.
.
Қостанай облысы Арқалық қаласы ХІІІ – ХҮ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан. Ақ орда.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1703 | Размер: | Автор: ТәрбиеА.Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін №6 орта мектептің тарих және құқық пәндерінің мұғалімі – Балдаева Камшат Рахымжанқызы
ХІІІ – ХҮ ғ. бірінші жартысындағы
Қазақстан. Ақ орда
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Монғол үстемділігі дәуіріндегі Қазақстан территориясында құрылған мемлекет Ақ орда туралы түсіндіру;
Дамытушылық: Туған өлкеміздің тарихын зерделей отырып даму тарихымыздың нағыз шындығын білуге ықыласын арттырып, өз білімін жетілдіруге, қосымша ізденуге бағыт – бағдар беру, ой - өрісін дамыту;
Тәрбиелік: Қызығушылық сезімдерін оята отырып, ұлтжандылыққа, қайсарлыққа баулу.
Сабақтың көркемділігі: Қазақстан картасы, дүниежүзі картасы, тірек сызба;
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: аралас сабақ (білім – білік дағдыларын қалыптастыратын).
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсінік беру, баяндау, әңгімелеу өзіндің жұмыс, тестілеу.
Пәнаралық байланыс: география, қазақ әдебиеті.
Технологиясы: деңгейлеп оқыту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру;
ІІ. Өткен сабақты пысықтыру (үй тапсырмасы);
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру;
ІҮ. Бекіту, қорытындылау, бағалау;
Ү.Үйге тапсырма беру;
Үй тапсырмасын сұрау: (Сыныптың жалпы дайындығын тексеру).
Сұрақтар:
1. Алтын Орда қай кезде құрыла бастады?
2. Алтын Орда деп аталу себебі не?
3. Алтын Орда қандай мемлекеттермен жақсы қатынаста болды.
4. Алтын Орда қай хандардың кезінде күшейе бастады?
5. Алтын Орда мұсылман дінін қай хандар кезінде қабылдай бастады?
6. Алтын Орданың қоғамдық құрылысын кім сызып көрсетеді?
Жеке оқушылармен жұмыс – (үлестірмелі парақша арқылы).
Жаңа сабақ жоспары:
1. Ақ Орданың құрылуы, географиялық орны, шаруашылығы.
2. Ақ Орданың ішкі – сыртқы жағдайы.
Алтын Орда саяси дербестік алған бірнеше хандықтарға бөліне бастаған уақытта Қазақстан жерінде Ақ Орда деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
1242 ж. дейін Батый ханның Еуропаға жасаған 7 жылдық жаулап алу жорықтарына қатысып, монғол қарушы күштерінің сол қанатын басқарған Орда. Ежен Алтын Орда мемлекетінің шығыс бөлігін – Алтай таулары мен Ертіс, Жайық өзендерін, Балқаш көлін, Сырдария алқабы мен Арал теңізінің Солтүстігіне дейінгі ұлан – байтақ өңірді өз үлесіне алып, Ақ Орда мемлекетін құрды. Қазіргі Қазақстан жерін түгел қамтыды. Халқы этникалық жағынан бірыңғай түркі тілдес тайпалар мен халықтар – қыпшақ, қаңлы, үйсін, жалайыр, алшын, қарлұқ, найман, керей, арғын, қоңырат, монғол, әлеуметтік даму деңгейі біркелкі – көшпелі жартылай, көшпелі мал шаруашлығымен айналысты.
Батыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Қимақ – қыпшақ дәуірінен басталған қазақ халқының өз алдына халық болып қалыптасуы осы Ақ Орда дәуірінде үздіксіз дами берді. Монғол шапқыншылығы аса ауыр зардаптар әкелгенімен халықтың дамуын тоқтата алған жоқ. Қайта қазақ тайпаларының бытыраңқылығын, өзара қырқысын, толассыз қан төгісті жойып, оларды бір мемлекет – Ақ Оданың қол астына топтастырды.
Сөйтіп, Ақ Орда мемлекеті кейінгі қазақ хандығының құрылуына негіз қалады. Ақ Орда 200 жыл өмір сүрді.
Ерден ханның тұсында Ақ Орданың қалалық мәдениет дами түскен. Хан Отырар, Сауран, Женат, Барышкент сияқты қалаларда мешіт, медреселер салдырып, Сығанақ қаласын Орта Азия мен Шығыс Дешті Қыпшақтың арасындағы басты сауда орталығына айналдырды. Қалалар арасында экономикалық байланыс жақсарды.
