Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
“ХХІ ғасыр көшбасшысы” -

“ХХІ ғасыр көшбасшысы”

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1676 | Размер: | Автор: Тәрбие
. «Опорный орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ
(интеллектуалды ойын)

Өткізген: М.Юханова

2013 жыл

«Опорный орта мектебі»
География пәні мұғалімі
М.Ш.Юханова
Армысыздар құрметті оқушылар! Бүгінгі “ХХІ ғасыр көшбасшысы” интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың білімін саралау, пәндерге деген қызығушылығын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту, “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар”озып шығып, “Тоқсандық көшбасшы” атағын алатын оқушыны анықтау.
Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырып шарықташы,
Қалмасын бұл сайыста сенің есең.
Бүгінгі ойынымызға қатысатын ойыншыларымызбен танысып өтсек. Олар:
1. 11 “А” сынып оқушысы Аюп Тұрар
2. 10 “А” сынып оқушысы Рабаева Жамила
3. 10 “Б” сынып оқушысы Қамысбай Зада
4. 9 “Б” сынып оқушысы Машырықова Айдана
5. 9 “А” сынып оқушысы Анесова Марфуға
6. 9 “Б” сынып оқушысы Бөкенбаева Қымбат
Әділқазылар алқасы:
1. Оқу ісі меңгерушісі – Қ.Жиенбетова
2. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар – З.Сұлтанова
3.
Ойынымыз 3 бөлімнен тұрады:
БӘЙГЕ ДОДА ЖОРҒА

Бәйге бөлімінің шарты:
1.Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 11 сұрақ беріледі.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын бұрын қол көтерген оқушы айтады.
4.”Бәйгенің” сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.
5. “Бәйге” айналымда аз ұпай жинаған екі оқушы ойыннан шығады.
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Пәндер сырына
Қадамдарың оң болсын,
Сәт – сапар енді тілейік
Сайыскерлерге сәттілік тілейміз.

1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі қашан жарияланды?
А) 1991 ж 25 қазан в)1992 ж 2 наурыз с) 1991 ж 16 желтоқсан
2.Тұңғыш рет ғарышқа ұшқан қазақ және қашан ұшты?
А)1991ж 2 қыркүйек Т.Мұсабаев в)1991ж 2 қазан Т.Әубәкіров с) 1991 ж 20 қазан Ю.Гагарин
3. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президентін қашан сайлады?
а)1991ж 1 желтоқсан в)1991ж 16 желтоқсан с) 1991ж 2 наурызда
4. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
А)ұзындығы мен енін қосамыз в)ұзындығы мен енін көбейтеміз С) ұзындығы мен енін бөлеміз
5. Елтаңбаның авторлары кімдер?
А)Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков в)Нәжімеденов, Мәлібеков С)Ш.Уәлиханов, Нәжімеденов
6. Қазақстанда “Қызыл кітап” қашан шықты?
А) 1975 в) 1978 С) 1977
7. Түйенің пірі?
А) Зеңгібаба в) Ойсылқара С) Шопан ата
8. Архаизмді көрсетіңіз?
А) хан в)патша с)патсайы
9. Оттек жай зат түрінде кездеседі?
а) жер қыртысында с)суда в) атмосферада
10. Шыңғыснаманың авторы?
а) Өтеміс қажы в)Бұқар жырау с) Әмір Темір
11. Әлемдегі екінші ұстаз?
а) Ы Алтынсарин в) Әл-Фараби с)Геродот

