал. Еліміздің қай азаматын болса да өз елінің болашағы алаңдатары сөзсіз. Еліміздің болашағы – бүгінгі бүлдіршіндер. Сондықтан олардың болашақта дені су азамат болып өсуі еліміз үшін маңызды.
Денсаулық туралы сөз қозғағанда адам жанының арашасысы, ақ халатты абзал жан дәрігерлердің еңбегін атап өткеніміз жөн болар. Олар бар күш-жігерін адам денсаулығын сақтап қалуға жұмсап, күні-түні аянбай еңбек етуде.
Олай болса бүгінгі кешіміздің қонағы осы денсаулық саласының маңайында жүрген ауданымыздың мақтанышы , облыс, республикаға белгілі тұлға бірнеше рет халықтың қалаулысы ретінде аудандық , облыстық депутат болған, «Шапағат» медалінің иегері, 2010 жылы «Жыл адамы» атанған, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Отан наградасы «Құрмет» орденінің иегері, ауданның құрметті азаматы, жоғары санатты, алтын қолды дәрігер Қошпанов Бітімхан ағамыз бізде қонақта.
Денсаулық – бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.
Қастерлеп мәпелесең, аяласаң
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.
Денсаулық қашаннан да алтыңға тең
Болады болашағың жарқын да кең.
1-ші жүргізуші: Денсаулық – зор байлық,
Денсаулық болса, бәріде болады.
Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты.
2-ші жүргізуші: Қош келдіңіз дей отырып, сөз кезегін қадірлі аға өзіңізге
береміз. Және оқушылар көкейде жүрген немесе
ойларыңызда жүрген сұрақтарыңыз болса қоюға болады.
Дәрігер сөзі.
Оқушылар сұрағы:
1. Сіз ең алғаш еңбек жолыңызды қай жерден бастадыңыз?
2. Есте қалар ең ауыр операцияңызды атай аласыз ба?
3. Осы дәрігерлік қызметіңізде қанша операция жасадыңыз?
4. Дәрігерлік қызметіңізді таңдағаныңызға өкінбейсіз бе?
5. Бала кезіңізде басқа мамандықты таңдаған жоқсыз ба?
6. Өзіңіздің жүрек қалауыңызбен түстіңіз бе, алде ата-ананың ықпалы болды ма?
7. Отан наградасы «Құрмет» орденін алғанда қандай сезімдеболдыңыз?
8. Операцияңыздың сәтсіз болған кездері болды ма, болса қандай күйде болдыңыз?
9. Сіз хирургия бөлімін басқарасыз, қол астыңыздағы дәрігерлерге қаталсыз ба?
10. Өзіңізден кейінгі Қошпанов, яғни, 2-ші Қошпановты даярладыңыз ба? Халықтың күдігі осы.
«Жігітке жеті өнерде аз», дейді халқымыз. Және сегіз қырлы – бір сырлы деген нақыл тағы бар.
Олай болса менің сізге қояр сұрағым: Сіз өзіңіз қандай өнерге бейімсіз?
(домбыра дайындап қою)
(Оқушыны қолдап) Рас, бұл ағамыз талай концерттерге қатысып, сол концерттердің жетекшісі де болған, күй тартып, әнде салады осы қазақтың қара домбырасымен. Ағамыздан бір күй сұрайық. (күй тартады)
Құрметті Бітімхан аға!
9-10 сынып оқушыларының (жүректерінен шыққан) шағын жыр-шумақтарын сізге арнаймыз.
Адалдық ақ жол сеніммен,
Алғысын көптің ала бер
Сырқаттың жайын табабер
Күш-қуат алып өмірден
Қартайма аға, лаулап жана бер!
Әр отбасын ән мен күйге бөлеген,
Ғажап жанды сыйламаймын неге мен,
Екінші өмір ұсынғаның, сол үшін,
Дүниенің бар асылын берер ем
Тіршілік керек сәбиге де, кәріге
Тіршілік керек кең әлемнің бәріне
ұлы досы денсаулықтың сізсіз аға
Біз сізді жырлай береміз әлі де
1. Бітімхан аға Зайсандық
Көрсеткен талай қайсарлық
Ер азамат екенсіз
Халыққа пана мекенсіз.
2. Шарласаң бүкіл ғаламды,
Табама сіздей адамды?!
Аңызболған баршаға
Еңбегіңіз қаншама.
3. Отбасыңызға амандықты тілеймін,
Жамандықты көрсетпесін Кұдайым
Тілек тілеу салтымыз ғой әдеттен,
Құттықтайды сондықтанда халқыңыз.
4. Болмасын сізде кедергі,
Азаматсыз беделді
Қонаққа толсын төріңіз
100-жасты да көріңіз
5. Ақ халат киген жастайдан,
Бітімхан ағам қасқайған,
Баршамыз сізді сыйлаймыз,
Жамандыққа қимаймыз.
Жақсы көреміз бәріміз.
6. Жасымыз да, кәріміз
Ардақтап өтеміз мәңгілік.
Жаза береміз ән қылып.
Туған күніңізбен құттықтап,
Өлең жазамын ұқыптап.
7. Серігіңіз болса ақ халат,
Ақ халат сырын ақтарат,
Аққа Құдай жақ екен,
Ақ халат сізге бақ екен.
Сізге тілейміз ұзақ өмірді,
Көтеріңкі жақсы көңілді.
8. Жанұяңызға тілерім жылулық,
Өміріңізге тілерім сұлулық,
Тілекшіңіз болған қыз-ұлы,
Мектеп-интернат ұжымы.
Шағын скечтер.
Сіздің жолыңызды қуып, болашақта дәрігер болам деп жүрген оқу озаты, мектеп президенті Толқынқызы Ризаның да жыр-шумағын қабыл алыңыз (Ризаның тақпағы).
«Ағаларым» әні.
Бітімхан аға біздің сабағымыз аяқталмастан бұрын біз сізбен шағын ойын ойнайық. Ойынның аты «Ойлан,тап!» Ойын шарты мынадай. Қазір біз сіздің басыңызға бірнеше түрлі бйнелері бар карона қоямыз. Сіз сол басыңыздағы каронада бейнеленген суретті балалардың көмегі арқылы, олар көрсеткен мимика арқылы тауып, жауабын айтасыз.
Бүгінгі сабақ барысындағы алған әсеріңізді, көңіл-күйіңізід осы смайликтер арқылы көрсетіп берсеңіз, және сол таңдаған бейнені өз түріңізбен бейнелеп немесе сомдап берсеңіз.
Құрметті Бітімхан аға
Сіздің алтын уақытыңызды қиып, бізбен кездесуге келгеніңізге көп-көп алғысымызды айтамыз. Мазмұнды да, мәнді мағлұматтар бердіңіз. Біздің арамызда да болашақ дәрігер болам деген ізбасарларыңыз бар. Сізге денсаулық тілейміз. Өзіміздің сыйлығымызды қабыл алыңыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.