Ұм өзені, Алмалық қаласында дүниеге келген Жамал Қаршидің әйгілі сөздікке қосымша деп аталған еңбегі жазылды. Осы еңбегінде ол өзінің Баршынкентке барып үш тілді өлең жазатын. Хиссамеддинмен кездесіп, «Сіз неге үш тілде жазасыз?» - деп сұраған. Сонда ол:
«арабша жазғаным – ой сұлулығы үшін, парсыша жазғаным – тіл шешендігі үшін, түрікше жазғаным – тұрмыс шындығын айқын суреттеу үшін» - деп жауап бергенін айтады.
Осы өңірде туып - өскен ғалым, философ, ғұлама ақын – жазушылар Ғаббас әл-Жауһари, әл-Фараби, Смаил әл-Жауһари, Ахмет Игүнеки, Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дүниежүзілік ойсана мен ғалымның дамуына үлкен үлес қосқан.
Ал Орданың ішкі – сыртқы саяси жағдайын 3 кезеңге бөлуге болады:
1. Ақ Орда билеушілерінің Алтын Ордадан бөлініп, жеке мемлекет болу үшін күрес жүргізуі;
2. Ақ Орда хандарының Алтын Орданың ішкі істеріне белсене араласуға әрекет жасауы;
3. Урус хан және оның ұрпақтарының Әмір Темірге қарсы күресі.
Термин сөздері:
1. Білікшілер (хатшылар) – түрік жазуымен іс жүргізушілер;
2. Мәлік – түрік әулетінен шыққан жергілікті әкімдер;
3. Даруғалар – салық басқарушылар;
4. Беклер бео - әскери істерді басқарушылар;
5. Уәзірлер – азаматтық билік жүргізушілер;
6. Басқақтар – басқарушы жергілікті халыққа әскери бақылау жүргізеді, салық жинайды.
Алтын Орда хандары (ретімен):
1. Батый хан – 1227 – 1255 жж.
2. Берке – 1257 – 1266 жж.
3. Меңгу – Темір – 1266 – 1280 жж.
4. Тохты хан – 1290 – 1312 жж.
5. Өзбек хан – 1312 – 1342 жж.
6. Жәнібек хан – 1342 – 1357 жж.
7. 1357 – 1380 жж.
8. Тоқтамыс хан 1380 – 1395 жж.
9. Едіге хан – 1396 – 1411 жж.
10. Шейх Ахмед – 1502 жж.
4. Тест.
1. Шыңғыс ханның жеке басын қорғайтын ең таңдаулы мындық қалай аталады?
а) кешіктен; ә) беклер-бек; б) ноян.
2. Шыңғысханның ел билеген жалдары:
в) 1219 – 1220; қ) 1206-1227жж; к) 1219-1224 жж.
3. Қазақстан мен Орта Азияны монғолдардың жаулап алған кезеңі:
г) 1206-1227 жж; д) 1219-1220 жж; з) 1257-1266 жж.
4. Батыйдың ел билеуі:
е) 1236-1242 жж; р) 1227-1255 жж; м) 1257-1266 жж.
5. «Отырар опатының» басты себебі болған оқиға қай жылы болды?
г) 1217 ж.; д) 1218 ж.; ж) 1219 ж.
6. Алтын Орда – Ақ Орда, Ноғай ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары болып қай ғасырда бөлінді?
а) ХҮ ғ. ортасы; ә) ХҮ ғ. басы; б) ХҮ ғ. аяғы.
(Жауабы: «Ақ Орда»)
Бекіту сұрақтары:
1. Ақ Орданың құрылуының осы өңірдегі тайпалар мен халықтар үшін қандай пайдасы, маңызы болды?
(Қазақ тайпаларының бытыраңқылығын, өзара қырқысуын, толассыз қан төгісті жойып, оларды бір мемлекетке топтастырады).
2. Ақ Орданы басқарған хандардың ішінде өзіңе ұнап, есінде сақталып отырған қай хан? Несімен ұнады?
(Мыс.: Мүбәрәк – 1327/28 жж. Сығанақта теңге соқтырды.
Урус хан – мемлекеттің күш қуатын арттырды, Тоқтамыс, Әмір Темірге қарсы күресті.
Тоқтамыс хан ше? Неге?
(Әмір Темірге арқа сүйеді т.с.с).
Барақ сұлтан ше?
(Ақ орданың қайта қалпына келтіруге әрекет жасады)
Әбілқайыр хан ше?
(Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып, өз хандығын құрады).
Үйге тапсырма: Оқулық бойынша 23 параграф.
Д.Бабаев «Қазақстан тарихы» 7 сынып 32 бет.
Дәптерлеріңе Ақ Орда хандарының кестесін жазып келу.
І. Есенберлин «Алтын Орда ІІІ кітап» 377 бет. 381 бет, 407 бет, 453 бет – 455 бет.
Оқушыларды бағалау оқушының өзін - өзі бағалау парағы арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықтың, өзара сенім, т.с.с және уақыт үнемдеу, барлық оқушы сабаққа түгел тартылуы қамтамасыз етіледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.