.
.
Ұлдарымен жұмыс Ұлдарымен жұмыс.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 12082 | Размер: | Автор: Тәрбие6 «А» сынып
Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
- ер балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
- танымдық жұмыстарды ынталандыру;
- жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
- жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ер баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, малсақ, жауынгер, әншi, күйшi, аңшы, құсбегi — бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат еткен. Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi, iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар сiңiрген. Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейiн мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, терiден, темiрден түрлi тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлiгiне баулыған. Отбасындағы ұл тәрбиесiнде әке мен аталардың рөлi ерекше. Әке үйелменнiң басшысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әкенiң мiнез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-бiлiмi — ұл баланың көз алдындағы үлгi-өнеге алатын, соған қарап өсетiн нысанасы. Қазақта бiреудiң баласы жақсы, өнегелi азамат болса: ”Оның әкесi немесе атасы жақсы кiсi едi, өнегелi жерден шыққан ғой” деп мадақтайтыны сондықтан. “Әкеге қарап ұл өседi, шешеге қарап қыз өседi”, “Әке — бәйтерек, бала — жапырақ”, “Жас – кәрiнiң көзi, кәрi — жастың тезi”, “Ата — балаға сыншы” мақалдары да осы пiкiрдi халықтың қуаттауынан туған.
Ұлдар тізімі
№ Аты-жөні Туған күні, айы, жылы Мекен-жайы
1. Батырбеков Ануар 30.11.99 Қаратал көшесі, 143-үй, 2-пәтер
2. Зиядан Рахат 31.01.99 Кивилев көшесі, 4-үй, 6-пәтер
3. Марат Әділ 03.04.00 Кивилев көшесі,7-үй, 21-пәтер
4. Рахимжанов Ержан 16.02.99 Пушкин көшесі, 228-үй
5. Саулетов Сайын 05.12.99 О-Шығыс тұрғын ауданы, 28-үй
6. Сейтнұр Бауыржан 18.12.99 Рылеев кшесі, 27-үй, 1-пәтер
7. Сейтал Досжан 10.07.00 Пушкин көшесі, 241 «А»
Ұлдармен жұмыс жоспары
2011-2012 оқу жылы
№ Мерзімі Жұмыстың мазмұны Жұмыс түрі Жауапты
1 Қыркүйек • «Ұл бала мен қыз бала сыйластығы»
Сынып сағаты Сынып жетекшісі
2 Қазан • Ұлдарға өсиет
• «Маған өмір керек, мен өмірге керекпін» Қарттармен кездесу Сынып сағаты Сынып жетекшісі
Сынып жетекшісі
3 Қараша • Мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат). Өндіріске саяхат Сынып жетекшісі
4 Желтоқсан • «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз»
Интеллект. ойын Сынып жетекшісі
5 Қаңтар • «Толағай» Отбасылар сайысы
Сынып жетекшісі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
6 Ақпан • «Ұлдарға кеңес» Пікір алмасу Медбике, психолог,
сынып жетекшісі
7 Наурыз • «Ұл бала» туралы мақал –мәтелдер, өлеңдер, нақыл сөздер жинау Кітапша жасау Сынып жетекшісі, сынып ұлдары
8 Сәуір • Дене шынықтыру пәніне, спорттық үйірмелерге қатысуларын, аула клубтарында футбол ойнауларын бақылау Бақылау Сынып жетекшісі
9 Мамыр • Ұлы Отан соғысы жайлы кинофильмдер, диафильмдер көрсетіп, оны талқылау
Пікір алмасу
Сынып жетекшісі,
әскери жетекші
Сынып жетекшісі: Ж.К.Акмолдаева
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.