Ендігі кезекте сайыскерлеріміздің ұпайларын білу үшін төрешіге сөз береміз. Бұл айналымда ұпайы аз екі оқушы ойынды тоқтатады.
Дода бөлімінің шарты:
1.Бұл сайыста 4 ойыншыға мына экрандағы тақырыпты таңдау ұсынылады.
2. Ойыншылар кезегімен тақырыпты таңдайды.
3. Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады.
5. 12 тақырып ашылып болғаннан кейін ұпайы көп 2 ойыншы келесі кезеңге жолдама алады.
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын
Қазақ тілі, математика, Орыс тілі, Ағылшын тілі, Биология, Информатика, Физика, Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті, География, Химия.
Қазақ тілі
1. Заттың түрін,түсін,сапасын, көлемін білдіретін сөз табы ? Сын есім
2. Сөз құрамын зерттейтін сала? Морфология
3. “Қой үстіне бозторғай жұмартқалаған заман”тіркесінің мағынасын айт Тыныштық заман
4. Екі немесе бірнеше адамның сөйлесуі? Диалог
5. Дыбыстың жазба таңбасы? Әріп
Математика
1. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? 5 минут
2. Үшбұрыштың мүш қабырғасы берілген 10,15,7 оның периметрін тап? 32
3. “Миллион” деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы? Ы.Алтынсарин
4. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем? Аксиома
5. Геометрияның жазықтағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі? Планиметрия
Орыс тілі
1. Количество пропущенных знаков препинания. “Мне тогда в голову не приходило что человек не растение что процветать ему долго нельзя”. 2
2. Прямая речь-это? Чужая речь, переданная дословно, без изменений
3. Косвенная речь-это? Чужая речь, переданная в измененной форме
4. Если прямая речь стоит перед словами автора, то после нее ставится? Запятая и тире
5. Сколько наклонений у глагола? 3
Ағылшын тілі
1. What is the capital of Germany? Berlin
2. What color іs the flag of China? Red
3. Найдите неправильный глагол: to play, to smail, to see? To see
4. What is the English for «алтын»? Gold
5. What is the Kazakh for «bread»? Нан
Химия
1. 100 молекула тұздың 40 молекуласы иондарға диссоциацияланса, оның диссоциациялану дәрежесі? 40%
2. 1 моль натрий фосфатын суда еріткенде, тұз толық диссоциацияланса, т.зілген натрий ионының молі? 4
3. Натрий атомының натрий ионынан айырмашылығы? тотығады
4. Алюминий сульфаты ерітіндісінде лакмус индикаторының түсі? Қызыл
5. Қысты күні тайғақ болғанда, мұз қатқан жолға NaCl немесе CaCl2 себеді, сонда мұз ериді, себебі?
Еріткіштен қату температурасы төмен ерітінді түзіледі
Физика
1. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты? Ньютон
2. Ток күшінің өлшем бірлігі? Ампер
3. Дисперсия құбылысы дегеніміз не? Жарықтың спектрге бөлінуі
4. Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді? Архимед күші
5. Қысымды қандай құралмен өлшейді? Барометр
Қазақстан тарихы
1. Тарихтың атасы? Геродот
2. Рейстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім? Р.Қошқарбаев
3. Ең ежелгі жылнаманы кім жазғызған? Египет патшалығы
4. “Дарабоз” атанған батыр? Қабанбай
5. Ақтабанды шұбырынды Алқакөл сұламасы қай жылы басталды? 1723 ж
Қазақ әдебиеті
1. Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары? 1845-1904
2. “Қиын не бар” кімнің өлеңі? М.Мақатаев
3. “Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады” деген үзінді Абайдың қай қара сөзінде келтірілген? Он тоғызыншы сөз
4. Бөкей хандығы немесе Ішкі Ордада дүниеге келген кім? Махамбет Өтемісұлы
5. “Ақ сиса” өлеңінің 4 жолын айтыңыз?
Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса,
Жарасар қамзол сұлу, белін буса.
Шорманның Мұстафасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Муса
География
1. Әмудария мен Сырдария аралығындағы шөл? Қызылқұм
2. Экватордың жалпы ұзындығы? 40000 км
3. АҚШ-тың солтүстік штаты? Аляска
4. Ең терең көл? Байкал
5. Тайланд астанасы? Бангкок
Биология
1. Сағақты жапырақ болады? Қайыңда
2. Денедегі қанды жүрекке апаратын тамыр? көктамыр
3. Шылым түтінінің ішінде болады? улы газ, шаң, күйе
4. “Динозаврлар дәуірі” болып есептелетін заман? Мезозой
5. Орталық Америка орталығынан шыққан өсімдік (отаны)? Жүгері
Информатика
1. Компьютердің негізгі бөліктерін ата? Монитор, пернетақта, жүйелік блок
2. Принтердің неше түрі бар? 3
3. Вирустың кері әсерін жоятын программа? Антивирус
4. “Компьютердің атасы” деп кімді атаған? Ч.Беббидж
5. Қазіргі таңда бұл адам атақты Microsoft компаниясының президенті? Билл Гейтс
4. Жорға бөлімінің шарты:
1.Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 тақырыпты таңдау ұсынылады.
2. Әр тақырып 20,30,40 санды ұяшықтарға бөлінген.
3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді.
4. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақ та күрделене түседі.
Тұлғалар, Даталар, Өнер, Ғалымдар
Тұлғалар
20. Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде қанша бөлме бар? 35
30.Айша бибі кесенесі қай қалада орналасқан? Тараз
40. А.Құнанбаевтың қанша қара сөзі бар? 50-ге жуық
Даталар
20. Абылай хан қай жылы қайтыс болды? 1781 ж
30.Ш.Уәлиханов кадет корпусын қай жылы бітірді ? 1853 ж
40.Ы.Алтынсарин қай жылы алғаш рет ұстаздық етті? Бәйге, көкпар, күрес, қыз қуу, теңге алу.
Өнер
20.Наурыз мейрамында қандай ұлттық ойындар ойналады? Бәйге, көкпар, күрес, қыз қуу, теңге алу.
30.Төкпе күйдің майталман шебері кім? Құрманғазы
40.Тәттімбеттің замандастарының айтуына қарағанда, ұлы сазгердің қанша күйі болған? 40-тан астам

Ғалымдар
20.Ш.Уәлихановтың туғанына 150 жылдық тойына арнап бес томдық еңбегін құрастырған кім? Әлкей Марғұлан
30. 20 жылдары қазақ тіліндегі алгебра оқулығын құрастырған кім? Қаныш Сәтпаев
40.Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиетану ғалымдарының негізін салушы кім? А.Байтұрсынов
ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНА сөз беріп ойын қорытындысын тыңдау, «Тоқсандық көшбасшысы» атағын анықтау.
Азығы бір күнге жететін айламен емес,
Білімі мың жылға жететін пайдамен өмір сүрейік!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.